Файл: Батыс азастан облысы Батыс азастан облысыны білім басармасы Биология пнінен 11сыныпа арналан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 85

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


11-сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарлар

Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Мектеп: Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты

Мерзімі :

Мұғалімнің аты-жөні: Жұбанова Б.Т.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Гендік инженерияның пайда болуы мен дамуы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Гендік инженерия ғылымы және оның маңызы туралы біледі.

Сабақ мақсаты:

  • Гендік инженерия ғылымы туралы біледі;

  • Гендік инженерияның қолданылу аясын анықтайды ;

  • Гендік инженерияның маңызын ұғынады.

Бағалау критерийлері:

Гендік инженерия ғылымының пайдасы мен маңызын түсінеді

Пәнге қатысты терминология

Пәнге қатысты лексика мен терминология: генетикалық инженерия,  рекомбинантты (гибридті) ДНҚ, рестриктаза, лигаза 

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» жалпы идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы негізінде жаңашылдыққа құштар еңбекқор тұлға тәрбиелеу. Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өзара сәлемдесу;

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферсын құру.

  • Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін айқындау.




Сабақтың ортасы


3-5 мин

15-20 мин

10 мин


Ой шақыру.Тақырып атауын берілген суреттер арқылы болжау.





Жетекші сұрақтар

- Гендік инженерия дегенімізді кім қалай түсінді?

- Гендік инженерия әдісі қандай салаға қатысты?

- Бұл тәсіл қалай жүзеге асырылады?

- Осы тәсіл нәтижесі арқылы неге қол жеткізуге болады?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Гендік инженерия, немесе генетикалық инженерия-  генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молекулярлы биологияның бір саласы. Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг (Нобель сыйлығының лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың онноген вирусы SV-40-тың толық геномын, бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты (гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды. Мысалы, генотиптері әр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары (фенотипі әр түрлі дарабастар) алынды. Гендік инженерия-ның теориялық негізіне генетикалық кодтың әмбебаптылығы жатады. Бір ғана кодтың (триплиттің) әр түрлі ағзадағы белок молекулаларының құрамына енетін амин қышқылдарын бақылай алатындығына байланысты, ДНҚ молекуласының кез келген бөлігін басқа бөтен клеткаға апарып салу, яғни молек. деңгейде будандастырылу теориялық тұрғыдан алғанда мүмкін екені анықталды. Жануарлар, өсімдіктер және  микроорганизмдер  гендерінің қызметін қолдан басқаруға болатындығы дәлелденді.

Түзілген рекомбинаттық ДНК тірі клеткаға енгізіледі, жаңа геннің экспрессиясы (көріну күші) басталғаннан соң, клетка сол ген белгілеген белокты синтездей бастайды. Сонымен, клеткаға рекомбинаттық ДНК молекуласы түрінде жаңа генетикалық информацияны енгізіп, соңында жаңа белгісі бар организмді алуға болады. Мұндай организмді трансгендік немесе трансформацияланған организм дейді. Осылайша, гендік инженерияның дамуына негіз болған молекулалық биология мен молекулалық генетиканың мынадай жетістіктері бар:

  1. Рестриктазалар мен лигаза ферменттерінің ашылуы;

  2. Гендерді химиялық заттарды және ферменттерді қолдану арқылы синтездеу;

  3. Бөтен генді клеткаға тасымалдаушы-векторларды пайдалану;

  4. Бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап, бөліп алу жолдарының ашылуы.

Алғашқы рет рекомбинаттық ДНК 1972 жылы АҚШ-та П.Бергтің лабораториясында жасалды.

Гендік инженерияда гендерді тасымалдау арқылы түраралық кедергілерді жойып, қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады.

Инженерия түсінігінің өзі құрастыру деген мағынаны береді. Олай болса, гендік инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны ауыл шаруашылығында, медицинада пайдалану арққылы өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды.

Тапсырмалар.

Сурет пен кілтті сөздерді қолдана отырып, инсулин өндірісі мысалында биотехнологиялық үрдістің жалпы сызбасын құрыңыз (инсулин гені, бактерия плазмидасы, инсулин, адам ДНҚ-сы, кесілді, орналастырады, қос сақиналы ДНҚ, бактерия, өндіреді, фермент арқылы кесілді, плазмида, бактериякөбейеді).


