ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 16999
Скачиваний: 34
Тұжырымдар
Әуезов«Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың қатарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, моңғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар. Ноғай, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік жұрттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар» деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-19 және 1945-1951 жылдары' «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды
Ноғай ордасы
, Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.
53. Шетелдік интервенция және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан. 1918-1920
Интервенция мен азамат соғысының басталу себептері.
Қазан төңкерісінің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды. Буржуазия мен помещиктер казак – орыс офицерлерінің жоғарғы топтарымен, кулактармен және феодал байлармен бірігіп, елімізде орнаған пролетариат диктатурасына қарсы көтерілді, контрреволюциялық заговорлар мен бүліктер ұйымдастырылды.
Еліміздің бірқатар аудандарда, әсіресе казак – орыс аудандарында Дон, Кубань, Орынбор, Жетісу және басқаларында, еліміздің шығыс, солтүстік және оңтүстік шеткері аймақтарында контрреволюция күштері Совет еліне қарсы жау ошақтарын құрып, Совет үкіметіне қарулы қарсылық көрсетті.
Азамат соғысы ұзаққа созылып, шиеленісіп кетті, оның себебі Кеңес өкіметіне қарсы күресіне шет елдер көмектесті (АҚШ, Англия, Франция, Жапония, Германия).
Интервенттердің
негізгі мақсаты:
1)
Большевизмді қоршауға алып, жою.
2)
Антанта және АҚШ Бірінші дүниежүзілік
соғысты соза түріп, Россияны әлсіретуді
көздеді.
3) Кеңес үкіметінен
монополистердің патша үкіметіне және
уақытша үкіметке берген қарыздарын
қайтаруды мақсат етті.
4) Кеңес үкіметі
тәркілеген шетел капиталистерінің
фабрика- заводтарын қайтаруды ойластырды.
5) Шетел империалистік мемлекеттер
Орта Азия мен Қазақстанда экспанация
жасау әрекеті де көздеді.
Сөйтіп, шетел мемлекеттер елдің ішіндегі төңкріске қарсы күштерге дем берді.
Осы мақсаттарына жету үшін, 1918 жылғы наурызда ағылшын, француз, американ әскерлері Мурманскіге, Архангельскіге енгізілді.
1918 жылы сәуір айында Қиыр Шығыста Жапон интервенциясы басталды. Нәтижесінде осы жылдың күзінде жапондықтар бүкіл Қиыр Шығысты жаулап алды.
1918 жылы герман империалистері Украинаны оккупациялады, Дондағы Ростовты, Таганрогты жаулап, Қырым мен Грузияға енді. Туркия Арменияны, Әзербайжанның көп бөлігін басып алды, ал ағылшындар Орта Азияны жаулауға әрекеттенді.
Интервенттер Россияға басып кіргеннен бастап ішікі контрреволюция күштерімен одақтасты. Ақ гвардияшыларды қару – жарақпен, қарыжымен жабдықтады. Біріккен соғыс операцияларын жоспарлады.
1918 жылы мамырдың аяғында (25) Антанта елдерінің көмегімен Сібірдегі чехословак корпусының (30 мыңдай соғыс тұтқындары мен эмигранттар) офицерлері бүлік шығарды. Олар іштегі төңкеріске қарсы күштермен бірігіп, Новосибирск, Челябинск, Томск, Пенза және Солтүстік Қазақстанның Петропавл, Ақмола, Омбы, Атбасар, Павлодар, Қостанай, Семей қалаларын басып алды. К. Сүтішов, И. Дубинин, П. Калюжная, Ғ. Ыдырысов, К. Шугаев, П. Салов және т. б азаптап өлтіріп, Өскемен Совдепінің төрағасы Я. Ушаковты тірідей кеменің оттығына тастап жағып өлтірді.
Оларға ақ гвардияшылармен бірге эсерлер, меньшевиктер және алашордашылар дем берді.
1918 жылы 29 наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын алды. Сәуірде оларға қарсы «ерекше армия» құрылды.
Атаман Дутов 1918 жылы маусымда Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Россиямен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Алашорда үкіметі Орынбордағы Дутовпен, Омбыдағы Колчак басқарған Сібір Уақытша үкіметімен, Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен («Комуч») одақтасып, Кеңес үкіметіне қарсы шықты. 1918 жылы тамызда Семей қаласында бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды. Дутовқа қарсы барлық әскери қимылдарға жетекшілік еткен төтенше комиссар П. Кобозов болды.
