Файл: Батыс азастан облысы Батыс азастан облысыны білім басармасы Биология пнінен 11сыныпа арналан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 84
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Биология пәнінен 11-сыныпқа арналған
“Биотехнология” тақырыбындағы
элективті курс бағдарламасы
Орал, 2021ж.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Биология пәнінен 11-сыныпқа арналған
“Биотехнология” тақырыбындағы
элективті курс бағдарламасы
(Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі Жұбанова Бақытгүл Тайтенқызының іс-тәжірибесінен)
Орал, 2021ж.
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының сараптама кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылады
Хаттама №2, 30.04.2021ж
Құрастырушылар:
Жұбанова Бақытгүл Тайтенқызы - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі
Пікір жазғандар:
Канаев Ерболат Кульмурзаевич - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының биология пәні мұғалімі, педагог-сарапшы.
Отаубаева Алма Уахитовна– М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, биология ғылымдарының кандидаты
Берілген элективті курс бағдарламасы жалпы биология пәні мұғалімдеріне оқушылардың биотехнология ғылымының жетістіктерін, ғылым ретінде қалыптасуы, биотехнология ғылымының негізгі мәселелері, селекцияның генетикалық негіздері, сұрыптау әдістері, микроорганизмдер селекциясы және биотехнология, жасушалық және генетикалық инженерия, генетикалық ресурстарды сақтау туралы түсініктерін қалыптастырып, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Бағдарлама биология пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде жасалып, ұсынылып отыр.
Түсінік хат
Биология пәні бойынша “Биотехнология” элективті курс бағдарламасы оқушыларға Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде 9,10 сыныптардағы биология пәнінен оқытылатын “Биотехнология” тарауындағы тақырыптарды тереңірек қамту мақсатында құрылған.
Жаратылыстану-математика бағытындағы мектептер мен сыныптарда биологияны оқыту түрлі тіршілік шаруашылық саласында, технологияның дамуы, медицинадағы жаңалықтар мен өзгерістер барысында биологияның қосқан үлесін көрсететін, кәсіптік мәні оқу материалдарын толық қарастыруды қамтамасыз ететін оқытудың жүйелілігін, баяндау логикасын сақтай отырып жүзеге асырылады.
Биотехнология – жаңа ғылымдардың бірі. Адам баласы қазіргі уақытта бұрын соңды болмаған орасан зор табыстарға жетіп жатыр. Биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізуде ежелден қолданып келе жатқан тәсілдерді едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады. Соның нәтижесінде керемет нәтижелерге қол жеткізетін мүмкіндіктерге жол ашады.
Биотехнология – биологиялық процестердің өту заңдылықтарын терең зерттеп, ұғу арқасында биологиялық объектілердің қызметін пайдалану негізінде іске асырылатын қазіргі заманның өте тиімді де биік деңгейдегі технологиясы.
Оқу құралының мазмұны – пән бойынша жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартына сай жасалған. Білім алушыларды биологияның көптеген салаларына негізделген, заманауи биотехнологияның жетістіктерімен таныстырады. Сонымен қатар қазіргі уақытта түрлі қолданылып жүрген тағам құрамындағы қоспалардың түрлерімен олардың жіктелуі және адам ағзасына тигізетін зияны туралы маңызды мағлұматтарды біртұтас курс ретінде ұсынады және дамыта, тәрбиелей оқыту, жүйелілік принципі негізінде оқытуға бағытталған. Элективті курс тізбектелген бірін-бірі толықтыратын тоғыз бөлімнен тұрады. Курстың құрылымы белгілі білім саласына оқушылардың тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін және қолданылып жүрген азық-түліктердің сапалылығын анықтауға тәжірибелер жасауға, дұрыс тамақтану рационын құра білуге үйретеді.
Оқушылар курсты меңгеру барысында биотехнология ғылымының жетістіктерін, ғылым ретінде қалыптасуы, биотехнология ғылымының негізгі мәселелері, атап айтқанда, селекцияның генетикалық негіздері, сұрыптау әдістері, микроорганизмдер селекциясы және биотехнология, жасушалық және генетикалық инженерия, генетикалық ресурстарды сақтау туралы біледі. Оқу процесі кезінде оқушы танымдық ой санасын, ойлау қабілетін дамытады. Білім жүйесі ғылыми түрде қалыптасады.
Екінші жағынан тұлғаның қалыптасуына ең қажетті элемент - өз бетінше жұмыс жасауға дағдылануы.
Үшіншіден, оқу процесінде ынталандырушылық, танымдық, дамытушылық және тексеру сияқты қызметтер жүзеге асырылады.
Оқу құралының тақырыптық-күнтізбелік жоспары төмендегілерге негізделіп құрылды:
11-сынып бойынша биология пәнінен оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің әдістемелік нұсқау хаттағы барлық жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру);
-ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚРМЖМБС-2020жылғы 5 мамырда№182 өзгеріс енгізген.
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады;
- «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
Мектеп оқушыларына арналған жалпы білім берудегі «Биология» академиялық пәнімен қатар жүретін элективтік курсы.
Курстың жаңалығы мен өзектілігі:
-теориялық білімді практикада қолдана білу;
-«Биотехнология» ғылымының жетістіктерін тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету;
-оқушылардың әртүрлі санаттарына олардың қабілеттеріне, жеке білім беру қажеттіліктеріне сәйкес толыққанды білім алуға тең қол жеткізу, кәсіби бағдар беру.
«Биотехнология» курсының негізгі мақсаты:
- Оқушыларға биотехнология ғылымының маңызы, түрлері туралы терең түсінік беру, мектеп бағдарламасына сәйкес селекция және биотехнологияның негізгі заңдылықтарын оқыта отырып, өзіндік білімдерін кеңейтіп, теориялық білімді практикада қолдануға үйрету.
- Оқушыларды биотехнология саласына байланысты мамандықты таңдауға бағыттау, кәсіби бағдар беру.
Курсты оқытудың міндеттері:
-
Биотехнология ғылымының маңызы мен даму қарқындылығы туралы түсініктерін кеңейту, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. -
Оқушыларды теориялық және практикалық негіздерін бірдей игеруге ынталандыру; -
Оқушыларды биологияның көптеген салаларына негізделген, биотехнологияның жетістіктерімен таныстыру; -
Дұрыс тамақтанудың қағидалары туралы түсінік қалыптастыру. -
Мамандық таңдауға баулу, кәсіби бағдар беру.
Күтілетін нәтиже:
-
курсты оқу арқылы оқушылар бақылау, талдау жүргізуге үйренеді, мамандыққа бейімделеді; -
қазіргі таңдағы биотехнологияның жетістіктері туралы мәлімет алып, танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы артады, қызығушылығы оянады; -
биология пәнінің биотехнология саласы бойынша меңгерген білім, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра біледі.
Бағыты: жаратылыстану-математика
Бағдары: биология-химия
Мамандыққа бағыттау: биотехнология, медицина, география
Пәнаралық байланыс: жалпы биология, анатомия, химия
Ұйымдастыру формалары: дәріс, конференция, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, зертханалық жұмыстар, ғылыми жобалар.
Бағдарлама 2020-2021 оқу жылында Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында апробациядан өту ұсынылады.
Хаттама: №1, 24 тамыз 2020 жыл
«Биотехнология» курсының мазмұны
11-сынып
Барлығы - 72 сағат, аптасына - 2 сағат.
Кіріспе (1 сағат)
Биология ғылымы. Тірі ағзалардың жіктелуі. Тірі ағзаларға тән қасиеттер.Тірі ағзалардың қоршаған ортадағы маңызы.
Биотехнологияның даму тарихы (3 сағат)
Биология ғылымының салалары. Биотехнология ғылымының даму тарихы. Қазақстандағы биотехнология ғылымының даму тарихы.
Биотехнология және медицина (9 сағат)
Медициналық биотехнологияның обьектілері- микроорганизмдер, вирустар, жануарлар ұлпалары мен жасушалары. Инсулин. Инсулин алудың тәсілдері. Антибиотиктер. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау. Вакциналар. Адам және жануарлар патогендері. Иммунологияның негізгі қағидалары. Иммунобиотехнология. Антиденелердің құрылысы мен қызметі. Гибридомдар. Биотехнология және медицина бойынша практикалық тапсырмалар.
Клоналдық мирокөбейту және қалпына келтіру технологиясы(4 сағат)
Клоналдық көбейту технологиясы. Клональды көбейту әдістері. Клоналдық көбейту технологиясының кезеңдері. Клоналдық мирокөбейту және қалпына келтіру технологиясы бойынша практикалық тапсырмалар.
Гаплоид технологиясы (2 сағат)
Гаплоид технологиясының өсімдік, жануар селекциясында қолданылуы. Гаплоид технологиясы бойынша практикалық тапсырмалар.
Тағам биотехнологиясы (5 сағат)
Тағам құрамындағы пайдалы, кенеулі заттар. Тағам биотехнологиясы. Тағамның маңызы, химиялық құрамы мен қызметі. Тағам биотехнологиясы бойынша практикалық тапсырмалар.
Тағамдық қоспалардың жіктелуі (7 сағат)
Тағамдық қоспалар. Шығу тарихы. Трансгенді өнімдер. Консерванттардың тағам құрамында кездесуі. Зертханалық жұмыс №1. Сүттің сапалық құрамын анықтау. Күмәнді Е қоспалары. Е қоспаларының адам ағзасына әсері. Рұқсат етілмеген және рұқсат етілген Е қоспалары. Зертханалық жұмыс №2. Тағам құрамындағы Е қоспаларының түрлерін анықтау.
Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі (4 сағат)
Дұрыс тамақтану. Диетология ғылымы. Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы. Минералды жетіспеушілік және адам денсаулығы. Тамақтану режимінде А.А.Покровскийдің жасаған классификациясы.
Микроорганизмдер биотехнологиясы (8 сағат)
Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар- биотехнология нысандары. Практикалық тапсырма «Микроорганизмдерді алу». Витаминдер. Жасанды қоректік ортада өсетін жасушалардың биологиясы. Өсімдіктерді сауықтыру технологиясы.
Жасушалық инженерия (10 сағат)
Жасушалық инженерияның пайда болуы мен дамуы. Жасушалық инженерия, негізгі түсініктер және анықтамалар. Жасушалар және ұлпа культурасы Жануарлар жасушаларын өсіру. Омыртқасыздардың жасушалары мен ұлпаларын өсіру. Жануарлар жасушаларын гибридизациялау (құйылыстыру). Әдістің тарихы. Жануарларды клондау. Клондаудың тарихы. Жануарларды клондау технологиясы. Адамдар жасушалары культурасын қолдану. Жасушалық инженерия бойынша практикалық тапсырмалар.
Гендік инженерия (12 сағат)
Биотехнология ғылымының бастауы -гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы. Рекомбинантты ДНҚ-ын құрастыру. Гендік инженерияның мүмкіндіктері. Гендік инженерия әдістері. Генді жасушаға тікелей енгізу тәсілдері. Векторлық ДНҚ-ға қойылатын талаптар және оның құрамы. Жасушаға енгізілетін векторлар түрлері. Сүтқоректілер жасушасына гендерді енгізу. Жануарлар жасушасына тасымалдауға арналған векторлардың сипаттамасы. Ядроны трансплантациялау тәсілдері. Трансгенді жануарларды адамның қажеттіліктеріне пайдалану. Гендік инженерия тарауы бойынша практикалық тапсырмалар.
Генетикалық ресурстарды сақта үшін криосақтау әдістерін пайдалану (4 сағат)
Өсімдік материалын криосақтаудың ерекшеліктері. Криосақтаудың негізгі сатылары. Адам және жануарлардың клеткалық дақылдарын биотехнологияда пайдалану. Биотехнологияның экологиялық мәселелері.
Қорытынды (3 сағат)
Тест тапсырмалары. Сынақ тапсыру. Жоба қорғау
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
2022 – 2023 оқу жылы
11-сынып
№ | Сабақтың мазмұны | Сағат саны | Сабақтың уақыты | Сабақ түрі | ||||||||
теориялық | семинар | Зертханалық сабақ | ||||||||||
1 | Кіріспе. | 1 | | 1 | | | ||||||
I Бөлім. Биотехнологияның даму тарихы- 3 сағат | ||||||||||||
2 | Биология ғылымының салалары | 1 | | 1 | | | ||||||
3 | Биотехнология ғылымының даму тарихы | 1 | | 1 | | | ||||||
4 | Қазақстандағы биотехнология ғылымының даму тарихы | 1 | | 1 | | | ||||||
ІІ Бөлім. Биотехнология және медицина-9 сағат | ||||||||||||
5 | Медициналық биотехнологияның обьектілері- микроорганизмдер, вирустар, жануарлар ұлпалары мен жасушалары | 2 | | 2 | | | ||||||
6 | Инсулин. Инсулин алудың тәсілдері | 1 | | 1 | | | ||||||
7 | Антибиотиктер. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау | 1 | | 1 | | | ||||||
8 | Вакциналар. Адам және жануарлар патогендері. | 2 | | 2 | | | ||||||
9 | Иммунологияның негізгі қағидалары. Иммунобиотехнология | 1 | | 1 | | | ||||||
10 | Антиденелердің құрылысы мен қызметі. Гибридомдар | 1 | | 1 | | | ||||||
11 | Биотехнология және медицина бойынша практикалық тапсырмалар. | 1 | | | 1 | | ||||||
ІІІ Бөлім. Клоналдық мирокөбейту және қалпына келтіру технологиясы- 4 сағат | ||||||||||||
12 | Клоналдық көбейту технологиясы | 1 | | 1 | | | ||||||
13 | Клональды көбейту әдістері | 1 | | 1 | | | ||||||
14 | Клоналдық көбейту технологиясының кезеңдері | 1 | | 1 | | | ||||||
15 | Клоналдық мирокөбейту және қалпына келтіру технологиясы бойынша практикалық тапсырмалар. | 1 | | | 1 | | ||||||
ІV Бөлім. Гаплоид технологиясы- 2 сағат | ||||||||||||
16 | Гаплоид технологиясының өсімдік, жануар селекциясында қолданылуы. | 1 | | 1 | | | ||||||
17 | Гаплоид технологиясы бойынша практикалық тапсырмалар. | 1 | | | 1 | | ||||||
V Бөлім. Тағам биотехнологиясы- 5 сағат | ||||||||||||
18 | Тағам құрамындағы пайдалы, кенеулі заттар | 1 | | 1 | | | ||||||
19 | Тағам биотехнологиясы | 1 | | 1 | | | ||||||
20 | Тағамның маңызы, химиялық құрамы мен қызметі | 1 | | 1 | | | ||||||
21 | Биологиялық белсенді қосымшаларды дұрыс пайдалану | 1 | | 1 | | | ||||||
22 | Тағам биотехнологиясы бойынша практикалық тапсырмалар | 1 | | | 1 | | ||||||
VІ Бөлім. Тағамдық қоспалардың жіктелуі- 7 сағат | ||||||||||||
23 | Тағамдық қоспалар. Шығу тарихы. | 1 | | 1 | | | ||||||
24 | Трансгенді өнімдер | 1 | | 1 | | | ||||||
25 | Консерванттардың тағам құрамында кездесуі Зертханалық жұмыс №1 Сүттің сапалық құрамын анықтау | 1 | | | | 1 | ||||||
26 | Күмәнді Е қоспалары. | 1 | | 1 | | | ||||||
27 | Е қоспаларырының адам ағзасына әсері | 1 | | 1 | | | ||||||
28 | Рұқсат етілмеген және рұқсат етілген Е қоспалары | 1 | | 1 | | | ||||||
29 | Зертханалық жұмыс №2 Тағам құрамындағы Е қоспаларының түрлерін анықтау | 1 | | | | 1 | ||||||
VІІ Бөлім. Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі- 4 сағат | ||||||||||||
