Файл: SW4501) Scientific writing Дрістер тезистері Таырып 1 ылыми іс рекет (ылыми процесс ретінде).doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 161
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Әдебиеттерді зерттеу кезіңде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыпты белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.
2. Анализ және синтез. Талдаудың эмперикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу обьектісін сипаты мен динамикасын анықтау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатысы анықталмайды. Сондай-ақ ол қатыстық – қисынды сипатта болуы мүмкін, мұндай талдауда элементтердің бір-біріне қатысы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтату ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөлемдері де керек. Конъюнкция ( лат. одақ, байланыс) ережесін қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Анализ бен синтез диалектикалық түрде бір – бірімен тығыз байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезіңде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.
3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар; талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.
Дәріптеушілік – дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген обьектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы обьектерді, әсіресе, материалдық обьектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмперикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар анықталады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын анықтау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың модеоін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу обьектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір обьектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші обьект түпнұсқа болады да екінші обьект оның моделі болады.Зертеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заң бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын емес немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында бір ұқсастық болуы керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, анализ бен синтездің әртүрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болуы керек. Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында моднльге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.
Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модеоьдің түрін таңдау зерттеу обьектісінің күрделігіне байланысты болады
7. Болжау әдісі зерттеушінің қатынасынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсетерге, кеселерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңейі мен дәрежесі қажет.
8. Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зертеу жиынтығын өңдеу үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы ауытқуларды, әртүрлілік коэффиценттерін есептеу үшін қолданылады.
Теориялық әдіс деректерді теориялық негізде құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларды және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Зерттеу обьектісінің мәнін теориялық түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі.
Тарихи педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан ерекшелігі – бұл педагогикалық құбылыс зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпаратты жинақтап, заңдылықты байланыстар мен нәтижелерін анықтау.
Әдістер көп түрлі де, сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыратылады. 1) педагогикалық тәжірбиені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері; 3) математикалық әдістер;
3. Тарихи педагогикалық зерттеу әдістері білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірбиені зерттеудің жолдары. Тарихи педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық процесс қиыншылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемаларды шешуде қолайлы рөл атқарады.
Теориялық талдау – педагогикалық құбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптері мен ұстанымдарға келеміз. Талдауды біріктіру процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық құбылыстың мән-жайына енеміз.
Тарихи педагогикалық зерттеу өдісікөптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді;
-
Жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері; -
Жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер; -
Тарихи педагогикалық ресми деректер мен құжаттар; -
Педагогикалық мерзімді басылымдар; -
Мектеп, мұғалім, тәрбие жөніндегі көркем шығармалар; -
Педагогикалық анықтама құралдары; -
Педагогикалық және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар;
Әдебиеттермен танысудың арқасында қай проблеманың қандай тараптары жақсы зерттелген, қандай проблемалардың дау-дамайлы және қатысты мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады.
Педагогика ғылымында жас зерттеушілердің араласуын күтіп жатқан, әлі анықталмай жатқан елеусіз болған құбылыстар байланысы мен тәуелділіктері ұланғайыр, тың ретінде. Педагогиканың жемісті дами түсуінің басты шарты – ғалымдар мен педагог-практиктердің бірлікті іс-әрекеті. Егер осы теориялық және тарихи зерттеу педагогикалық әдістер жүйесін жете білумен жүргізілетін болса, педагогтың өз тәжірбиесі де, басқалардың да педагогикалық ұсыныстары мақсатты бағытта зерттеліп талданады, соның нәтижесінде оқу-тәрбие ұйымдастыру жолындағы табыстары мен жаңалықтары ғылыми тұғырға орнығуы сөзсіз.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Теориялық талдау дегеніміз не?
2. Индуктивті және дидуктивті әдістерді сипаттаңыз.
3. Теориялық деңгей әдістеріне қай әдістерді жатқызамыз?
4. Абстракциялау дегеніміз не?
5. Анализ және синтезді талдаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Асқаров Е.С., Балапанов Е.Қ., Қойшыбаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. оқу-әдістемелік құрал Алматы 2005ж. (5-15 бет). -
Қасқабаева Ф. Ғылыми жұмыстарды жазуға жаднама. Қазақстан тарихы. -2007. - № 2 -
Загвязинский В.И.,Атаханова Р.Методология и методы психолого педагогического исследования. – М.,2003. -
Методология педагогических исследований ( Под ред.Г.А.Пискунова,Г.В.Воробьева). – М.,1980. -
Тотанова А.С.Методика научно – педагогического исследования. – Алматы,2005
Тақырып 9: Эмпирикалық зерттеу әдістері.
Мақсаты: Эмпирикалық зерттеу әдістері дегеніміз не, бұл топқа қандай әдістер жататындығын көрсетіп, олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Жоспары:
1. Бақылау әдісі.
2. Педагогикалық эксперимент.
3. Сұрақ – жауап әдістері.
4. Мұғалімдердің, жаңашыл педагогтардың тәжірибесін зерттеу.
5. Педагогикалық құжаттарды зерттеу.
1. Педагогикада зертеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық.Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар.
1.Бақылап зерттеу – заттар менқұбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу обьектісінің сыртқы жақтары,қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу.Бақылап зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу обьектісі, бақылап зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап зертеу құралдары – видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.
Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды.түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады.Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесін ажыратуға болады:
-
тікелей бақылап –зерттеу, мұғалім-зертеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарп адм; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зертеушілер тобына кіргізілуі.Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады; -
жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зертеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады.Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады; -
жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералы бар мектептерде жүргізіледі.Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен арақатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. -
Үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі- үш оқушыныcабатағы,ойындағы,сыныптан тыс,мектептен тыс оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады; -
Дискретті бақылап-зерттеу обьектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады.Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін – жарты жыл немесе бір жыл.бақылап-зерттеу белгілі бір уақытқа үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады; -
Монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір заты бақылау кезінде қолданылады; -
Бір бағытты бақылап –зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады; -
Бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады.Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.