1918 жылы қарашада генерал Колчак армиясы Жетісу бағытында операция бастап, атаман Аненков дивизиясы Жетісуды шабуылдады. Бұл кезде немістер Донбассқа қауіп төндірді. Краснов пен Деникин (генералдар) соғыс қимылдарын күшейте түсті.
1918 жылдың жазында Кеңес елі үшін ең басты Майдан – Шығыс майданы болды. Шығыс майданның жағдайы қиындауына байланысты 1918 жылы 2 маусымда Орынбор қаласынан Қызыл Армия бөлімдері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Ақтөбе майданы құрылды (1918 ж. шілде). Ондағы Қызыл әскерлерге Ташкент, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Черняевск (Шымкент), Әулиеата және т. б. қалаларда құрылған шоғырлар келді.
1918 жылы шілде айында Жетісу майданы құрылды.
1918 жылы 29 мамырда «Міндетті әскери міндеткерлік негізінде еңбекшілерді мобилизациялау» туралы декрет жарияланды. Осы декреттен кейін әскери міндетті өтеуге еңбекшілердің белгілі жас мөлшеріндегілер шақырылатын болды. Сөйтіп, 1918 жылдың жазында ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында, Батыс Қазақстанда құрылды. Қызыл армияның құрамдас бөлігі ретінде 1918 жылдың күзінде Бөкей ордасында құрылған қазақ атты әскер полкінде Хамит Чурин, Ж. Сәрсеков, Х. Иманов, В. Жәнекешев т. б. болды.
1918 жылдың аяғы мен 1919 жылдың басында Ә. Жангелдин мен А. Иманов Торғайда екі атты әскер эскадронын кіші командирлер даярлайтын оқу тобын, пулиметшілер тобын, Ырғыз қаласында тағы бір атты әскер эскадронын құрды.
1920 жылы Түркістанда байырғы халықты әскерге тұңғыш рет күштеп жинау жарияланды.
1920 жылы наурызда Торғай облысында 6 мыңнан астам адам мобилизацияланды. 1920 жылдың басында Жетісу облысында 5,5 мың адамдық полктер құрылды.
1920 жылы мамырда 19 – 35 жастағы орыс емес ұлттардың 25 мың өкілі армияға шақырылды.
Ә. Жангелдиннің экспедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ пен оқ – дәрі жеткізуде маңызды роль атқарды.
1919 жылы 22 қаңтарда Орынбор азат етілді, ал 1919 жылы 26 қаңтарда Орал қаласы жау шебінен босатылды. Бұл Кеңестік Россияның Қазақ өлкесі және Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
1919 жылы көктемде Антантаның Кеңес еліне қарсы біріккен жорығы басталды.
1918 жылдың аяғында Дутов, Анненков, Колчак топтарына қарсы партизан соғысы өрістеді. Партизандық астыртын жұмысты ұйымдастырушылар: Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, Ә. Майкөтов, М. Жәнібеков, А. К. Вайцеховский, А. В. Азаданов, К. М. Михалкович, В. В. Мей т. б.
Солтүстік Жетісуда партизан соғысы кең өріс алды. Мұндағы қорғаныс орталығыЧеркасское селосы болды. Черкасск қорғанысы 1918 жылдың маусымынан 1919 жылдың қазаң айына дейін созылды, яғни партизандар атаман Анненков тобына 13 ай бойы тойтарыс берді. 1919 жылғы тамызда Жетісу майданының қолбасшысы Л. П. Емелев әскерлері көмекке келуге әрекет жасап, сәтсіздікке ұшырады. Шайқас барысында Л. П. Емелев ерлікпен қаза тапты, ақыры 1919 жылы қазан айында анненковшылар Черкасскіні алып, 1800 адамды қырып тастады.
Черкасск қорғасының тарихи маңызы:
- Колчакшылардың Жетісуға шабуылы тоқтатылды;
- Сібір контрреволюциясының Орта Азия контрреволюциясымен бірігуіне жол берілмеді.
