ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 348
Скачиваний: 1
1 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ1.1 Кен орын туралы жалпы мәліметГран кен орны Қазақстан Республикасының Атырау облысы, Исатай ауданы аймағында орналасқан. Аудан орталығы Аққыстау кен орыннан 90 км солтүстік шығысқа қарай орналасқан, және ең жақын елді мекен Забурын ауылы болып табылады.Астрахань – Атырау темір жол магистралы кен орыннан 5 км қашықтықта өтіп жатыр.«Жайықмұнайгаз» МГӨБ ірі кен орындары С.Балғымбаев, Забұрын Гранна 15 км шамасында орналасқан.Бұл аймақ шөлді жазық дала болып табылады. Жер бедерінің абсолютті биіктіктері –22 м- ден 26,5 м-ге дейін.Аймақтың климаты тез континенталды, жазы құрғақ ыстық, қыста қар аз болады. Температураның жылдық ауытқуы +400 С тан –300 С ға дейін.Негізгі су көздері кен орынның батысында 80 км және шығысында 75 км-де орналасқан Еділ және Жайық өзендері болып табылады.Гран кен орны құрылысын дайындау 1966-1979 жылдары сейсмикалық түсіріліммен жүргізілді. 1981 жылы іздеу жұмыстары басталып, 1984 жылы барлау аяқталды. Бұл жұмыстар кен орынның ашылуына әкелді.Кенорында апт-неоком(АН), I неоком (Н-I) мұнай горизонттары, II-неоком газ мұнай горизонттары кездеседі.Горизонттар терригенді жыныстардан қалыптасқан, жинауыштар қуысты. Жинауыштардың ашық қуыстылығы 29-31%, өтімділігі 0,23-1,008 мкм2, мұнаймен қаныққандық коэффициенттері 0,51-0,64, газбен қаныққандық коэффициенттері 0,52. Мұнаймен қаныққан қалыңдығы 0,8-10,8 м, газбен қаныққан қалыңдығы 7,1 м. Мұнайдың бастапқы шығымдары тәулігіне 14-72 м3, 7 мм штуцерде газдың бастапқы шығымдары тәулігіне 43,4 мың м3. Газ факторы 47 м3/м3.Бастапқы қат қысымы 9,1-10,5 МПа, температура 36-390 0С. Мұнайдың тығыздығы 892 кг/м3. Мұнайдың құрамында 0,26-1,26% күкірт, 1,75% парафин, 11,8-13,7% шайыр және 0,57-0,85 асфальтен бар. Газдың құрамы: метан 84,68-93,26%, этан 0,27-1,79%, пропан 0,43%, изобутан 0,66%, азот 5,59%. Шоғырлар режимі су арынды. Хлор-кальцийлі типті қат суларының тығыздығы 1096-1099 кг/м3 және минералдануы 137-141,7 г/л. Өнімді горизонттардың тереңдігі 851-905,6 м, мұнай шоғыры биіктігі 7,2-53 м, газ бөлігінікі – 9,3 м. Су мұнай контактісі 900-943 м өтіп жатыр. Шоғырлар қабаттық, күмбез, тектоникалық және литологиялық экрандалған. Шоғырлар суарынды режимде жұмыс істейді, ал қабат сулары хлоркальцийлі болып келеді.Техникалық сумен қамтамасыз етілгендік неоген және альб түзілімдерінің сулы қаттарын шығаратын арнайы ұңғымалармен жүзеге асырылады. Мұнда су шығымдары тәулігіне 22-60 м
3 құрайды. Кен орнының қызмет ететін персоналына арналған ауыз су солтүстік-батысқа қарай 7 км ара қашықтықта орналасқан Исатай теміржол станциясынан автокөлікпен жеткізіледі. Орал-Волга өзен аралығында Каспий теңізінің барлық солтүстік жағалауы бойында заманауи теңіз террасасы созылып жатыр. Оның аталған өзендер атырауларына жақындау шамасына қарай 30 километрге жететін ені Забұрын кен орны ауданында 10 километрден аспайды. Террасаның жоғарғы жарқабағы оның бойында салынған темір жолмен көрсетіледі. Онан әрі солтүстікке қарай 250-300 километрге Рын-пески созылып жатыр. Бұл шағыл типті құм, учаскелері қатты дәнді өсімдіктердің сирек кездесетін шоқтарымен және сексеуілдің жеке бұталарымен болмашы бекітілген.