Файл: Білім беру объектілеріне ойылатын санитариялыэпидемиологиялы талаптар.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 181
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2) әр топ үшін сабақтар арасындағы үзілістер жеке ұйымдастырылады;
3) кітапханаларда оқу залдары жабылады, тек кітап беру жұмыс істейді;
4) студенттерге, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне, персоналдарға, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізіледі;
5) жатақханаларда бөлу тұратындар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бөлмелерді 50 %-ға дейін толтыру арқылы жүзеге асырылады.
3-параграф. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ режимін ұйымдастыруға қойылатын талаптар
220. ЖОО ұйымдары республикадағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын (қашықтықтан, аралас, штаттық) режимде жұмыс істейді.
221. ЖОО ұйымдарында эпидемияға қарсы мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) оқу және өзге де корпустардың, жатақханалардың ішінде желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелері жұмыс істейді, желдету режимі сақталады;
2) үй-жайдағы жобалық қуаттың 40-50%-ынан асырмай корпустарда, аудиторияларда адамдардың бір мезгілде болуына жол беріледі;
3) спорттық, акт, ағынды залдарды топтармен толтыру жобалық қуаттың 40-50% - нан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады;
4) ағынды аудиторияларды (сыйымдылығы 40 адамнан астам), кітапханаларды өңдеу әрбір 4 сағат сайын ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы жүргізіледі;
5) аудиторияларды (сыйымдылығы 40 адамнан кем) өңдеу күн сайын ылғалды жинау және кейіннен желдету арқылы жүргізіледі;
6) корпус (корпустар) ішінде қосымша өткізу режимін болжайтын аймақтарға бөлу жүйесі енгізіледі;
7) зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар 1 білім алушыға кемінде 5 м2 қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі;
8) оқу процесінде пайдаланылатын жұмыс орындарында, зертханаларда, аудиторияларда (қажет болған жағдайда) мөлдір қалқалар орнату көзделеді.
222. Білім алушылар (студенттер, магистранттар, докторанттар, курс тыңдаушылары) үшін бағдарлау апталары шеңберінде орнату сабақтарын өткізуге жол берілмейді.
223. ЖОО ұйымдарында бұқаралық оқу, тәрбие және спорттық іс-шараларды өткізуге жол берілмейді.
"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
1-қосымша
Зертханалық-аспаптық зерттеулер
№
Сынама алу орны
Зертханалық зерттеулер, саны (бірлік)
Зерттеу кезеңділігі
1
2
3
4
1
Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге білім беру, тәрбеиелеу, тұру орындарының ұйымдары, барлық түрдегі және типтегі интернат ұйымдары
1.1
ас блоктары
микробиологиялық зерттеулерге тамақ өнімдерінің (шикізат) сынамалары
ағымдағы қадағалау тәртібінде
микробиологиялық зерттеулерге алынатын дайын тағамдардың сынамалары
ағымдағы қадағалау тәртібінде
микробиологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулерге су сынамалары
ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет)
тағамдардың құнарлығы
ағымдағы қадағалау тәртібінде
термиялық өңдеу сапасы
ағымдағы қадағалау тәртібінде
сыртқы орта шайындылары
ағымдағы қадағалау тәртібінде
дезинфекциялау құралдарындағы хлордың қалдығын айқындау
ағымдағы қадағалау тәртібінде
бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су
ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет)
персоналды бактериологиялық тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау
эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша
1.2
қабылдау бөлмелері, жатын бөлмелер, оқу үй-жайлары, шеберханалар, спорт және музыка залдары, медициналық кабинеттер, демалуға және ұйықтауға арналған үй-жайлар, компьютерлік сыныптар
температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылыту маусымы кезеңінде жылына бір рет)
1.3
зертханалар, химия кабинеті, спорт залдары, шеберханалар, ас блоктары
желдетудің, шудың тиімділігін зерттеу
ағымдағы қадағалау тәртібінде (жылына бір рет)
1.4
су тарату крандары - ғимаратқа, ас блоктарына (бөлек блокта орналасқан кезде) – судың кіру және шығу орындары
су құбыры жүйесінен алынатын су (бактериологиялық және санитариялық-химиялық зерттеулер)
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы санитариялық қадағалау
1.5.
құдықтар, ұңғымалар, каптаждар және бұлақтар, су тарату крандары
бактериологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерге жергілікті сумен жабдықтау көздерінен (орталықтандырылған, құдықтар, ұңғымалар, каптаждар) алынатын ауыз су
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.6
ыдыстарға өлшеп-құйылған суды пайдаланатын объектілер
ыдыстарға өлшеп-құйылған ауыз су (шөлмектердегі суды қоспағанда)
ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.7
жабық жүзу бассейндері және ванналар
бактериологиялық, санитариялық-химиялық, паразитологиялық зерттеуге алынатын су сынамалары
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.8
компьютерлік және мультимедиялық сыныптар, кабинеттер
жұмыс орындарындағы электромагниттік, электростатикалық өрістердің кернеуі, аэроиондардың шоғырлану және униполярлық коэффициент деңгейі, шу
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.9
оқу үй-жайлары, зертханалар, шеберханалар, өзін-өзі дайындау бөлмесі, оқу залы, медициналық кабинет
жасанды жарықтандыру деңгейі
объектінің сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды берген кезде, ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.10
пешпен немесе автономды, электрсіз жылытылатын үй-жайлар, медициналық кабинеттер
ауа ортасын зерттеу
ағымдағы қадағалау тәртібінде
1.11
ойын алаңдарындағы құмды алаңқай
топырақты зерттеу
ағымдағы қадағалау тәртібінде мамырдан бастап қыркүйекке дейінгі кезеңде
1.12
балалар тауарларының ассортиментін сатып алуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары
балалар тауарларының ассортименті (киім, аяқ киім, ойыншықтар, косметикалық құралдар, кеңсе тауарлары, ыдыс, гигиена құралдары және басқалары)
жылына бір рет
"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Арнайы білім беру ұйымдарындағы сыныптардың, тәрбиелеу топтарының, ұзартылған күн топтарының толықтырылуы
Балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары | Сыныптағы (топтағы) балалар саны |
| мектеп жасы |
1 | 2 |
Сөйлеу қабілеті бұзылған: | |
сөйлеу қабілеті қатты бұзылған | 12 |
жекелеген дыбыстарды айта алмау фонетикалық-фонематикалық дамымаған | 12 |
Есту қабілеті бұзылған: | |
естімейтін | 8 |
нашар еститін және кейіннен саңырау болған | 10 |
Көру қабілеті бұзылған: | |
көзі көрмейтін, кейіннен соқыр болған: | 8 |
нашар көретін | 12 |
амблиопия және қылилық | 10 |
жеңіл ақыл-ой кемістігі | 10 |
орташа ақыл-ой кемістігі | 6 |
ауыр ақыл-ой кемістігі | 4 |
психикалық дамуы тежелген | 12 |
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған | 10 |
ауыр кемістігі бар | 6 |
эмоциялық-ерік бұзылыстары бар | 4 |
Ескертпе:
1. Жергілікті жағдайларға және қаражаттың болуына қарай көрсетілген арнайы білім беру ұйымдарында ұзартылған күн сыныптарын, тәрбиелеу топтарын толықтырудың ұсынылған шекті толықтырудан төмен болуына жол беріледі.
2. Дене бітімінің кемістігі және ақыл-ой кемістігі бар балалар топтарының саны (арнайы топ) 4 – 6-ны құрауы мүмкін.
"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына
3-қосымша
Жалпы білім беретін ұйымдардағы апталық оқу жүктемесі
Сынып
0
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Жүктеме сағатпен, аптасына
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Ең көп оқу жүктемесi
22
24
25
29
29
33
33
34
36
38
39
39
"Білім беру объектілеріне
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына