ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 19.11.2021
Просмотров: 814
Скачиваний: 1
Тақырып 4. Қоғамдық шаруашылық нысандары.
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004. 38-44 бб. |
1 Никитин Р. Закон стоимости и механизм ценообразования. Экономические науки.М.: Прогресс, 2001. 2 Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999. 3. Ригер Р. Денежная политика в переходной период. Экономические науки. 2001. №5 4. Кузнецов Н. Либерализация денежного обращения: проблемы и подходы. Вопросы экономики 2006, №4 4-29 ст. |
Кәсiптiк
одақтар туралы |
|
Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999 |
Самуэльсон П. «Экономика» М., Прогресс, 1996 |
Достыққа
қатысушы мемлекеттердiң аумақтарында
төрелiк, шаруашылық және экономикалық
соттардың шешiмдерiн өзара атқарудың
тәртiбi туралы келiсiмдi бекiту
туралы |
Мақсаты:
- Студенттердің табиғи және тауарлы шаруашылықтардың пайда болуы және арасындағы айырмашылықтары туралы білімдерін қалыптастыру.
- Сабақ барысында тақырыпқа байланысты проект құрып, өзіндік білім алу.
Оқудың міндеттері:
-
Тақырыпты талқылау нәтижесінде натуралды және тауарлы шаруашылықтар тарихын меңгеру
-
Ойынның барысында студенттердің өзіндік қабілетін ашу
-
Пікір талас жүргізу арқылы студенттерді өз ойларын жеткізуге баулу.
Негізгі түсініктер: Тауарлы және натуралды шаруашылық.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Қоғамдық шаруашылықтың негізгі түрлері және модельдері
-
Қоғамдық шаруашылық, оның негізгі ерекшеліктері
-
Натуралды шаруашылық: пайда болуы, шарттары мен себептері, негізгі белгілері.
-
Тауарлы шаруашылық: пайда болуы, шарттары мен себептері, негізгі белгілері.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Көрнекі құралдар:
- Карточкалар, мультимедиялық аппарат.
Семинар сабағы ойын түрде өткізіледі тақырыбы: «АДАМ МЕКЕНДЕМЕГЕН АРАЛ»
Оқытушының кіріспе сөзі: Аталған тақырыптағы сабақ экономикалық ойынға негізделген. Кез-келген қоғамдағы мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Жердің үлгісі ретінде «аралдың» негізінде студенттерге ресурстардың шектеулілігін түсіне отырып, берілмес әлем құруға қажеттілігі туындайды. Сонымен қатар ойынның барысында қатысушылар натуралды және тауарлы шаруашылықтан тұратын өзіндік әлемді құрып, және сол әлемдері әділетті болуы тиіс. Бұл ойынның барысында студенттер қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары: натуралды және тауарлы шаруашылықтармен танысады. Екі шаруашылықтың мәнін, пайда болуын, айырмашылықтарын ажырату жаттығуларын жүргізеді. Натуралды шаруашылықтан тауарлы шаруашылық туындайтынын көрсетеді.
Қажетті материалдар:Карточкалар, скотч, маркер, қағаздар.
Ойынды ұйымдастыру жұмысы:
Ойын барысында студенттер екі арал болып бөлінеді. Бірінші топтың аты НАТУРАЛЫДЫ шаруашылық, екінші топтың аты ТАУАРЛЫ шаруашылық. Ойында 10-15 қатысушы болады. Екі топ бөлек жұмыс жасап, өзара қарым-қатынасқа түсуге болмайды.
Әр командаларға тапсырмалар мен аралдардағы ресурстардың саны беріледі. Топтар өздерінің қолындағы бар ресурстармен сол аралда ұзақ өмір сүріп және тиімділігін арттыру әрекеттерін жасаулары қажет. Мынадай сұрақтарға жауап берулері ұсынылады: Сіз не және қанша өндіресіз? Сіз қалай өндіресіз? Кім тұтынады? Аралдың 6-10 заңын құру керек. Топтармен жұмыс және «аралдардың» проектісінін рәсімдеуге 20-30 минут беріледі. Проектілерді презентациялауға 7 минут беріледі. Әр командалар өздерінің жетістіктерін талқылау үшін көбірек уақыт берілуі тиіс. Талқылауға арналған арнайы сұрақтар: Сіздер қандай қиындықтармен кездестіңіздер? Не себепті? Ол қиындықтардан сіз қалай өттіңіз? Сіздің командаңыз қандай жетістіктер және кемшіліктер жасады? Сіздер ресурстардың жетіспеушіліктерін сезіндіңіздер ме? Сіздер аралдағы ресурстардың әділетті бөліну мәселесін қалай бағалайсыз? Неге сіз олай ойлайсыз?
