ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 16988
Скачиваний: 34
Уақытша үкіметтің қазақ өлкесіндегі жергілікті органдары 1917 жылы наурыз – сәуірде құрылды. Уақытша үкімет облыстарды басқаруға бұрыңғы патша чиновниктерін және қазақтың ұлттық зиялыларын сайлады. Ә. Бөкейханов Төрғайдағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Тынышбаев Жетісудағы Уақытша үкімет органдарының комиссары, М.Шоқай Түркістанның Уақытша үкіметінің комиссары болып қызмет атқарды.
Ақпан революциясынан кейін ұлттық-либералдық қозғалыстың басшылары (Ә. Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай және т.б.) қоғамдық – саяси дамудың маңызды мәселелері бойынша Уақытша үкімет жағына шықты.
Уақытша өкімет органдары өзінің әлеуметтік құрамы, басқару әдістері жағынан революцияға дейінгі патша әкімшілігі жергілікті халыққа қалай қараса, бұл да солай қарады.
Дегенменде, Уақытша өкімет біраз шараларды жүзеге асырды:
1.
1917 жылы 14 наурызда – «Бұратаналарды»
тыл жұмысына алу тоқтатылды.
2. 1917
жылы 20 наурызда «Азаматтардың дін
ұстауына, дінге сенуіне, ұлтқа байланысты
құқықтарды шектеудің күшін жою туралы»
қаулы қабылданды.
3. 1917 жылы 5 мамырда
– «Қара жұмысқа алғандарды еліне қайтару
туралы», 1917 жылы 8 қыркүйекте – «Жетісу
облысының 1916 жылғы көтеріліс кезінде
зардап шеккен халқына қазынадан 11 млн.
150000 сом бөлу туралы» қаулылар қабылданды.
(5 млн. сомы – жергілікті халыққа, 6 млн.
150000 сомы – орыс халқына).
Кеңес
үкіметінің көтерген мәселелері:
1.
Шаруаларға жер беру
2. Жұмысшыларға
– 8 сағаттық жұмыс күні
3. Соғысты
тоқтату
4. Халыққа бейбітшілік беру
Алайда, Уақытша-үкімет большевиктердің (Кеңестердің) көтерген мәселелерінің бірде – береуін орындамады.
Сөйтіп, Уақытша үкімет самодержавиенің аграрлық және ұлттық саясатын жалғастыра берді.
Саяси партиялар мен ағымдар.
Тыл жұмысшыларының орыс жұмысшыларымен, солдаттармен қарым-қатынаста болуы олардың саяси санасының өсуіне ықпал етті.
1917 жылы қазақ өлкесінде әртурлі саяси партиялар мен ағымғардар (қозғалыстар) құрылды.
Верныйда – «Қара жұмысшылар одағы» (жетекшесі Жүсіп Бабаев), Сергиопольде (Аяғоз) – «Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы», Петропавлда – «Жас арбакештер одағы» құрылды.
Осы жылдары жастар ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс жүргізді: Әулиеата мен Меркеде «Қазақ жастарының революцияшыл одағы», Ақмолада - «Жас қазақ» ұйымы, Петропавлда - «Талап» ұйымы, Спасск заводында - «Жас жүрек» ұйымдары құрылды.
Қазақ зиялылары құрған қозғалыстар .
Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идиологтары ұлттық зиялылар болды. Олардың басшысы Ә.Бөкейханов болды. Қозғалыстың белсенді мүшелері: А.Байтурсынов, МДулатов, Ж.Досмухамедов, Х.Досмухамедов, Ә.Ермеков, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, Ш.Құдайбердиев, Х.Габбасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды.
«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда жер-жерде «Алаш» партиясының съездері өте бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу облыстық съезі өтті. Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен қатар сырттан қоныс аудартуға жол бермеу, Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері талқыланды. 1917 жылы 27 сәуірде Семейде қазақтардың съезі болды. Онда ұлттық автономия құру мәселесі талқыланды.
1917
жылы 21-26 шілдеде Орынбор
қаласында жалпы қазақ съезі өтті.
Қаралған мәселелер :
1.
Мемлекеттік басқару формасы.
2.
Автономия құру мәселесі.
3. Жер
мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7.
«Алаш»саяси партиясын құрып, оның
бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай
жиналысын шақыру.
9. Қытайдағы 83 мың
қазақ босқындары туралы.
10. Жетісудың
ашыққан халқына көмек.
11. Халық ағарту
ісі.
