Файл: Кіріспе Локомотив шаруашылыы теміржол клігіні негізгі саласы болып табылады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 53

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Градациялар I II III IY Y

Магистраль піспек

төлкесінің ішкі 89,25 89,50 89,75 90,0 90,25

диаметрі 88,9мм

Төлкенің өлшемдеріне байланысты магистральдық піспектің және нығыздағыш сақинаның диаметрі таңдалады. Піспек пен төлке арасындағы саңылау 0,5 мм-ден кем, 1мм-ден артық болмауы тиіс. Ескі сақина құлпындағы саңылау 1,5 мм,ал жаңа сақина құлпында –0,4мм-ден артық болмайды.

Төлкенің жұмысшы беттіктері мен реттығын беттіктерінің жай-күйіне байланысты плитаға қойылып, сызат,өңделу,бұдырмақтылықтары тегістеліп, ысқыланады.

Овальданудың 0,05 мм-ден артық болуын анықтаған жағдайда қайралып,тегістеледі. Алмастырғыш кран қақпағында торламалар пайда болса,шабермен алып тасталады.

Төлке мен қақпақ беттеріндегі сызаттар ГОИ пастасымен ысқыланып,қалыпқа келтіріледі.

Ысқылаудың дұрыстығына беттіктердің біртүсті рең беруі болып есептеледі. Бұдан кейін қақпақтағы тесік тазаланып, калибрмен тексеріледі.

Ісінген,жыртылған,қабатталған, жарығы бар резина бөліктері ауыстырылады. Канал сүзгілерінің торлары тазаланып, сығымдалған ауамен үрленеді, ақаулы торлар ауыстырылады.

Жөнделген, немесе ауыстырылған бөліктері торапқа жинақталып, сынақтан өткізіледі. Металл бөліктерге жинақтар алдында жұқалап май жағылады. Тораптары сыналғаннан кейін ауабөлгіш жинақталып, стендіде сынақтан өткізіледі.

Ауабөлгіштің тораптарын сынау кезінде магистральдық піспек сақинасының тығыздығы үш жағыдайда –жіберу , ортаңғы және шеткі жағдайларда тексеріледі. Осы үш түрлі жағдайда жа ауа қысымының төмендеуі көлемі 8 л резервуарда 70 сек ішінде 0,5 –тен 0,4 МПа дейін болатын болса, онда тығыздық жеткілікті болып есептеледі. Магистральдық піспекті жылжыту күші реттығынсыз –30 Н, белгілеуші реттығынмен – 45 Н, екі реттығынмен –60 Н болуы тиіс. Ауыстырғыш қақпақ

тығыздығы және төлкені пресстеу тұтқаны алып тұрып сабынды сумен тексеріледі. Төлке мен қақпақ арасында 10 с-қа дейін сабынды көбік тұруы қажет.

Төлке мен магистраль бөліктің корпусы арасынан ауаның шығуы рұқсат етілмейді.

Жинақталған ауабөлгішті стендіде сынау кезінде төмендегілер тексеріледі:

1. Көлемі 78 л жинақтаушы резервуардың 0,12-ден 0,48 МПа дейін
толу уақыты. Бұл уақыт 25-36 с және 130-180 с болуы тиіс.

2. тежеуге жылдамдығы. Жүйедегі толықтырылған қысымда тежеу сатысы магистральдағы 0,03 МПа қысымды төмендету арқылы жасалады. Ауа бөлгіш жұмысқа қосылып тежегіш цилиндрдегі ауа қысымы 0,04 МПа 1 мин ішінде 0,01 МПа –ға дейін өзгеруі тиіс.

3. қайтаруға жылдамдығы. Магистральдағы ауа қысымы 0,06 МПа дейін төмендеп, тежегіш цилиндрдегі қысым стенд магистраліндегі қысымды жоғарылатады. Тежегіш цилиндрдегі ауа қысымының төмендеуі 60 с артық болмауы тиіс.

5. Шұғыл тежеу кезіндегі тежегіш цилиндрдің ауамен толығу уақыты. Магистральдағы толығу қысымы 0,5 МПа –ға жеткен кезде және ондағы қысымның төмендеуі 1 с ішінде 0,08 МПа болған кезде жеделдеткіш шұғыл тежеуге көшуге тиіс.

6. Тежегіш цилиндрдегі қысым 0,04 МПа-ға дейін шұғыл тежеу кезіндегі қайтару уақыты. Бұл уақыт 9—12 с –қалыпты ұзындықта, 19- 24 с ұзынқұрамды пойыздарда болуы тиіс.

7. Барлық жұмыстардың орындалуының жұмсақтығы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Рахматуллин М.Д. «Технология ремонта тепловозов». М. Транспорт, 1983.

  2. Иванов В.П. «Технология ремонта тепловозов» М. Транспорт, 1980.

  3. Пахомов Э.А. «Механическое оборудование тепловозов» М. Транспорт, 1988.

  4. Справочник по ремонту тепловозов под ред. Кокошинского И.Г. М. Транспорт, 1976.

  5. Сборник типовых технически обоснованных норм времени на слесарные работы при техническом обслуживании и текущем ремонте тепловозов типа ТЭ10, М. Транспорт, 1979.

  6. Смушков П.И. «Эксплуатация и технология ремонта колесных пар локомотивов», М. Транспорт, 1977.

  7. Пупырин Г.А., Осипов С.В., Максименцев В.А идр. «Реостатные испытания тепловоза 2ТЭ10». М. Транспорт, 1969.

  8. Бахолдин В.А., Собеник Л.А. Методические указания к курсовому и дипломному проектированию по технологии ремонта тепловозов. М., МИИТ, 1982.

  9. Николаев В.Г. Методические указания к курсовому проектированию по технологии ремонта локомотивов, А., АлИИТ. 1988.

  10. Тормозное и пневматическое оборудование подвижного состава В.Г. Иноземцев, И.В.Абашкин М.;Транспорт 1984г.

  11. Автоматические тормоза подвижного состава Асадченко , И.В. М.;Транспорт 1988г.

  12. Инструкции по применению тормозов Астана.2012 ж