Жүргізуші қай команда берілген тапсырманы сәтті орындады, қалай және не себепті, талқылаудан кейін командаларда жаңа ойлар туындады және т.б.
Тұрақты даму тек кешенді түрде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу негізінде құралатындығы жөнінде аудиторияда ортақ ой туындайды.
Тапсырмалар:
«Тауарлы шаруашылық» тобы қолдарындағы ресуртардан тауарлы шаруашылық қоғамын құрулары қажет!
«Натуралды шаруашылық» тобы қолдарындағы бар ресурстармен натуралды шаруашылықты сақтап қалуы тиіс! Сонымен қатар өмір сүру деңгейлерін жоғарлату жолдарын көрстетуі керек.
Берілетін ресурстар: Екі топтың аралдарында берілетін ресурстар тек адам мекендемейтін жердегі табиғи ресурстар беріледі: жер, ағаштар, су, күн сәулесі, жабайы аңдар.
Дисскусия
«Қазіргі таңда Қазақстандағы ауыл шаруашылық жағдайында натуралды және тауарлы шаруашылықтардың салыстырмалы түрде негізгі сипаттамаларын беріңіз?» тақырыбында жүргізу.
Қорытынды: Семинар сабағы алдына қойған мақсаты студенттер табиғи және тауарлы шаруашылықтардың маңыздылығын меңгеруі болатын. Осы мақсатқа студенттер өзерінің үлестерін қоса отырып, ойын және пікір-талас негізінде жетуі тиіс. Сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы үшін экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы жетуге болатыны жайлы терең ой қалыптастырады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Бақылау сұрақтары
-
Натуралды шаруашылықтың белгісі қандай?
-
Натуралды шаруашылық қандай жағдайда тауарлы шаруашылыққа айналады?
-
Тауарлық шаруашылығын не сипаттайды?
-
Қандай затты тауар болып табыладыдей аламыз?
-
Тауардың айырбасқұны дегеніміз не?
Тесттік тапсырмалар
1. Натуралды шаруашылықтың белгісі қандай?
а) Еңбек бөлінісі, мамандану.
б) Жекелеген шарушылық деңгейінде тұйық өндіріс пен тұтыну
в) айырбас мақсатында өнім өндіру
г) жанама алдын- ала байланыстар
д) шаруашылықтың ашықтығы
2. Натуралды шаруашылық – бұл:
а) Машина
мен басқа құрылғылар қолданылмайтын,
тек қол еңбегі қолданылатын өндірістік
ұйымдастыру
б) Адам
үшін натуралды өнім өндірісін ұйымдастыру
в) Азаматтар
мен фирмаларға сатуға арналған азық -
түлік өндіретін шаруашылық
г)
Өз өміріне қажеттінің барлығы өндірілетін,
тауарлар айырбасы жоқ шаруашылық
д) Ауыл шаруашылық өндірісі
3.Тауарлық шаруашылығын не сипаттайды?
а) өнімнің натуралды түрі
б) өндіру мен тұтынудың тікелей байланысы
в) еңбектің әмбебаптылық сипаты
г) еңбектің бөлінісі мен шаруашылықтың ашықтығы
д) тұйық шаруашылық
4.Төменде аталғандардың қайсысы тауар болып табылады?
а) жеке тұтынуға арналған өнім
б) табиғат сыйлары
в) экономикалық емес игілік
г) меншік иесіне салық ретінде төленген бидай
д) айырбасқа арналған еңбек өнімі
5.Қандай жағдайда еңбек өнімі тауар бола алмайды?
а) иесі өнімнің тұтыну құнын пайдаланбағанда
б) басқалар үшін өнімнің тұтыну құны болғанда
в) иесі өнімнің тұтыну құнын пайдаланғанда
г) еңбек өнімі нарықта сатылғанда
д) еңбек өнімі басқа қажетті өнімдерге айырбасталғанда
6.Тауар өндірісінде еңбек өнімі қоғамдық мәнге қай кезде ие болады?
а) сұраныс кезінде
б) сатылу сферасында
в) бағасының қойылуы кезінде
г) айырбас процесінде
д) тауарды өндіру кезінде
7.Игіліктің
бағалылығы байланысты емес:
а)
оның саны
б) оның өндірілуіне жұмсалған шығындарға
в) белгілі бір қажетгілікті қанағаттандыру деңгейіне
г) оның сапасына
д) шекті пайдалылыққа
8.Тауардың айырбасқұны дегеніміз не?
а) басқа тауарға айырбасталу қабілеті, құнның түрі
б) басқа тауарға айырбасталу қабілеті, құн өлшемі
в) айырбас кезінде тауарларды бір біріне теңестіретін саңдық пропорция
г) басқа тауарға айырбасталу қабілеті, құнның түрі, айырбас кезінде тауарларды бір біріне теңестіретін саңдық пропорция
д) құнның түрі, айырбастың сандық пропорциясы
9.Тауар
жасайтын нақты еңбекті қалай сипаттауға
болады?
а)
адамдардың мақсатты әрекеті
б) ерекше нысаналы түрдегі еңбек
в) өндіруші еңбек
г) тауарлар өндірісімен байланысты қызмет
д) тауардың құнын қалыптастырушы еңбек
10.Тауар
жасайтын абстрактылы еңбекті қалай
сипаттауға болады?
а)
нақты формасыз жалпы еңбек
б) жеке еңбек
в) ерекше нысаналы еңбек
г) индивидуалды еңбек
д) қоғамдық еңбек
11.Натуралдық шаруашылыққа тән емес:
а) өнімдер өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіріледі
б) байлықтың табиғи түрі - натуралды өнім
в) әмбебап еңбек қолданылады
г) тікелей экономикалық байланыстар жүзеге асады
д) еңбек өнімдері айырбасталады
12.Тауар өндірісінің белгілері қандай?
а) жеке тұтыну үшін өнім өндіру
б) жанұя ішіндегі еңбек бөлінісі
в) тікелей экономикалық байланыстар
г) алғашқы қауымдық қоғамдағы орталықтан реттеу
д) жанама, нарық арқылы экономикалық байланыстардың болуы және қоғамдық еңбек бөлінісі
13.Тауар өндірісінің пайда болуының материалдық алғы шарты қандай?
а) тауар өндірушілер еңбегінің қоғамдық бөлінісі
б) өндіріс құралдарына жеке меншік
в) адамдардың айырбасқа ынталылығы
г) қызметтердің стихиялы жүзеге асуы
д) өнімдердің нарыққа арналып өндірілуі
14.Тауар өндірісінің пайда болуының басты себебі:
а) тауар өндірушілер еңбегінің қоғамдық бөлінісі
б) өндірушілердің бір өнімді өндіруге мамандануы
в) тауар өндірушілердің меншік иесі ретінде оқшаулануы
г) өндірістік қызметтердің стихиялы жүзеге асуы
д) өнімдердің нарыққа арналып өндірілуі
15. Еңбек «қарқындылығына» анықтама беріңіз:
а) бip жұмысшыға шаққандағы жасалған өнім саны
б) жалпы енбек шығындары
в) уақыт бірлігі ішіндегі жұмсалынған адамның энергиялық шығыны
г) бip өнімге жұмсалған yaқыт
д) жұмыс күні ішінде жұмсалған жұмысшы уақыты
Тақырып 5. Тауарлы шаруашылық. Ақша
|
Негізгі әдебиеттер: |
Қосымша әдебиеттер:
|
Құқықтық нормативті актілер |
|
Шеденов Ө.Қ., Сагындыков Е.Н. «Жалпы экономикалық теория». Ақтөбе, 2004. 44, 56-70 бб. |
Аубакиров Я. Ескалиев М. Основы экономической теории. А. 1999.
|
Шаруа (фермер) қожалығы туралыҚазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214 29.12.2008 ж. |
|
Кузнецов Н. Либерализация денежного обращения: проблемы и подходы. Вопросы экономики 2006, №4 4-29 ст. |
"Қазақстан
Республикасы азаматтарының ақшаны
жария етуiне байланысты оларға
рақымшылық жасау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу
туралы |
Мақсаты:
- Студенттерде тауардың қасиеті, ақшаның мәні мен функциясы туралы білімдерін қалыптастыру;
- ҚР ұлттық валютасын нығайту және заңнамаларға байланысты құқықтық білімін қалыптастыру.
Оқудың міндеттері:
-
Тақырып бойынша берілген сұрақтарды талқылау арқылы тауар мен ақша қатынастарын ашу.