12. Земство
Осы
съезде «Алаш» партиясын құрып, оның
жұмыс істеу бағытын бекітті.
1917 жылы мамырда Букілроссиялық мұсылмандар съезі болды.
Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.
1917 жылы 17 қыркүйекте Түркістан және қазақ мұсылмандарының съезінде «Иттифок-и-Муслимин» (тұнғыш мұсылман) партиясы құрылды. Мұнда «Түркістан федерациялық республикасы» парламенттік республикасының жобасы қаралды.
1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз» партиясы құрылды. Алғашқы төрағасы М.Әйткенов болды. Кейіннен партия төрағасы қызметін Көлбай Төгісов атқарды. Партия орталығы Омбы қаласында орналасты. «Үш жүз» партиясы 1917 жылы екіге болінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К.Төгісов басқарды.
«Үш жүз» партия мүшелері Кеңестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет құру идеясын ұсынды: «Үш жүз» партиясы Көлбай Төгісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін шығарды.
1917 жылы Ақпан революциясынан кейін Семейде, Петропавлда, Қостанайда, Оралда, Өскеменде кадеттер (конституцияшыл демократтар) ұйымы құрылды.
Мақсаты:
1. Бөлінбес, біртұтас Россия,
конституциялық монархия құру.
2.
Қоныстандыру саясатын қолдау.
1917 жылы көктемде - өлкеде әсерлер (социал-революционерлер) партиясы құрылды.
Мақсаты:
1. Жерді шаруаларға беру, жер-бүкіл
халықтың меншігі ұранын көтерді.
2.
Патша өкіметінің отырлау саясатын
айыптау.
1917 жылы Ақпан революциясының тарихи маңызы :
1.
Патша өкіметінің геноцид саясатын
тежеді.
2. Ұлт саясатында бостандықты,
халықтардың теңдігін қолдайтынын
мәлімдеді.
3. Халықтың кейбір
демократиялық бостандықтарға қолы
жетті.
4.Буржуазиялық–демократиялық
революцияның социалистік революцияға
ұласуы үшін алғы шарттар дайындады.
Кемшіліктері:
1. Ұлттық – аймақтық өзін-өзі билеу
құқығын беруден тартынды.
2. Отаршылдық
басқару органдарын жоймады
3.
Шаруаларға жер бермеді.
4. Империалистік
соғысты жалғастырды
62. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД
1991 жылғы 8 желтоқсанда Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы мен Украинаның мемлекет басшылары Беловеж тоғайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қол қойды.
1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматы қаласында он бір егеменді мемлекет басшылары (Грузияны қоспағанда) аталған Келісімнің Хаттамасына қол қойып, онда барлық мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ны құратынын атап көрсетті. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарғы бойынша іс-қимыл жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
Қазіргі уақытта Атқарушы комитеттің Төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы – Лебедев Сергей Николаевич болып табылады. ТМД Атқарушы комитетінің ғаламтордағы парақшасы
Тәжірибеге сәйкес, жыл сайын ТМД мемлекет басшыларының 1 ресми және 2 бейресми отырыстары, ТМД үкімет басшыларының 2 отырысы және ТМД Сыртқы істер министрлері деңгейіндегі 2 отырысы өтеді.
Құрылымы:
1. Мемлекеттер басшыларының кеңесі
2. Үкіметтер басшыларының кеңесі
3. Сыртқы істер министрлерінің кеңесі
4. Экономикалық кеңес
5. Қорғаныс министрлерінің кеңесі
6. Шекаралық әскер басшыларының кеңесі
7. ТМД Экономикалық соты
8. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы
9. Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Тұрақты өкілетті өкілдері
10. ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиядағы Достастық мемлекеттерінің тұрақты Өкілетті өкілдері
11. ТМД-ның Атқарушы комитеті
Достастыққа көпжақты өзара іс-қимылдың түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделілік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады.
ТМД қызметінің тиімділігін арттыру, оның құрылымын жетілдіру мақсатында Қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасы мен оны іске асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды.
Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамуының дәлелі 2011 жылғы 18 қазанда Санкт-Петербор қаласында ТМД мүше мемлекеттер арасында ұлттық экономикалар мен жалпы Достастықтың әлеуетіне қосымша даму серпінін береді деп бейімделген, Еркін сауда аймағы туралы Шартқа қол қою болды.
2011жылы ТМД өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.
