Файл: SW4501) Scientific writing Дрістер тезистері Таырып 1 ылыми іс рекет (ылыми процесс ретінде).doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 163
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эксперименттің негізгі сатылары мен жобалау бағдарламасы
(сатылы бағдарлама, мониторинг)
1. Диалностикалық – экспериментті өткізу барысында проблеманы анықтау және сараптау;
2. Болжау – Экспериментальды жұмыстың мақсатын нақтылау, ЭЖ бағдарламасының жоспарын толықтыру, сараптаудың критерилерін көрсету (мониторинг бағдарламасы), нәтижесін болжау; жобаның ішкі және сыртқы сараптамасын жүргізу;
3. Ұйымдастыру – экспериментальдық жұмыстың мерзімдеріне түзетулер егізіп отыру,кадрларды дайындай, әдістемелік қамсыздандыру және қатысушылар арасындағы қызметтерін бөлу;
4. Практикалық - өзіндік экспериментік жұмыстың мониторингі (бастапқы, соңғы және ағымдағы өлшемдер)
5. Жалпылау - Алынған мәліметтерді талдау, сипаттау және басылымдарға шығару;
6. Енгізу (Внедренческий) – тәжірибе алмасу, құрылған технологияларды тарату.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері дегеніміз не?
2. Бақылау әдісі, оның түрлері, жүргізілуреті қандай?
3. Эксперимент дегеніміз не, оның міндеті, мақсаты, түрлері?
4. Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?
5. Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.
3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004.
4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.
5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж
Тақырып 8 : Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері.
Мақсаты: Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеудің әдістері, олардың түрлері, деңгейлері жайлы жалпы мағлұмат беру.
Жоспар:
1. Теориялық зерттеу әдістерінің мәні.
2. Теориялық деңгей әдістері.
3. Тарихи педагогикалық зерттеу әдістері.
1. Теориялық талдау – педагогикалық қбылыстың кей тараптарын, белгілерін, ерекшеліктері мен қасиеттерін біліп, қарастыру үшін қажет. Жеке деректерді талдаумен оларды жүйелі топтарға біріктіреміз, әрбіріндегі жалпылық пен даралықты ескере отырып, ортақ принциптер мен станымдарға келеміз. Талдауды біріктіру (синтез) процесімен қатар жүргізе отырып, зерттеудегі педагогикалық қбылыстың мән – жайына енеміз.
Индуктив және дедуктив әдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық әдістері. Индуктив әдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.
Теориялық әдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:
-
жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері; -
жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер; -
педагогикалық мерзімді басылымдар; -
мектеп, тәрбие, мғалім жөніндегі көркем шығармалар; -
педагогикалық анықтама қралдары: -
педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік – қолданбалар.
Әдебиеттермен танысудың арқасында ары қай проблеманың қандай тақырыптары жақсы зерттелгенін, қандай проблемалардың дау – дамайлы және қай мәселелердің әлі тың жатқанын білуге болады.
Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерінің түрі сан алуан. Олар арасында көбірек қолданылатындары: кітапдерек (библиография) түзу – зерттелетін мәселеге байланысты іріктеліп алынған деректік әдебиеттер тізімі; реферает жазу – жалпы тақырып бойынша бір не бірнеше ғылыми еңбектің қысқартылып берілген мазмны; конспектілеу – жмыстың маңызды идеялары мен тжырымдарына байланысты жан – жақты материалдарды мқият қамтыған жазбалар; аннотациялау – кітап пен мақаланың жалпы мазмнын қысқаша ақпар жазу; сілтеме (цитата) беру - әдеби деректе келтірілген ой, пікір не санды өзгертпестен мәтінге ендіре жазу.
Теория педагогикалық қбылыстардың кез келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория – таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса сол танымға жету мен оны қру тәсілі болып табылады. Бл – теориялық және практикалық ғылыми – танымдық іс - әрекетті йымдастыру мен қрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бл – осы жүйені тану жолы.
Зерттеу жмыстарына жаңадан араласқан зертеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы трақты философиялық және теориялық тжырымдар мен қорытындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік ттастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмперикалық деңгейдегі білім қайта қрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қорытындылар мен нақтыландырулардың негізін қрастыру қажет. Теориялық білім, сөздің жалпы мағынасында, дегеніміз белгілі бір педагогикалық қбылысты талқылауға, қолдануға және түсінуге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалық іс - әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы ттас түсінік беретін ғылыми білімді йымдастыру формасы. Бл ттас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан трады. Теория көбінесе жеке тлғаны тәрбиелеу, оқыту және қалыптастырудың қалыптасқан тәжірбиесін шығармашылықпен қайта қрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірбиені қортындылап, жеке тлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.
Теориялық өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол осы білімдердің белгілі бір зерттеу бағдарламасы түрінде қрылуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялық - әдіснамалық білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені қрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның ттастығын қрайды.
Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеуінің керектігіне бағыттайды. Кез – келген теорияның ақиқаттылығының белгісі – болмыстың практикалық өзгерісі. Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты ғылыми деңгейлерді теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.
Қазіргі ғылыми – педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы қрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бл ретте әдіснамалық зерттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер көп ретте, зерттеушінің философиялық бағыттылығына байланысты болмайды, олардың жалпы ғылыми әдістемесінің дамуына өз үлестерін қосулары қажет.
Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми – педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлауының шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістері мен олардың өзара байланысын сипаттайтын ортақ теорияны қарастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғлыми іс - әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бл мәселе аспектілерінің бірі – ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндіруге субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның даму тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама – қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Бл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Ғылымның қазіргі әдістері, соның ішінде педагогикалық әдістер мен теорияның негізін қрайтын бірнеше компоненттерден трады; а) фактологиялық материалдың бастапқы эмперикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу обьектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық пайымдаулар жиынтығы; б) теорияның логикасы мен қрылысы; в) эмперикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; и г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген обьект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бл ретте дәріптелген обьектіні қрастыруды кез – келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, жорамалдарын, дәріптеушілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін қрастырудың қажетті шарты ретінде қарастыру керек. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады; байқап-бақылау, теңдеу, анализ және синтез, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу,
индукция мен дедукция,; блардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмперикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.
Зерттеу әдістерінің мәні зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әртүрлі әдіс – тәсілдерінің жиынтығынан трады. Әдісті қрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феномологиялық суреттемесін, оның қрамындағы элементтердің эмперикалық бөлінуін, эмперияның зерттеу обьектісі мен оның психологиялық – педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну мақсатында зерттеу элементтерінің қрылымдық – қызметтік анализін қамтамасыз ететін анализ бірліктеріне әдістемелік бөлінуін қамтамасыз ету керек.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты қрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен ттас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Кез – келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу обьектісі, заттар мен қбылыстардың мәнін ашуға бағытталған жан – жақты танымдық іс-әрекеттердің бір түрі.
Теориялық әдістің қажеттілігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды.
Теориялық әдістері ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп – салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмперикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
2. Теориялық деңгей әдістері;
1.Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы қрамды бөлігі болып табылады. Бл кез-келген ғылыми іс-әрекеттіњ алѓашқы кезені. Зерттеуші ѓылымныњ осы саласында оѓан дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесініњ бұрынѓы мен қазіргі жай -күйін және оѓан қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін тањдап алѓан тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысу қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетініњ, оныњ ѓылыми адалдыѓы мен зерттеу нәтижелерініњ құндылыѓыныњ шарты болып табылады. Ғылымныњ зерттеліп отырған саласыныњ жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әртүрлі педагогикалық бфғыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардыњ арасынан өзіне керекті әдебиетті тањдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.