Файл: Кіріспе Локомотив шаруашылыы теміржол клігіні негізгі саласы болып табылады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 52
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Кіріспе
Локомотив шаруашылығы теміржол көлігінің негізгі саласы болып табылады. Локомотив шаруашылығының негізгі міндеттері болып, жолаушы лар мен жүк тасымалына ақаусыз жылжымалы тарту құрамалары және локомотив бригадаларымен уақытында қамтамасыз ету, поездардың жүру ережесі және қауіпсіздігін қатаң сақтау болып табылады. Жалпы теміржол көлігінің тиімді жұмыс істеуі локомотив шаруашылығының жұмысымен тікелей байланысты. Жылдан – жылға көбейіп жатқан тасымалдау жұмысын игеру үшін, жүк көздерінің орташа салмағын және жылдамдығын жоғарла ту қажет. Бірақ салмағы ауыр және ұзын поездарды жүргізу үшін техника лық ақаусыз локомотивтер қажет. Локомотив шаруашылығының материал дық базасы, тасымалдау процесін орындау үшін қажетті еңбек құралдар ынан тұрады. Оның құрылысы жылжымалы құрамы, шеберханалар мен, қызметтік – техника лық бөлімшелермен қоса негізгі ғимараттары, локомотив терге техника лық қызмет көрсету бекеттері, экипировкалау қондыр ғылары, локомотив бригадаларының ауысу, демалу пунктері, артық локомотив тер базасы кіреді. Локомотивтерді тұрақты пайда лану, оларды әрі техника лық ақаусыз қалпын да ұстап тұру, техника лық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жүйесі арқылы жүзеге асырыла ды. Бұл жүйе құрылысына жөндеу циклының структурасы, жөн деу жұмыстар ының негізгі ережелері мен тұжырымдама лары, локомо тив жөндеу базасы және жөндеушілер кадр лары кіреді. Жөндеу жүйесінің бұл негізгі үш құрам дас бөлігінің ұйым даса жұмыс істеуі арқасын да локомо тивтердің уақытында жұмыс көрсету және жөндеуге тұру, бақылау, тазалау жөндеу жұмыстары ның сапалы толық көлемді бейнелен ген уақыт ішінде орындалады және поездар жүрісі нің мөлшері қажетті көлемімен, техника лық ақаусыз локомотив терді дұрыс пайдалану және оларды күту дің жетілдірілген техноло гиясы ақаусыз жағдайда ұстауға мүмкіндік береді. Бұл кезде жөндеу базасы ның болуы және оның техника лық жабдықталуы үлкен роль атқарады. Жөндеу базалар ын жетілдірудің негізгі бағыттары деполарды эксплутациялау және қайта жасақтау болып табылады.
Шартты №292-001 ауа бөлгіш қызметі, құрылысы
Жаңадан құрастырылып жатқан жылжымалы құрама шарт №292-001 ауа реттегішімен жабдықталып отыр. Ауа реттегіш (89 сурет) магистральді бөліктен, қақпақтан және шұғыл тежеу үдеткішінен тұрады. Корпуста 1 үш қола төлке баспалап енгізілген: реттығынды 2. Піспекті 9 және тығынды ауыстыру 30 төлкесі 31. Жезбен қалыпталған магистарльді піспек 7 арнайы қолаланған металл сақинамен 8 тығыздалған.
