Файл: Білім беру объектілеріне ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 182

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      1) білім алушылардың бірге тамақтануын болдырмау;

      2) дәретханаларда, қолжуғыштарда, себезгі және тұрмыстық бөлмелерде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үнемі ылғалды жинауды жүргізу;

      3) жалпы пайдалану орындарын қол жууға арналған құралдармен және антисептиктермен қамтамасыз ету;

      4) жинау жиілігі мен сапасын арттыру (тұтқаларды, таяныштарды, басқа да жанасатын беттердің тұтқаларын қосымша өңдеу);

      5) білім алушылардың жатақханадан шығуы мен кіруін журналға тіркеу;

      6) жатақханада тұруға қалған білім алушылардың дене қызуының көтерілуінің барлық жағдайларын немесе жіті респираторлық вирустық инфекцияның (бұдан әрі – ЖРВИ) өзге де белгілерін журналға тіркеу);

      7) тәуекел топтарын ескере отырып, созылмалы аурулары бар студенттерге ерекше бақылауды қамтамасыз ету.

1-параграф. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде бастауыш, орта және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы сабақ режиміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      187. Мектепалды, 1-11(12) сыныптар үшін оқу процесін ұйымдастыру республикадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын мектептерді қоспағанда, қашықтықтан жүргізіледі.

      188. Мектептерде тиісті жағдайлар болған кезде (күшейтілген санитариялық талаптар) балалардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің өтініштері бойынша ғана санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етіледі. Білім алушылар контингенті республикадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалады.

      189. Кабинеттерде жүру, мұғалімге бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі.

      190. Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

      1) сыныптың толымдылығы – 15 баладан аспайды;

      2) сабақтың ұзақтығы – 40 минут;

      3) әр түрлі сыныптар үшін әр уақыттағы өзгерістер;

      4) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету;

      5) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды қолдану;


      6) сабақ кестесі білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады;

      7) сабақтар кестеге сәйкес өткізіледі;

      8) "бір сынып – бір кабинет" қағидатын сақтау.

      191. Арнайы сыныптарда (мектептерде) кезекші сыныптарды қалыптастыру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ата-аналардың немесе заңды өкілдердің өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қол жетімді байланыс құралдары арқылы осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданады.

      Сырқаттанушылық тұрақты төмендеген кезде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен эпидемиологиялық жағдайға сәйкес білім беру ұйымының аралас немесе штаттық оқыту режиміне біртіндеп көшуі айқындалады.

      192. Білім беру ұйымдарында оқытуды аралас форматта ұйымдастыру кезінде әлеуметтік қашықтықты, физикалық байланыстарды қысқартуды сақтай отырып, ауысымдар мен кіші ауысымдар ұлғаяды.

      193. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған), білім беру ұйымдарының оқу-сауықтыру, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, барлық сыртқы байланыстары шектелген мектеп жанындағы интернаттардың жабық режимдегі жұмысын ұйымдастыру ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жүргізіледі.

      194. Жабық форматта сабақ режимін ұйымдастыру кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:

      1) мектеп-интернатта тұру үшін білім алушылар бір мезгілде келуі жүзеге асырылады;

      2) білім беру ұйымының әкімшілігі жасаған және бекіткен кестеге сәйкес ауысыммен педагогикалық қызметті жүзеге асырылады (мұғалімдер, тәрбиешілер, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандары);

      3) білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ауысымға түсетін педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауды жүзеге асырылады;

      4) білім беру процесін жабық режимде жүзеге асыратын мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар үшін тұру, тамақтану, педагогикалық процеске дайындалу үшін жағдайларды қамтамасыз етіледі;

      5) оқу-тәрбие процесіне тікелей қатысы жоқ әкімшілік-басқару құрамының, қосалқы және техникалық қызметтердің қызметі қашықтықтан да, штаттық режимде де жүзеге асырылуы мүмкін.

      6) штаттық режимде қызметті ұйымдастыру кезінде педагогикалық ұжымның, техникалық қызметтердің байланыстарын болдырмайды.



      7) интернет-ресурстарды, басқа да қол жетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып, ата-аналармен (заңды өкілдермен) қашықтық тәртіппен байланысты жүзеге асырылады;

      8) сабақтың ұзақтығы - 40 минут деп белгіленеді;

      9) әр түрлі сыныптар үшін әр уақыттағы үзілістер белгіленеді;

      10) әр сабақтан кейін кабинеттерді желдету жүргізіледі;

      11) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;

      12) сабақ кестесі білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады;

      13) сабақтар кестеге сәйкес өткізіледі.

      195. Білім алушының компьютерде жұмыс істеуі сабақ ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады.

      196. Мектепалды сыныптарда және мектептерде тікелей бейнетерминалмен, дербес компьютермен, планшетті дербес компьютермен және ноутбуктермен сабақтардың үздіксіз ұзақтығы оқу сағаты ішінде:

      1) мектепалды, мектепке дейінгі топтарда (сыныптарда) және 1 сыныптарда - 15 минуттан аспайды;

      2) 2-3 сыныптарда - 20 минуттан аспайды;

      3) 4-5-сыныптарда - 25 минуттан аспайды;

      4) 6-8 сыныптарда - 25 минуттан аспайды;

      5) 9-11(12) сыныптарда - 30 минуттан аспайды.

      197. Компьютерлермен және ноутбуктермен тікелей жұмыс істеу ұзақтығы 2 сағаттан аспайды. Жұмыс кезеңінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі: әр 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар және үзіліс кезінде 45 минуттан кейін дене шынықтыру үзілісі.

      198. Арнайы білім беру ұйымдарында (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (бұдан әрі – ПМПК), психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі – ППТК), оңалту орталықтарында (бұдан әрі – ОО) жұмысты ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, қашықтықтан, штаттық режимде жүргізіледі.

      199. ППТК-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және кіші топтық бағдарламаларға, жеке кестеге және бірнеше ауысымдағы сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      200. Жеке және кіші топтық сабақтарды оларды кезектестіре отырып өткізуге жол беріледі: біреуі штаттық режимде – біреуі педагогтің қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігімен қашықтықтан форматта (ұйымнан тыс).

      201. ППТК-да кіші топтық сабақтар баланың ата-анасын (заңды өкілдерін) қоса отырып, 5 баладан аспайтын құрамда өткізіледі.


      202. ППТК жағдайындағы сабақтардың ұзақтығы ерте жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды. Сабақтар арасындағы аралық 10-15 минутты құрайды.

      203. Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) залда ата-аналары (заңды өкілдері) ата-анасы (заңды өкілдері) мен педагог (1-1,5 м) арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, сабаққа қатыса отырып өткізіледі. Сабақтарға балаларды алып жүретін адамдардың мынадай санаттары жіберілмейді:

      1) расталған коронавирустық инфекциямен байланыста болғандар;

      2) жүкті әйелдер;

      3) 65 жастан асқан адамдар;

      4) жедел респираторлық аурулардың белгілері бар адамдар. ЕДШ нұсқаушысының баламен жұмысы бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалана отырып жүргізіледі.

      204. Ауырып сауыққан балаға және (немесе) ол коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған жағдайда, ППТК-да сабақтарды жалғастыру үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі.

      205. ОО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, топтық және топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      206. Жеке және кіші топтық сабақтарды кезектестіре отырып өткізу: инфекциялық сырқаттанушылық бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін біреуі штаттық режимде – біреуіқашықтықтан форматта. Педагогтың қашықтықтан қол жеткізу мүмкіндігімен (ұйымнан тыс) қашықтықтан оқыту форматында сабақтар өткізу жүргізіледі.

      207. Сабақтарды штаттық режимде ұйымдастыру кезінде мүмкіндігінше баламен дене байланысын шектеу, мүмкіндігінше баланың қажетті ойыншықтары мен үйдегі дидактикалық материалдары пайдаланылады.

      208. РО-да кіші топтық сабақтар баланың ата-анасын (заңды өкілдерін) қоса отырып, 5 баладан аспайтын құрамда өткізіледі.

      209. Сабақтың ұзақтығы ерте жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды. Сабақтар арасындағы интервал 10-15 минутты құрайды.

      210. ЕДШ сабаққа ата-ананы (заңды өкілдерін) қосып, ата-ана мен педагог арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, қатаң түрде залда өткізіледі (1-1,5 м). ЕДШ нұсқаушысының баламен жұмысы маскаларды пайдалана отырып жүргізіледі.


      211. Ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша ОО-да 12 адамнан аспайтын күндізгі және қысқа мерзімді болу топтары штаттық режимде жұмыс істеуі мүмкін.

      212. Физиопроцедураларды, массаждарды жүргізу кезінде кушеткалар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуын шектеу. Баламен медициналық процедуралар маскаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      213. ПМПК балаларды консультацияға алдын ала жазылу бойынша қызметті жүзеге асырады.

      214. ПМПК-да диагностикалық топ болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен қашықтықтан режимде жұмысты ұйымдастыру ОО және ППТК үшін іс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.

2-параграф. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      215. ТжКБ ұйымдары республикадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын режимдерде (қашықтықтан, аралас, штаттық) жұмыс істейді.

      216. ТжКБ ұйымдарында мәдени-бұқаралық және тәрбиелік, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.

      217. Білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін іске асыру кезінде ТжКБ ұйымы:

      1) үй-жайдағы жобалық қуаттың 30 %-ынан аспаған кезде корпустарда, аудиторияларда адамдардың бір мезгілде болуы қажет;

      2) спорт, акт залдарын топтармен толтыру жобалық қуаттылықтың 30% - нан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;

      3) 65 жастан асқан адамдар мен ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар аудиториялық сабақтарды олардың келісімінсіз өткізуге жіберілмейді.

      218. Оқу сабақтары қашықтықтан, аралас және штаттық режимде ұйымдастырылады. Штаттық режимде оқыту барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, күндерді және (немесе) пәндерді кезектестіре отырып (күн шегінде немесе аптаның күндері бойынша) топтарда (немесе кіші топтарда) жүзеге асырылады.

      219. Штаттық, аралас форматтарда оқытуды ұйымдастыру кезінде:

      1) кемінде 1,5 м қашықтың сақталуын ескере отырып, аудиторияларда сабақтар өткізу, кабинеттік жүйенің күшін жоюмен өткізіледі;