Файл: Коммерциялы емес акционерлік Оамы араанды медицина университеті.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 103
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Автоматтандырылған булы стерилизатор әлемдік талаптарға сай, қашықтан басқарылады, стерилизация тәртібі бағдарламаға енгізілген.
Медициналық стерилизатор «STERRAD 50» - соңғы технология жетістіктеріне сәйкес жасалған, жоғары температура мен ылғалдылыққа төзімді медициналық аспаптарды тез және қауіпсіз стерилдеуге мүмкіндік береді, коррозия бермейді, аспаптардың өткірлігі сақталады. Стерилизация уақыты қысқартылған – 45 минут.
5-сурет. Құрғақ-ыстық шкаф
Дезинфекция камералары
Дезинфекция камералары – бұл булау, ауамен булау, бу - формалинмен өңдеу, ауамен, газдармен залалсыздауға арналған құралдар немесе қондырғылар (сурет №6).
Дезинфекция камераларында киім, төсек заттары, жүн, кілем, кітап және т.б. заттар тиімді және толық залалсызданады. Қайнату да өте тиімді әдіс, бірақ сырт киімдерді, көрпе-төсектерді қайнатуға болмайды, оларды тек арнайы камераларда залалсыздау қажет.
Дезинфекция камераларында физикалық (су булары, ыстық құрғақ ауа), химиялық (формальдегид) тәсілдер немесе екеуі де бірігіп қолданылады.
Дезинфекция камералары емдеу-сауықтыру, санитарлық-эпидемиологиялық мекемелерде, өндірістік мекемелерде орнатылады.
Барлық дезинфекциялық камералардың құрылысы ұқсас:
-
Заттарды салатын жұмыс камерасы. -
Жылу көздері (булы пеш, от, электр тоғы). -
Бақылау-өлшеу құралдары (термометр, психрометр, манометр, клапандар). -
Химиялық заттарды құятын апараттар (сепкіш, шашыратқыш). -
Желдету құралы мен қондырғылары.
Стерилизациялауәдісіне қарай дезинфекциялау камераларының түрлері:
-
Булы-формалинды камералар – ылғалды ыстық ауа және бу-формальдегид қосындысы қолданылады. -
Булы камералар – қаныққан су буларымен өңделеді. -
Ауалы камералар – ыстық құрғақ ауамен өңделеді. -
Газды камералар – күкірт ангидриді, этилен оксиді, метилбромид, хлорпикринмен өңделеді. -
Аралас әдісте бірнеше затпен бірге өңделеді.
Құрылысына қарай дезинфекциялық камералар тұрақты, жылжымалы және жиналатын болып бөлінеді.
Тұрақты камералар арнайы бөлмелерде орналастырылады, кедергі қойып 2 бөлімге бөледі, біреуінде лас заттарды қабылдап камераға салады, екіншісінен таза заттарды камерадан шығарып, таратады, онда бақылау құралдары, бұрайтын вентилдер, термометр де болады. Камера бөлмесінде заттарды сорттау үшін сөрелер, бақылайтын сағат, арнайы киімдерді және жеке киімдерді сақтайтын шкафтар, қол жуғыш, сабын, сүлгі болуы керек. Заттарды салу бөлмесінде камераның жұмыс істеу тәртібі, ішкі тәртіп ережелері болуы қажет.
Жылжымалы камераларды көлікке тіркейді, жинамалы камералар толық және жартылай жиналатын болып шығарылады. Жылжымалы және жинамалы камераларға арнайы бөлме қажеті жоқ, бірақ төбесі жабық жерге орнату керек.
Алдымен заттың сапасына қарай, залалсыздау әдісіне қарай сорттап алады, өте сулы заттарды кептіріп алады. Алғашқы партияны салар алдында камераның есіктерін жауып, 10-15 минут қыздырып алады: булы формалин әдісінде температура 50-600 градус, ыстық ауаман залалсыздау әдісінде температура 800 С градусқа дейін.
Дезинфекциялау және дезинсекциялау көлемі, өңдеу температурасы жұқпаның түрінен, қоздырғыштың төзімділігінен және заттың сапасынан байланысты.
Тері және жағалы киімдерді ішін сыртына қаратып, бірі біріне жақындатпай іліп қояды, жүн етіктерді төмен қаратын қояды, бәтеңкелерді сеткаға іліп қояды.
