ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 17070
Скачиваний: 34
Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.
Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.
Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады.
«Халықтың ханы, сұлтаны, пір-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». Яғни қарапайым ер адамның құны 1000 қой немесе 100 түйе, я болмаса 200 жылқы болса, сұлтан мен қожаның құны одан жеті есе көп;«Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». Сонымен қатар, қоғамдағы тұрмыстық және адамгершілік қатынастарды құқықтық тұрғыдан жетілдіре түскен.«Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек ат-тон айып тартады»«Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады».«Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдыру керек»«Құйрық-бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі»«Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».Осы соңғы өзгерістермен қатар жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары Жеті жарғыда көрініс тапты.
5."Қазақстан-2030 стратегиясы”.
1997
жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың
"Қазақстан-2030”
жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:
1.
Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы
қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.
Жолдауда
болашаққа болжам, қазіргі жағдайға
талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың
негізгі бағыттары, республиканың
дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл
бағдарламада еліміздің саяси,
әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын
арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі
даму жолдары көрсетілген. Ұзақ
мерзімдегі 7 басымдық:
1.
Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.
2. Ішкі
саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын
нығайту.
3. Нарықтық қатынастар
негізінде экономикалық өсу.
4.
Қазақстан азаматтарының денсаулығының
білімі мен әл-ауқатын көтеру.
5.
Энергетика ресурстарын жете пайдалану.
6. Инфрақұрым, көлік, байланысты
дамыту.
7. Демократиялық кәсіби
мемлекет құру.
Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер бұған немқұрайлықпен қарасақ, оның салдары өте ауыр болады.
ХХІ ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін "демографиялық апатқа” ұшырайды.
Ішкі
саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын
жүзеге асырудағы міндеттер:
1.
Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты
дамыту.
2. Этникалық түсініспеушілік
себептерінің жойылуы және этникалық
топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз
ету.
3. Дәулеттілер мен жарлылар
арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл
проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.
4. Әлуметтік проблемаларды үнемі
шешіп отыру.
5. Саяси тұрақтылықты
және қоғамның топтасуын қамтамасыз
ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.
6. Адамдар арасындағы қарым-қатынас
пен коммуникациялық байланыстардың
барлық нысандарын дамыту.
7. Әртүрлі
конфессиялар арасындағы өзара құрмет,
төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты
нығайту.
Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.
Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.
Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.
Экономикалық стратегия.
Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.
Мемлекет
белсенді роль атқара отырып, экономикаға
араласы шектеулі
болады. Бұл
проблеманы шешудің стратегиясы:
1. Үкіметке
сауда мен өндіріске әкімгершілігі
араласуын жою.
2. Жекешелендіру
процесін аяқтау.
3. Орталық үкіметті
және жергілікті өкімет орындары парасатты
орындастыру.
4. Сот билігі мен құқық
қорғау органдарын реформалауды
жандандыру.
5. Заңның шексіз үстемдігін
белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды
қылмыстан қорғау.
6. Билік пен заңның
бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір
сүретіндерге қарсы қолдану.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қабілеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Қолайлы жағдай туғанда еліміздің тірек саласы болып табылатын мұнай-газ өндіру және бүкіл өндіруші өнеркәсіп көлемі артады.
Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет.
Алдағы
міндет:
1.
Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық
алдында инвестициялар үшін тартымды
жер ретінде көрсету.
2. Инвестицияларды
пәрменді тарту.
2010
жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына
салалардға көңіл бөлу қажеттісі баса
көрсетілді:
1.
Ауыл шаруашылығы;
2. Орман және ағаш
өнеркәсібі;
3. Жеңіл және тамақ
өнеркәсібі;
4. Тұрғын үй құрылысы;
5. Туризм;
6. Инфрақұрылым жасау.
Әлеуметтік
стратегия.
Қазақстан
азаматтарының денсаулығы,
білімі мен әл-ауқатын көтерудегі
стратегия:
1.
Ауруды болдырмау және салауатты өмір
салтына ынталандыру.
2. Әйел мен бала
денсаулығын жақсарту және қорғау.
3.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның
тазалығын жақсарту.
Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтарының әл-ауқатыының артуы.
Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.
Ресурстарды пайдалану стратегиясы.
Қазақстандағы
табиғи
ресурстарды,
әсіресе энергетикалық
ресурстарды
пайдалану стратегиясы:
1. Халықаралық
шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін,
экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен
қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік
міндеттерді шешу
қажеттігін көздеу.
2. Мұнай мен газ
экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін
құру.
3. Әлемдік қауымдастықтың ірі
елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік
отын өндіруші ретіндегі роліне бағыттау.