2011 жылы 21 желтоқсанда мерейтойлық саммитте мемлекет басшылары Достастықтың 20 жылдық қызметінің және оның даму перспективасы қорытындысына баға беріп, осы үлгідегі достастыққа бейілділігін және Достастыққа мүше мемлекеттердің өзара түсіністіктері мен өзара қатынастарын күшейту, адамдардың өмір сүру деңгейін шын мәнінде жақсарту, олардың әл-ауқатын өсіру, өзара қарым-қатынасты кеңейтужөніндегі Достастықтың жұмысынан іс-жүзіндегі қайтарымды арттыруға жәрдемдесу ниеттерін растады.
2012 жылғы 5 желтоқсанда мемлекет басшыларының Ашғабат саммиті қорытындысы бойынша қабылданған мемлекет басшыларының декларациясында мемлекеттердің дайындығы мен өңірлік және өңіраралық өзара қатынастардың жүйесін қалыптастыруда, қазіргі заманның талаптарына сай келетін ынтымақтастықтың өміршең және тиімді тетігін орнатуда ТМД рөлін күшейтуге одан әрі жәрдемдесу көрініс табады.
ТМД саяси өзара қатынас негізінде СІМ Кеңесі арқылы іске асады, оның шеңберінде көп деңгейлі сімаралық консультациялар сияқты ынтымақтастық нысаны жұмыс істейді.
2013 жылы БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберінде ТМД мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылдары, жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шамамен 7-ден аса консультациялар өткізілді.
Достастық шеңберінде жаңа қыр көрсетулер мен қауіптерге ден қою мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық тетіктері құрылды. Осы бірлескен қызмет шеңберінде келісілген қағидаттар, міндеттер, негізгі бағыттар, нысандар, ынтымақтастық жүйесі мен өзара қарым-қатынастар тұжырымы түрде анықталды. Олардың іс жүзінде іске асуы үшін қылмысқа, терроризмге және экстремизмнің басқа зорлық белгілеріне, есірткі заттарының заңсыз айналымына, психотропты заттарға және олардың прекурсорларына, заңсыз миграция және адам саудасына қарсы күрестің біріккен шараларының мемлекетаралық орта мерзімді бағдарламалары қабылданады.
ТМД мүше мемлекеттердің қазіргі заманғы қыр көрсетулер мен қауіптерге қарсы іс-қимылдар бойынша ынтымақтастықты реттейтін халықаралық құқықтық құжаттарға қатысуын ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Гуманитарлық саладағы ынтымақтастық жүйесінің негізі Достастықтың салалық органдары болып табылады. Олардың құрамында гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес және ТМД мүше мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастығы мемлекетаралық қоры бар.
Олардың тікелей көмегінің арқасында 2013 жылы ірі мәдени және қоғамдық іс-шаралар: Шығармашылық және ғылыми интеллегенцияның VIII-Форумы (қыркүйек, Минск қ.), Мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлер съезді, ТМД мүше мемлекеттердің халықаралық спорттық ойындары, ТМД елдерінің Жастар симфониялық оркестрінің гастрольдік-білім беру туры және т.б. өткізілді.
Осындай іс-шаралар: 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған халықаралық жастар ынтымақтастығы стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарына, Дене шынықтыру және спортты дамыту стратегиясына, Туризм шеңберіндегі ТМД мүше мемлекеттер ынтымақтастығының даму стратегиясына, Мәдениет саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасына, 2013-2014 жылдарға арналған гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы басым іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
ТМД мүше мемлекеттердің арасындағы мәдени қатынастарды кеңейту және жаңа сапалы мазмұндармен толықтыру мақсатында, ТМД мемлекет басшыларының Кеңесі 2014 жылы Алматы қаласы мен Ош қаласын ТМД-ның мәдени астаналары деп жариялап, 2013 жылғы 25 қазанда ҚР және Түрікменстанда «Достастықтың мәдени астаналары» Мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру туралы шешім қабылдады.
«Бір жыл-бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс қағидасын ескере отырып, 2014 жыл ТМД-дағы Туризм жылы болып, 2015 жыл – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы болып жарияланды.
2013 жылғы 25 қазандағы ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің шешіміне сәйкес, ТМД-да 2014 жылы төрағалық қызметін Украина, тең төрағалық қызметін – Қазақстан атқаратын болады.
63. VI-XII ғасырлардағы қалалар
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.
-
Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.
-
Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.
-
Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Отырар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған.
Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған.
Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар)
Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және сауда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айналымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған.