ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 97
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ІІІ-ші блоктағы құрылымының шығыс бөлігіндегі №10,43,36,64,35,22,30,31,63,16 ұнғыларында мұнай өнімділігінің артықшылықтары байқалады, ал басқа ұнғыларда көбінесе сазды қабаттар кездеседі. Сынама тәжірибеде 4 ұнғыда жасалынып өнімділігі тәулігіне 4м3 - тен 114 м3-ке дейін анықталды, №64 ұнғыдан МШН - 897 метрде жүргізіліп, кеніштің биіктігі қабылданған МШН бойынша екі блоктада 16м биіктікті құрайды.
Қабаттардың орналасу (түзілу) тереңдігі ІІ-ші блокта минус 903м, ал ІІІ-ші блокта минус 892м.
Бастапқы қорлары: 639 мың т баланстық және 83 мың т игеріліп жатқан мұнай көлемі. Қайта есептеулер жүргізілгеннен кейін баланстық және игеріліп жатқан мұнай қорының көлемі сәйкесінше 1179,5 мың т және 153,3 мың т құрайды. Игеріліп жатқан мұнайдың құрамында 4,1 млн м3 ерітілген (аралас) газ бар.
І неоком қабаты
Бұл қабаттың айырмашылығы оның құмды-азды жыныстардан көбірек кездесетіндігі, олардың қалындығы 14 метрден 26 метр болады да, көбінесе алевриттермен аралас жатады. Қабаттағы мұнаймен қанығу тиімділігінің қалындығы 0,8 метрден 4,2 метраралығында өзгеріп отырады. ІІ-ші блокта ВНК - 925м тереңдігінде қабылданды. ІІІ-ші блокта ВНК - 915м тереңдікте. ІІ және ІІІ блоктардағы мұнай қорының биіктігі 15м ден 20м дейін.
Бастапқы қорлары: 546 мың т баланстық және 71 мың т игеріліп жатқан мұнай көлемі. Қайта есептеулер жүргізілгеннен кейін баланстық және игеріліп жатқан мұнай қорының көлемі сәйкесінше 1910,5 мың т және 248,3 мың т құрайды. Игеріліп жатқан мұнайдың құрамында 6,7 млн м3 ерітілген (аралас) газ бар.
ІІ неоком қабаты
ІІ неоком қабаты өзінің көлемі жағынан ең үлкен горизонт болып табылады. Бұл қабатта бытыраңқы ұсақ түйіршікті және орта түйіршікті құм қоспалары да кездесіп отырады.
Бұл қабаттың жалпы тиімділік қалыңдығы 4,5-22 м, мұнаймен қанығу тиімділігі 3,0 метр-17,5 метр аралығында өзгеріп отырады. Баланстық мұнай қоры 10773 мың т, ал игеріліп жатқаны 5027 мың т құрайды. Ерітілген (араласқан) газ қоры игеріліп жатқан мұнай құрамының 235,9 млн м3 құрады.
Гран кең алаңында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде төменгі бор шөгіндісінің тілігінде мұнай және мұнайгаз шоғырлары ашылды. Кен орнында 1981 жылдың қараша айында алғашқы бұрғыланған неоком шөгіндісінде ұңғыдан мұнай атқылады. Қазіргі уақытта да осы тілік бойынша үш өнімді қабаттың бар екендігі ашылды, олар: алт – неоком, I неоком және II неоком қабаттары.
Төменде осы өнімді қабаттардың сипаттамасы келтірілген
Апт - неоком қабаты К1а - ΙI және III шоғырларда өнім болып келеді. Бұл қабат мұнай шоғырларымен араласа жатыр. өз кезегінде қабат жинауыштары алевралиттермен сазды жыныстармен қосылып жатады. Қабаттың жалпы тиімді қалыңдығы 4 метрден 9 метр аралығында өзгеріп ашылды, ал ұңғылар бойынша тиімді мұнаймен қанығу 1,2 – 3,4 метр шамасында. Бұл қабат жалпы алғанда өзінің қабаттық жинауыштарымен ерекшеленіп № 5,10 ұңғыларды қалыңдығы 3,8 метрден 4,6 метр аралық шамасын көрсететін екі қабаттық жинауыш торда кездеседі.
Бор жүйесі – К. Төменгі бор бөлімі – К1. Неоком жік қабат үсті – К1ne
Литологиясы және каротаждық сипаттамасы бойынша жік қабат үсті тілігінде үш қат қабат ерекшеленеді.
Төменгі қат қабат алевролиттер мен құм тастардың жұқа қабаттары бар біртекті сазды жыныстардан қалыптасқан, ортаңғы бөлігі саз қатшалары бар құм тас қатынан тұрады және готерив құмының горизонтына жатады. Жоғарыға қарай құм тастар мен алевролиттер қатшалары бар сұр түсті саздың қалыңдығы аз будасы жатады.