30 | Дұрыс тамақтану. Диетология ғылымы | 1 | | 1 | | | ||||||
31 | Балалар мен жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы | 1 | | 1 | | | ||||||
32 | Минералды жетіспеушілік және адам денсаулығы | 1 | | 1 | | | ||||||
33 | Тамақтану режимінде А.А.Покровскийдің жасаған классификациясы | 1 | | 1 | | | ||||||
VIII Бөлім. Микроорганизмдер биотехнологиясы- 8 сағат | ||||||||||||
34 | Микроорганизмдер, саңырауқұлақтар, прокариоттар – биотехнология нысандары | 2 | | 2 | | | ||||||
35 | Практикалық тапсырма. Микроорганизмдерді алу. | 1 | | | | 1 | ||||||
36 | Витаминдер | 2 | | 2 | | | ||||||
37 | Жасанды қоректік ортада өсетін жасушалардың биологиясы | 1 | | 1 | | | ||||||
38 | Өсімдіктерді сауықтырутехнологиясы | 2 | | 2 | | | ||||||
IX Бөлім. Жасушалық инженерия- 10 сағат | ||||||||||||
39 | Жасушалық инженерияның пайда болуы мен дамуы | 1 | | 1 | | | ||||||
40 | Жасушалық инженерия, негізгі түсініктер және анықтамалар | 1 | | 1 | | | ||||||
41 | Жасушалар және ұлпа культурасы. Жануарлар жасушаларын өсіру. Омыртқасыздардың жасушалары мен ұлпаларын өсіру. | 2 | | | 2 | | ||||||
42 | Жануарлар жасушаларын гибридизациялау (құйылыстыру). Әдістің тарихы. | 2 | | 2 | | | ||||||
43 | Жануарларды клондау. Клондаудың тарихы. | 1 | | 1 | | | ||||||
44 | Жануарларды клондау технологиясы. | 1 | | 1 | | | ||||||
45 | Адамдар жасушалары культурасын қолдану. | 1 | | 1 | | | ||||||
46 | Жасушалық инженерия бойынша практикалық тапсырмалар | 1 | | | 1 | | ||||||
X Бөлім. Гендік инженерия- 12 сағат | ||||||||||||
47 | Биотехнология ғылымының бастауы -гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы. | 1 | | 1 | | | ||||||
48 | Рекомбинантты ДНҚ-ынқұрастыру | 1 | | 1 | | | ||||||
49 | Гендік инженерияның мүмкіндіктері | 1 | | 1 | | | ||||||
50 | Гендік инженерия әдістері | 1 | | 1 | | | ||||||
51 | Генді жасушаға тікелей енгізу тәсілдері | 1 | | 1 | | | ||||||
52-53 | Векторлық ДНҚ-ға қойылатын талаптар және оның құрамы. Жасушаға енгізілетін векторлар түрлері | 2 | | 1 | 1 | | ||||||
54-55 | Сүтқоректілер жасушасына гендерді енгізу. Жануарлар жасушасына тасымалдауға арналған векторлардың сипаттамасы | 2 | | 1 | 1 | | ||||||
56 | Ядроны трансплантациялау тәсілдері | 1 | | 1 | | | ||||||
57 | Трансгенді жануарларды адамның қажеттіліктеріне пайдалану | 1 | | 1 | | | ||||||
58 | Гендік инженерия тарауы бойынша практикалық тапсырмалар. | 1 | | | 1 | | ||||||
XI Бөлім. Генетикалық ресурстарды сақтау үшін криосақтау әдістерін пайдалану- 4 сағат | ||||||||||||
59 | Өсімдік материалын криосақтаудың ерекшеліктері | 1 | | 1 | | | ||||||
60 | Криосақтаудың негізгі сатылары | 1 | | 1 | | | ||||||
61 | Адам және жануарлардың клеткалық дақылдарын биотехнологияда пайдалану | 1 | | 1 | | | ||||||
62 | Биотехнологияның экологиялық мәселелері | 1 | | 1 | | | ||||||
63 | Тест тапсырмалары | 1 | | 1 | | | ||||||
64 | Сынақ тапсыру | 1 | | 1 | | | ||||||
| Жоба қорғау | 1 | | 1 | | | ||||||
| Барлығы | 72 | | 58 | 10 | 3 |