Файл: SW4501) Scientific writing Дрістер тезистері Таырып 1 ылыми іс рекет (ылыми процесс ретінде).doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 155
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ғылыми жаңалық тиегі аяқталған зерттеулердің сапасын бағалау үшін қолданылады. Ол қазіргі кезеңде әлі белгісіз, педагогикалық әдебиеттер тобына енбеген білім заңдылықтары, олардың құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясын сипаттаушы теориялық және практикалық қорытындылардың мазмұнын өрнектейді.
Зерттеу жаңалығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады. Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Жаңалық тиектері, теориялық және практикалық маңыздылық зерттеу типтеріне орай бір – бірімен ауысып барады, сондай – ақ жаңа білімдердің пайда болу уақытына тәуелді келеді.
4. Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары).
Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу – білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді.
Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
-
Ғылыми әдіснама дегеніміз не және оның түрлері? -
Педагогика ғылымының жалпы әдіснамасы дегеніміз не? -
Педагогика саласындағы зерттеулерге не жатады? -
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер қалай жіктеледі? -
Зерттеу бағдарламасының құрылымы қандай? -
Зерттеудің негізгі кезеңдерін атаңыздар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
2. Безрукова В.С.Как написать реферат,курсовую,диплом. – СПБ,2004.
3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.
4. Қоянбаев Р.М,Қыяқбаев Ұ.Қ.бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесінен диплом жұмысы. – А., 2004.
5. Скалкова Я.И др.Методология и методика педагогического исследования. – М.,1986.
6. Нағымжанова.Қ. Педагогикалық инновацияның зерттелуі //Бастауыш мектеп.-№3 1999ж
Тақырып 3: Зерттеудің мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.
Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.
Жоспар:
-
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. -
Зерттеу тақырыбын негіздеу. -
Проблеманы қою және дамыту
1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 – жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс – тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
-
ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән – мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну; -
жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай – ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы; -
тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік – жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу; -
ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін «блоктік» тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок – байланыс: тақырып – проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
-
Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау – ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама – қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып – проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
-
Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі). -
Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы). -
Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы); -
Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу). -
Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті – тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар). -
Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа «мәңгі жасмыл», «ұзаққа кететін» деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, «білмегенді білу», «белгісіздің белгілі болуы».
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).
3. Проблеманы қою және дамыту
1. Проблеманы қою
Қарама – қайшылықтарды тіркеу
Сұрақтар
Ізденіс бағыты және нәтижелері
2. Проблеманы негіздеу
Теориялық білімнің және табылған тәсілдердің жетімсіздігін анықтау
Негіздер (алғышарттар)
Бейне (нәтиженің жобасы)
3. Проблеманы анықтау
Кішігірім проблемалар, міндеттер
Тақырыппен жұмыс кезеңдері:
-
педагогикалық үрдістегі қарама – қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау. -
Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау. -
Нақты пәндік зерттеуді анықтау. -
Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету. -
Тақырыпты нақтылау және ықшамдау. -
Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу. -
Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
-
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігінің маңызы неде? -
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуының шарттары? -
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар? -
Проблеманы қою және дамыту мәселелері?
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет). -
Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2 -
Өмірова С. Педагогикалық зерттеулер тақырыбы. - Қазақстан мектебі. 2009. -№12. (61-64 бет). -
Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005. -
Новиков А.М.Методология образования. – Москва.,2002
.
Тақырып 4: Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау.
Мақсаты: Зерттелетін тақырып бойынша әдебиеттермен жұым істеу тәсілдері жайлы, библиографиялық деректер көзі мен ғылыми мәтін жайлы жалпы мағлұмат беру.
Жоспар:
-
Ғылыми әдебиетпен жұмыс. -
Әдеби көздердің библиографиялық деректері. -
Ғылыми мәтін.
1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.
Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:
1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек.
Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.
2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.
3. тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі.
2. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілері:
1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым- қатынастар: прогресс үшін бірігу // Саясат, 2002, №11. 30-32 б.
2. Борисова Б.М. Даралық және кәсіп.- М: Білім, 1991. 116 б.
3. Қысқаша психологиялық сөздік. / ред. А.В. Петровский. Ростов Н/Д: «Феникс» баспасы, 1998. 81-82 б.
Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:
Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).
Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек. Мысалы, «тәрбие әдістері...» [ 5 ].
Ғылыми жобаның кіріспесін ресімдеу.
-
Кіріспеде (кемінде 2 бет): таңдалған зертеу тақырыптарының көкейкестілігі, мақсаты, тапсырмалары келтіріледі; -
Кіріспе жаңа беттен басталады, 3- ші бет болып нөмірленеді; -
Бет нөмірлері беттің төменгі бөлігінің, оң жағында көрсетіледі.