Дез. камераның жұмысын бақылау:
-
Дез. бөлімнің қызметкерлері бақылайды. -
Арнайы журналда белгіленетін инструкцияға сәйкес режимді сақтау. -
Температуралық режим туралы мәліметті бақылау-өлшеу приборлары арқылы камераның жұмысын білеміз. -
Киімдегі температураны білу үшін, киімдерге max. t-ны (15 нүктеге) яғни, әртүрлі деңгейде орналастырыңыз. -
Мысалы, max. t-ның орнына балқу t-ның, мысалы наориталин (+800С), резорцин (+1100С), күкірт (+1200С). Бұл заттарды шыны трубочкаға салып, киімге саламыз. Егер уақыты біткен соң, олар балқыса t-ра дұрыс деп есептелінеді.
Бірақ max. t-ны; хим.заттар арқылы қанша уақыт өткенін айтуға болмайды. Ең маңызды әдіс – биологиялық.
6-сурет. Дез. камера
7-сурет
Залалсызданған заттарды таза бөлмеден алады, жағалы киімді қағады немесе 15 минутқа таза бөлмеге іліп қояды, басқа заттарды шамалы кептіріп шығарады.
Камерада залалсыздау жұмыстарына кеткен уақытты дезинфекциялау циклы деп атайды (7-сурет).
Дезинфекциялау кезеңдері:
-
Сорттау, заттарды камераға салу - 5-10 минут. -
Камераны қыздырып алу және заттарды кептіру – 10-15 минут. -
Температураны көтеру (булы камерады қысымды да) –10-15 минут. -
Камераға формальдегид қосу – 3-10 минут. -
Залалсыздау - 10 минут – 4 сағат. -
Қысымды төмендету, қалпына келтіру - 2-10 минут. -
Формальдегидті нейтрализациялау, камераны заттарымен бірге желдету - 10-40 минут. -
Заттарды шығару –5-10 минут.
Дезинфекциялық камераларда 2 дезинфектор жұмыс істейді, біреуі лас бөлмеде заттарды сорттап салады, екіншісі бақылап, таза заттарды алып, журналға жазады, таратады. Лас бөлмеден таза бөлмеге өткенде халат, қалпақты шешіп, камераға салады, қолын сабындап жуып таза киім киеді.
Булау пештерінде суды жылытып буға айналдырады, шығатын будың қысымын манометр арқылы өлшеп тұрады.
Дезинфекцияны
ң сапасын бақылау
1.Визуальды.
2.Бактериологиялық.
3.Химиялық .
Дезинфекция құралдары
Қолданатын дезинфекциялық заттың сапасына қарай дезинфекция құралдары ұнтақ себетін және аэрозоль шашырататын болып бөлінеді.
Дезинфекция құралдары қолдану тәсіліне қарай қол аспаптары және механикалық аппараттар болып бөлінеді, оларды пневматикалық, гидравликалық немесе пневмогидравликалық жолдармен жұмыс істетеді.
Жер бетінде жүретін жәндіктерге және заттардың бетіндегі микроорганизмдерге қарсы қолданатын дезинсекция заттары ұнтақ пен сұйықтық түрінде ірілеу болуы керек. Ауада ұшатын жәндіктерге қарсы өте майда түріндегі заттар қолданылады.
Қазіргі кезде дезинфекцияны жүргізуде квазар, тұманшашқыш және т.б. қолданады (сурет №8).
8-сурет. Квазар
9-сурет. Дезинфекция өткізгенде дезинфекторлар арнайы киім киеді.
Санитарлық өңдеу және санитарлық өткізгіштер
Санитарлық өңдеу - адамның сыртқы терісін, киімдерін, төсек заттарын залалсыздауға арналған шаралардың комплексі. Санитарлық өңдеу толық және толық емес түрде жасалады.
Алдын алу мақсатпен санитарлық өңдеу жасағанда адамдары жуындыру, өңдеумен қатар камералық әдіспен заттар дезинфекция және дезинсекция жасалады. Мысалы, транзитпен өтетін халықты санитарлық өңдеуден өткізу
Жартылай санитарлық өңдеу кезінде шаш қиып, душта шомылдыру, киімдерін ауыстыру, дезинфекция (немесе дезинсекция) жасайды.
Толық санитарлық өңдеуде адамдарды, олардың киімдерін өңдеумен бірге төсек заттары камералық әдіспен залалсызданады, үйдегі инфекция ошағы дезинфекцияланады. Санитарлық өдеу арнайы санитарлық өткізгіште жасалады.