Аудан Каспий теңізі жағына қарай жатық төмендейтін, болмашы төбелі шөлейтті жазық даланы білдіреді және 9-28 метр абсолюттік белгілермен сипатталады. Ауданның оңтүстік жағалау бөлігіне сирек кездесетін өсімдіктермен жабылған құмды төбелер мен сорлардың алмасуы тән.Соңғылары теңіздің шегінуінен кейін қалған, әр түрлі кескінді кеуіп қалған тұзды көлдердің батпақтанған учаскелерін білдіреді. Жұмыстар ауданындағы топырақ құмды және саздақты.Каспий теңізінің барлық солтүстік жағалауында су мен құрғақ жер арасындағы шекара анық емес: көбінесе батпақтанған жағалаудағы жолақтан тайыз су бойындағы ашық суға дейін шалғын мен қамыстың тұтас тоғайлары созылып жатыр.Ауданында өзен жүйесі жоқ. Өңірдің басты сулы күре тамыры – Волга және Орал өзендері кен орнынан сәйкесінше батысқа және шығысқа қарай 150 және 140 километр ара қашықтықта ағып жатыр.Матераиалдық-техникалық негізгі база «Жайықмұнайгаз» МГӨБ орналасқан Аққыстау селосында.Казіргі таңда Гран кенорны игерілуде.Сурет 1 – Кенорынның орналасу картасы1.2 Кен орнының стратиграфиясыҚарастырылып отырған кенорын Солтүстік Каспий мұнай-газ жинақталған зонаның оңтүстік батыс бөлігінде, Урал Ембі және Астрахань Калмыц мұнай-газ аймақтарының қиылысында орналасқан. Бұл аймақтар өз кезегінде өте ірі Каспий маңы мұнай-газ провинциясының бөлігі болып табылады. Күрделі тектоникалық құрылым бұл аймақтардың негізгі ерекшеліктерінің қатарына жатады.Каспий маңы ойпатының үлкен бөлігін алып жатқан геологиялық түзілістер күрделі көп ярусты құрылымға ие. Соңғы палеозой және кунгур дәуірінде көптеген геологиялық факторлардың әсерінен пайда болған өте үлкен қашықтыққа созылып жатқан тұз қабаты өзінің көлемімен де қасиеттерімен де ерекше. Ол Каспий маңы мұнай-газ провинциясындағы көмірсутектердің тік бағыттағы миграциясына өткізбейтін кептеліс жасайды. Сонымен қатар бұл тұз қабаты құрамы және пайда болу жағдайлары әр түрлі жыныстар кешенінің арасындағы табиғи шекара болып табылады. Сондықтан да Каспий маңы ойпатының шөгінділерін тұз үсті және тұз асты деп бөліп қарастыру қабылданған.
Бұл кенорынның тұз асты қабаты ашылмаған, сондықтан төменде тұз асты бөлігіне геофизикалық зерттеулер және бұрғылау арқылы алынған мәліметтер бойынша жалпы шолу айтылады.Каспий маңы ойпатының шөгінді жыныстар қабатының тұз асты қалдықтары бұрғылау арқылы тек шет аймақтарында зерттелген. Ашылған геологиялық түзілістердің ең ескісі орта девон-төменгі франстың қалдықтары (қалыңдығы 240 м). Бұл қабат негізінен дислоцирленген аргиллиттен құралған, онда алевролит, гравелит, құмтас және конгломерат қабатшалары кездескен. Осыған қарап, Каспий маңы ойпатының орталық аймағының ортадевон-төменгіфранс қабаты карбонатты жыныстары бар терригенді қалдықтардан тұрады деп орнатылды. Оның қалыңдығы 1000-2000 м-ді құрайды.Ойпаттың сыртқы зонасындағы шөгінді қабаттың тұз асты бөлігі қима бойынша да, аудан бойынша да өте тез литологиялық фациальдық өзгергіштікпен суреттеледі. Жалпы бұл аймақта карбонатты және терригенді жыныстар көрініс тапқан.Тұз және тұз үсті түзілістеріТөменгі пермьнің тұз қалдықтары Каспий маңы ойпатының территориясында біртекті таралмаған және олар құрамы және қалыңдығы бойынша да бірдей емес. Кунгур тұздары пішіні бойынша әртүрлі массивтер, күмбездер түрінде кездеседі, және олардың көлемдері мыңдаған шақырымға жетуі мүмкін. Күмбездер арасындағы аймақтарда тұздың қалыңдығы азайып кетеді, ал қабаттар толығымен майысады. Кунгур тұздары жоқ кумбез аралық аймақтың мысалы ретінде Забұрын кенорнының территориясын алуға болады.