Құм тастар сұр, жасылдау-сұр түсті, ұсақ түйіршікті, слюдалы, полимиктілі, карбонатты емес, кей жерлері қатты. Алевролиттер жасылдау-сұр түсті, карбонатты емес, кей жерлері қатты сазды.
Саздар жасылдау реңкті сұр түсті, тығыз, қарауытқан ұсақ өсімдік қалдықтарының кірінділері бар карбонатты емес. Неоком түзілімдерінің тілігі іргелес және жақын жатқан алаңдармен салыстырғанда қалыңдығы бойынша қысқартылған, бұл неоком және предапт уақытындағы берілген геологиялық учаскенің формация ішінде қарқынды шайылуымен себептелген.
Төменгі бор түзілімдері тілігінде – мұнайға өнімді екі горизонт (апт-неоком және I неоком) және бір газ-мұнайлы өнімді горизонт II неоком айқындалған. Тілік палеонтологиялық түрде сипатталған. Неоком түзілімдері интервалының қалыңдығы 94 метрден 116 метрге дейінгі ауқымда өзгереді.
Жоғарғы бор бөлімі – К2
Жоғарғы бөлім барлық ұңғымалармен ашылған және сеноман, турон, сантон, кампан және маастрихт жік қабаттарымен көрсетілген.
Жоғарғы бөлім түзілімдері керн материалымен сипатталмаған және каротаж бойынша ерекшеленеді. Негізінде жоғарғы бор түзілімдері – карбонатты жыныстармен (әктастар, әксаздар, бор), ал сеноман жік қабатының түзілімдері терриген-карбонатты жыныстармен көрсетілген.
Сеноман негізінде алаңы бойынша жақсы бақыланатын кедергісі жоғары қат ерекшеленеді.
Сеноман, турон, сантон және кампан жік қабаттары түзілімдерінің қалыңдығы 160-300 метрді құрайды.
Маастрихт жік қабатының түзілімдері барлық жерде байқалмайды және кейбір ұңғымалар тілігінен түсіп қалады. Олар әксаздармен және бормен көрсетілген. Жік қабат түзілімдерінің қалыңдығы 0-ден 69 метрге дейін өзгереді.
Неоген-төрттік теңіз түзілімдері құм-сазды карбонатты жыныстармен көрсетілген. Тіліктің төменгі, неоген бөлігінде құмның жұқа қабаттары бар саздар басым болады, бақалшақ тас пен әктастың жұқа қабаттары сирек кездеседі.
Төрттік түзілімдер – карбонатты саздардан
, төбеде бақалшақ тастардан қалыптасқан. Түзілімдер қалыңдығы 29-92 метр шегінде өзгереді.
Қабаттың III шоғыры бойынша өнімділігі №10 және №16 ұңғылардан өндірілген мұнаймен дәлелдеген, ол ΙI шоғырдың мұнай кіріктіру нәтижесі 17-ші қабырғасында жүргізілген геофизикалық сынау арқылы анықталған болатын. III шоғырда №16 – ші ұңғы бойынша 895 метр белгісіне дейін сусыз мұнайдың ағыны алынған, шоғырдағы су мұнай жанары қабаттық жинауыштар табаны арқылы анықталып № 10 ұңғыда 900 метр бегіде нәтижелі геофизикалық сынау жұмысында қабаттық – жинауыштардың табанында деп қабылданған, ол осы келтірілген белгіден 5 метр төменгі аралықта таза мұнай алынған 17 – ші ұңғының 897 метр белгісінде қабатты геофизикалық сынау нәтижесінде ΙI шоғырда су мұнай жансар өнімділік шарттары анықталған. Бұл ретте су мұнай жансарлардың орналасу ахуалдары 12 метр және 26 метр көрсеткіштерге жетіп отырған. Жалпы алғанда ΙI шоғыр бойынша мұнай кіріктіру алаңы 693 мың текше метр, ал III шоғыр бойынша бұл көрсеткіш 3900 мың текше метрді құрайды.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша өлшемі жағынан ΙI неоком қабатының мұнай шөгінділері басымырақ келеді және оның негізгі бөлігі ΙI шоғыр шөгінділерімен араласып жатыр, ал апт неоком және неоком қабаттарының шөгінділері бағынышты мағынада деген тұжырымға келуге болады.
Гран аумақтық кен орны Солтүстік Каспий мұнай-газ жинақталған аймағының оңтүстік-батыс бөлігінде, Орал-Ембі және Астрахань-Қалмық мұнай-газды облыстарының тоғысқан жерінде орналасқан. Сондай-ақ кен орнынан оңтүстік-шығысқа және шығысқа қарай салыстырмалы жақындықта – Оңтүстік Ембі және Каратон-Теңіз, ал оңтүстік-батысқа қарай Астрахань мұнай-газ жинақталған аймақтары орналасқан.
Атырау облысы Исатай ауданының жақын жатқан алаңдары сияқты, Гран кен орнының газ-мұнай кен орындары тұз үсті жыныстар кешенінің жинақталуына жатады. Алайда бірқатар басқа көршілес кен орындарында өнімді қат қабаттар тұз асты түзілімдерімен байланысты.
Бұл бөлімде Каспий өңірі мұнай-газды провинциясының аталған бөлімшелеріне қатысты тіліктің тұз үсті де, тұз асты да бөліктерінің кейбір жалпы өңірлік сипаттамалары келтіріледі. Көршілес алаңдардың қалыптасу шарттары және көмірсутектер шоғырларының әр түрлі қасиеттері бойынша Забурын кен орнымен аса ұқсас болуы ықтимал.
Қалыңдығы 1540 м дейінгі төменгі бор (баррем-альб) НГК түзілімдердің терригенді кешенімен көрсетілген, оларда 14-ке дейін баррем-готерив, апт, альб өнімді құмды қаттары және қалыңдығы 10-20 м басқалары ерекшеленеді. Байшұнас, Қаратон, Мақат, Құлсары, Акингень, Ескен-Камышит және т.б. кен орындарында мұнай шоғырлары ашылған. Исатай ауданының көптеген алаңдарында жоғарғы бор түзілімдері мұнай-газды. Забурын кен орнының мұнай-газдылығы сондай-ақ төменгі бор мұнай-газды кешенімен байланысты.
1.4 Кенорынның мұнайгаздылығы
Каспий өңірі ойпаңы кен орындарының мұнайы алуан түрлі. Сыртқы аймақтардан Каспий өңірі ойпаңының ортасына қарай мұнай құрамының жеңіл фракциялар болуының ұлғаю жағына қарай өзгеретіні байқалған. Бір мезгілде газ телпектері де пайда болады. Юра, триас және пермь мұнайы бор мұнайына қарағанда жеңіл және аз шайырлы және олардың құрамында жеңіл фракциялар мен парафин көбірек. Оңтүстіктен солтүстікке қарай мұнайдың шайырлылығы азаяды. Юра түзілімдерінде - метан-парафинді, бор түзілімдерінде нафтен-метанды басым болады.
Ембі өзенінен солтүстікке қарай кен орындары халық шаруашылығында жақсы белгілі шайырының құрамы 10% кем, парафин құрамы төмен және бензин фракциялары толығымен дерлік болмайтын майлы мұнайды (Байшұнас, Доссор, Қашқар, Мақат, Сағыз және т.б.) береді. Бұл мұнай аз тереңдікте жатады. Ембі өзенінен оңтүстікке қарай кен орындарында (Қосшағыл, Құлсары) мұнайдың құрамында басты түрде бензин фракциялары болады, ал оңтүстікке қарай (Қаратон және т.б.) мұнай жоғары шайырлы, жоғары парафинді және күкіртті болады. Ортаңғы юра жыныстарында шеткі оңтүстік-шығыс провинциясындағы Прорвин және Баранкөл антиклиндерінде жеңіл мұнай байқалған, бұл олардың жатысының үлкен тереңдігімен байланысты. Ортаңғы юра түзілімдеріндегі Солтүстік Ембі мұнайы әдетте ауыр, триас және төменгі пермь түзілімдерінде – жеңілірек, бензин құрамы көп.
Каспий өңірі синеклизасының өнеркәсіптік мұнай-газдылығы девоннан мезозойға дейінгі стратиграфиялық диапазонды қамтиды. Тұз асты түзілімдерінде 40-қа жуық шоғыр ашылған, басым көпшілігінде массивті типті, негізінде газ-конденсатты, қат қысымдары қалыптан ауытқыған жоғары. Тұз асты түзілімдеріндегі карбонатты резервуарлардағы шоғырлардың барлық жерінде күкіртті сутек бар, оның аса жоғары концентрациялары мегасинеклизаның оңтүстік секторында байқалады. Метан-нафтен құрамды тұз асты палеозой жыныстарының мұнайы негізінде жеңіл, тығыздығы 833 — 823 кг/м3, аз парафинді; құрамы (%): бензинді фракциялар 23 — 33, шайыр 10—15 және асфальтендер 1,2 дейін.
Кейбір бағалар бойынша, осы өңірдің болжамдық ресурстарының 95 %-дан артығы тұз асты кешенімен байланысты. Тұз асты басым кешендерінің карбонатты қат қабаттарының өзімен ғана Каспий өңірі синеклизасының мұнайы мен газының потенциалды ресурстарының кемінде 70 %-ы байланысты.