Санитарлық өткізгіш құрамына монша және бірнеше дезинфекциялық камералар кіреді. Моншаның шешінетін жерінен лас заттарды қабылдап камераға салады, адамдарды дәрігер тексеріп, қажет болса шашын қидырады, өңдеуден өтеді, 20 минут шомылып болған соң, залалсызданған заттарын таза бөлімнен қайтарып береді. Санитарлық өңдегіште лас затпен таза зат қатынаста болмауы керек. Санитарлық өңдегіштің едені, қабырғалары плиткаланған немесе боялған, жууға, дезинфекциялауға төзімді болуы керек, жиһаздары тегіс, залалсыздауға төзімді болуы тиіс. Санитарлық өңдегіштерді СЭҚД, дезстанция, карантиндік пункттерде, вокзалдарда орналастырады. Ерлер мен әйелдерге 2 паралельді өткізгіш болады, егер мүмкіндік болмаса кезекпен өткізіледі. Санитарлық өңдегіш болмаса жалпы моншаны қолдануға болады, жылжымалы дезинфекциялық камераны қосымша орнату қажет. Жылжымалы дезинфекциялық – душ қондырғылары автоприцеппен көлікке қосылады. Қондырғыда булау пеші, 2 дез камера, душ, қол насосы, түтікшілер бар. Әр камераның 2 есік бар, бір есіктен лас заттар салынады екіншісінен таза залалсызданған заттар алынады.
Дезинсекция және оның сапасын бағалау
«Des» – теріс, қарсы, «insectum» - жәндік мағынаны білдіреді. Дезинсекция – инфекциялы ауруларды тарататын және адамға зиянкестік тигізетін буынаяқтыларды жою. Кең мағынада дезинсекция - адам, тұрғын үй мен табиғат аймақтарында буынаяқтыларды жоюға бағытталған шаралар.
Буынаяқтыларды түбегейлі жою мүмкін болмағандықтан соңғы жылдары дезинсекцияның мақсаты - зиянды жәндіктердің санын санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіз деңгейге дейін жою болып табылады.
Жәндіктер орман және ауылшаруашылығына кері әсерін тигізеді, тағамдар, жиһаз бен үй құрылысының ағаш бөлшектеріне зиян келтіреді, бүлдіреді, жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды.
Дезинсекция медициналық, ветеринарлық және ауылшаруашылық шараларына бөлінеді. Тәжірибеде буынаяқтыларды жою үшін түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады, олардың тиімділігі жәндіктердің биологиялық, экологиялық, фенологиялық ерекшеліктерімен байланысты.
Буынаяқтылардың құрылысын, тіршілігін және экологиясын энтомология ғылымы зерттейді. Медициналық арахноэнтомология – медициналық маңызы бар буынаяқтылар типінің биологиясы, даму кезеңдері, құрылысы, экологиясы туралы ғылым.
Медициналық дезинсекция трансмиссивті ифекциялардың, яғни буынаяқтылар арқылы таралатын жұқпалы аурулар эпидемиологиясымен тығыз байланысты. Жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктерді зерттеу, олармен күресу шараларын, жою әдістерін СЭҚБ энтомолог мамандары ұйымдастырады.
Дезинсекция шаралары арнайы (маса, бит, бүрге, кене) және арнайы емес механикалық таратушыларға бағытталады (шыбын, шіркей, таракан, құмырсқа).
Дезинсекция шаралары 2 топқа бөлінеді:
1. Алдын алу дезинсекциясы.
2. Жоятын дезинсекция.
Алдын алу дезинсекцияның мақсаты: жәндіктердің тіршілік етуіне, көбеюіне жол бермеу, тұрғын үйлерде таралуын, адамға зиян келтіруін алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасын сақтау мен тұрғын үйлердің санитарлық жағдайын сақтаудың маңызы өте зор. Мысалы, таракандарға қарсы бөлмені уақтылы жинау, қоқыстардан, тамақ қалдықтарынан үнемі тазалау, тағамдарды жабық түрде сақтау. Маса мен шіркейлерге қарсы агротехникалық жұмыстар жүргізу, мелиорация жасау, батпақты жерлерді жою, өзен мен арықтарды тазалау.(суреттерді қара ?)
Жою дезинсекцияда қолданатын әдістер:
-
Механикалық әдіс. -
Физикалық әдіс. -
Химиялық әдіс. -
Биологиялық әдіс.