Піспек ұшында екі ойықша бар, онда айырғыш реттығын үш саңылауы шамамен 0,3 мм және басқы реттығын 6 саңылауы шамамен 0,7 (бос жүріс) орнатылған. Реттығынды арнайы жезбен қалыптайды. Басқы реттығын төлке айнасына серіппемен 4 айырғыш реттығын қысылған. Корпус 1 піспегінің 7 сол жағына бітеуіш 36 тығындалған, ол буфер серіппесіне 34 тіреуіш болады, ал екінші ұшымен буфер стауанына 35 таянады. Мөлшері шамамен 1л қақпақтың 11 ішкі қуысы КДР қосымша сиректеу камерасы болып табылады. Төселгішпен 10 тығыздалған қақпақта серіппелі 13 буфер өзегі 14, бағыттағыш бітеуіш 15 және сүзгі 12 орналасқан. Сүзгі ішкі және сыртқы құрамадан тұрады, олардың арасы жез торлы лента және киіздің жұқа қабатымен оралған, құрсама бүйірінен киіз төселгішпен жабылған. Шұғыл тежеу үдеткішінің корпусына 20 пластмассадан тығыздалған төлке 28 қойылған. Резеңке көмкермемен 26 тығыздалған піспек 27, серіппе 29 арқылы резеңке сақинаға 25 сықалған. Клапан 23 піспек 27 ойығына кіреді және осьтік бағытта шамамен 35мм саңылауы болады. Сағаға 22 бағыт беруші ерге 21, клапан 23 серіппемен 24 қосылған, ол піспек 27 кен клапанның жоғарғы бөлігі арасында орналасқан.
Магистралдан қордағы резервуардан реттығын камерасына келетін ауаны тазарту үшін лайықты арналарына майда тордан дайындалған 19,32,33, қалпақтары қойылған. Осьті және бүйірлі арналы ниппель 16 корпустағы атмосфера арнасын ластанудан сақтайды. Тығын 30 ұшына бұрамамен 17 бекітілген тұтқаны 18 үш жағдайға қоюға болады:
Д – магистральді тармаққа қарай 50 енкеюі, ұзын құрамды алып жүруде (17 вагонна жоғары) және жүк пойыздарына тағайындалады;
К- вертикалдың қалыпты ұзындықты пойыздар үшін (17 вагонға дейін) УВ – тежегіш цилиндрдің ернемегіне қарай 45 градус енгіштік.
Магистралді піспек 2 камера құрайды: магистрльді М және реттығынды 3К.
Шартты №292 – 001 ауа бөлгіштің жұмысы
Қуаттау. Ауа магистралдің 1,3 арналармен сүзгіден өтіп М маркасына келеді, резервуары бар диаметрі 9 мм ауқыммен 22 жалпыланған.
Поездың басқы бөлігінің қосалқы резервуардан қуаттау диаметрі 2 мм ауқым арқылы өтеді, магистраль қуаты жаймен жоғарлайтын, поездың соңғы бөлігінде магистралді піспек сағасы буфер стаканына тіркеліп, ауысады соның салдарынан ысқылағыш белдікпен реттығын төлкесінің бүйіріне жете алмайды. Сондықтан қосалқы ревезуарды қуаттау, басқы бөлігіне қарағанда тезірек болады. М камерасынан арнамен 4 реттығын төлкесіндегі ауқым 9 арқылы және бас реттығындағы ауқым 10 арқылы ауа айырғыш реттығын астына келеді.
Сонымен 1 мезгілде ауа магистралдің арнамен 42 бұзу клапанынын піспек астына келеді, оны отырғыш ерден 35 мм тартып диаметрі 0,8 мм мөлшерлегіш ауқым арқылы камераға қырық өтеді, сөйтіп 39 және 28 ауқым, ойықша 29 арқылы ауыстырғыш тығымға және 27,25 ауқымнан басқа реттығынға барады.
Қуаттау процесінде тежегіш цилиндр және қосымша сиректеу камерасы КДР атмосфералық арнамен 26, ауқымымен 33, ойықшамен 32, ауқыммен 30 және арналармен 18, 17, 16 және АТ бірге жұмыс жасайды. Қосалқы резервуарда қуаттау ауыстырғыш тығын жағдайында байланысты емес және
130 – 180 с бұрын 4, 8 кг \ см2 қысымға дейін болады.
Сиректеу. Магистралдағы қысым 75 с аралығында және одан жоғары 0,5 кг\см2 төмендегенде, ауа 3К камерасынан және магистралдің қосалқы резевуарынан кетіп үлгереді. Магистралді қуаттаған арналармен кетеді, тек бөтен бағыттағы.