-
Қазақстанның ақша бірлігінің тарихын меңгеру.
-
Ақшаның пайда болуын қарастыра отырып, өзге елдердің валюта бірлігімен және заңнамаларымен танысу
Негізгі түсініктер: Тауарлы шаруашылық, ақша.
Жаңа түсініктер: Валюта, баға заңы, экономикалық процестер.
Қарастыратын негізгі сұрақтары
-
Тауар және оның қасиеттері. Еңбек құн теориясы мен шекті құндылық теориясының товардың қасиеттері туралы
-
Баға зағы, оның нарық қатынасындағы алатын мәні мен функциясы
-
Ақшаның пайда болуы мен мәні. Ақшаның қызметтері.
-
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі.
Оқытудың әдістері:Семинар сабағында берілген сұрақтарды талқылау, дебат, кейс-стади, дисскусия,кестемен жұмыс,тесттік тапсырмалар(бақылау сұрақтары).
Көрнекі құралдар:
Кестелер құру, карточкалар, мультимедиялық аппарат.
Семинар сабақ ойын түрде өткізу тақырыбы: «Ақшалардың шығу тарихы және әлемдегі орны мен құндылығы?»
Оқытушының кіріспе сөзі:
Студенттер ақша тақырыбына келгенде, олар өмірлік жағдайлармен экономикалық құбылыстар арасындағы байланыспен кездеседі. Сол себепті аталған ойынның мақсаты осы байланыстарға түсініктеме беріп, сонымен қатар экономиканы оқуға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Ойынның жүргізілуі:
Ойын оқытушының тәжірибесіне және қалауына қарай 30-40 минутқа созылады:
-
Екі студент біріктіріліп белгілі бір елдердің ақша бірлігі беріледі. Студент сол елдің ақша бірлігінің тарихын, әлемдегі орнын және ақшада бейнеленген суреттердің мәнін ашып келуі тиіс.
-
Сабақ барысында студенттер дайындап келген мәліметтерін өзге студенттерге баяндайды. Және студенттер арасында сұрақтар қойылып, талқылау жүргізіледі.
-
Ақша бірлігі берілетін елдер:
-
Қазақстан
-
АҚШ
-
Канада
-
Бразилия
-
Шведцария
-
Англия
-
Германия
-
Франция
-
Біріккен араб әмірлігі
-
Ресей
-
Қытай
-
Жапония
-
Корея
-
Үндістан
-
Өзбекстан
-
Қырғызстан
-
Ауғанстан
Қарастырылатын сұрақтар:
-
Елдің ақша бірлгінің атауы және шығу тарихы
-
Елдің ішінде ақшаның құндылығы
-
Сол елдің ақша бірлігінің әлемдік орны бар ма?
-
Ақшада не бейнеленген және оның себебі?
Студенттерге ортақ сұрақ?
Сіздің ойыңызша әлемде бір, яғни ортақ ақша бірлігі болған жағдай тиімді ме?
Бұл ойын – шығармалық сипаты бар және студенттердің валюталық бірліктер туралы ойларын дамытуға бағытталған.
Дисскусия: «Қазақстан республикасының валютасының құндылығын жоғарлату» тақырыбында жүргізу.
Қарастырылатын сұрақтар: а) ұлттық валюта не үшін қажет?
б) ұлттық валютаның құндылығының маңызы?
в) ҚР валютасын жоғарлату үшін қандай шаралар қолдану
керек?
Қорытынды: Семинар сабағының сұрақтарын талқылау барысында тауардың қасиеті, ақшаның мәні және қызметтері туралы білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар өзге елдердің ақша бірлігіне байланысты кіші баяндамалар жасалып, студенттер Қазақстанның және өзге де елдердің ақша бірлігі туралы мәлеметтермен алмасады. Қазақстанның валютасының ерекшелігін және құндылығын жоғарлату жолдарын пікір-талас негізінде меңгере отырып, тақырыпты студенттердің қаншалықты меңгергенін тест арқылы бекітіледі. Соңынан студенттер бағаланып, семинар сабағы аяқталады.