Тұз қабатының орналасуы соңғы пермь және соңғы бор уақыттарында қалыптасқан тұз үсті қалдықтарының қалыңдығы мен морфологиясын анықтауға көмектеседі.Гран кенорнының геологиялық құрылысында жогарғы пермьнен төрттік дәуірге дейінгі шөгінділер кездеседі. Пермь, триас, юра, бор және неоген-төрттік дәуірлерінің шөгінділері бұрғылау арқылы ашылған. Шөгінді жыныстардың максималды ашылған қалыңдығы 2500 м.1.3 Кен орнының тектоникасыТектоникалық жағынан қарастырғанда, кенорын Еділ- Жайық өзендерінің арасында және Солтүстік Каспий күмбезінің Октябрск деп аталатын шығыңқы аймағында орналасқан. Ауданы 600 мың. км2 болатын Каспий маңы ойпаты әлемдегі ірі де терең шөгінді бассейндердің бірі, ондағы шөгінді түзілістердің қалыңдығы 20 км- ден асады. Ойпаттың орталық территориясын алып жатқан Каспий маңы мегасинеклизасы Шығыс Еуропа платформасының ірі күрделі құрылымы болып табылады (ауданы 500 мың. км2
жоғары). Оның іргетасы архейс-төменгі протерозой жыныстарынан, яғни парагнейс, амфиболит, гнейс және түрлі құрамдағы сланец, темірлі кварцтан құралған.
Синеклиза іргетасының құрылысы асимметриялы. Батыс және шығыста іргетасы тек 3—5 км тереңдікте орналасқан аймақпен шектеледі.
Ортасына қарай бату тереңдігі өсе бастайды, тереңдік 10-15 км ге жетеді. Бату тереңдігінің жоғары жылдамдықпен көбеюі түрлі бұзылулардың болуымен байланысты.
Шөгінділердің тұз үсті кешенінде жату жағдайына байланысты жоғарғы пермь – триас, юра-бор және неоген-төрттік құрылыстық қабатшалары көрініс тапқан.
Юра-бор құрылыстық кешені F енді ығысуымен және f1, f2, f3, f4, f5 ығысулар сериясымен бірнеше блоктарға, аймақтарға және шығыңқы аймақтарға бөлінген.
Юра және Неоком қабаттарының табандарының құрылымдық жобасы амплитудасы 50,49 м жарты күмбез және өлшемдері 1450 м 1040 м , сәйкесінше 5,5*7,5 және 3*8км болатын тұйық изогипс түрінде көрсетілген.
Кенорнының тектоникалық шөгінді кешенінің жалпы ерекшеліктері сейсмикалық зерттеулермен орнатылып, бұрғылау жұмыстарының қорытынды нәтижелерімен дәлелденген.
Біріншілік және екіншілік сынаулар нәтижесінде неоком қабатында газмұнай контактісінің биіктігі әртүрлі мұнай-газ шоғырлары анықталды. Бұл f1 және f2 құламаларының барлығын және орналасқан аймағын дәлелдейді, және кен орынның жалпы құрылымының блокты құрылысқа ие екендігін анықтайды. Изогипс бойынша қыртыстың өлшемдері минус 950 м, яғни 5,5*2,5км-ді құрайды.
Өнімді бор қабатында үш мұнай-газ горизонты кездеседі:
апт-неоком
I – неоком
II – неоком
Сейсмикалық материалдар және бұрғылау жұмыстарының мәліметтері бойынша кенорын құрылымын I, II, III блоктарға бөлетін тектоникалық бұзылулардың болуына байланысты күрделі. Мұнай шоғырлары апт-неоком горизонтында, ал мұнай-газ шоғырлары I ,II- неоком горизонттврынды орналасқан.
Апт-неоком қабаты
Апт-неоком қабаты ІІ-ші және ІІІ-ші блоктарда өнімдірек болады. Бұл қабаттың сұйық затты жақсы сіңіретін тау жынысы негізінен алевриттер болып табылады, сонымен қатар кей жерлерде ұсақ түйіршікті құм кесектері және саз қоспалары да баршылық.
Сұйықтықты жақсы сіңіретін тау жыныстары бұл қабатта көптеп кездеседі. Қабаттың жалпы тиімді қалындығы 4 метрден 9 метр аралығында өзгеріп отырады. Жалпы мұнай қабатының қалындығы 2м ден 6,5м аралығында болады. Ал ІІ-ші шоғырдағы ақиқаттық белгі - 901м, бұл көрсеткіш №57 ұнғы бойынша жасалған каротаж мәліметтерінен алынған.