Дескриптор:

  • инсулин өндірісі мысалында биотехнологиялық үрдістің жалпы сызбасынқұрайды;

  • инсулин өндірісі мысалында гендік -инженериялық манипуляциялаудың кезеңдерінанықтайды.

Рефлексия

Презентация
Қосымшалар
Ақпарттық парақ



Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы. Эссе жазу. «Гендік инженерия бүгін және ертең».

Кері байланыс.




Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолднуын, өндірілуін біледі;

зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы.


Сымбатты сақтау ережелері.

Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Мектеп:

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты

Мерзімі :

Мұғалімнің аты-жөні: Жұбанова Б.Т.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Биотехнология ғылымы

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Биотехнология ғылымы және оның маңызы туралы біледі.

Сабақ мақсаты:

  • Биотехнология ғылымы туралы біледі;

  • Биотехнология ғылымының салаларын анықтайды ;

  • Биотехнологияның маңызын ұғынады.

Бағалау критерийлері:

Биотехнология ғылымының пайдасы мен маңызын түсінеді

Пәнге қатысты терминология

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Антибиотиктер, биосинтез, микробты мутанттар, ферментация, (энтобактерин, дендробациллин, битотоксибациллин, 

гомелиндер.

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» жалпы идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы негізінде жаңашылдыққа құштар еңбекқор тұлға тәрбиелеу. Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өзара салемдесу;

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферсын құру.

  • Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін айқындау.




Сабақтың ортасы

3-5 мин

15-20 мин

10 мин


1. Білімді өзектендіру мақсатында ақпаратты қайталау. Оқушыларға нан, ірімшік, сыра пісіру үшін микроорганизмдерді пайдалану туралы суреттер көрсетіледі. Оқушылар нан мен ірімшік өндірісінің технологиялық кезеңдерін атайды, оларды заманауи өндіріспен салыстырады.

2. Ой шақыру. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша терминдер жинағы ұсынылады, оларды талқылағаннан кейін олар осы терминдердің байланысын түсіндіруге тиіс.

3. Мақсатты орнату. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын анықтайды:

• микроорганизмдерді өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада және үй шаруашылығында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттау;

• Биотехнологияда микроорганизмдерді пайдаланудың пайдасы / зияндылығының қатынасын бағалау.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) - адамның қатысуымен тірі ағзаларда биологиялық процестерді жүргізу барысында жаңа өнім алу; экономикалық құнды заттарды алуүшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.Биотехнологияның негізгі объектісі - тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.

Алғаш рет «биотехнология» термині 1917 жылы Карл Эреки  шошқаларды  қант қызылшасымен  қоректендіру кезінде олардың өнімдерінің жоғарылауы жасалған жұмыстарының нәтижесінде берілген.

Биотехнологияның пайда болуы мен даму тарихында ғылыми пән ретінде голланд ғалымы Е.Хаувинк 5 кезеңді ажыратты.

Пастер ғасырына дейінгі кезең (1865 жылы). Сыра, шарап, нан өнімдері және  сыра  ашытқыларын, ірімшік  алғандағы спирттік және сүт қышқылды ашытуды қолдану. Сірке қышқылын және ферментативті өнімдерді алу.

Пастер ғасырлық кезеңі (1866-1940 жж) - этанол, бутанол, ацетон, глицерин, органикалық қышқылдарды, вакциналарды өндіру. Канализациялық суды аэробты тазалау. Көмірсулардан азықтық ашытқыларды өндіру.

Антибиотиктер кезеңі (1940-1960жж) тереңдетілген ферментация жолымен пенициллин және басқа  антибиотиктерді  алу.  Өсімдік  жасушаларын дақылдау және вирустық вакциналарды алу. Стероидтардың микробиологиялық биотрансформациясы.

Меңгерілетін биосинтез кезеңі (1961-1975) - микробты мутанттар көмегімен амин қышқылдарын өндіру. Тазартылған ферменттік препараттар алу. Иммобилизацияланған ферменттерді және жасушаларды өндірістік қолдану. Канализациялық суларды анаэробты тазалау және биогаз алу. Бактериалды полисахаридтерді өндіру.