Қызметтік тежеу. Магистралдағы қысымды машинист тұтқасымен 1,2 - 1,4 кг\см2 төмендеткенде , магистралді піспек шамадан тыс қысым әсерінен камера 3К жағынан айырғыш реттығынымен бірге бос жүріс шамасына 7 мм , басқы реттығынды қозғамай, оңға ауысады. Сол кезде магистрал 3К камерасынан ажырайды, себебі ауқым 5 магистралді піспекпен жабылады. Осы уақытта магистрал 1,3, 4,9 арналармен , басқы реттығындағы ауқыммен 10, айырғыш реттығындағы ойықшамен 11 , арналармен 12,13,14 ,2 қосымша сиректеу камерасына КДР бірігеді.
Магистралді піспек басқы реттығынмен бірге одан әрі оңға 4,5 – 7,5 мм реттығын арналарын 19,21 төлкедегі 23 арнасымен біріктіруге дейін жылжиды. Магистралді қосымша сиректеу поезда тежегіштің сенімді жұмыс істеуін және жоғары жылдамдықта тежегіш толқынының таралуын қамтамасыз етеді.
Қосалқы резервуардағы қысылған ауа 22 және арналар 19, 21, 23, 26 арқылы тежегіш цилиндрге ағылады. Ауа қысымы 3К камера жағынан магистралді піспекке азайады, сөйтіп тоқтайды. Егер толық қызметтік тежеуден соң магистралдегі қысым қосалқы
резервуардан 0,1 – 0,2 кг\см2 төмен болса, КДР қосымша сиректеу камерасы арналармен 2,14,17,16 атмосферамен бірігеді.
Тежегіш сатысы кезінде, магистралдағы қысым толық қызметтік тежеуден аз мөлшерге төмендесме, магистралді піспек реттығындармен 19, 21,23 арналары сәкес келгенше, толық тежеудегі сияқты ауысады. Ауа тежегіш цилиндрге , қосалқы резервуардан, резервуардағы қысым магистралдағы қысыммнан шамамен 0,1 кг\см
2 төмендегенше ағып келе береді: осыдан соң піспек айырғыш реттығынмен бірге кері қарай бос жүріс мөлшеріне 7 мм басқы реттығынды қозғамай жылжиды. Сөйтіп, айырғыш реттығын өзінің шетімен 19 арнаны бастырмалата жабады.
Тежеу саты бойынша, қосалқы резервуардағы және тежегіш цилиндрдегі ауа қысымы теңескенше жалғаса береді. Толық қызметтік тежеу кезндегі максималды қысым:
T ондағы
V3p – қоаслқы резервуар көлемі, литр;
P - қосалқы резервуар қысымы, ата;
Vтц - тежегіш цилиндр көлемі, литр.
Шұғыл тежеу. Магистралдағы қысым 0,8 кг\см2 азайғанда магистрал піспегі шамадан тыс қысым әсерінен реттығынмен бірге , соңғы оң қалпына ауысады. Реттығын ойықшасы 20 (91 – сурет) ауқымдары 24,25 реттығыннын төлкесіне біріктіреді, сөйтіп ауа камерадан 40 ауқымдар 39,28 және ойықша 29 және ауыстырғыш төлкесіндегі ауқым 27 арқылы тежегіш цилиндрге барады. Қысымнын шұғыл төмендеуіне байланысты камерада 40 , тездеткіш піспегі қысылған ауа әсерімен жоғарғы соңғы қалпына ауысады, бұзу клапанын отырғыш ерден тартып, магистралдің кең арнасын 42 атмосферамен, отырғыш ердің А ауқымы арқылы біріктіреді.
Магистралді шұғыл сиректеу мен қатар қосалқы резервуар тежегіш цилиндрдің ауқымдары 8,7,38,34,33, және арнамен 26 бірігеді, ал КДР камерасы – атмосфералық арнамен 2, ауқыммен 14, ойықшамен 17 арналармен 16 АТ бірігеді. Шұғыл тежеу кезінде тежегіш цилиндрді 3,5 кг\см2 қысымға дйін толтыру қалыпты ұзындықтағы пойыздар үшін 5-7 с ішінде 5,5 мм диаметрлі ауқым 34 арқылы өтеді.
