Файл: Батыс азастан облысы Батыс азастан облысыны білім басармасы Биология пнінен 11сыныпа арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 86

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Турашева С.К., Оразова С.Б., Валиханова Г.Ж. Основы биотехнологии. - Алматы, 2014.

  2. Каленова А.К, Нарегеева Г.С. «Тағам биотехнологиясы» қолданбалы курсының әдістемелік көмекші құралы. БҚО Орал қаласының БББ.

  3. Найманов Д.К., Калбаева А.М. «Гендік және жасушалық инженерия». - Қостанай, 2017.

  4. Власова З.А. Справочник по биологии. -Москва,1998.

  5. Балиев А. Генетика спасет от голода. Но продлит ли она жизнь? - Молодаягвардия, 2001, №4, с 48-50.

  6. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски. - Человек, 2002, №5., с 158-164.

  7. Поморцев А.Мутации и мутанты. - Факел, 2003, №1, с12-15.

  8. Рогачев В. Генетическая революция, первые шаги. - Эхо планеты, 2000, №28, с 6-9.

  9. Свердлов Е.Что может генная инженерия. - Здоровье, 2009, №6, с 20-23.

  10. Слепчук Е. О чем молчит великая молекула. - Эхо планеты, 2001,№9,с 32-34.

  11. Чечилова С. Трансгенная пища. -Здоровье, 2000, №6, с 20-23.

  12. Статьи по проблеме трансгенности.

  13. Вельков В.В., Опасны ли опыты с рекомбинантными ДНК. - Природа, 1982, №4 с18-26.

  14. Зеленин А.В., Генная терапия: этические аспекты и проблемы генетической безопасности. - Генетика, 1999, №12, с 160-165.

  15. Иванов В.И., Юдин Б.Г. Этико-правовые аспекты проекты “Геном человека”.

  16. Дудов В.И., Голиков А.Г., Потехин О.Е., Красовский О.А., Правовые вопросы межграничного перемещения генетически измененных живых организмов. - Биотехнология, 1999, №6, с 80-85.

  17. Трансгенные продукты: потребности и безопасность Конференция ОЕСД, Эдинбург 28 февраля-1 марта 2000.

  18. Жұбанова А.А., Абдиева Г.Ж., Шөпшібаев Қ.К. «Биотехнология негіздері». - Алматы: Бас редакциясы, 2006.

  19. «Қазақ университеті»: Оқу құралы, 2016.

  20. Лобашев Е.М.., Ватти В.К., Тихомирова М.М. «Генетика және селекция негіздері». –Алматы: «Мектеп»,1985.

  21. Қ.Қайым «Биология және техника» - Алматы,1977.

  22. Жұмабаева Б.Ә. «Биотехнология негіздері: жануарлар биотехнологиясына арналған лабораториялық жұмыстар». – Алматы, 2011.

  23. Жолдасбаева Ж.Ж, Боранбайқызы Н, «Селекция және биотехнология негіздері» БҚО білім басқармасы. Орал, 2019

  24. Аубакиров Х.Ә. «Биотехнология». – Алматы, 2011.


Элективті курсқа қатысушы оқушылар:

  1. Асығат М.

  2. Мергенов М.

  3. Рақымғали Қ.

  4. Сағынғалиев М.


10-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарлар


Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Мектеп: Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты

Мерзімі :

Мұғалімнің аты-жөні: Жұбанова Б.Т.

Сынып:10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Антибиотиктер. Антииотиктердің жаңа түрлерін жасау.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Антибиотиктердің түрлерімен танысады, жаңа түрлердің алу жолдарын түсінеді.

Сабақ мақсаты:

  • Антиботиктердің түрлерін біледі;

  • Алу жолдарын ұғынады;

  • Антибиотиктердің маңызын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

Антибиотиктерді сипаттайды, алу жолдарын анықтайды.

Пәнге қатысты терминология

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Флемминг, пенициллин, биомицин (хлортетрациклин), стрептомицин

Құндылықтарды

дарыту

Денсаулық, жеке бас гигиенасын сақтау. Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өзара салемдесу;

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферсын құру.

  • Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін айқындау.




Сабақтың ортасы


3-5 мин


15-20 мин

10 мин


Миға шабуыл:

  • Дәрігер пациентке қандай аурулармен ауырғанда антибиотиктермен емделуге кеңес береді?

  • Неге қазіргі уақытта ауру тудырушы бактерияларға кейбір антибиотиктерге әсері мүлдем жоқ, неге пациент бактериальды аурумен ауырғанда дәрігер әсері күшті болатын антибиотиктермен емделуді ұсынады?

Бұл сұрақта оқушыларға құрамында антибиотиктері болуы мүмкін тағамдық өнімдердімен параллель жүргізуге болады (сүтқышқыл өнімдері, ет, шырындар және т.б.)

Жаңа сабақты түсіндіру.

Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер төменгі молекуларлы қосылыс оның құрамына көміртегі-оттегі және сутегінен басқа азот (1 немесе 2 аммин тобы түрінде) және 1 немесе 2 карбоксильді топтар енеді. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктердің бірнеше жүздеген түрі бар, бірақ олардың бәрі бірдей медицинада қолданыла бермейді. Антибиотиктер шығу тегі, хим. құрамы, микробтарға әсер ету механизмі т.б. қасиеттері бойынша жіктеледі. Антибиотиктерді ретсіз қолданудың әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мыс., денеге бөртпе шығып, қышыма пайда болады, кейде естен тануға әкеп соғады. Сондықтан оларды тек қана дәрігердің айтуы бойынша қолдану қажет. Антибиотиктер медицинадан басқа а.ш-нда, тамақ өнеркәсібінде және микробиологиялық өндірісте пайдаланылады. Антибиотиктер зен саңырауқұлаңынан,актиномиоцидтік, кейбір бактериялардан алынады. Жіктелуі: синтетикалық және табиғи. Әсері: бактериостатикалық, бактериоциттік. Әсер ету механизмі: Бактерия жасуша синтезін бұзу, цитоплазмалық мембрана өткізгіштігін бұзу, жасушаішілік синтезін бұзу, РНҚ синтезін бұзу.

Антибиотиктер биосинтезінің түрлі жолдары.

Антибиотиктер екіншілік метаболитер болып, өскен дақылдың стационарлық фазасында, идиофазасында синтезделеді.

Антибиотиктер продуцент клеткаларының ішіне жиналып, тек аз мөлшерде клеткадан тыс қоршаған ортаға (нистатин) бөліне алады, сонымен қатар, клетка ішінде ортақ мөлшерде болып, тура солай белсенді түрде (ристомицин, кандицидин) немесе басым ортаға (стрептомицин, тетрациклин, макролидтер) бөліне алады.

Құрамында ароматтық туындылар қамтитын антибиотиктердің көптеген түрі бар. Олар микроорганизмдер клеткаларында ароматикалық аминқышқылдардың түрленуі кезінде аралық және ақырғы өнімдерден синтезделеді. Бұл шиким қышқылының биосинтетикалық жолы.

Осылай, хлроамфениколдың және коринециннің ілеспелі С-С байланыстары хоризмді. Қышқылдан (n-аминофенилаланин – аралық метаболит арқылы), рифамциннің ароматикалық компоненті – антранил қышқылынан; актиномициннің ароматикалық сақиналары – антранил қышқылынан және т.б. «ауыстырылады».

Негізгі бастапқы зат – шиким қышқылы эритрозо-4-фосфаттың (пентозо-фосфатты циклдің өнімі) фосфоенолпируватпен (гликолиз өнімі) конденсациялау нәтижесінде түзіледі де, одан кейін хоризмді қышқылға айналады.

Str.venezuelae клеткалармен хлроамфениколдың синтезі – ароматикалық аминқышқылы тирозиннің биосинтезіне ұқсас. Бірақ, хлроам-феникол синтезі езінде хоризмді қышқыл тирозин синтезі кезіндегідей n-оксифенилпирожүзім қышқылына айналмай, n-аминофенилпирожүзім қышқылына айналады.,

Көптеген антибиотиктер биосинтезінің негізгі кезеңі конденсация жолымен өтетін полимеризация реакциялары болып табылады:

- полимер тізбегінде кето- және метиленді топтардың кезектесіп ацетеат-малонатты (сирек пропионат-метилмалонатты) бірліктердің поликетидтегі синтезі;

- тиоматрицалық механизмі бойынша олиго- және полипептидтер түзілуімен жүретін амнқышқылдар;

- олигосахаридтердің түзілуіменқатар моносахаридтер (аминосахаридтер)

Бұл конденсация реакциялары микроорганизмдердің клетка қабырғалары компоненттері син\тезінің, метаболизм жолының негізгі реакцияларына ұқсас. Мысалы, поликетдті синтезін белгілі бір дәрежеде тиоматрицалық механизм, мембрана ретінде қарастыруға болады, ал көмірсу табиғатты антибиотиктер түзілуін грам теріс макроорганизмдердің клетка қабырғаларның полисахаридтер синтезіне ұқсастығы бар.

