Файл: Коммерциялы емес акционерлік Оамы араанды медицина университеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 102

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дезинфекцияның химиялық заттары.








1-сурет.

Дезинфекцияның физикалық әдісі (кварц, УФО).




2-сурет.


Биологиялық фильтрлер.


3-сурет.
Мед.инструменттердің дезинфекциясы.


Стерилизация
Стерилизацияның негізігі мақсаты - медициналық бұйымдар мен дәрілердегі болуы мүмкін микробтар мен спораларды толығымен жою.

Қолданылатын медицина бұйымдары әрбір мекемеде стерилизациядан өтеді; бір рет қолданылатын бұйымдар өндіріс орындарында стерилизациядан өтеді.

Стерилизация - микроорганизмдердің барлық түрін және олардың спораларын жоғары температура немесе басқа да физикалық факторлардың, химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерімен толық жою.

Стерилизацияның түрлі әдістері мен тәсілдері хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, стоматологиялық және т.б емдеу-сауықтыру мекемелерінде хирургиялық құралдарды, аппараттарды, таңатын, тігетін материалдарды залалсыздандыру үшін қолданылады.


Қан құю, микробиологиялық, клиникалық зертханаларда қолданатын ыдыстар, құралдар, қоректі орталар залалсыздандырылады.

Асептикатеріде, шырышты қабықшаларда, жаралар мен қуыстарда ауру қоздырғыштарының қоныстануы мен көбеюінің алдын алу әдістерінің жиынтығы;

Асептика - хирургиялық емдеу, таңу және түрлі манипуляция жасау кезінде науқас адамның жарасына түрлі микроорганизмдерді түсірмеуге бағытталған алдын алу шаралар.

Антисептика - емдеуді қамтамасыз ету және жұқпалы процестің дамуының алдын алу мақсатында терідегі, шырышты қабықшалардағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің тіршілік етуіне бөгет жасау немесе жою әдістерінің жиынтығы. Антисептика - түрлі химиялық және антисептикалық заттарды қолдану арқылы операция алдында қолды, теріні, жараны залалсыздау.

Антисептика мен асептика бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірін толықтырып тұрады. Антисептика мен асептика іріңді-септикалық ауруларды алдын алу үшін, хирургиялық, гинекологиялық, стоматологиялық тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Антисептиктердің микробтарға қарсы әсері өте күшті болуы керек. Ауруханаішілік жұқпаларды алдын алуда стерилизация өте маңызды, өйткені ауруханада ауа, кір қол, төсек заттары, таңу материалдары, медициналық құралдар, медицина қызметкерлері арқылы түрлі жұқпалар таралуы мүмкін. Дұрыс залалсызданбаған медициналық аспаптар арқылы вирусты В,С,Д гепатит, АИВ жұқпасы, безгек аурулары таралуы мүмкін.

Стерилизация 2010 ж. ДСМ № 533 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес жүргізіледі.

Бір рет қолдануға арналған медициналық аспаптар (шприц, система, скарификатор) кем дегенде 6000 температурада арнайы немесе муфель пештерінде өртеу арқылы жойылады. Қанмен, жаралы жермен, егілетін жермен қатынаста болмайтын медициналық аспаптарды дезинфекцияланады, кейіннен 2 рет шайылады. Қанмен, жаралы жермен, егілетін жермен, шырышты қабаттармен қатынаста болатын медициналық аспаптар алдымен дезинфекцияланады, кейіннен стерилизация жасау шарт.

Стерилизация 3 кезеңде жасалады:

1 кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.

2 кезең – Стерилизация жасау алдында тазалау.



3 кезең – Стерилизациялау.
1 кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.

Дезинфекциялайтын заттармен жұмыс істегенде, яғни құрғақ заттарды – өлшегенде, ерітінділерді дайындағанда залалсыздағанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  1. барлық жұмыстарды арнайы халатпен немесе комбинезонмен, резеңкелі биялай, көзілдірік, алжапқыш, респиратормен жасау қажет.

  2. жұмыстан кейін қолмен бетін ағынды суда сабынмен жуу керек, көзге ерітінді тиіп кетсе таза сумен немесе арнайы ерітіндімен шаю керек (1-кесте).

1-кесте



Дезинфекция

әдісі


Дезинфекциялау

тәртібі



Қолдануы



Дезинфекциялау жағдайы



Температура,

уақыт, минут


С

%



Көлемі

Қайнату

Са содасын қосу

980


2,0

30

15

Шыны, резеңке коррозияға төзімді

полимерлі материалдар

Суға толық батыру
ішек, ауа тамшы іріңді аурулар туберкулез вирусты гепатит

Химиялық әдіс:

Н2 О2

180

кем

емес

3,0

3,0

4,0

80

180

90

Н2О2 + 0,5 гр жуатын ерітінді

3,0

3,0

4,0

30

30

30

Кальций гипохлориді

0,25

1,0

1,0

30

30

30

Дезэффект

1,0

4,0

2,5

60

30

60

2 кезең: Медициналық аспаптарды стерилизация алды тазалау - медициналық аспаптарды дезинфекциялаудан кейін залалсыздау алдында тазалау. Мақсаты – дезинфекциядан кейін қалып қойған ақуыз, май, механикалық кірлер және дәрі-дәрмек қалдықтарын кетіру.

