Файл: Коммерциялы емес акционерлік Оамы араанды медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 364
Скачиваний: 2
дезинфекция шараларын жоспарлап, оларды іске асырады, балалар және емдеу-алдын алу мекемелерінде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуын қадағалайды, оның үстіне медицина бұйымдарын залалсыздандырумен қамтамасыз етеді.
Мақсатқа байланысты дезинфекцияны ошақтық және алдын алу түрлеріне бөлінеді. Ошақтық дезинфекция жұқпалы аурудың (немесе тасымалдаушылықтың) ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың көзінің бар-жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрлері болады.
Дезинфекцияның түрлері:
Ошақтық дезинфекция Алдын алу дезинфекциясы
Күнделікті Қорытынды
Ошақтық дезинфекция жұқпалы аурудың ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың бар-жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрлері болады.
Күнделікті дезинфекция науқастың айналасында жасалады, бұны науқасты күтуші адам жасайды, оның мақсаты науқас бөліп шығарған, қоршаған ортаға түскен қоздырғыштарды дер кезінде, сол кезде жою.
Күнделікті дезинфекция жұқпалы аурулар ауруханасында, оңашаланғандарда (изоляторларда), емханаларда, егер ауру өз алдымен келіп емделетін болса, оның мекен-жайында өткізіледі. Бұл жұмыстың мақсаты – қоздырғышты ошақтан шығармау, аурудың маңындағы адамдарды инфекциядан қорғау. Аурудың қайда орналасуына байланысты күнделікті дезинфекцияны медицина қызметкерлері немесе күні бұрын дайындалған ауруды күтуші адамдар жасайды.
Қорытынды дезинфекция ошақтан жұқпа көзі кеткеннен кейін жасалады: науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін, сауығып болған соң, басқа жаққа кеткеннен кейін немесе қайтыс болғаннан кейін. Қорытынды дезинфекцияның мақсаты күнделікті дезинфекциядан кейін қалып қойған қоздырғыштарды жою.
Қорытынды дезинфекцияның мақсаты –
ошақтан қоздырғыш көзін аластағаннан кейін, ошақтағы әр түрлі заттарда қалып қойған патогендік микробтарды жою. Әдетте, қорытынды дезинфекция «Ауру туралы жедел хабарлама қағаз» түскесін, ауру ауруханаға орналасқаннан кейін 3 сағаттан 12 сағат уақыт арасында санэпидқадағалау мекемелерінің арнайы мамандарының күшімен бір рет жасалады. Бұл шараларды дезинфекция бөлімі бөледі. Ауылдық дәрігерлік учаскелерде және фельдшерлік пункттерде дезинфекцияны олардың құрамына кіретін дезинфекция мамандары жасайды. Қорытынды дезинфекцияны 2-3 адамнан құралған дезинфекциялау бригадасы жүргізеді, оның құрамына дәрігер – дезинфекционист немесе эпидемиолог көмекшісі және 1-2 дезинфектор кіреді.
Алдын алу дезинфекциясы деп эпидемиологиялық маңызы бар заттардағы орын алуы мүмкін жұқпалы аурудың қоздырғыштарын кетіруге немесе жоюға арналған шараларды айтады. Алдын алу дезинфекциясы жұқпалы ауру шықпай тұрғанда, оның шығуы мүмкін деген кезде және таратпау мақсатында жасалады.
Бұған қатыстылар: ішетін суды тазалау (хлорлау, озондау, сүзу, қайнату және т.б), сүт тағамдары мен сүтті пастеризациялау, шикі жемістер мен жидектерді жуу және т.б. Сонымен, алдын алу дезинфекциясының ошақтық дезинфекциядан айырмашылығы мынада – ол қоздырғыштың көзі табылмай тұрғанда, бірақ оның болуы мүмкіндігін ескеріп, күні бұрын жасалады.
Алдын алу дезинфекциясы қоғамдық тамақ мекемелерінде, ветеринария, ауыл шаруашылық және агрономия жұмыстарында, тамақ өндірісінде және басқа салаларда қолданылады. Ол сумен қамтамасыз ету жүйелерінде, канализацияда, қоғамдық тамақтандыру, өсімдік және малдың шикізаттарынан тағам дайындап, тарататын мекемелерде, асханаларда, т.б үнемі қолданылады
Адам көп жиналатын, сол себептен жұқпа қоздырғыштарының көзі болуы мүкін жерлерде (вокзалдар, ойын-сауық мекемелері, қоғамдық көлік, моншалар, ортақ дәретханалар, жүзу бассейндері, шаштараздар және т.б) алдын алу дезинфекциясы өткізіліп отырады. Емханаларда, ауруханаларда және тағы осы сияқты мекемелерде алдын алу дезинфекциясын клиенттерді қабылдап болғаннан кейін немесе үзіліс кезінде жасаудың маңызы ерекше, ол жұқпа қоздырғыштарының қоршаған ортада таралуына мүмкіндік бермейді. Мысалы, балалар емханасында дезинфекция ауаны УФ сәулелерін пайдалану, бөлмелерді әрдайым желдету арқылы ескі ауаны ығыстыру, жабықтарды, ойыншықтарды, горшоктарды және т.б қайнату жолдарымен іске асырылады.
Дезинфекция әдістеріЗалалсыздандырылатын заттың ерекшеліктеріне байланысты дезинфекцияның 3 әдісі қолданылады (суреттер №1, №2, №3):
-
Физикалық. -
Химиялық. -
Биологиялық. -
Механикалық. -
Аралас
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын - бактерияларды өлтіретін химиялық заттар бактерицидтік деп аталады. Микроорганизмдердің өсіп-өнуін, дамуын тоқтататын, тежейтін заттар - бактериостатикалық деп аталады. Спораларды өлтіруші химиялық заттар - спороцидтік, вирустарды өлтіруші – вирулицидтік, саңырауқұлақтарды өлтіруші - фунгицидтер деп аталады.Химиялық заттарға қойылатын талаптар:
-
Аз мөлшерде, қысқа мерзімде қоздырғыштарды тиімді өлтіретін болуы керек. -
Суда жақсы толығымен еритін немесе эмульсия түзетін болуы керек. -
Ұзақ уақыт әсер ететін, сақтауға төзімді, сапасы нашарлап, бұзылмайтын болуы керек. -
Сақталу мерзімінде өз қасиетін жоғалтпайтын болуы керек. -
Адамға, үй жануарларына зиян келтірмейтін, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болуы керек. -
Арзан және тасымалдауға, қолдануға, сақталуға ыңғайлы және қолайлы болуы керек.
-
Ылғалды әдіс - химиялық зат ерітінді немесе аэрозоль түрінде заттардың бетін немесе бөлмені залалсыздандыру үшін қолданылады. -
Батыру әдісімен киім, ойыншық, төсек жабдықтары залалсыздандырылады. -
Себу әдісімен еден, жиһаз, бөлме қабырғалары залалсыздандырылады. -
Сүрту әдісімен сурет, бөлме заттары залалсыздандырылады. -
Аэрозоль әдісімен ауа залалсыздандырылады.