Жаңа биотехнология кезеңі (1973 жылдан бастап) - биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық және генетикалық инженерияны қолдану. Моноклоналды антиденелерді өндіретін будандарды, протопласттарды және меристемді дақылдарды будандастырып алу.  Эмбриондарды  трансплантациялау.

Биотехнология ғылыми пән және өндірістік технология есебінде тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілеті бар және әртүрлі салаларда:  ауыл шаруашылығында;  фармацевтикада; тағам өнеркәсібінде;  биоэнергетикада; қоршаған орта ремедиациясында;  биоэлектроникада; тағы басқаларда қолданылады.

Ауыл шаруашылық және тұрмыстағы қалдықтар, автомобильдерден шығатын улы заттар, өндірістен және ірі қалалардан бөлінетін лас суларды тазартуда микробиологиялық биотехниканың маңызы зор. Арам шөптерге, түрлі зиянды жәндіктерге қарсы күресуде қолданылатын пестицидтердің адам үшін зиянды екені белгілі. Сондықтан пестицидтердің орнына экологиялық жағынан тиімді препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битотоксибациллин, гомелиндер, т.б.) Биотехнология тәсілімен алынады. Топырақтың құнарлылығын арттыруда да биотехнологияның маңызы зор. Мысалы, ауа азотын пайдаланып, онымен қоректенетін микроорганизмдердің (азотобактер, т.б.) көмегімен бактериялы тыңайтқыштар (нитрагин, т.б.) дайындалады. Мал шаруашылығында, азықтық жемшөпке құнарлығын арттыру үшін ферменттер (аминосубтилин, протосубтилин, т.б.) қосады, соның нәтижесінде жемшөп құрамындағы күрделі қосылыстар (лигнин, целлюлоза, т.б.) жақсы ыдырайды.

Тапсырма:

“Микроағзалар-адамның көмекшілері” кестесін толтыру.

Бағалау критерийлері

"Модифициаланған ағзаны пайдалану аймағы" және "бастапқы ағзаның патогенділігі" бағандарын дұрыс толтырады».

Ғылыми терминологияны дұрыс қолданады.

Жоғары мотивациясы бар оқушылар өз бетінше микроағзалардың мысалдарын келтіреді және әрі қарай кестені толтырады.

Рефлексия



Презентация
Қосымшалар
Ақпарттық парақ



Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы.

Кері байланыс.




Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолднуын, өндірілуін біледі;

зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы.


Сымбатты сақтау ережелері.

Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы:

Мектеп:

Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты.

Мерзімі :

Мұғалімнің аты-жөні: Жұбанова Б.Т.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Жануарларды клондау. Клондаудың тарихы.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

Клондау ұғымымен тереңірек танысып, тарихын біледі.

Сабақ мақсаты:

  • Клондаудың тарихын біледі;

  • Клон түсінігімен танысады;

  • Клондаудың тәсілдері мен маңызын ұғынады.

Бағалау критерийлері:

Клондаудың тарихы мен маңызын айтады.

Пәнге қатысты терминология

Пәнге қатысты лексика мен терминология: Клондау, ДНҚ, геном, вектор, плазмида, Долли.

Құндылықтарды

дарыту

«Мәңгілік ел» жалпы идеясының «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығы негізінде жаңашылдыққа құштар еңбекқор тұлға тәрбиелеу. Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.

АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өзара салемдесу;

  • Сыныпта ынтымақтастық атмосферсын құру.

  • Сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін айқындау.




