Файл: SW4501) Scientific writing Дрістер тезистері Таырып 1 ылыми іс рекет (ылыми процесс ретінде).doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.11.2023

Просмотров: 160

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережесі.

  • Мәтін компьютерде терілу керек.

  • Сызық көлемдері: сол жақ-2,5 см, оң жақ – 1 см, жоғары – 2 см, төменгі – 2 см.

  • әріп- Times New Roman KZ Times New Roman 14 кегль;

  • абзац болу керек;

  • жол арақашықтығы- бірқатарлы;

  • кіріспе, әр жаңа тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі, қосымша жаңа беттен басталады;

  • тарау тармақшалары жаңа беттен басталмайды, бірінен кейін бір жазылады, олар аздаған арақашықтық арқылы ажыратылады;

  • ғылыми жобаның әр бөлімнің атауы майлы әріптермен, ортаға жазылады. Тараулар мен тармақшаларды жазу кезінде міндетті түрде олардың нөмірі (1.2., 1.1.,1.2. ) көрсетіледі.

  • Ғылыми жобаны жазу кезінде беттердің нөмірленуі және жобаның жекелеген бөлімдерінің орналасу реттілігі сақталу керек,

  • Мәтінде міндетті түрде пайдаланылатын әдебиеттерге сілтеме берілуі керек. (төртбұрышты жақшада).

  • Теориялық бөлімнің бет саны 20 беттен кем болмау керек;

  • Қорытындыда (кемінде 1 бет) жұмыстың негізгі нәтижелері және олардың негізінде жасалынған қорытындылар, жұмыс нәтижелерін ғылыми және практикалық мақсатта пайдалану бойынша ұсынымдар болады;

  • Пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тізіммен келесі тәртіпте беріледі:

автордың тегі, аты- жөні,

мақала және журнал атауы(журнал мақалалары үшін),

журнал және кітап атауы

шыққан жері және баспасы (кітаптар үшін),

шыққан жылы, шығу нөмірі, беттері.

  • әдебиеттер алфавиттік тәртіппен орналасады;

  • қосымша (егер қажет болса) әдебиеттер тізімінен кейін орналасады және карталар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, мәлімет кестелері болуы мүмкін. Қосымшалар да мәтінде кездесуіне қарай орналасады және нөмірленеді.

3. Аннотацияның (абстрактының) жазылуы.

  • Абстракт (аннотация) (кемінде 250 сөз) жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді және оған:

  • зерттеу мақсаты, тапсырмалары;

  • зерттеу объектісі, заты

  • гипотезасы

  • зерттеу кезеңдері , процедурасы;

  • эксперимент әдісі;

  • зерттеу жаңалығы және өз бетінше жұмыс істеу дәрежесі;

  • жұмыс нәтижелері және қорытынды;

  • нәтижелерді практика жүзінде пайдалану саласы кіреді.

Жетекшінің пікірі.


Әр жұмысқа жетекшінің пікірі берілу керек, онда таңдалған тақырыптың көкейкестілігі, автордың жұмысқа қосқан өз үлесі, жұмыстың кемшіліктері және нәтижелерді одан әрі пайдаланудағы ұсынымдар көрсетіледі. Пікір ғылыми жетекшінің жеке қолымен расталады.

Рецензия (орысш.: обзор, ағылш.: review, лат.: recensio) — талдау, саралау, көпшілік назарына ұсынылған жарияланымдарға (кітап, кино, т.б.), әдеби шығармаларға, өнімдерге баға беру. Рецензия материалдық заттарға да жасалады. Сондай-ақ қоғамда болып жатқан жағдайлар мен оқиғаларға да жазылады.

Ғылыми тұрғыдан алғанда рецензия — белгілі бір туындыға, еңбекке не болмаса шығармаға қатысты сарапталған, қорытылған ақпараттардың жиыны, оған берілген сараптамалық баға. Рецензия көбінде әр саланың мамандарының арасындажасалады. Мысалы, әдебиетке жақын адам, сауатты оқырман дегендей адамдар рецензия жазуға жақын болады. Және бір мысал ретінде ескеретіні, жаратылыстану ғалымы әдебиет саласында жаратылыстану ғылымындағы көзқарасы бойынша бағалау жасай алмайды. Әр саланың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мен саралау критерийлері болады.

Рецензияның көлемі әр түрлі болады. Бір беттен бастап бір кітапқа дейін жазып шығуға да болады.

Рецензияның түрлері

Рецензия әр түрлі жағдайда, әр түрлі затқа байланысты жазылатындықтан оның түр-түрі болады. Мысалы: Тұтынушының рецензиясы, саудасаласындағы рецензия, өнер саласындағы (ән-күй, концерт, т.б.) рецензия, сауда-саттық өнімдеріне қатысты рецензия, әдеби туындыларға қатысты рецензия, газет-журналдардағы мақалаларға қатысты рецензия және арнайы мамандар беретін сараптамалық-салыстырмалық рецензия.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Ғылыми әдебиетпен жұмыс кезеңінің мазмұны?

  2. Библиографиялық тізімнің құрылымы қандай?

  3. Әдебиет көздерін сипаттау үлгілерін келтіріңіздер.

  4. Мәтінді рәсімдеудің жалпы ережелерін атаңыз.

  5. Ғылыми мәтіндерге не жатады.

  6. Аннотация дегеніміз не?

  7. Рецензия дегеніміз не?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.

2. Усачева И.В.Курс эффективного чтения учебного и научного текста. – М.,1993.

3. Краевский В.В.Методология педагогического исследования. – Самара 1994

4. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.


Тақырып 5 : Ғылыми педагогикалық зерттеулердің алғашқы қойылу кезеңі.

Мақсаты: Ғылыми педагогикалық зерттеудің алғашқы қойылу кезеңі, оны құрудың логикасы, зерттеу пәні, зерттеу объектілері жайлы ақпар беру.

Жоспар

1. Зерттеу пәнін анықтау.

2.Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.
1. Методологиялық принциптер жүйесіне сүйене отырып, зерттеуді анықтайды:

  • зерттеу объектісін және пәнін

  • оларды шешу реттілігін

  • қолданылатын әдістерді

Шартты түрде ғылыми зерттеулердің екі негізгі кезеңі ажыратылды:

А) эмпирикалық

Б) теориялық

Эмпирикалық кезең фактіге негізделген қорытынды материалды алумен және бірінші реттік өңдеумен байланысты. Әдетте ақиқат және ғылыми фактілерді бөледі.

Ақиқат фактілері – бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар, оқиғалар, зерттелетін объектілердің әр түрлі жақтары, қасиеті, қатынасы.

Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулар түрінде тексерілген, яғни міндетті түрде тексреліген фактілер жиыны.

Эмпирикалық кезең жұмыстың екі сатысынан тұрады:

Бірінші сатысы – бұл фактілерді алу және табу процесі

Екінші сатысы – олардың өзара байланысында фактілердің бағасын және бірінші реттік өңдеуді өзіне қосады (енгізеді):

  • ғылыми тіл терминінде алынған фактілерді ойластыру және қатаң бақылау;

  • әр түрлі негіздер бойынша фактілер классификациясын және олардың арасындағы негізгі тәуелділікті айқындау.

Бұл кезең барысында зерттеуші жүзеге асырады:

А) маңызды емес және кездейсоқ қоспалардан оларды тазарта отырып, әрбір фактінің тексерісін және сындық (критикалық) бағасын;

Б) зерттеу жүргізілетін ғылымның айналасында анықталған терминді, әрбір фактіні сипаттау;

В) негізгі даму тенденцияларын көрсететін және неғұрлым қайталанатын барлық типтік фактілерді сұрыптау;

Г) оларды жүйеге келтіретін маңыздылығы бойынша, үйретілетін құбылыс түрлері бойынша фактілер классификациясын;

Д) үйретілетін құбылысты сипаттайтын заңдылықтарды

Эмпирикалық деңгейде зерттеу, яғни іріктелген фактілердің өзара байланысын көрсетеді.

2. Теориялық кезең және зерттеу деңгейі.

Ол құбылыс түсіндірмелерімен, заңдарды сандық және сапалық формадағы тұжырымдамасымен және танумен, зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен, фактінің терең анализімен байланысты.


Ары қарай бұл кезеңде мүмкін болар оқиғаларды болжау және оқытылатын құбылыстардағы өзгерістер жүзеге асырылады, осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету ұсыныстары, әрекет принциптері өңделеді.

Периодты заңды бірінші ашқан ұлы Менделеев ғылымми зерттеу тапсырмалары туралы былай айтты:

«Үйрену - бұл»:

А) жай бейнелеу немесе сипаттау емес, белгіліні үйренуге қатысын білу;

Б) өлшеуге жататындардың барлығын өлшеу;

В) сандық және сондай – ақ сапалық мәліметтерді қолданып, белгілі жүйеде үйретудің орнын анықтау;

Г) заңды табу

Д) үйретілетін оқиғалар арасында себептік байланыс болжамдарын құрастыру;

Е) гипотезхаларды тәжірибеде тексеру;

Ж) үйренудің теориясын құрастыру.

Теориялық кезең өзіне жалғастырушы жұмыс кезеңдерінің қатарын қамтиды. Эмпирикалық және теориялық кезең арасындағы байланыстырушы топ мәселе құрылымы болып табылады.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

  1. Зерттеу пәнін қалай анықтаймыз?

  2. Шартты түрде ғылыми зерттеудің кезеңдерін ата ?

  3. Эмпирикалық кезеңді сипаттаңыз?

  4. Теориялық кезеңнің қызметі?

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет).

  2. Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2

  3. Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003.

  4. Методология педагогических исследований ( Под ред.Г.А.Пискунова,Г.В.Воробьева). – М.,1980.



Тақырып 6 : Ғылыми педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңі.

Мақсаты: Педагогикалық зерттеудің жүргізілу кезеңдерін ажыратуға дағдыландырып, қорытынды кезеңнің жазылуы жайлы жалпы мағлұмат беру.

Жоспар:

1.Ғылыми педагогикалық зерттеуді жүргізу процесі.

2. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының басқа түрлері.
1. Қазіргі жоғары оқу орындарының алдында тұрған күрделі

міндеттердің бірі – студенттердің ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, өзіндік жұмыстармен байланстыра отырып дамыту. Яғни, студенттер жоғары оқу орындарында білім алып жүрген кездің өзінде – ақ ғылыми зерттеу жұмыстары, оның түрлері, оны жүргізу әдістемесі, әрбір жұмыстың негізі, тұп нұсқасы неде жатқанын анықтай алу үшін ғылыми – зерттеу жүргізудің маңызы зор. Бұл міндеттерді шешуде студенттер рефераттық жұмыстыр жасау, ғылыми баяндамалар әзірлеу, эксперимент жүргізу, кітапханаларда картотека, библиографиямен жұмыс істей білу, курстық және дипломдық жұмыстар орындаудың әдіс – тәсілдерін, жүргізу ерекшеліктерін өз дәрежесінде меңгерулері қажет.


Осыдан келіп, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Сондықтан, студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындауда олардың дағдыларын қалыптастыру жүйесін оқу және оқудан тыс арнайы ұйымдастыру – білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысы – алынған білімдерді, біліктер мен дағдыларды тәжірибеде қолдана алуға қабілетті, жоғары білімді мамандар даярлау сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. Студенттерді ғылыми – зерттеу жұмысына тарту олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін қазіргі ғылымның көкейкесті міндеттерін шешу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

2. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.


Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлері




Рефераттық жұмыстар жазу

Ғылыми мақала, эссе жазу

Дипломдық жұмыс орындау


Курстық жұмыс жазу

Ғылыми жоба дайындау

Ғылыми баяндама, пікір жазу

Эксперимент жүргізу

Рефераттық жұмыс – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылым түрінде берілетін жұмыс. Реферат ғылыми – ақпараттық бағытта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар рефератта ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады.

1. Ақпараттық рефераттар. Мұнда автор бір немесе бірнеше жұмыстың мазмұнын қысқаша баяндайды.

2. Бағалаушы рефераттар белгілі бір проблема бойынша бірнеше ғылыми әдебиеттер негізінде жазылады және проблемаға түрлі көзқарастар, түрлі жұмыстардағы ғылыми тұжырымдамалардың сыни талдамасы келтіріледі, реферат авторының ұстанымы анықталады.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті – барлық студенттерді таңдаған мамандығы аясында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен және практикалық дағдыларымен таныстыру. Бұл функциялардың орындалуына оқу үдерісіне енгізілген, сондай – ақ оқудан тыс уақытта орындалатын ғылыми – зерттеу жұмыстарының түрлі формаларының үйлесімі арқылы қол жеткізіледі.