ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 96
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тұз асты түзілімдеріндегі негізгі өнеркәсіптік жинақтар басым көпшілігінде карбонатты жыныстардан қалыптасқан басым кешендердің жоғарғы бөліктеріне тұстастырылған.
Жоғарғы визей-төменгі башқұрт мұнай-газды кешені (МГК) Каспий өңірі провинциясы аумағының барлық жерінде дамыған. Оған көмірсутектердің өнеркәсіптік қорларының негізгі бөлігі келеді. Әктастардан, доломиттерден, әксаздардан қалыптасқан.
Әктастардың арасында фораминиферлермен, балдырлармен, остракодтармен байытылған биоморфты-детритті айырымдар кеңінен таралған. Жыныстар қарқынды сілтіленген және кавернозды. Кешеннің қалыңдығы 100-800 м. Ойпаңның орталық аудандарында қалыңдық азаяды. Бұл кешенде тайыз сулы карбонатты
Әктастардың арасында фораминиферлермен, балдырлармен, остракодтармен байытылған биоморфты-детритті айырымдар кеңінен таралған. Жыныстар қарқынды сілтіленген және кавернозды. Кешеннің қалыңдығы 100-800 м. Ойпаңның орталық аудандарында қалыңдық азаяды. Бұл кешенде тайыз сулы карбонатты .
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Кен орнының ағымдағы жағдайы
Гран кен орнында 117 ұңғыма бұрғыланған. Олардың ішінде: 73 ұңғыма - пайдаланылатын, 11 – айдайтын; 21 – арнайы (16 су жинайтын, 5 бақылап-қадағалайтын) және 12 ұңғыма жойылған.
Іздеу-барлау ұңғымалары қорынан пайдалану қорына 13 ұңғыма ауыстырылды, қалған 11 – геологиялық себептер бойынша жойылды.
Жұмыс істеген күні барлық ұңғымалар механикаландырылған тәсілмен пайдаланылады: 24 – ШГН және 49 – ЭВН.
1993 жылға дейін жұмысқа ендірілетін барлық ұңғымалар бірінші жұмыс істеген жылдары атқылаған. Соңғы ұңғыма (№70) 1995 ж. механикаландырылған түрде іріктеуге ауыстырылған болатын.
2004 жыл ішінде мұнайдың орташа жылдық шығымы – тәулігіне 8 т, өнімнің суланғандығы 74 % құрайды.
Төмен шығымды ұңғымалардың саны (тәулігіне 5 т аз) 16 бірлік, бұл барлық жұмыс істейтін қордың 23,5 % құрайды. Бұл ұңғымалар негізінде 1, 2 және 3 блоктардың күмбездік бөлігінде орналасады. Жеке ұңғымалар 3 блоктың шығыс та, оңтүстік те бөліктерінде бар. Барлығы дерлік аз шығымды ұңғымалар (4, 101 және 105 ұңғ. есептемегенде) 10 жылдан астам жұмыс істеді, олардың суланғандығы 80 %-дан асады.
Мұнай шығымдары үлкен ұңғымалардың үлесі (тәулігіне 10-нан 18 т дейін) қолданыстағы қордан 30,9 % құрайды – бұл 21 бірлік. Осы ұңғымалар тобының суланғандығы 74 % аспайды. 3- блокта олар негізінде шоғырдың оңтүстік бөлігінде контурдан 2, 3-қатарда орналасқан. 2-блокта жоғары шығымды ұңғымалар жүйесіз орналасқан. 1-блокта мұндай ұңғымалар жоқ.
Айдау қорында барлығы 14 ұңғыма болған. Екі ұңғыма (№№ 38 және 87) су толтырмасы бойынша ұзақ емес уақыт (4 жыл) жұмыс істеген соң қайтадан пайдаланылуға ауыстырылды.
2.2 Қабат қысымын түсірмеу үшін қабатқа айдалатын судың көлемін есептеу
Берілгені. Кеніштен тәулігіне өндірілетін мұнай Qм = 285 т, су Qсу = 80,4т және газ Vг = 85420м3. Мұнайдың көлемдік коэффициенті bм = 1,154; газдың мұнайда еру коэффициенті α = 0,75 м3/м3; мұнайдың меншікті салмағы γм = 0,858 т/м3; газдың сығылу коэффициенті Z = 0,85; қабат қысымы pқаб = 72,4 ат; қабат температурасы t = 41,5ºC.