Сабақтың ортасы


3-5 мин

15-20 мин

10 мин


Ой шақыру.Монозиготалы егіздер мен «Клон» ұғымы арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыздар.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Клондау(грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу. 20 ғ-дың 60-жылдарының басында кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарларды Клондау әдістері жете зерттелді. Бұл әдістерге даму сатысын аяқтап, толық жетілген клеткалар ядросында организмнің барлық белгілері болатыны туралы ақпарат анықталғаннан кейін қол жеткізілді. Клондау кезінде клеткадағы белгілі гендер жоғалмайды (тек Клондау процесіне қосылмаған гендер ғана жойылып отырады). Клондау туралы алғашқы мағлұматты Корнелль универстетінің (АҚШ) профессорлары жүргізген тәжірибелерден көруге болады. Олар өсуге қажетті қоректік заттар мен гормондары бар ортада сәбіз тамырының жеке клеткаларын өсіру арқылы, осы өсімдіктің жаңа формасын алды. Кейінірек  Ұлыбританияның  Оксфорд университетінің  ғалымы  Д.Гердон  (1933 ж. т.) алғаш рет жануар омыртқасын Клондауға болатынына қол жеткізді. Ол өзінің ядросы алдын ала ультракүлгін сәулелері арқылы жойылған құрбақаның жұмыртқаклеткасына, ішек клеткаларынан алынған ядроны егу (қондыру) арқылы әуелі итбалықты, соңынан сол ядро алған құрбақаға ұқсас дарабасты алды. Бұл тәжірибелер тек дифференциалданған (арнайы) клеткаларда организмнің дамуына қажетті барлық ақпараттардың болатынын дәлелдеп қана қоймай, сондай-ақ, жоғары сатыдағы организмдерді, соның ішінде адамды да, Клондауға болатынын көрсетті. Клондау арқылы өте пайдалы өсімдік сорттарын алуға және мал тұқымын асылдандыруға болады. Бірақ Клондаудың мұндай әдістері (өсімдік сорттары мен асыл тұқымды мал алатын) адамдарға қолдануға келмейді. Теориялық түрде әйелдің де, еркектің де генетикалық көшірмелерін жасауға болады. Бірақ клондалатын клетка даму сатысының барлық кезеңдерінен өтуі керек, міне, сол кезде клеткаға сыртқы ортаның қалай әсер ететіні әлі толық анықталған жоқ.

Жануарларды табиғи клондау әдістері.  Табиғатта жыныссыз көбеюдің ерекше тәсілдері кезінде жануарларды табиғи клондау әдістері болады. Бұл – бүршіктену, бөлшектену  немесе стробиляция.
  Бүршіктену ішекқуысты гидроидты (гидра) немесе сцифоидты (құлақты медуза полипі) полиптерге тән. Сонымен қатар біржасушалы саңырауқұлақтар – ашытқылар да бүршіктенеді. Бүршіктену кезінде ересек (көпжасушалы) ағза денесінде сома жасушалары ерекшеленеді де, қоршаған жасушаларға қарағанда тезірек көбейе бастайды. Аз уақыттан кейін олар тез бөлінетін жасушалардан тұратын «түйін» немесе «көпіршік» түзеді. Бұл – болашақ «бүршік». Пайда болған бүршік біртіндеп ұлғайып, осы түрдің ересек ағзасына тән сипаттарға ие болады. Мысалы, гидрада қармалауыштары пайда болады да, гастральды қуысқа апаратын ауыз тесігі ашылады. Еншілес ағза жеткілікті үлкен болған кезде ол «бүршіктеніп үзіліп кетеді», яғни ана ағзасынан бөлініп, дербес тіршілік етуге көшеді.
  Бөлшектену (фрагментация)  немесе  стробиляция  жалпақ (планария) және буылтық (нереида) құрттар, тікентерілілер (теңіз жұлдызы) сияқты кейбір омыртқасыз жануарларға тән. Бұл көбею әдісі кезінде ересек ағза ұрпақтың пайда болуына денесінің әрбір бөлігінде тіршілікті қамтамасыз ететін мүшелер мен ұлпалар қалыптасатындай «дайындалады». Сосын тұтас ағза денесі бөліктерге ыдырайды да, олардың әрқайсысы дербес тіршілік иесі болады. Мысалы, құрттардың алуан түрінде екіден он алты бөлікке дейін көлденеңінен бөлінеді. Осылай құлақты медуза полипі денесінде  эфир деп аталатын көптеген көлденең жалпақ фрагменттерге бөлінеді. Эфир жасушалары қарқынды бөлінген соң күмбез өсіп, жас медузаға айналады.

