Файл: Жалпы медицина мамандыыны 5 курс студенттеріне арналан Жпалы аурулар пні бойынша жаттыу тесттері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 144
Скачиваний: 6
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қандай ем шарасы ең тиімді болып табылады?
-
ферменттер қолдану -
дезинтоксикация -
иммунокорректорлар қолдану -
өт айдайтын дәрілер қолдану -
вирусқа қарсы дәрілер қолдану
#71
*!19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».
Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?
-
анатоксин енгізу -
қорғаныс бетпердесін қолдану -
гамма-глобулин енгізу -
арнайы вакцинация -
тек қана қайнаған су қолдану
#72
*!18 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуа, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.
Диагнозды дәлелдеуге қай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?
-
Сулемді сынама -
Тимол сынамасы -
Трансаминаза дәрежесі -
Билирубин және оның фракциялары -
Вирусты гепатиттердің маркеры
#74
*!Науқас 40 жаста. Ауырғанына 13 күн болған. Шағымдары: жүрек айну , құсу, күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздық, иегінің қанталауы, зәрінің түсінің қараюы, үлкен дәретінің түсінің ахолиялық болуы. Біртіндеп ауырған, біріншіден әлсіздік, соңынан тәбетінің жоғалуы, буындарының ауруы, дене температурасының 37,3˚С қа дейін көтерілуі болған. 12-ші күні зәрінің түсі қарайып, нәжісі түссізденген. Қарағанда тері жамылғылары сарғайған, гепатомегалия.
Диагнозды дәләлдеу үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?
-
ТЕГАР -
ТГАР -
КБР -
ИФА -
иммунды блотинг
#75
*!Науқас 23 жаста, слесарь-сантехник, жатақханада тұрады, асханада тамақтанады. Бір апта бұрын ауырған: екі күн бойы дене температурасы 39-38,5˚С , әлсіздік, эпигастрий және оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі болған, тәбеті төмендеген.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаттардың аздаған сарғаюы байқалады. АҚ- 110/70 мм.с.б.б., пульс 60 рет мин. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауру сезімді. Бауыры қабырға доғасынан 2см -ге шығып тұр. Кіші дәретінің түсі «қою қайнатылған шәй» секілді.
Диагнозды дәләлдеу үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау керек?
-
ТЕГАР -
иммунды блотинг -
КБР -
ИФА -
ТГАР
#76
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталған дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, арқа және аяқ бұлшық еттеріндегі ауру сезімі байқалған. Келесі күні тобығында, табанында, санында геморрагиялық бөртпелер пайда болды. АҚ 100/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады. Тағайындаудағы қателікті табыңыз:
* глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы
* трисоль 500 мл к/т тамшы
*пенициллин 12 млн/тәу б/е
* аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т
* баралгин 5,0 б/е
#76
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.
Қабылдау бөлімінің дәрігері ем тағайындады.
Қандай препаратты науқасқа тағайындамау керек:
* глюкоза 5%-500 мл к/т тамшы
*левомицетин-сукцинат 3,0 г/тәу б/е
* трисоль 500 мл к/т тамшы
* аскорбин қышқылы 5%-10,0 к/т
* баралгин 5,0 б/е
#75
*!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.
Қандай зерттеу ЕҢ маңызды болып табылады?
*Қанның жалпы анализі
*Жалпы зәр анализі
*Мұрын жұтқыншақтан жағынды вирусологияға
*Жұтқыншақтан жағынды микрофлораға
*Қанның биохимиялық анализі
#76
*!25 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39
о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.
Қандай дәрі тағайындаған дұрыс?
*Антибиотиктер
*Вирусқа қарсы препараттар
*Симптоматикалық
*Иммуномодуляторлар
*Десенсибилиздеуші
#73
*! Әйел адам, 25 жаста ауруханаға ауруының 2-ші күні түсті, шағымдары: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, тамақтағы ауру сезім, құрғақ жөтел, көздің ашуына. Объективті: Дене қызуы 39,5С, беті қызарған, аңқаның шырышты қабаты айқын қызарған, жұтқыншақтың артқы қабаты түйіршіктелген, склераның қантамырларының инъекциясы. Мұрыннан серозды-шырышты бөлінділер. Жөтел құрғақ. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар естілмейді. Жүрек тоны анық тахикардия ЖСЖ 92 рет/мин ,АҚҚ 110/710 мм.с.б.