Полимеризациямен қатар антибиотиктер біріншілік метаболиттердің модификациясы жолымен немесе бірінші модификацияланаған метабулиттердің конденсацясымен синтезделе алады. Жеке антибитиктердің синтезі нуклеозидтердің метеболизмімен байланысты.

Стрептомицин, сизомцин және гентамицин сияқты аминогликоздтердің құрылымдық формулаларына жасалған сараптау негізінде айтуға болады, олардың биосинтезі көмірсулардың (глюкоза, аминоқанттар) бірліктеріне негізделген. Глюкозадан амногликозд молекулаларындағы қант қалдықтарынан бақа, олардың аминоциклоттық ферменті де синтезделе алады. Стрептомцин моликуласының басқа екі фрагменті пентоза (стрептоз) және L- глюкозамин де көмірсу текті. Стептомицин малекуласының синтезі осы 3 компонентінқосылуымен аяқталады. Антбиотиктің босинтезін микроорганизмдердің жиырмадан астам түрі ферменттері жүзеге асырады.

Жалпы актиномцеттермен және кейбір мицеллалы саңырауқұлақтармен снтезделетін 150 астам нуклеозид табиғатының антибиотиктері белгелі. Олардың биосинтезі пуриндік және пиримидиндік нукеотдтердің метоболизм жолының синтезіне ұқсас. Мысал ретінде, Str.antibioticus түзетін вирусқа қарсы видарабин деген антбиотик жолынан пайда болды.

Фунгицидтық қасиеті бар және ауыл шаруашылықта қоданатын полиоксин туыстығының антибиотиктер тобы тура сол нуклеозидтік табиғаттың және уридиннің метаболим жолының шығырылған.

Антибиотиктердің көп мөлшері поликетидті жолмен синтезделеді. Бұлар эритромицин, тетрациклин, рифамицн, макролдтер, полиэфирлік антибиотиктер. Олерды көбінесе актиномицеттер, сирек миксобактериялар және псевдомонадтар өндіреді. Аталмыш антиботикалық қосылыстардың полимеризация механизмі клеткалық мебраналардағы май қышқылдардың биосинтезіне ұқсас. Сонымен қатар қоса реакцияларды жүзеге асыратын біріншілік құрылымы ферменттердің биохимиялық реакцияларға да ұқсас.

(Т) Оқушылар топтарда жұмыс жасайды, антибиотиктерді атайды және оларды алу жолдарын сипаттайды.

Бұл жұмыс барысында оқушыларға кестені толтыруды ұсыну.

Дескрипторлар:

  1. Антибиотиктердің атауларын/түрлерін біледі (4-тен кем емес).

  2. Алу жолдарын біледі.

  3. Кестені дұрыс толтырады.

Антибиотиктер

Алу жолдары

1

2

3

4

(Ж) Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасауды ұсыну. Белгі қойып оқу арқылы ақпаратты оқып шығады.

(Ж) Белгілі ғалым (Дженнер, Флеминг, Сноу немесе Листер) өмірі мен қызметі туралы білу үшін оқушылар жұппен жұмыс жасауын ұсыну.

Жұмыстың нәтижесі ретінде оқушылар ментальды картаны құрастырады.

(Т) Оқушылар кең таралған инфекцияларды емдеуге арналған өздері жарнамалардан көрген дәрілік заттар тізімін жасайды. Осы және келесі зерттеулер бұдан былайғы антибиотиктер өндіру және қолдану үшін жолбасшы ретінде пайдаланыла алады.

Рефлексия


Презентация
Қосымшалар
Ақпарттық парақ



Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша терминологиямен жұмыс.

Кері байланыс.




Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолднуын, өндірілуін біледі;

зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы.


Сымбатты сақтау ережелері.

Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Мектеп:

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты.

Мерзімі :

Мұғалімнің аты-жөні: Жұбанова Б.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Инсулин. Инсулин алудың тәсілдері

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Инсуллиннің ерекшелігін, алу тәсілдерін біледі.

Сабақ мақсаты:

  • Инсулиннің ерекшелігін біледі;

  • Өндіру жолдарын ұғынады;

  • Инсулин өндірудің маңызын түсіндіреді.

Бағалау критерийлері:

Инсулинді сипаттайды, өндіру жолдарын анықтайды.

Пәнге қатысты терминология

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Ген, генетикалық модификацияланған , рекомбинантты ДНҚ

Құндылықтарды

дарыту

Денсаулық, жеке бас гигиенасын сақтау. Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өзара салемдесу;

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферсын құру.

  • Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін айқындау.




Сабақтың ортасы


3-5 мин

15-20 мин

10 мин


Ой шақыру. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша терминдер жинағы ұсынылады, оларды талқылағаннан кейін олар осы терминдердің байланысын түсіндіруге тиіс.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Инсулин препараты

Инсулин 51 аминқышқылынан тұратын белок, сондықтан оны тері астына енгіземіз. Нәруызды гормон болғандықтан асқорыту жолдарына түсер болса ферменттер арқылы қорытылып, емдеу әсері болмас еді.

Ең алғаш инсулинди сиыр және шошқаның ұйқы безінен бөліп алатын. Ол көп тазалауды қажет ететін. Тазаланған инсулиннің өзі аллергиялық реакциялар тудыратын еді.

Қазіргі кезде бактерияны қолдану арқылы инсулин өндіру жүзеге асырылуда.

1955 жылы адам инсулинінің аминқышқылдық тізбегі анықталды.

Гендік инженерия және инсулин өндірісі

Ген инженериясы деп рекомбинантты ДНҚ-лар жасап, оларды басқа тірі клеткаларға енгізуді айтады.

Ген инженериясы мынадай кезеңдерден тұрады:

генді (ДНҚ фрагментін) алу;

рекомбинантты ДНҚ молекуласын құрастыру;

реципиент клеткасына рекомбинантты ДНҚ молекуласын енгізу;

қажет рекомбинантты ДҢҚ молекулалары бар клондарды (бактерияық клеткаларды) ортадан табу.

Инсулин өндірісі ген инженериясның жалпы мысалы болып табылады.

Біз бактерия жасушасын инсулин өндірісіне қолданамыз.

Инсулиннің ашылуы. Бантинг пен Бесттің зерттеу объектісі

Диабетпен ауыратын адамадар инсулин егу арқылы қандағы глюкоза деңгейін реттей алады

1921 жылы Фред Бантинг және Чарльз Бест атты зерттеуші ғалымдар ең алғаш болып инсулинді ашып және оның қант диабетін емдеу кезінде қолдануға болатындығын тапты.

Зерттеу барысында Бантинг пен Бест зерттеу объектісі ретінде 10 итті алды. Олар иттерді диабет ауруымен ауыртып, содан кейін емдеу әдістерін іздеуге кірісті.

Бұлардың зерттеу нәтижесі миллиондаған адамдардың өмірін құтқаруға септігін тигізді.

(Т) . Топтық жұмыс

І топ- Инсулиннің ашылуы. Бантинг пен Бесттің зерттеу объектісі

ІІ топ- Инсулиннің құрылысы және инсуллин препараты

ІІІ топ- Гендік инженерия және инсулин өндірісі

Тапсырмалар

Оқушылар адам инсулині бактерияда құрылуы туралы қалыптастырушы тапсырмалар орындайды.

Оқушылар жұптаса отырып гендік инженериядағы инсулиннің өндірілуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтайды (әлеуметтік және этикалық қарауды қоса). Сонан соң жұптар осы процесті бағалау үшін төрт-төрттен топтарға бірігеді.

Рефлексия



Презентация
Қосымшалар
Ақпарттық парақ



Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша терминологиямен жұмыс.

Кері байланыс




Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолднуын, өндірілуін біледі;

зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы.


Сымбатты сақтау ережелері.

Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Мектеп:

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Мерзімі :

Мұғалімнің аты-жөні: Жұбанова Б.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Вакциналар. Адам және жануарлар патогендері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Ауру тудырушы патогендерді, вакцина түрлерін, маңызын біледі.

Сабақ мақсаты:

  • Адам патогендірінің түрлерімен танысады;

  • Вакцинаның түрлерін біледі;

  • Вакцина егудің маңызын түсіндіреді

Бағалау критерийлері:

Патогендерді сипаттайды, вакцинаның маңызын түсінеді.

Пәнге қатысты терминология

Пәнге қатысты лексика мен терминология: вакцина, штамм, сиырдың құтыруы, паратиф, іш сүзегі, дифтерия, анатоксиндер

Құндылықтарды

дарыту

Денсаулық, жеке бас гигиенасын сақтау. Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өзара салемдесу;

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферсын құру.

  • Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін айқындау.




Сабақтың ортасы


3-5 мин
15-20 мин

10 мин


Ой шақыру. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша терминдер жинағы ұсынылады, оларды талқылағаннан кейін олар осы терминдердің байланысын түсіндіруге тиіс.

Мақсатты орнату. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Жұқпалы аурулрдың қоздырғышы — патоген микробтар. Әрине жұқпалы ауру адамға иемесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал организмдерінің осы ауруларға бейімділігі, яғни қабыл алғыш қасиеті жатады.Мәселен, адам өкпесіне туберкулез Әрине жұқпалы ауру адамға иемесе жануарларға таралуы үшін белгілі бір жағдай қажет. Оларға адам және мал

микробы енді делік, бірақ денсаулық күшті болса бұл адам ол аурумен мүлде ауырмайды. Егерде, басқа бір аурумен ауырып, адам денесі нашарласа, онда туберкулез микробына организмиің қарсы тұрарлық қасиеті әлсірейді де, адам туберкулезбен ауырады. Жұқпалы ауру қоздырғыштары біздің организмге түрліше зиянды әсер етеді. Зиянды микробтардың көпшілігі организмді улайтын, нерв жүйесін, жүрек қызметін, қан тамырларын және ішкі органдардың барлығын зақымдайтын түрлі улар бөліп шығарады. Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыныстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол немесе заттар арқылы таралады. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жұғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал. Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады. Кейде адамдарға белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысыктан жұғады. Ал кейбір ауру адамға қауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз. «Сібір жарасы»- біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамды қырғынға ұшыратқан «қасиетті от», яғни «Сибирь жарасы» туралы өз еңбектерінде жазған болатын. Бұл ауру әуелі Италияда етек алып, содан кейін Еуропаға ауысты. Шығыс елдерінде оны «Парсы оты» деп те атаған. Ресейде 1865 жылы болған осы аурудан он мыңдаған адамдар кырғынға ұшыраған.

Вакцина (лат.vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) —микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар.

Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып отырған.

1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.

Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады.

Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез (БЦЖ) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады.

Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен (фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан бірнеше рет егіледі.

Химиялық вакцина — микроорганизмдерден бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 — 1926) француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға қарсы қолданылады.

Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды, қараталақ пен қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап),  полиомиелиткеқарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан құяды.  Сүзек,  тырысқақ,  топалаң,  құтыру  вакцинасын тері астына,  қызылша  мен  қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады.

Визуалды ақпаратты талдау.

Оқушыларға патогендердің түрлерін көрсете отырып, оларды зерттеу ұсынылады.

Топтық жұмыс. Ойын "Дебат-конференция".

1 топ- вакцина еккен дұрыс, оның денсаулық үшін маңызы зор.

2 топ- Вакцина егуді дәрігерлер мен ғалымдар қолдамайды.

Ақпараттық парақтарды қолдану арқылы шығармашылық жұмыс.

"Вакцинация: жақтайтындар және даттайтындар"тақырыбына эссе жазу. Уақыт өткеннен кейін эсселерді тыңдау, талқылау, тұжырымдарды түзету, тұжырымдау.

Рефлексия



Презентация
Қосымшалар
Ақпарттық парақ



Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы. Тақырып бойынша терминологиямен жұмыс.

Кері байланыс.




Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолднуын, өндірілуін біледі;

зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы.


Сымбатты сақтау ережелері.

Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?