Бірақ омыртқалы жануарлар ешқашан өсімдіктердің вегетативті көбеюіне ұқсас әдістермен көбеймейтінін есте сақтау керек. Демек, оларда табиғи биологиялық жағдайда  клондар түзілуі мүмкін емес. Жануар ағзасын клондаудың заманауи әдістері 1996 жылы Долли қозысын клондаудан емес, 1962 жылдан басталады. Осы жылы Оксфорд университетінің зоолог профессоры Джон Гордон (Гёрдон) алғаш рет омыртқалы жануар – бақаны клондауды жүзеге асырды. Ол үшін бақаның жұмыртқа жасушасы – уылдырығын алды. Оның ядросы ультракүлгін сәулеленудің дозаланған әсерімен бұзылды. Кейін микроине көмегімен бұл жасушаға сома (дене) жасушасының ядросы енгізілді. Осы диплоидты жасушаға шамалы әсер еткен соң ол бөлшектене бастайды. Эмбриогенез нәтижесінде сомалық ядро және жұмыртқа жасушасының протопласты бар осындай «конструкциядан» толыққанды бақа ағзасы дамыды. Бұл жоғары сатыдағы (омыртқалы) жануар ағзасын жасанды клондаудың ең алғашқы үдерісі болып есептеледі.

  Бақа басқа қосмекенділер сияқты жұмыртқа жасушасымен манипуляция жасау үшін мінсіз нысан болып табылатынын айта кету керек. Олар «ашық», яғни жұмыртқада да, аналықта да болмайды. Осы себепке байланысты ХIХ–ХХ ғасырда эмбриология бойынша көптеген эксперименттер бақаларға жасалды. Сонымен қатар уылдырықтың өзі «бөлшектену» күйіне оңай өтеді. Экспериментте бақаның гаплоидты, ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасының қабықшасын стерильді микроинемен тессе, ол тез митозға өтеді, яғни бөлшектене бастайды. Бірақ гаплоидты хромосома жиынтығы қалыпты ағза қалыптасуы үшін жетпегені анық. Сондықтан осындай толыққанды ұрықтан кәдімгі сау бақа ағзасы бірде-бір рет қалыптаспады. Мұндай «ұрық» үнемі өліп қалды (эмбриондық ерте дамудың әртүрлі сатысында).

  Гордон эксперименттері нені дәлелдеді? Ең маңыздысы олар тотипотенттілік сомалық өсімдік жасушаларына да, жануар жасушаларына да тән екенін эксперимент жүзінде дәлелдеді. Тұқымқуалаушылық мәселелерімен айналысқан ғалымдар мынадай жағдайларға сенімді болды:
  1) барлық жануар (жоғары сатыдағы сүтқоректілер және адам) ағзасының диплоидты сома жасушаларында тұқымқуалаушылықтың барлық қажетті құрамбөліктері болады;
  2) жануар сома жасушаларындағы тұқымқуалаушылық құрамбөліктері толыққанды ересек ағзаның дамуын толық қамтамасыз етуі мүмкін;
  3) теориялық тұрғыда кез келген, соның ішінде жоғары сатыдағы жануар денесінің бір (сома) жасушасынан ағзаны клондауға болады.
 Осы теориялық қағидалардың барлығы Гордон және басқа зерттеушілер жұмысынан кейін практикада эксперименттік жолмен дәлелденді.
  Долли қозысын қалай клондады? «Ең атақты қойдың» туу тарихы мен тіршілігі қандай болды? 35-параграф тапсырмасынан Долли қозысына дейін Машка тышқаны және Меган мен Морган қозылары алынғанын білесіңдер. Неліктен олар Долли қозысы сияқты әйгілі болмады? Шын мәнінде, «Долли ізашарларын» өсіру үшін сома (дене) жасушалары (немесе ядро) емес, эмбрион жасушалары қолданылды (38-сурет).
  1996 жылы шығарылған жануарды клондау үдерісіне келетін болсақ, ол үшін үш қой таңдалып алынды. Доллидің генетикалық анасы Англияда шығарылған ақ тұмсықты қой тұқымы болды. Оның ағзасынан желін жасушалары алынды. Ғалымдар жасушаларды бірден көп мөлшерде алды да, олардың бір бөлігін криоконсервациялады (сұйық азотта мұздатып сақтады). Долли пайда болатын жасушаны стерильді зертханалық жағдайда қоректік ортаға орналастырды.
  Экспериментке қатыстырылған екінші қара тұмсықты қой басқа қолтұқым жануар болды. Қара тұмсықты бұл қойдан жұмыртқа жасушалары алынды. Кейін зерттеушілер микроине көмегімен жұмыртқа жасушасынан ядросын алды. Осылай аналық гамета жетілген жасушаның цитоплазмасы мен барлық органоидтері бар, ядросыз жасушаға айналды. Содан кейін ғалымдар сүт бездерінің жасушалары мен дайындалған ооцитті қосты. Осы екі жасушаның қосылу шарасын табысты жүзеге асыру үшін электропорация – жұмыртқа жасушасы мембранасының фосфолипидті қабатын «ажыратуға» мүмкіндік беретін электрмен әсер ету әдісін қолданды. Нәтижесінде сүт безінің дене (сома) жасушаларының хромосомалары бар диплоидты ядросы болатын және екі жасуша – желін жасушасы мен жұмыртқа жасушасы цитоплазмасы бар жасуша түзілді. Осындай «үйлестірілген» «зигота» кейін Долли қойының ағзасы дамыған ұрықтың алғашқы жасушасы болды.