Контур сыртынан су айдау кезінде қабат қысымын түсірмеу үшін қабатқа айдалатын судың көлемін анықтау қажет:
Шығарылуы. Өндірілген мұнайдың қабат жағдайындағы көлемі төмендегідей:
Кеніштегі еркін газдың атмосфералық жағдайға келтірілгендегі көлемі:
Еріген газдың қабат жағдайындағы көлемі:
(Т0 = 273К, Тқаб= t + 273 = 41,5 + 273 = 314,5К)
Қабат жағдайына келтірілгендегі тәуліктік өнім көлемі:
V= Vқаб + QмI + Qсу = 243,9+383,3 + 80,4 = 707,6 м3
Қабат қысымын түсірмеу үшін кенішке тәулігіне көрсетілген шамадан кем емес су айдалуы тиіс. Артығымен алу коэффициенті К =1,2 болсын, олай болса қабатқа тәулігіне айдалатын судың көлемі:
QсуI = V · K = 707,6 м3 · 1,5 = 1061,4 м3/тәулік
2.3 Қабатқа айдалатын газдың көлемін және газ айдау ұңғыларының санын есептеу
Берілгені. Қабаттың орташа өткізгіштігі к = 0,056 дарси; қабаттың тиімді қалыңдығы h=4,7м (ұңғы түбі ашық), газдың тұтқырлығы μ = 0,015 сантипуаз, ұңғының радиусы (6n-лік тізбек) r = 0,01 м, қысымы райд = 59 ат; газ шапкасындағы орташа қабат қысымы рқаб = 50 ат; артығымен алу коэффициенті Карт = 1,5; газдың сығылу коэффициенті Z=0,9; айдау ұңғыларының ара қашықтығының жартысы R=200 м. Қабат жағдайына келтірілгендегі тәуліктік өндірілетін өнімнің (мұнай, су, газ) көлемі V=1410 м
3/тәулік. Осы берілгендері бойынша қабат қысымын түсірмеу үшін кеніштің көтеріңкі бөлігіне (газ шапкасына) айдалатын газдың көлемін, айдау ұңғыларының қабылдау көрсеткішін және айдау ұңғыларының санын анықтау қажет.
Шығарылуы. Газ шапкасына атмосфералық қысымға шаққанда қабат жағдайында айдалуы қажет газдың көлемі:
V = V · pқаб · Карт = 1410 · 50 · 1,5 = 105750 м3
Газдың айдау ұңғысының сіңіре алу көрсеткіші төмендегідей формуламен анықталады:
Бұл кезде газ айдау ұңғыларының саны:
Айдау ұңғыларының санын екіге тең деп аламыз.
2.4 Бұрқақтық көтергіштің диаметрін есептеу
Берілгені. Ұңғының дебиті Q = 128 т/тәулік; сағадағы қысым pсағ = 45 ат; ұңғы түбіндегі қысым ртүп = рқан = 147 ат; ұңғының тереңдігі мен құбырлардың түсірілу тереңдігі бірдей деп алынсын: L = Hұңғ = 1715м; қалыпты жағдайдағы мұнайдың меншікті салмағы γ = 0,803 т/м3;
Осы берілгендер бойынша бұрқақтық ұңғы ең тиімді режимде жұмыс жасап тұратындай көтергіштің диаметрін анықтау қажет.
Шығарылуы. А.П.Крыловтың ұсынған формуласы бойынша:
2.5 Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу
Берілгені. Төменде берілген параметрлері бойынша мұнайдың қабат жағдайындағы тығыздығын анықтау қажет. Мұнайдың көлемдік коэффициенті bм = 1,073; газсыздандырылған мұнайдың тығыздығы рм.газсыз = 861 кг/м3; мұнайдан ажырап шыққан газдың тығыздығы рг = 1,49 кг/м3; мұнайдың газға қанығуы Г0 = 31,4 м3/м3.
Шығарылуы. Газға қаныққан, яғни қабат мұнайының тығыздығы (рм.қаб) мәні газға қаныққан мұнайдың тығыздығына, газсыздандырылған мұнайдың, бөлініп шығатын газдың тығыздықтарына және мұнайдың көлемдік коэффициентіне тәуелді болады.
Есептеулер үшін қолданылатын негізгі теңдеу төмендегідей түрде болады:
Жоғарыда келтірілген формулаға берілген мәндер қойылса:
Формула көмегімен анықталған тығыздықтың мәні эксперимент жолымен табылған мәннен 0,1%-ға ғана ауытқитындығы анықталған.
2.6 Өнім беретін ұңғыдағы қабат қысымын есептеу
Берілгені. Төмендегі берілгендері бойынша уақытша тоқтатылған, өнімінде суы жоқ ұңғы үшін қабаттық қысымды анықтау қажет.
Ұңғының тереңдігі Lұңғ = 1860 м; өлшенген статикалық деңгей Нст = 32 м; газсыздандырылған мұнайдың тығыздығы рм.газсыз = 861 кг/м3; қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын рм.қаб = 792 кг/м3; ұңғы түптік қысымы қанығу қысымынан артық жағдайда жұмыс жасап тұр деп саналсын.
Шығарылуы. Ұңғы өнімінде су болмағандықтан, тоқтатылғаннан кейін ұңғыдағы статикалық деңгейде тұрған сұйық та тек мұнай болады. Ұңғыдағы мұнай бағанының биіктігі анықталады.
hм = Lұңғ – Hст = 1860 – 32 = 1828 м.