Ұзын құрамды поездар тәртібінде тежегіш цилиндрді толытыру ауқым 36 арқылы өтеді, ал ажыратулы тездеткішпен – ауқым 37 арқылы 12 – 16 с ішінде өтеді.
Жіберіс. Магистрал қысымы 3К кмерасынын және қосалқы резервуарынын қысымына қарағанда 0,1 - 0,– кг\см2 жоғарласа магистрал піспегі солға ауысады. Ауаны жібергенде ауа тежегіш цилиндрден арна 26 арқылы ауыстырғыш шүмегінің төлкесіне келеді; ауқым 33, ойықша 32 және ауқым 30 арқылы реттығын төлкесінің арнасына 18, сосын реттығындағы ойықша 17 және арна 16 арқылы атмосфераға барады.
КДР камерасы атмосфера арнасымен 2 ауқымдар 14, 13 ойықша 12 ауқым 15 және арнамен 16 бірігеді.
Қосалқы резервуарды қысылған ауамен магистралден қуаттау арна 1, ауқымдар 5 , 6 , 22 арқылы жүзеге асады. Тежегіш цилиндрден атмосфераға ауа шығару уақытты поездың қалыпты ұзындығы тәртібі жағдайында ойықша 32 арқылы 9 -12 сек құрайды; Ұзын құрамды поездар тәртібі жағдайында диаметрі 3 мм ауқым 35 арқылы 19 -24 сек құрайды.
Ауа рттегіштер шарт №292-001 шұғыл тежеу кезінде 190 – 200 м\с және қызметтік тежеу кезінде 120 м\с тежегіш толқынының таралу жылдамдығын қамтамасыз етеді; Магистрал қысымы 0,2 – 0,3 кг\см2 төмендесе де, ұзындығына сәйкес тез және тұрақты тежеу таралымы; поездың әрқилы ұзындығындағы тежеудің жоғарғы жатықтығы; Поездың ұзындығына сәйкес қосалқы резервуарды қуаттандыруды теңестіру , машинист тұтқасын 1 жағдайда басқы вагондардағы қосалқы резервуарды асқын жүкпен қауіпсіз ұзақ ұстау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Шартты № 292-001 ауабөлгіштің негізгі ақаулары
I Ауабөлгіштерде кездесетін негізгі ақаулар:
-
Резина бөліктерінің жұмсақтықтарын жоғалтуы; -
Ауа бөлгіштің пружиналарының сынып кетуі және 3 мм артық отыруы; -
Магистральдық піпектің жұмысшы беттіктерінің 0,04 мм овальдануы мен формасын жоғалтуы; -
Піспек пен төлке арасындағы саңылаудың 0,5 мм-ден кем 1 мм –ден артық болуы; -
Резина бөліктердің ісінуі мен жыртылуы, қабатталуы; -
Сүзгілердің каналдарының бітелуі мен тозаңдану, ластануы; -
Нығыздағыш сақиналардың сынып кетуі және тығыздығын жоғалтуы; -
Төлкенің альбомдық диаметрі 88,9+0,07 мм –ден кем, 90,5 мм-ден артық болуы.
Шартты № 292-001 ауабөлгішті жөндеу
Шаң-тозаңнан тазартылған ауабөлғішті бөлшектеп, бөліктері тексеріледі. Пайдалану уақыты өткен резина бөліктері және жұмсақтығын жоғалтқан резиналар жаңасымен ауыстырылады.
Ұштары сынған, 3 мм-ден артық отырған ауабөлгіштің пружиналары жаңасымен ауыстырылады.
Магистральдық піспек төлкесінің жұмысшы беттіктерінің 0,04 мм-ге дейін овальдануымен сызаттар кезінде арнайы құралдардың көмегімен ысқыланып, қалыпқа келтіріледі. Егер сызат пен овальдық 0,04 мм-ден, конустық 0,06 мм-ден артық болса, төлкені жөндеу градациясына дейін қайрап, ысқылайды.
Төлкенің диаметрі 88,9+0,07 мм болуы тиіс. Егер өңделген кездегі диаметрі 90,5 мм артық болса ауыстырылады.