Сұрақтар.

1. Адамды клондаудың қандай әдісін жүзеге асыруға болады? Ол ғылым, технология, мораль және құқық негізінде тиімді ме? Адамгершілік және дін тұрғысынан қазір өмір сүріп жатқан адамдардың басқа ата-аналар туған (ДНҚ-сы алынған ер адам мен әйелден емес) клондалған көшірмелерін жасау әдепке жатады ма? Адамзатты бұл жағдайда қандай болашақ күтуі мүмкін?
2. Панайотис Завостың мынадай пікірін талқылап, бағалаңдар: «Адам клоны жақында пайда болатынына ешқандай күмән жоқ. Оны мүмкін мен емес, басқа біреу жасайтын шығар. Ол жүзеге аспайды деген абсолютті сенім жоқ».

Рефлексия



Презентация
Қосымшалар
Ақпарттық парақ



Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы.

Кері байланыс.




Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: антибиотиктерді, антисептиктерді және залалсыздандыру өнімдерін қолднуын, өндірілуін біледі;

зерттеу жұмысын жүргізе алады; жасалған жұмыс бойынша дұрыс қорытынды шығара алады; заттың сыртындағы таза аймақтың диаметрі бойынша эффективтілігі жоғары болатын затты анықтай алады.

Қабілеті жоғары оқушылар: тақырып бойынша қосымша аұпаратты зерттеп, оны талдап, эссе жаза алады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ бойы жүргізіледі, оқушылар бір-бірін бағалайды, мұғалім бағалауы.


Сымбатты сақтау ережелері.

Зертханалық жұмысты орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



ҚОРЫТЫНДЫ

Әр күніміз жаңалықтарға толы қазіргі заманда жеке тұлғаның қызығушылығы негiзiнде жаратылыстану-математика бағытындағы мектептер мен сыныптарда биологияны оқыту түрлі саладағы технологияның дамуы, медицинадағы жаңалықтар мен өзгерістер барысында қосқан үлесін көрсететін, кәсіптік мәні оқу материалдарын толық қарастыруды қамтамасыз ететін оқытудың жүйелілігін, баяндау логикасын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Биотехнология – жаңа ғылымдардың бірі десек, адам баласы қазіргі уақытта бұрын соңды болмаған орасан зор табыстарға жетіп жатыр. Осы орайда, биотехнологиялық әдістердің көмегімен селекция процесін жүргізуде ежелден қолданып келе жатқан тәсілдерді едәуір жеңілдетуге, тездетуге болады.

Курсты оқу барысында білім алушылар биологияның көптеген салаларына негізделген, заманауи биотехнологияның жетістіктерімен танысып, қазіргі уақытта қолданылып жүрген тағам құрамындағы қоспалардың түрлерімен олардың жіктелуі және адам ағзасына тигізетін зияны туралы маңызды мағлұматтарды курс барысында оқып, танысып отыр. Элективті курс тізбектелген бірін-бірі толықтыратын тоғыз бөлімнен құралып, оқушылардың тұрақты қызығушылығын қалыптастыру үшін және қолданылып жүрген азық-түліктердің сапалылығын анықтауға түрлі тәжірибелер жасауға, дұрыс тамақтану рационын құра білуге бағытталып отыр.

Элективті курс бағдарламасын жазу барысында төмендегідей мәселелерді қамтыдық:

-бағдарлама 10-11-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылды;

- тақырыптар бойынша – теориялық, зертханалық тапсырмалар, семинарларға негізделген тапсырмалар алынды;

-тапсырмалар биотехнология ғылымымен танысуға бағытталып жасалды.

Жалпы биология пәні мұғалімдеріне оқушылардың биотехнология ғылымының жетістіктерін, ғылым ретінде қалыптасуы, биотехнология ғылымының негізгі мәселелері, селекцияның генетикалық негіздері, сұрыптау әдістері, микроорганизмдер селекциясы және биотехнология, жасушалық және генетикалық инженерия, генетикалық ресурстарды сақтау туралы түсініктерін қалыптастырып, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында таптырмас бағдарлама болады деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Турашева С.К., Оразова С.Б., Валиханова Г.Ж. Основы биотехнологии. - Алматы, 2014.

  2. Каленова А.К, Нарегеева Г.С. «Тағам биотехнологиясы» қолданбалы курсының әдістемелік көмекші құралы. БҚО Орал қаласының БББ.

  3. Найманов Д.К., Калбаева А.М. «Гендік және жасушалық инженерия». - Қостанай, 2017.

  4. Власова З.А. Справочник по биологии. -Москва,1998.

  5. Балиев А. Генетика спасет от голода. Но продлит ли она жизнь? - Молодаягвардия, 2001, №4, с 48-50.

  6. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски. - Человек, 2002, №5., с 158-164.

  7. Поморцев А.Мутации и мутанты. - Факел, 2003, №1, с12-15.

  8. Рогачев В. Генетическая революция, первые шаги. - Эхо планеты, 2000, №28, с 6-9.

  9. Свердлов Е.Что может генная инженерия. - Здоровье, 2009, №6, с 20-23.

  10. Слепчук Е. О чем молчит великая молекула. - Эхо планеты, 2001,№9,с 32-34.

  11. Чечилова С. Трансгенная пища. -Здоровье, 2000, №6, с 20-23.

  12. Статьи по проблеме трансгенности.

  13. Вельков В.В., Опасны ли опыты с рекомбинантными ДНК. - Природа, 1982, №4 с18-26.

  14. Зеленин А.В., Генная терапия: этические аспекты и проблемы генетической безопасности. - Генетика, 1999, №12, с 160-165.

  15. Иванов В.И., Юдин Б.Г. Этико-правовые аспекты проекты “Геном человека”.

  16. Дудов В.И., Голиков А.Г., Потехин О.Е., Красовский О.А., Правовые вопросы межграничного перемещения генетически измененных живых организмов. - Биотехнология, 1999, №6, с 80-85.

  17. Трансгенные продукты: потребности и безопасность Конференция ОЕСД, Эдинбург 28 февраля-1 марта 2000.

  18. Жұбанова А.А., Абдиева Г.Ж., Шөпшібаев Қ.К. «Биотехнология негіздері». - Алматы: Бас редакциясы, 2006.

  19. «Қазақ университеті»: Оқу құралы, 2016.

  20. Лобашев Е.М.., Ватти В.К., Тихомирова М.М. «Генетика және селекция негіздері». –Алматы: «Мектеп»,1985.

  21. Қ.Қайым «Биология және техника» - Алматы,1977.

  22. Жұмабаева Б.Ә. «Биотехнология негіздері: жануарлар биотехнологиясына арналған лабораториялық жұмыстар». – Алматы, 2011.

  23. Жолдасбаева Ж.Ж, Боранбайқызы Н, «Селекция және биотехнология негіздері» БҚО білім басқармасы. Орал, 2019

  24. Аубакиров Х.Ә. «Биотехнология». – Алматы, 2011.