Тағайындалған ем: Цефазолин 1,0*3р б/е, глюкоза 5%-500,0 к/т, супрастин 1,0 б/е, ремантодин схема бойынша, тамақты фурациллинмен шаю тағайындаған.
Тағайындауда қандай қателіктер жіберген:
*Антибиотиктер
*Дезинтоксикациялық
*Десенсибилиздеушія
*Ремантадин схема бойынша
*Тамақты фурациллинмен шаю
#74
*!25 жастағы ер адам ауруханаға екінші күні, бастың ауруы, құрғақ жөтел, тамақтағы ауру сезімі, көзінің ашуына шағымданып түсті. Объективті: Дене қызуы 38,80С, аңқасында айқын қызару,жұтқыншақтың артқы қабырғасында түйіршіктер байқалады.Склераның қантамырларының инъекциясы. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, ЖСЖ 88 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.
Қандай вирусқа қарсы препарат тағайындаған маңызды?
*Тамифлю
* Ацикловир
* Интерферон
* Циклоферон
*Оксалиновая мазь
#75
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.
Айталмыш науқастан бактериологиялық зерттеу үшін қандай материал алу қажет:
* қан, бөртпе элементінен жағынды
* жұлын сұйықтығы
*мұрын-жұтқыншақтан жағынды, қан, ликвор
* мұрын-жұтқыншақтан жағынды ,бөртпе элементі, ликвор
* ликвор, қан
#76
*!18 жастағы ер адам ауруханаға түсті. Ауырғанына 2 күн болған: жедел басталған, бастың ауруы, дене қызуының 39о C дейін көтерілуі, тамақтың жыбырлауы, сүйектің және буынның қақсауы, мұрынның бітелуі, мазалайды. Өздігінен терафлю, парацетамол қабылдаған әсері болмаған.Қараған кезде аңқасында айқын қызару, беттің ісінуі және қызаруы, склераның қантамырларының инъекциясы, мұрын бітелген. Өкпеде қатаң тыныс сырылдар жоқ. Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия 98 рет/мин ,АҚҚ 100/60 мм.с.б.
Қандай дәрі тағайындаған дұрыс?
*Антибиотиктер
*Вирусқа қарсы препараттар
*Симптоматикалық
*Иммуномодуляторлар
*Десенсибилиздеуші
#78
! 19 жастағы ер адам, аурығанына 3 күн болғанда келіп түскен. Құлақ маңындағы сілекей бездерінің маңы ісінгеніне, басының қатты ауруына, қайталанған құсуға шағымданып келген. Пальпациялағанда сілекей бездері қамыр сияқты жұмсақтау, аздап ауырады, Мурсу симптомы оң, дене температурасы 39ºС, менингеалды белгілері оң. Лейкоциттер саны – 5.400 1 мкл қанда, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз.
Қандай зерттеу жүргізу қажет:
*жұлын миының пункциясы
* бса миына КТ
* электроэнцефалограмма
* бас миының МРТ- сы
* бас миына УДЗ
#79
*! Ер адам, 20жаста, ауруы жедел басталды дене температурасының 40°С дейін жоғарлауымен, бас ауруы, құсу 3 рет, әлсіздік байқалған. Келесі күні шүйде бұлшық етінің регидтілігі байқалды. АҚ 90/60 мм с.б.б., пульс 100 рет/мин. ЖҚА: лейкоцит – 20 х109 /л. Лейкоцитралы формула солға ығысқан. СОЭ - 40 мм/сағ, тромбоцит 120 мың. Жұлын сұйықтығы лайлы, қысыммен шығады, Панди реакциясы (), цитоз нейтрофилге байланысты.
Науқаста қызба, бас ауруы, құсу және менингеальды симптомдар оң болды.
Сіздің іс әрекетініз:
* антибактериальды терапия жүргізу
* қызуды түсіретін дәрілерді тағайындау
* гормондарды тағайындау
* бас миын рентгенологиялық тексеру
*жұлын сұйықтығын зерттеу
#80
! 51 жастағы ер адам, Алматы облысыының тұрғыны, жедел ауырған – дене қызуы көтеріліп, жалпы интоксикация дамыған, оң жақ білек аймағында ауыратын жара (осы жерде жабысп қалған кене болған). Қарап тексергенде жағдайы орта ауырлықта, жардан іріңді геморрагиялық бөлінді байқалады, лимфангит бар, оң жақ қолтық астында лимфаденит (тығыз, аздап ауырады).
Ең тиімді этиотропты препарат:
*ципрофлоксацин
* пенициллин
* делагил
* ремантадин
* фуразолидон