Файл: Білім беру объектілеріне ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 185

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      1) сабақтар арасындағы үзіліс уақыты әр түрлі уақытта әр түрлі сыныптар (топтар) үшін белгіленеді;

      2) кабинеттік жүйені болдырмау;

      3) 1 оқу күніне үстелде оқу құралдары бар (дербес оқулықтар, кеңсе) ресурстық лотокпен бір-бірінен кемінде 1,5 м қашықтықта 1 нақты білім алушыға 1 партаны (үстелді) бекіту;

      4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуатын сақтау (асырмау);

      5) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта (ауа температурасы –18 °С төмен емес) ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету.

      153. Білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:

      1) әр қабаттағы санитариялық бекеттердің жұмысын ұйымдастырылады, мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылау жүзеге асырылады;

      2) қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, шпательдермен, маскалармен) қамтамасыз ете отырып, медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істейді (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырған адамдар анықталған жағдайда оқшаулау үшін);

      3) қызметкерлер арасында жеке (өндірістік) гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажеттілігі туралы апта сайын нұсқама жүргізіледі;

      4) түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, сулықтарды кәдеге жарату үшін арнайы орындар ұйымдастырылады;

      5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды тағайындау (температураны жанаспайтын термометрмен өлшеу, персоналға нұсқаулық беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама, термометрия жүргізу журналын жүргізу, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);

      6) коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған, ауырып сауыққан білім алушылардың білім беру ұйымына баруына дәрігердің білім беру ұйымында болу үшін медициналық қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі;

      7) сырқаттанушылықты тіркеу кезінде сыныпқа, топқа карантин белгіленеді.

      154. Білім беру ұйымдарында инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, дене қызуының көтерілуі) белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлер жіберілмейді.


      Инфекциялық аурулар белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлер көрсетілген белгілер анықталған сәттен бастап жедел (кезек күттірмейтін) медициналық көмек бригадасы келгенге дейін не ата-аналары (заңды өкілдері) келгенге дейін дереу оқшауланады немесе үй жағдайында өздігінен оқшаулау жүзеге асырылады.

      155. Білім беру ұйымы инфекциялық аурулардың белгілері бар білім алушылар мен қызметкерлерді кез келген қолжетімді тәсілмен анықтаған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін осы Санитариялық қағидалардың 154-тармағында көрсетілген адамдар анықталған сәттен бастап инфекциялық аурулардың (респираторлық, ішек, жоғары дене температурасы) белгілері бар адамдар туралы хабардар етеді.

      156. Білім беру ұйымдарында ата-аналарды (заңды өкілдерді) және басқа да келушілерді, оның ішінде жүкті әйелдерді және білім беру ұйымдарына барғанға дейін күнтізбелік 14 күн бұрын шетелден келген білім алушыларды (карантин) 65 жастан асқан адамдарды жіберу шектеледі. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) балаларды жалпы білім беретін мектептерге алып жүруі мектеп ғимаратының кіреберісіне дейін жүзеге асырылады.

      157. Білім беру ұйымында білім алушылар мен қызметкерлерге көліктік қызмет көрсету жүргізілетін өз көлігі болған кезде жүргізушілер қолдарын өңдеуге арналған антисептикпен және оларды міндетті түрде қажетті жиілікпен ауыстыра отырып, қорғаныш құралдарымен (маскамен), сондай-ақ әрбір рейс алдында автокөлік салонына дезинфекция жүргізу, кейіннен желдету арқылы жабдықталады.

      158. Білім беру ұйымының әкімшілігі үй-жайларды жинауғаарналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, қызметкерлердің қолдарын өңдеу, тыныс алу ағзаларының жеке қорғаныш құралдарының азаймайтын (кемінде бір ай) қорын қамтамасыз етеді.

      Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

      159. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген, оларға қоса берілетін нұсқаулықты қатаң сақтаған кезде қолданылады.

      160. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстыңзаттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады, бөгде адамдарға берілмейді және қараусыз қалдырылмайды.



      161. Оқу, жаттығу, өзге де ұйымдастыру процестері мен жұмыс режимінің кестесіне сәйкес ауаны зарарсыздандыру жөніндегі жабдықты пайдалана отырып, ауаны тұрақты зарарсыздандыру және үй-жайларды желдету жүргізіледі.

      162. Вирулицидтік әсер ететін дезинфекциялық құралдары бар сыныптарды күніне кемінде 2 рет ылғалды жинау, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, байланыс беттерін (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (спорт, акт залдары, киім ілетін орындар, асхана, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялау, сондай-ақ профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етіледі.

      Үй-жайларды күрделі жинау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі.

      163. Жинау мүкәммалы (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін арнайы бөлінген орындарда өңделуге және сақталуға жатады.

      164. Білім беру ұйымдарында ауыз су режимін сақтау қамтамасыз етіледі.

      Ауыз су, оның ішінде ыдыстарға құйылған (графиндер, шәйнектер, бөшкелер) немесе қауіпсіздік сапасының көрсеткіштері бойынша бөтелкеге құйылған су нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.

      Жеке бөтелкедегі ыдысты пайдалануға рұқсат етіледі. Ішу үшін таза ыдысты (шыны, фаянс, бір рет қолданылатын стақандар) пайдаланады. Қайнатылған ауыз суды үш сағаттан аспайтын уақыт сақтаған жағдайда пайдалануға жол беріледі.

      Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін объект басшысының бұйрығымен жауапты адам тағайындалады, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің объектіде болған барлық уақыт ішінде ауыз суға еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.

      165. Бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарында асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.

      166. Асханада оқушыларды отырғызу олардың арасындағы кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып қамтамасыз етіледі.

      167. Бірнеше рет қолданылатын ыдыстарды пайдалану кезінде – оны өңдеуді арнайы жуу машиналарында, оны пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, 65 оС төмен емес температурада 90 минут бойы ыдыс-аяқ пен асхана аспаптарын дезинфекциялауды қамтамасыз ететін өңдеу режимдерін қолдана отырып немесе оларды қолдану жөніндегі талаптарға сәйкес дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, сол температурада қолмен жүргізеді.


      168. Ыдыс-аяқты қолмен жуу үшін асхана ыдыстарына арналған үш секциялы ванналар, шыны ыдыстар мен асхана құралдарына арналған екі секциялы ванналар көзделуі қажет.

      169. Асхана ыдыстарын қолмен жуу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) тамақ қалдықтарын механикалық жою;

      2) ваннаның бірінші секциясында жуу құралдарын қоса отырып, суда жуу;

      3) ваннаның екінші секциясында температурасы 40 °С-тан төмен емес суда жуу және ваннаның бірінші секциясына қарағанда екі есе аз мөлшерде жуғыш заттарды қосу;

      4) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты температурасы 65 °С төмен емес ыстық ағынды сумен себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен шаю;

      5) барлық асхана ыдыстары мен аспаптарын оларды қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

      6) ваннаның үшінші секциясында тұтқалары бар металл торда ыдысты себезгі саптамасы бар икемді шланг көмегімен ағынды сумен шаю;

      7) ыдысты торлы сөрелерде, стеллаждарда кептіру.

      170. Ыдыс жуғыш машина істен шыққан кезде ыдыстарды қолмен жууға жағдай жасау, жуу және дезинфекциялау құралдарымен, щеткамен, шүберекпен қамтамасыз ету және ыдыс жуу сапасын бақылау қажет.

      171. Асхана қызметкерлері (сатушылар, аспазшы, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер) өз қызметтерін қолын жиі өңдей отырып, медициналық немесе мата маскаларын киіп (маскаларды 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру) көрсетеді.

      172. Жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) үй-жайларды дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, есік тұтқаларын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақшаларын), тамақтану залына (асханаға) кіре берісте қол жууға арналған Раковиналарды дезинфекциялау сулықтарымен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту жолымен желдету және ылғалды жинау жүргізіледі.

      173. Вирустар мен микроорганизмдерді жою үшін экспозиция уақыты және препаратқа арналған нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау құралының жұмыс ерітіндісінің концентрациясы сақталады.

      174. Өңдеуден кейін беті сумен жуылады және қағаз сүлгілердің немесе бір рет қолданылатын сулықтарың (шүберектердің) көмегімен кептіріледі.

      175. Дезинфекциялау құралын пайдалану регламенті жекелеген дезинфекциялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықпен айқындалған, онда дезинфекциялау құралын экспозициядан кейін жуу қажеттілігі немесе қажеттілігінің болмауы түсіндіріледі.


      176. Бір уақытта қолданылатын асхана ыдыстары мен аспаптарының саны ұйымның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. Жарықтары, сынықтары, шеттері сынған, пішіні өзгерген, эмалі зақымдалған ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.

      177. Білім беру ұйымдарында сабақтардың аралас және штаттық режимін ұйымдастыру кезінде мынадай көрсетілімдері бар тәуекел тобына жататын педагогтар жұмыс істемейді:

      1) жасы 65 жастан асқан педагог;

      2) қан айналымы жүйесінің қосалқы аурулары бар (артериялық гипертония, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі);

      3) жоғарғы тыныс алу жүйесінің қосалқы созылмалы аурулары,эндокринопатиялар, иммун тапшылығы жай-күйі және басқа да ауыр созылмалы аурулар;

      4) жүкті әйелдер.

      Аталған аурулары бар педагогтар қашықтықтанбілім беруге (оқытуға) ауыстыруға жатады.

      178. Білім беру ұйымдарының жатақханаларында демалыс және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу тоқтатылады, үй-жайларды санитариялық өңдеуге және белгіленген өткізу режимінің қамтамасыз етілуіне бақылау күшейтіледі.

      179. Жатақханадан шығуға оқу сабақтарына қатысу үшін және басқа ерекше жағдайларда жол беріледі. Тұратын адамдардың ғимаратқа кіруіне және одан шығуына, жатақханаларға бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

      180. Жатақхананың әрбір қабаты жанаспайтын шашыратқыш диспенсерлермен немесе оларды құюға арналған дезинфекциялық ерітіндісі бар санитайзерлермен жабдықталады.

      181. Жатақханаларда қашықтықтан оқыту үшін жағдай жасалады (тұрмыстық жағдайлармен, компьютермен, интернетпен қамтамасыз ету).

      182. Қашықтықтан оқыту форматында оқу кезінде жатақханаларда тұратын адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларда сатып алу үшін шығуды қоспағанда, тұрақты тұратын орындарына немесе өзге де орындарға шықпайды.

      183. Білім алушылар қашықтықтан оқыту режимінде жатақханадан уақытша шыққан кезде жатақханадан шығу уақытын, қайтып келу уақытын және ол жіберілетін орынды көрсете отырып, білім беру ұйымын жазбаша, оның ішінде электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.

      184. Білім беру ұйымы кәмелетке толмаған білім алушының жатақханадан шығуы туралы ата-аналарға (заңды өкілдеріне) хабарлайды.

      185. Білім беру ұйымдары жатақханадан шыққаннан кейін қайтып келген білім алушының денсаулық жағдайына қайтып келген күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде мониторинг жүргізеді.

      186. Жатақханаларда мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі: