Файл: Студентті Пндік оУдістемелік кешені.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 213

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Қазіргі уақытта Россида 300м аса тереңдікке арналған кемелер жоқ.

Жетістікті болып табылатын кемелердің бірі – катамарандар. Олардың бірқатар жетістіктері бар: жоғарғы тұрақтылығы (біртұлғалы кемелерге қарағанда бортты шайқалу амплитудасы 2-3 есе кіші). Ол теңіздің қатты толқу жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. (жұмыс уақыт коэффициенті 25% жоғары);

Формасы бойынша жұмысқа ыңғайлылығы, үлкен аудандылығы: (үлкен, ауыр жабдықтарды қоюға мүмкіндік береді); жоғарғы маневрлігі (әрбір тұлға өзінің жүріс винтімен жабдықталған). «Катамаран» кемесінің ұзындығы 79,2 м, ені 38,1 м, 6000 м тереңдік скважинаны бұрғылауға арналған (судың барлық тереңдігінде).

Өздігінен жүрмейтін бұрғылау қондырғыларының негіздерін бұрғылауға арналған (баржалар, плашкоуттар, шаландылар) ағаш плоттары ретінде құрады.

БК –ның технологиялық жабдығы.

Бұрғылау кеме бұрғылау уақытында суасты саға жабдықтарына қатысты біршама орын ауыстырады. Бұрғылау тізбегінің вертикал орын ауыстыруын компенсациялау үшін тәл блок пен крюк (ілмек) арасында арнайы құрылғы – компенсатор орнатылады.

Кеменің горизонталь орын ауыстыруын компенсациялайтын арнайы құрылғыны – судан бөлетін тізбек немесе тұрық деп аталады, ол суасты жабдығы мен қондырғы палубасы арасында орналасады. Бұрғылау мұнарасы шайқалу, бұрғылау кездерінде қосымша динамикалық жүктемелерге сыналады.

Ұңғыны жуу, тазалау және бұрғылау ерітіндісі дайындау циркуляциялау жүйесін жабық түрде орындайды, өйткені ашық жағдайда жұмыс қиындайды. Кемеде технологиялық жабдықтардың орналасуы жалпы кемеге қойылатын талаптарды бұзбай орындауға есеппен жүргізіледі.

Нег.:2. [74-77], 3. [64-67].

Қос.: 6 [947-951].

Бақылау сұрақтары:

  1. Не үшін және қандай тереңдікке бұрғылау кемелері арналған?

  2. Бұрғылау кеменің конструкцися.

  3. ЖББҚ-ның БК-ден айырмашылығы неде?

  4. БК немен теңіз түбіне ұстатылады?

  5. БК –нің жетістіктеріне не жатады?


Дәріс №7. Жүзбелі бұрғылау құрылғыларын (ЖБҚ) ұстау жүйелері.

Ұстау жүйелері берілген ауытқу шектерніде ЖБҚ – ны (БК және ЖББҚ) бұрғылау және падалану ұңғының өсіне горизонталды бағытты ұстау үшін арналған.

әдетте жүзбелі бұрғылау құрылғының горизонтал ауытқу теңіз терңдігінен 5 – 6% - дан аспайды. Максимал ауытқу радиусы R = 0,06 Н, мұнда 0,06 – су бөлгіш тізбегінің құбырларындағы кернеулермен шектелетін ең үлкен салыстырмалы ауытқу; Н – теңіз тереңдігі, м.


Теңіздің тереңдігіне байланысты барлық ЖБҚ келесі ұстау жүйелерімен бұрғылау нүктесінде жабдықталады:

  • 200м теңіз тереңдігіне дейін – якорлы шынжырлар немесе тростар арқылы (кей жағдайда комбинацияланған);

  • 200м теңіз тереңдігінен жоғары – динамикалық стабилизациялау жүйесі арқылы (динамикалық позициялау).

Якорлық ұстау жүйесі

Якорлау жүйесі якорлық шынжырлар, шоғыр, стопорлы құрылғы, роульстан (якорлық тростың орныауыстыру бағытын өзгерту құрылғысы). Жергілікті жағдайлар, бұрғылау жүзбелі құрылғының сипаттамалы және де басқа факторларға байланысты якорлы шынжырларды орналастырудың әртүрлі сұлбаларын қолданады.

Сурет 14-те әлем тәжірибесінде кеңінен таралған алты жолдары көрсетілген, мұнда n – якорлы арқандар саны.

Якорлы шынжырларды немесе тростарды оларға түсетін жүктемеге, теңіз тереңдігіне, жұмыс қондырғының сипаттамасына, құнына және т.б. факторларға байланысты таңдайды.



Сурет 14 – Якорлеу жүйесінің үлгі жолдары:

а, б, в – сәйкес, n – 9, 8, 10 болатын симметриялық жүйелері; г, д, е – 450 – 900 бұрышта бір – біріне сәйкес орналасқан (n = s); 30 – 700 бұрышпен платформа осіне және 30 – 600 бұрышпен кеменің көлбеу осіне орналасқан якорлы арқан жүйесі.

Якорлау үшін екі түрлі жазық звеналы шынжырларды қолданады: звенолары тура пісірілген жынжыр және құлыпты жынжыр. Көп жағдайда диаметрі 57 – 76 мм (кейде 90 мм) метал арқандарын қолданады.

Якорлы жүйелерді – тензометрлер және жазатын аппараттан тұратын якорлы арқандарды реттеу үшін қондырғылар кешені мен жабдықтайды. Олар якорлы арқанның тартылуын үздіксіз басқарып, толқынның биіктігі немесе жел бағыты туралы операторға білдіреді. Тростарда орнатылған датчиктерден информация пульт арқылы басқарылады.

Динамикалық стабилизациялау жүйесі.

Теңіз тереңдігі 200м – ден асқанда бұрғылау ұңғының осінен ЖБҚ – ның қажетті мүмкін ауытқуын якорлы жүйелер қамтамасыз етпейді. Осы себептерден 200м – ден астам динамикалық ұстау жүйелеріне қарағанда келесі жетістіктері бар:

• ЖБҚ – ның дәлдік позициялауын қамтамасыз етеді.

• Бортта және тік жайқалуды азайту мақсатында БК немесе ЖББҚ курсын тез өзгертеді.

• Бұрғылау нүктесінен тез арада кетуді қамтамасыз етеді.

Динамикалық стабилизациялау жүйесі автоматты басқарылатын тұйық шынжыр түрінде болды. Ол келесілерден тұрады:



1. Көлденең және жатық координаттарды анықтайтын датчикпен кері байланыста болатын шынжыр.

2. бастапқы орнынан х0, у0, φ0 ЖБҚ – ның онын Δх, Δу және Δφ ауытқуларынан анықтайтын салыстырмалы блок;

3. ЖБҚ – ны бастапқы орнына әкелу үшін қозғалтқыштар мен кері байланыста болатын басқару пульті.

4. Кемені Δх, Δу, Δφ шамасына ауытқуын қамтитын рол құрылғылары (қозғалтқышатр және қалаулар).

Автоматтандырылған басқару пунктінде ЭВМ кері байланыс шынжыры арқылы ЖБҚ – ң орны туралы мәліметтер алады. Бұрғылау бұрышын гидрокомпас, ал х, у координаттары акустикалық өлшегіш АМS жүйесімен есептеледі.


Нег: 2 [207 - 209]

Қос: 6 [987 - 993].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай ұстау жүйелерін білесіз ?

  2. Якорлық жүйе неден тұрады ?

  3. Динамикалық стабилизация жүйесі неден тұрады ?

  4. Екі бекіту жүйелері немен ерекшеленеді ?


Дәріс №8. Теңіз ұңғылары бұрғылау ерекшеліктері. Суасты саға қондырғысы. Теңіз тұрағы.

Ұңғыларды теңізде бұғылау құрлыққа қарағанда қиын және қымбат. Бұрғылау қондырғысын орнату үшін арнайы теңіз негіздерін құруды

қажет ететін және оларда ұңғыныв жүргізумен, жұмыстардың күрделі гидроголиялық және метеорологиялық жағдайлармен байланысты кешенді жұмыстарды орындау, бұның бәрі ұңғы сағасының үстінде су кеңістігінің болуымен қиындатылады.

Су кеңістігінің ағымы, толқуы және жел, жүзбелі бұрғылау қондырғының шайқалуына әкеліп, оның палубасында жабдықтардың, инструменттерді жылжуы, жел және ағымның бағытына қондырғының дрейфі және орын ауыстыру болады. Сонымен қатар, шайқалу бұрғылау қондырғысында жұмыс істейтін адамдарға жағымсыз физиологиялық әсері бар.

Теңіз түбінің бос жыныстары қатты суланады. Осындай жыныстарда кернді және ұңғылардың қабырғасының беріктігін сақтау үшін арнайы техникалық құрылғыларды қолданып, қосымша материалдық шығындарды және қоршаған ортаны ластаудан сақтау үшін қатаң талаптарды қанағаттандыруды қажет ететін технологиялық шараларды жүзеге асыру қажет.

Теңіздің арнайы гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлары құрлықта пайдаланатын бұрғылау технологиясын, әдістерді, техникалық құралдарды қолдану тиімділігін төмендетеді және мүмкіншілігін шектейді. Сондықтан, теңізде ұңғыларды бұрғылау мәселесінің тиімділігінің жоғарылауы су асты кен орныдарды меңгерудің негізгі үрдіс болып келеді.

Осындай ұңғыларды бұрғылау және ары қарай пайдалану үшін бұрғылау техникасы орнатуға қымбат массивті стационарлы, жартылай стационарлы және батпалы конструкцияларды пайдалану экономикалық тұрғыдан өтейтінін білдіреді.
Теңізде бұрғылау шарттары.

Теңізде ұңғыны бұрғылау үрдісіне табиғи, техникалық және технологиялық факторлар әсер етеді.(сурет15). Ең көп әсерін тигізетін табиғи факторлар, өйткені олар жұмыстарды ұйымдамтыру, техниканы конструктивті қолдану, оның құны, бұрғылаудың геологиялық мәліметтенуді және т.б. анықтайды. Осы факторға гидрометеорологиялық, геоморфологиялық және тау – геологиялық шарттар жатады.




Сурет 15-Теңізде ұңғыны бұрғылау тиімдігіне әсер ететін факторлар.

Гидрометеорологиялық шарттар теңіз толқуы, оның мұз және температуралық режимдары, су деңгейінің толқулары және ағымның жылдадылығымен көрінулікпен (туман, төмен бұлттану, жел) сипатталады.

Ресей жағалауын сулайтын көптеген теңіздер (Япондық, Охотский, Берингово, Белое, Баренцева, Татарлы ағын) үшін келесі толқын биіктерінің орташа қайталануымен сипатталады; %: 1,25м дейін (3 балл) – 5+ ; 1,25-2,0м (4 балл)- 16 ; 2,0-3,0м (5балл) – 12,7; 3,0-5,0 (6 балл)-10.

Бұрғылау үшін ауа температурасының төмедеуі өте қауіпті, өйткені бұрғылау негідің мұдлы болуы, жұмыстың тоқтаудан кейін айтару үлкен уақыт және еңбек шығындарына әкеледі. Теңізде көрінудің тиімділігі төмендеу себебінен бұрғылау уақыты да қысқарады. (шектеледі)

Геоморфологиялық шарттар жағалау құрылысымен, түптің топографиясы мен топырағымен, жағаны бұрғылау нүктесінің алыстаумен анықталады.

Түптің топырағы кішкентай аудандарда да біртекті емес болып келеді.

Барлық теңіздердің шельфтерінде түптері аз еңкіштігімен сипатталады. Жағалаудан 300-150м арақашықтықта изобаттар 5м – де болады, ал 20 – 60 км арақашықтықта 200м – де болады.
Теңізде барлау үшін ұңғыларды бұрғылау талаптары.

Теңізде кеңінен 0,12 – м диаметрлі бұрғылау құбырлары қолданылады. Ұңғының диаметрі 0,132м – ден кіші болмауы керек.

Әртүрлі акваторияларды барлаудың нәтижесінде келесі парамертлерді ұңғыларды бұрғылаудың геолого - әдістемелік және пайдалану – техникалық талаптар ретінде мақсат етеді:

Ең үлкен ұңғының тереңдігі м:

Суда/жыныста ......................... 300/300

Бос түсімдерде ұңғылардың диаметрі, м:

Ең үлкен .................................. 0,325/0,351

Ең аз ........................................ 0,146/0,166

Түпті жыныстарда ұңғының диаметрі, м:

Ең үлкен .................................. 0,131

Ең аз ........................................ 0,059

Мұзды жерден ұңғыны бұрғылау кезінде ұңғыны бұрғылау нүктесінен жағаға дейінгі арақашықтықтағы 5 км болады.

Тау – геологиялық шарттар негізінен ұңғымен жанасатын тау жыныстарның физико – механикалық қасиеттері мен және қуаты мен сипатталады. Шельфтің түзілімдеріне вамундары бар ұсақ жыныстар жатады.

Түптің түзілімдердің құраушысы болып негізіне құмдар, топырақтар, илалар және галька болып келеді. Алыс шығыс теңіз жыныстарының түп түзілімдері келесі түрлерімен келеді, %; ила-8, құмдар-40, топырақтар-18, галька-16, басқалары-18.