4. Ішкі энергетика инфрақұрылымын
құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен
тәуелсіз бәсекелестік проблемааларын
шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.
5. Ресурстардан түсетін кірістерді
үнемшілдікпен пайдалану.
Көлік пен байланысты дамыту стратегиясы.
Инфрақұрым, көлік пен байланылс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.
Қазақстандағы
жүк тасымалының негізі – темір
жол. Осы
саланың алдында тұрған стратегиялық
міндеттер:
1. Халықаралық көлік және сауда
байланыстарын Трансазия магистралі
бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз
ететін негізгі темір жол бағыттарын
жаңарту.
2. Достық станциясын дамыту,
Достық-Ақтоғай учаскесін нығайтуды
аяқтау.
3. Барлық көліктік-коммуникациялық
монополияларды қайта құрылымдауды
жүзеге асыру.
Автомобиль жолдары бойынша:
Жеке меншік магистральдарды салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.
Әуе
көлігі бойынша:
1.
Авиацияда тәртіпті орнату және ұшақтар
паркін лизинг пен жоғары деңгейді
ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып
алу есебінен толықтыру.
2. Әуежайларды
қайта жаңарту, қызмет көрсету мен
сервисті қамтамасыз ету деңгейін
халықаралық стандартқа жеткізу.
Су көлігі бойынша:
"Ақтау” айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтру үшін шетел инвестицияларын тарту.
Байланыс
және телекоммуникациялар желілері
бойынша:
1.
Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға
кем дегенде, байланыс қызметінің ең
төмен деңгейін беру.
2. Болашақта
әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен
бәсекелесуге қабілетті дербес және
тиімді телекоммуникациялық қызмет
көрсету жүйесін құру.
Қазақстанның әлемнің негізгі экономикалық аудандары аралығында орналасуы географиялық жағынан тиімді болып отыр. Ертедегі ірі Ұлы Жібек жолы өткен жерлерде енді темір жолы салынды. 1991 жылы Дружба-Алашанкоу темір жолы салынды, ал 1991 жылы мамырда Теджин-Серахс-Мешхед темір жол торабы (290 шақырымдық) іске қосылды.
Басқару саласындағы стратегия.
Қазақстан
қоғамын басқарудағы
негізгі міндеттер:
1. Мемлекеттік қызмет пен басқару
құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін
жасау.
2. Басым мақсаттарды іске
асыруға қабілетті үкімет құру.
3.
Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын
мемлекет қалыптастыру.
Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:
1.
Ықшам әрі кәсіпқой үкімет.
2.
Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл
бағдарламалары бойынша атқарылатын
жұмыс.
3. Ведомстволық үйлестіру.
4.
Министрлердің өкілеттіктері мен
жауапкершіліктерін, есептілігін және
олардың қызметіне стратегиялық бақылауды
арттыру.
5. Орталыққа тәуелділікті
жою.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес.
7. Кадрларды талдау, даярлау
және жоғарылату жүйелерін жақсарту.
Қоғамның даму стратегиясы.
Қазақстан
елінің 8 артықшылығы баса көрсетіледі:
1) Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі
қаланды.
2) Ескі саяси және экономикалық
жүйеден түбегейлі бөлектенді.
3)
Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар
да түгел өзгерді.
4) Орасан зор байлық
– табиғи ресурстар.
5) Жетекші
фактор–адамдардың өзі, олардың
ерік-жігері, күш-қуаты, табандылығы,
білім-білігі.
6) Ауылшаруашылық
жерлері.
7) Қоғамның саяси тұрақтылығы
мен бірлігі.
8) Қазақстандықтардың
байсалдылығы мен төзімділігі,
кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.
Қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор – адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты.
Қазақстан
қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:
1.
Коммунистік ұстанымдар рухында
тәрбиеленген адамдардың бірнеше
ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан
бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту
қажет.
2. Өндіріс көлемдері төмендеуі
әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.
3. Азаматтардың көпшілігінің табысы
мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.
4.
Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал
қорларының баялауы.
5. Кедейлік пен
жұмыссыздық проблемалары.
6.
Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.
7. Жете даярланбаған және нашар
ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.
8. Заңдардың жартыкештігі және
тұрлаусыздығы.
Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.
Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
33
жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар
бейнесі:
1.
Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік,
денсаулығы мықты азаматтар;
2. Бейбіт,
жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;
3. Жоғары ақы төленетін, оқытып
үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін
өздерінің жеке мүдделерінен биік
ұстайтынына сенімді азаматтар;
4.
Мемлекттің өздерінің құқықтарын
қорғайтына және мүдделерін биік
ұстайтынына сенімді, салауатты өмір
сүретін азаматтар.
2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.
2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
6. Қола дәуіріндегі Қазақстан.
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.
2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».
3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.