Мұнайдың орташа тығыздығының төмендегі формула бойынша анықтайды:
рм = (рм.газсыз + рм.қаб) / 2 = (861+ 792) / 2 = 826,5 кг/м3
Қабаттық қысым төмендегі формула бойынша табылады:
рм.қаб = hм рм g 10-6 = 1828 · 826,5 · 9,81 · 10-6 = 14,8 МПа
2.7 Гран кенорында ұңғымалардың орналасуы әдістерінің технологиясын жетілдіру
Контур сыртынан су айдау. Бұл жағдайда әсер ету, мұнайлық нұсқаның сыртында орналасқан айдау ұңғымаларының жүйесі арқылы жүргізіледі. Айдау ұнғымасының қатары мұнайлық нұсқаға әсер етуі үшін, сулану тілшелерінің түзілуінің және судың игеру ұңғымаларына жарып өтуінің алдын алу үшін мұнайлылық нұсқасынан шамамен 300-800м-де орналасады.
Контур сыртынан су айдау шарттарына мыналар жатады немесе су айдау келесі кездерде жүргізілуі тиіс:
-мұнай қабатының айдау ұңғымаларының орналасу аймағымен жақсы гидродинамикалық байланысуы кезінде;
-мұнай кенішінің салыстырмалы аз көлемі кезінде, яғни кеніш ауданының мұнайлылық нұсқасының периметріне қатынасы 1,5-1,75 км құраған кезде (кен орынды бұл шамалардың басқа да қатынастары кезінде өндіру жағдайлары белгілі);
-кабаттың қалындығы және ауданы бойынша коллекторлық қасиеттері жақсы әрі біртекті қабат кезінде.
Бұл жағдайларда нұсқа сытынан су айдау жүйесі қорды толығымен өндруі және мұнайды қабаттың орталық жогарғы болігіне карай, яғни өндіру ұңғымалар қатарына немесе бір үңғымаға карай ығыстыруға мүмкіншілік береді.
Контур сыртынан су айдау әдісінің кемшіліктері бар, Ондай кемшіліктерге мыналар жатады:
-мұнайды алуға энергияның көп шығындалуы (сорапты қондырғылар қуаттылығының қысымына шығыны), өйткені айдалатын су мұнайлылық нұсқасы және айдау үңғымалары арасындағы қабат аймағының фильтрациялық кедергісінен өтуі керек;
-айдау қатарының алшақтығынан кенішке баяу әсер ету;
-судың айдау сызығынан қабатының ішкі аймағына кетуі әсерінен көп шығындалуы,
Контур жанынан су айдау. Кенішке әсер етуді үдету үшін айдау ұңғымаларын мұнайлылық нұсқасына тікелей жақын немесе мұнайдың ішкі және сыртқы нұсқалары арасында орналастыру арқылы қол жеткізуге болады.
Контур жанынан су айдау келесі шарттарда қолданылады:
-қаббатттың сыртқы аймақпен гидродинамикалық байланысуы нашар болған кезде;
-кеніштің салыстырмалы аз көлемі кезінде (нұсқаның сыртынан су айдауды қара);
-игеру үрдісін қарқындандыру үшін, өйткені өндіру және айдау сызықтары арасындағы фильтрациялық кедергі олардың жақындауы есебінен азаяды.
Алайда сулану тілшелердің түзілуі және судың игеру қатарынын басқа ұңғымаларына жарып өту ықтималдығы көбейеді. Бұнымен айдау ұңғымалары арасында кентіректер түзілу есебінен мұнайдың мүмкін шығындалуы байланысты. Бұл кентіректерден мұнай тек өндіру үрдісі өте мұхият реттелгенде және ұңғыларды қосымша бұрғылауды реттегенде ғана ығыстырылуы мүмкін.
Энергетикалық көзқарастардан нұсқаның жанынан су айдау айтарлықтай тиімді, бірақ сыртқы аймақтың жақсы гидроөткізгіштігі кезінде айдалатын су шығындалады.
Контур ішінен су айдау. Бұл жағдайда қабатқа әсер ету мұнайлылық контурдың ішінде қандай да бір схема бойынша айдау ұңғымаларының жүйесі арқылы жүргізіледі. Бұл - қорды алу мерзімін қысқартуға және мұнай өндірісін тез ұлғайтуға мүмкіндік беретін, мұнай кенішіне әсер етудің қарқынды жүйесі.
Контур ішінен су айдауды бірнеше түрге бөледі:
-кенішті айдау ұңғымаларының сызығымен жолаққа және сақиналарға бөлу, бірнеше көлденең қатарымен орталық бөлу қатарын құру және нұсқа ішінен су айдаумен бірлескен;
-айдау ұңғымаларының орналасу схемасын таңдау нақты геологиялық жағдайлармен, қорды алудың экономикалық мақсатты мерзімімен және негізгі, қажетті күрделі салымдар шамасымен анықталады. Ереже бойынша, айдау ұңғымасының сызығын коллектолық қасиеттері жақсартылған және линзалар мен өткізгіш құмтастардың басымды созылуына перпендикуляр қабатының аймағына орналастырады, бұл айдалатын судың қоршалуын азайтуға немесе жоюға және қабаттың әсермен қамтылуын жоғарылатуға мүмкіндік береді.