Залалсыздау алдында өңдеу үшін жуатын ерітінділер қолданылады, қолмен немесе механикаландырылған әдіспен тазартылады. Жуу үшін «Лотос», «Астра», «Прогресс», «Три-А», «Биолат» және т.б. рұқсат етілген ұнтақтар қолданылады. Жуатын ерітіндіні 1 тәулік ішінде қолдануға болады. Егер ерітіндінің түсі қызғылт түске өзгермесе қайта қыздырып қолдануға болады. Қызғылт түстің пайда болуы заттардың қанмен ластанғанын білдіреді.


Медициналық аспаптарды стерилизациялау алдында тазалау тәртібі:

2 кесте



Өңдеу барысы

Ерітіндінің алғашқы Т0С

Өңдеу ауқыты

1

Дезинфекциялаудан кейін медициналық бұйымдарды ағын суда шаю





0,5 мин

2

Жуатын комплексті ерітіндіге толық батыру (17 гр Н2О2 +5 гр жуатын ұнтақ 1 литр суға)

50-600 дейін қыздыру


15 мин

3

Әрбір бұйымды ершпен немесе мақта-дәке орамымен жеке жуу




0,5

4

Ағын сумен шаю




10 мин

5

Дистилденген сумен шаю




0,5

6

Кептіргіш шкафта ыстық ауамен құрғату

850С

кепкенше


Механикалық түрде тазалау кезінде жуатын ұнтақтың көлемі, судың температурасы, өңдеу уақыты мен кезеңдерін сақтау өте маңызды.

Термиялық дезинфекцияда залалсыздау уақыты мен судың температурасы маңызды.
Зертхана және анестезиология бұйымдарын жуу-дезинфекциялау машиналары
Қазіргі кезде Жуу-дезинфекциялау машиналары хирургиялық аспаптар, түтікше, наркоз аппараты, медициналық бұйымдар мен зертханалық ыдыстарды тазалау және дезинфекциялау үшін қолданылады.


4-сурет


Тазалау сапасын бағалау үшін жуылған бұйымдардың 1% тексеріледі:

а) қанның қалдықтарын 1% азопирам немесе амидопирин сынамасымен тексереді, егер қан қалдықтары болса көк-сия түске өзгереді, заттарды қайтадан комплексті ерітіндіге батырып жуу қажет;

б) жуатын ұнтақ қалдықтарын фенолфталеин сынамасымен тексереді, егер ұнтақ болса қызғылт түске өзгереді, заттарды қайтадан шаю қажет.

3 кезең – Стерилизация кезеңі.

Стерилизация үшін 2 әдіс қолданылады:

    1. Физикалық әдіс – ыстық құрғақ ауа, жоғары қысымдағы су булары,

инфрақызыл және радиациялық сәулелер.

    1. Химиялық әдіс – химиялық ерітінділер, газдар.

Булы әдіспен стеризациялау үшін жоғары қысымдағы су буларын қолданады, автоклавта жасалады. Жоғары қысыммен берілген ыстық бу заттардың ішіне терең еніп өте тиімді әсер етеді.

Булау әдісі аурухана, емхана, микробиологиялық зертхана, фармацевтикалық өндірісте хирургиялық материал, таңу заттарын, резеңкелі түтікше, катетер, биялай, шыны заттарын залалсыздау үшін кеңінен қолданылады. Көлеміне, құрылымына, берілетін қысымына қарай дөңгелек және төртбұрышты; тікелей және көлденең орналасқан автоклавтар қолданылады (суретті қара № 4, 5).

Вертикалды автоклавтарда бұйымдарды алып-салу төбесінен жасалады, көлденең автоклавтар 1 есіктік және 2 есіктік болып шығарылады.

Екі есіктік автоклавты 2 бөлме арасына қойып лас-дайындау және таза-стерильді бөлімдерге бөлуге болады.

Вертикалды автоклавтар 3 бөлімнен құралады:

  1. Стеризациялау камерасы.

  2. Суды булау камерасы

  3. Сыртқы қорғайтын қорап.

Суды булау камерасына электр жылытқыштар қосылады, ыстық будың қысымын және температурасын автоматталған түрде бақылайды. Будың қысымын манометр көрсетеді, қажетті қысымды өзгертуге болады.

Судың температурасын термометр өлшейді, судың көлемін бақылау қажет болса су құятын воронка арқылы дистилденген сумен толтыруға болады. Автоклавтың сыйымдылығы 4, 10, 12, 30, 50, 75, 100, 280, 400, 560, 760 дм3 (3-кесте).

3 кесте

Стерилизациялау тәртібі



Қолдануы

Стерилизациялау камерасында бу қысымы (кг/см2)

Стерилизация камерасында жұмыс температурасы Т0С

Стерилизация уақыты, минутта


2,2


132


20

Коррозияға төзімді металлдар, шыны, резеңкелі бұйымдар


1,1


120


45

Резеңке, латекс, полимерлі материалдан жасалған бұйымдар


Алдымен булау камерасына су құйылады, кейін стерилизациялау камерасына бикстерді салып қақпағын бұрап қатты жабады, камерадан буды шығарады. Камерада қысым мен температура қажетті деңгейге жеткен уақыттан бастап залалсыздау уақытын белгілейді. Стерилизациялау біткен соң бетін ашып буды толық шығарады, бикстерді арнайы стөлга қойып, шетіндегі тесіктерді дереу жабу керек. Бикстерді стерильді матамен жауып, толық суынғаннан кейін бөлек есіктен таратады.