Партизан қозғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезінің Мариновка қонысы болды командир Н. М. Ирченко. 1919 жылы көктемде партизандар колчакшыларға қарсы шабуылдады. Мариновкаға қосымша жазалау бөлімдері жіберіліп, партизандар шабуылы тоқтатылды.
Семей облысын ақ гвардияшылардан азат етуге құрамында 200 қазақ бар «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизан полкі көмектесті.
Қазақ өлкесіндегі Майдандардың жойылуы.
Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік топтарына жүктелді. 1919 жылы қолбасшы М. В. Фрунзе бастаған Қызыл әскер топтары Қазақстанның солтүстік аудандарында, ал Чапаев бастаған топтар оңтүстік – батыс аудандарда соғыс жүргізіп, Колчак әскерлерінің Деникин әскерлерімен қосылуына жол бермей, оларға күйрете соққы берді. Нәтижесінде Оңтүстік топ әскерлері (қолбасшы М. В. Фрунзе) Уфаны азат етті, ал Чапаев дивизиясы 1919 жылғы 25 шілдеде Оралды жау қоршауынан босатты, 1919 жылы жазда Қызыл Армия Челябіні азат етті.
Осыдан кейінгі міндет – Орал мен Орынбор облыстарын азат ету Түркістан майданының 1 және 4 армияларына жүктелді.
Бірінші армия колчакшыларға қарсы Ақтөбе бағытында шабуылдады. 1919 жылы қыркүйекте бірінші армия Ақтөбе майданымен Мұғалжар станциясында (Орынбор – Ташкент темір жолы) түйісті. Нәтижесінде Түркістан Орталық Россиямен қайта қосылып, Ақтөбе майданы жойылды.
Орал облысын азат етуге төртінші армия мен 25-ші В.И. Чапаев дивизиясы жіберілді Үлбішін түбіндегі шайқаста В. И. Чапаев және бригада басшысы Садық Уәлиев қаза тапты (1919 ж. қыркүйек). Ал 1919 жылы қарашада Қызыл Армия Үлбішін мен Жымпитыны азат етсе, осы жылдың соңында Орал облысы ақ гвардияшылардан толық азат етілді. Сөйтіп, 1920 жылы қаңтарда Орал майданы жойылды.
1919 жылы күзде Шығыс майданының бесінші армиясы (қолбасшысы М. Н Тухачевский) Солтүстік және Шығыс Қазақстанды азат етіп, Петропавл, Ақмоланы жаудан босатты.
1919 жылы қарашада Семейде Колчак өкіметі құлатылып, Кеңес үкіметі қайта орнады, ал 1920 жылы наурызда Семей облысы түгел азат етіліп, Жетісу майданы жойылды.
1920 жылғы маусымда Верныйда контрреволюциялық бүлік ұйымдастырылып, Верный бекінісін жаулап алды. Қызыл армияның күшімен бүлік тоқтатылды.
1920 жылы наурызда азамат соғысының қазақ жеріндегі ең соңғы майданы – Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
1920 жылы Қызыл Армия Колчак әскерін талқандап, Колчак Иркутск ревкомының үкімі бойынша атылды.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі ұлт аймақтарындағы жаңа үкіметтің оқшаулануын ескере отырып, Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатыгездік пен зорлық «Алаш» өкілдерін бастапқы бағыттарын өзгертуге итермеледі. А. Байтұрсынов «Төңкеріс және қазақтар» мақаласында «Алаш» зиялыларын Кеңес үкіметі жағына шақырып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.
1919 жылы 4 сәірде Бүкілроссиялық Орталық атқару Комитеті Алашорда мүшелеріне кешірім (амнистия) жариялады.
Азамат соғысының салдарлары:
1) Демографиялық жағдай ауырлап, 8 млн. адам қаза тапты
2) Мал саны күрт азайды
3) Қазақ ауылдары мен қыстақтар материалдық жоқшылыққа ұшырады.
4) Қатігездік пен зорлық – зомбылықтың күшейтілуі (ақвардияшылар тарапынан) үрей және ертеңгі күнге сенімсіздік туғызды.
54. Моғолстан
Моғолстанның
құрылуы, жер аумағы. XIV ғасырдың
ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап,
Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік
шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында
Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал
ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың
батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған.
Моғолстан аталу себебі, Шығыс
деректерінде «монғол» сөзіндегі «н»
әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе
«моғолстан» сөзі қалыптасып
кеткен.
Мемлекетті кезінде Шағатай
ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының
әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы
бастаған дулат ақсүйектері Поладшының
хан болуға құқы болмағандықтан,
өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы
Дува ханның немересі, он алты жасар
Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы
етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік
осы Әмір Поладшының қолында болған.
Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан
біржола бөліп алып, тәуелсіз,
жеке хандық құруға бар күшін салды.
Дулат тайпасы шонжарларының жаңа
құрылған бұл өкіметте беделдері
бұрынғыдан да күшейген. Жалпы,
дулаттардың беделі Шағатай ханның
кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед
Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай
хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде,
өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі
Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген.
Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға
дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан.
Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз
биліктерін жүргізіп келген дулат
тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының
құрылуына да белсене араласқан.
«Тарих-и
Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген:
«… қазіргі Моғолстан деп аталатын
аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8
айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның)
қалмақтардың жерімен шектеседі және
Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне
қосады. Солтүстігінде оның шекарасы
Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен
және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде
Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу,
Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол
мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және
Жетісу аймақтары жа кірген.
Халқының
этникалық құрамы. Моғол хандығының
тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен
монғол ақсүйектері отырған. Әрине,
монғол шапқыншылығы кезінде келген
арлат, чорас, калучи сияқты
тайпалар алғашқы кезінде өздерінің
басымдылығын көрсеткенмен, уақыт
өткен сайын жергілікті түрік тілдес
тайпалар басымдылық алып, монғолдарды
өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары
Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс
аударып, соларға араласып,
өздерінің монғол атынан мүлде
айырылған.
Жоғарыда көрсетілгендей,
Жетісу аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс
жағын алып жатты. Ал бұл аймақтағы түрік
тілдеп үйсін, қаңлы тайпаларының
біздің дәуірімізге дейінгі III – II
ғасырлардан өмір сүріп келе жатқандығын
білесіндер. Одан кейін V-VI ғасырларда
да бұл аймаққа түрік тілдес тайпалар
келіп қоныстанды. Сондықтан да орта
ғасырдан дамыған кезінде құрылған
Моғолстанның негізгі халқы түрік тілдес
тайпалар: дулат, қаңлы, үйсін,
арғын, баарын, барлас, бұлғашы,
т.б. ертеден осы өңірді өмір сүрген
тайпалар еді. Бұлардың қатарында осы
жергілікті халықтармен араласып,
түркіленіп кеткен монғол тайпалары да
болды. Мемлекеттің ұлттық құрамы онда
қазіргі қазақ халқының негізін құрап
отырған ру-тайпалардың басым болғанын,
сөйтіп бұл мемлекеттің қазақ халқының
мемлекеттілігінің бастауында тұрған
елдердің бірі екендігін көрсетеді.
Моғолстанның
ішкі-сыртқы жағдайы. Саяси тұрақсыздық
орын алған күрделі кезенде билік басына
келген Тоғылық-Темір хан елдің ішкі-сыртқы
жағдайын жақсартып, XVI ғасырдың
басына дейін билік еткен әулеттің
негізін қалады. Хандықтың бүкіл аумағын
біріктіріп, бір орталыққа бағындырады.
Мемлекеттің орталығы Алмалық қаласы
болады.
Хан өзінің билігін бұрынғы
қалыптасқан жүйемен жүргізеді. Оны
ұлыстық басқару жүйесін сақтауынан
көруге болады. Дулат тайпасының мұралық
лауазымы жоғары ұлысбегі деген атағын
сол қалпында қалдырады. Салық жинауда
кейбір жаңа шаралар қолданылады. Мұсылман
дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдайды.
Тоғылық-Темірге дейін моғол билеушілерінің
ислам дініне енуі баяу жүріп келсе,
енді хан бұл мәселеге ерекше көңіл
бөлген. Мырза-Мұхаммед Хайдардың жазуы
бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам
дінін қабылдайды. Ханның бұйрығы бойынша
дінді қабылдамаған әмірлер мен бектерді
өлім жазасына кескен. Сөйтіп хан ел
ішінде қатал тәртіп орнатады.
Тоғылық-Темір
өзінің сыртқы саясатында Шағатай
ұлысының кезінде орныққан Орта Азия
жеріндегі билікті қалпына келтіруге
әрекет жасайды. 1360-1361 жылдары Мауараннахрға
екі рет сәтті жорық жасап, баласы
Ілияс-Қожаны Мауараннахрдың хан тағына
отырғызып қайтады. Моғолстанға оралған
Тоғылық-Темір хан қаза болады. Өзінің
мұрагерлік хұқын реттеп қайту үшін
Ілияс-Қожа Моғолстанға кеткен кезде
Орта Азиядағы жағдай күрт өзгереді.
Тоғылық-Темірдің тірі кезінде оған
тәуелдікті амалсыздан мойындап жүрген
әмір Темір енді Мауараннахрдағы билікті
өз қолына алу үшін, Ілияс-Қожаға
қарсы шығады. Әмір Темір мен Ілияс –Қожа
ханның арасында бірнеше рет қақтығысулар
болады. Моғол ханы жеңіліске ұшырайды.
Соңғы жеңілістен кейін Ілияс-Қожа
Моғолстаннан жаңа әскери күш жинап
келіп, қайта соғысады. Ташкент
қаласының маңында 1365 жылы 22 маусымда
екі жақтың арасында шешуші “Батпақ
шайқасы” болады. Жазба деректердің
хабарына қарағанда, кесіліскен
шайқас болғаны срншалықты, екі жақтан
10 мыңға жуық адам құрылған. Шайқаста
Ілияс-Қожа хан жеңіске жетіп, Әмір
Темір қашып құтылады.
Батпақты
жеңісінен кейін Моғол ханы Самарқанға
қарай аттанып, оны қоршауға алады. Бірақ
халық қаланы жан аямай қорғайды. Қаланы
ұзақ уақыт қоршаудан қалжыраған моғол
әскерлерінің мініс аттары жамандат
індетінен қырыла бастайды. Қаланы алудың
мүмкін еместігіне көзі жеткен хан
Моғолстанға қайтуға мәжбүр болған.
Сөйтіп, Шағатай ұлысты кезіндегі
билікті қайта қалпына келтіру ісінің
алғашқы қадамы сәтсіздікпен аяқталады.
Бұл сәтсіздіктің басты себебі,
билеушілер арасындағы алауыздық,
саяси феодалдық батыраңқылық еді. Ақыр
аяғында Ілияс-Қожа хан да осы феодалдық
талас-тартыстың құрбаны болады.
Бұдан
кейін де Моғол хандығындағы билікті
дулат тайпасының атақты әмірлері Қамар
ад-дин мен оның інісі Шамс ад-диндер
жүргізген. Қамар ад-дин де өзін тыңдайтын,
жас Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы
Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызып,
дулат тайпасының әмірлері мен шонжарларының
жағдайын жақсартуға күш салады.
Әмір
Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары.
Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық
жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті
өз қолына алып, күшейген Әмір Темір
енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.
XVI
ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан
жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін
жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы
1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық
қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға
кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді
тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға
ұшыратып, көптеген тұтқын алып
қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары
оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп,
жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді.
Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен
шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин
Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай
қашып құтылады.
Әмір Темір Моғолстанға
1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық
жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы
соншалықты, Әмір Темір өзінің
балаларының қолындағы әскерлермен
қосқанда 120 мың адаммен атанған.
Әмір
Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер
аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы
қалаларының бірі Алмалықтың жанына
дейін жетіп, керейіттері талқандап,
қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің
өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл
өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық
жорық жасап, көптеген тұтқын
алып, қыруар олжа түсіріп қайтады.
Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына
келешекте жасалатын жорықтардың
бағдарламасы болған еді.
Әмір Темір
Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін
он шақты орет жорық жасаған. Оның
алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам,
Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі
аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін
жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде
моғолстанның атақты колбасшысы Қамар
ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық
әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір
Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға
басқа әмірлермен астыртып келіседі
де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін
пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады.
Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен
Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен
көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір
Темір Мауараннахрға тез оралып,
Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз
жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан
кейін де моғол әмірінің темірге қарсы
күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол
1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге
баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі
рет Әмір темір әскерлерінен күйрей
жеңілген.