Қорытындысында өтілген тақырыптың менгерілуінің деңгейін анықтау үшін тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары) алынады
Тестік тапсырмалар:
1.Тауар құны – бұл:
а) адамдар қажеттілігін қанағаттандыратын тауардың қабілеті
б)тауардың сыртқы түрі
в) тауардың
басқаға айырбасталу қабілеттілігі
г)
тауарға сіңген қоғамдық еңбек
д) адамның мақсатты іс- әрекеті
2.Тауардың тұтыну құны- бұл:
а) тауардың өндірілуіне қажетті материалдардың мөлшері
б) адамдардың қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру қабілеті
в) басқа пайдалы өнімдерге айырбасталу қабілеті
г) өнім өндіруге кеткен еңбек мөлшері
д) нақты сандық көлемде басқа игіліктерге айырбасталу қабілеті
3.Тауар өндірісінде еңбек өнімі қоғамдық мәнге қай кезде ие болады?
а) сұраныс кезінде
б) сатылу сферасында
в) бағасының қойылуы кезінде
г) айырбас процесінде
д) тауарды өндіру кезінде
4. Баға-бұл:
а) құнның ақшалай көрінісі
б) заттың пайдалылығы
в) тауар өндірісіне жұмсалған шығындар сомасы
г) тауарға сіңген еңбек
д) тауарларды бір бірімен салыстыратын сандық пропорция
5.Игіліктің
бағалылығы байланысты емес:
а)
оның саны
б) оның өндірілуіне жұмсалған шығындарға
в) белгілі бір қажетгілікті қанағаттандыру деңгейіне
г) оның сапасына
д) шекті пайдалылыққа
6.Төменде берілген анықтамалардың қайсысы «шекті пайдалылық» терминін анықтайды?
а) тұтынушы табысы артқан сайын жоғарылайтын тұтынудың мөлшері
б) өндірістің өзгермелі факторын қосымша пайдалану арқылы артқан фирма табысының мөлшерів) қосымша тауар немесе қызмет бірлігінен тұтынушының алатын қосымша пайдалылығы
г) өндірістің тұрақты факторын қосымша пайдалану арқылы артқан фирма табысының мөлшері
д) жиынтық тұтыну құнының өсу мөлшері
7. Ақшаның шығу ceбeбi:
а) табиғи құбылыс ретінде пайда болған
б) мемлекеттік билік пен табиғаттың нәтижесі болып табылады
в) айырбастың дамуымен байланысты
г) ХВҚ (халықаралық валюта қоры) арқылы туындаған
д) адамдардың айырбасқа бейімділігімен байланысты
8. Ақшаның өзін немен өлшейді?
а) ақша бірлігімен
б) эмиссионды жүйемен
в) ақша түрімен
г)ақша
жүйесінің
институттарымен
д)
баға
масштабымен
9.Ақша экономикалық категория ретінде:
а) тауар айырбасы үшін қызмет ететін құрал
б) өз құнын басқа тауардың құны арқылы анықтайды
в) алтынмен есептелетін тауар құны болып табылады
г) алтын мен күміс
д) жалпыға бірдей эквивалент рөлін атқаратын тауар
10.«Баға»
түсінігі ақшаның қандай қызметін
анықтайды?
а)
әлемдік ақша
в) айналыс құралы
б) құн өлшемі
г)жинақ құралы
д) төлем құралы
11.Несиелік ақша қандай қызмет атқарады?
а) әлемдік ақша
б) құн өлшемі
в) айналыс құралы
г) жинақ құралы
д) төлем құралы
12.Тауар
жасайтын нақты еңбекті қалай сипаттауға
болады?
а)
адамдардың мақсатты әрекеті
б) ерекше нысаналы түрдегі еңбек
в) өндіруші еңбек
г) тауарлар өндірісімен байланысты қызмет
д) тауардың құнын қалыптастырушы еңбек
13.Тауар
жасайтын абстрактылы еңбекті қалай
сипаттауға болады?
а)
нақты формасыз жалпы еңбек
б) жеке еңбек
в) ерекше нысаналы еңбек
г) индивидуалды еңбек
д) қоғамдық еңбек
14. Ақша-бұл:
а) жалпыға бірдей эквивалент
б) есептеудің қарапайым құралы
в) тек күміс қана
г)тек есептеу бірлігі
д) тек алтын
15.
Басқа факторлар өзгеріссізболған
жағдайда,
айналымдағы
ақша көлемінің азаюы үшін қандай
фактордың
жоғарылауы
қажет?
а) мемлекеттің алтын қоры
б) тауарлар мен қызметтер бағасының сомасы
в) бipтекті ақша бірліктерінің айналым жылдамдығы
г) АҚШ валютасының қоры
д) тауарлар бағасының сомасы