Ақ Орда мен Моғолстан
билеушілері өздерінің Әмір Темірге
жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын
біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға
әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да
еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың
құрылып жатқанын білген Әмір Темір
1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға
және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар
жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып
алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың
әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір
әскерлері көп олжа түсіріп,
қора-қора қой, үйір-үйір жылқы,
топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды
мауараннахрға жіберіп отырған. 1390
жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан
Темірге толық тәуелдікке түсті.
Моғолстанның
ыдырау кезеңі. Моғолстанның
Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден
титығына жеткен Моғол хандығы мүлде
әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге
бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді.
Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін
мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза
болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның
мұрагері Мұхаммед ханның кезінде
(1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе
бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен
кейін оның әулетінің ішіндегі
талас-тартысты пайдаланып қалады.
Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед
мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана
үшін таласта ол өзінің әскер күшімен
ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске
жеткен еді. Осы кезден бастап Моғолстан
өз тәуелсіздігін ала бастаған. Мұхаммед
хан қаза болған соң, Моғол хандығының
ішіндегі талас-тартыс қайта басталады.
Бұл талас-тартысты Темірдің немересі
Ұлықбек пайдаланып, өзін жақтаушы
Қызыр-Қожаның немересі Шер-Мұхаммедтің
хан болуын қолдайды. Оның хан тағына
отыруына көмектескен Ұлықбек енді одан
өзіне тәуелді болуын талап етеді. Бұған
қарсы болған Моғол шонжарлары Қызыр-Қожаның
екінші бір немересі Уәйісті хан тағына
отырғызады. Бұған наразы болған Ұлықбек
1425 жылы Моғолстанға шапқыншылық жасап,
халықты талан-таражға ұшыратып
қайтады.
Моғолстандағы жағдай 1428
жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін
де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады.
Хандық билік үшін талас енді Уәйіс
ханның балалары Жүніс пен есен-бұға
арасында басталады. Таластың нәтижесінде
дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға
1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ
Жүніс хандық өкімет үшін таласын
тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан
көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның
қаза болуымен аяқталады. Ферғана
жерінде – Жетікентте билік құрып отырған
Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін
хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы
Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның
кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу
аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Моғолстанның Қазақ хандығының
құрылуындағы орны. 1456-жылы Керей хан
мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан
үстемдігіне қарсы күрескен қазақ
тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан
батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне
таман қоныс аударуы қазақ хандығының
құрылуына мұрындық болған маңызды
тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы
мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың
ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста
қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті
ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге
бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті.
Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр
хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани
тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын
Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда
территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40
жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың
ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз
болып отырған қан төгіс соғыстар мен
ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын
үдеп феодалдық езгі мен қанау халық
бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді.
Аласапыран соғыстар мен феодалдық
бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ
даласында бұрыннан қалыптасқан мал
жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону
тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар
мезгілінде жайлау-қыстауларына бара
алмайтын болды. Бұл көшпенді мал
шаруашылығына ауыр зардабын тигізді.
Осындай ауыр тауқымет тартқан халық
бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен
құтылып, өз алдына тіршілік етуді
армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати
«Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай
дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр
хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан
сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде
Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп
барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая
қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі
Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар
барып орналасқан соң Әбілхайыр хан
дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы
шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды.
Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек
ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына
жиналғандардың саны 200 мыңға жетті.
Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей
бастады»…
Алғашында қазақ хандығының
территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені
мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ
осы территорияға деректемелерде тұңғыш
рет «Қазақстан» деген атау қолданылды,
ежелден осы алапты мекендеген қазақтың
ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс
аударған қазақ тайпаларымен етене
араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы
аласапыран соғыс салдарынан қанжілік
болған қазақ халқы бұл араға келіп ес
жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы
түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ
көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан
шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ
хандығына келіп жатты. XV ғасырдың
50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының
басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан
батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды.
1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс
болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық
қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың
өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат
жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан
Моғолстан мемлекетінің шаңырағы
шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген
қазақ тайпаларының қазақ хандығына
келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан
құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін
нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси
күш-қуатын арттыра түсті.