Файл: Сақтар саяси тарихы, шаруашылығы және мәдениет.docx

Добавлен: 03.02.2019

Просмотров: 16982

Скачиваний: 34

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ІІ тарау. Тіл – мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында

8-бап. Тілдердің қолданылуы
Мемлекеттік тіл Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмыс және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттік тіл және қажет болған жағдайда басқа тілдер қолданылады.
9-бап. Мемлекеттік органдар актілерінің тілі
Мемлекеттік органдардың актілері мемлекеттік тілде әзірленіп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкіндігінше, басқа тілдерге аударылуы қамтамасыз етіле отырып, оларды әзірлеу орыс тілінде жүргізілуі мүмкін.
10-бап. Құжаттама жүргізу тілі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесінде, ұйымдарында, меншік нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргізу мемлекеттік тілде және орыс тілінде қамтамасыз етіледі.
11-бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.
12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарындағы  тіл.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, сондай-ақ әскери және әскерилендірілген құрамалардың барлық түрінде, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, азаматтарды құқықтық қорғау ұйымдарында және құқық қорғау органдарында мемлекеттік тілдің және орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.
13-бап. Сот ісін жүргізу тілі
Қазақстан Республикасында сот ісі мемлекеттік тілде жүрігізіледі, ал, қажет болған жағдайда, сот ісін жүргізуде орыс тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.
14-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу тілі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда, басқа да тілдерде жүргізіледі.
15-бап. Мәмілелер тілі
Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалардың жазбаша нысанда жасалатын барлық мәмілелері қажет болған жағдайда басқа тілдердегі  аудармасы қоса беріліп, мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады.
Шетелдік жеке және заңды тұлғалармен жазбаша нысанда жасалатын мәмілелер мемлекеттік тілде және  тараптар үшін қолайлы тілде жазылады. 

ІІІ тарау. Тіл – білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында

16-бап.  Тіл – білім беру саласында.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілде, ал ұлт топтары жинақы тұратын жерлерде солардың тілдерінде жұмыс істейтін мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру қамтамасыз етіледі.
Балалар үйлерінде және оларға теңестірілген ұйымдарда оқыту, тәрбие беру тілін жергілікті атқарушы органдар олардағы балалардың ұлттық құрамын ескере отырып белгілейді.
Қазақстан Республикасы орта, арнаулы орта және жоғары білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік те, мемлекеттік емес те оқу орындарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
17-бап. Тіл – ғылым және мәдениет саласында
Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресімдеу мен қорғауды қоса алғанда, мемлекеттік тіл мен орыс тілінің қолданылуы қамтамасыз етіледі.
Мәдени шаралар мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жүргізіледі.
18-бап. Баспасөз бен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі
Қазақстан Республикасы баспа басылымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілдің, басқа да тілдердің қолданылуын қамтамасыз етіледі.
Қажетті  тілдік ортаны жасау және мемлекеттік тілдің толыққанды қолданылуы мақсатында, олардың меншік нысанына қарамастан, телерадио арналары арқылы берілетін мемлекеттік тілдегі хабарлардың көлемі уақыт жағынан басқа тілдердегі хабарлардың жиынтық көлемінен кем болмауға тиіс.


ІҮ тарау. Тіл – елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта
19-бап. Топономикалық атауларды, ұйымдардың атауларын пайдалану тәртібі.
Елді мекендердің, көшелердің, алаңдардың, сондай-ақ басқа да физика-географиялық объектілердің дәстүрлі, тарихи қалыптасқан қазақша атаулары басқа тілдерде транслитерация ережелеріне сәйкес берілуге тиіс.
Мемлекеттік ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің атаулары мемлекеттік тілде және орыс  тілінде беріледі. Бірлескен, шетелдік ұйымдардың атаулары мемлекеттік тілде және орыс тілінде транслитерация арқылы беріледі.
20-бап. Кісі есімін, әкесінің есімін және тегін жазу
Кісі  есімін, әкесінің есімін және тегін ресми құжаттарда жазу Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келуге тиіс.
21-бап. Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі
Мемлекеттік органдардың  мөрлері мен мөртабандарының мәтінінде олардың атаулары мемлекеттік тілде жазылады.
Меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерінің, мөртабандарының мәтіні мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады.
Бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады.
Қазақстанда өндірілетін тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде қажетті ақпарат болуға тиіс.
Шетелде өндірілген тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалары  (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебінен мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармасымен қамтамасыз етіледі.
Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні  мынадай ретпен: мемлекеттік тілде – сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда  қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттік тілде, орыс және қажет  болған жағдайда, басқа да тілдерде беріледі.
22-бап. Почта-телеграф жөнелтілімдерінің тілі
Почта-телеграф жөнелтілімдері Қазақстан  Республикасының шегінде мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде, ал республикадан тыс жерлерге белгіленген халықаралық ережелерге сәйкес жіберіледі.
    
Ү тарау. Тілді құқықтық қорғау

23-бап. Тілді мемлекеттік қорғау
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына қажетті жағдай жасайды.
Тілдің дамуы мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын  жүргізуді қазақ тіліне кезең-кезеңмен көшіруді көздейтін Мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сәйкес білуі қажет кәсіптердің, мамандықтардың және лауазымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі терминология, ономастика жөніндегі тиісті мемлекеттік комиссияларды және қажет болған жағдайда басқа да құрылымдарды құрады.
24-бап. Тіл туралы заңдарды бұзғаны үшін  жауаптылық
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың, кез келген меншік нысанындағы ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ заңды және  жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Лауазымды адамның мемлекеттік тілді білмеу желеуімен азаматтардың өтініштерін қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттік тілде және басқа тілдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергі келтіру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады.


25-бап. Уәкілетті мемлекеттік орган.
Қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тиісті Ережемен реттеліп отыратын уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
тілді дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге, оның орындалуын жүзеге асыруға;
тіл туралы заңның орындалуын бақылауға, оны бұзу фактілерін қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға;
Қазақстан Республикасында ономастикалық және терминологиялық жұмысты үйлестіруге міндетті.
Уәкілетті орган:
өз құзыретіне сәйкес тіл туралы заңның орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
министрліктерден, ведомстволардан, орталық және жергілікті  атқарушы органдардан, меншік нысанына қарамастан ұйымдардан заңдардың, тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпарат, мәліметтер, құжаттар сұратып алуға;
заңдарда белгіленген өзге де функцияларды атқаруға құқылы.
26-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету
Осы Заңның ережелерін іске асыруды кадрлар, материалдық-техникалық, қаржы, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарына жүктеледі.

ҮІ тарау. Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда пайдалану

27-бап. Тіл – халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктерінің қызметі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа да тілдерді пайдаланып жүзеге асырылады.
Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы тараптардың мемлекеттік тілдерінде жасалады, көпжақты халықаралық шарттар оған қатысушылардың келісімімен белгіленген тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге шаралар басқа тілдерге аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев
 Алматы, 1997 жылғы шілденің 11-і



67 XXғғ. 20-30 жж. Мәдениет құрылысының қазақ зиялыларының үлесі.

Алашорда қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 1919 жылы жарық көрген «Революция және қырғыздар» деп аталатын әйгілі мақаласында нақты айтылғандай, «қазаққа ақпан революциясы қаншалықты түсiнiктi болса, қазан революциясы соншалықты түсiнiксiз болды» [1, 238 б] және кеңестiк билiктiң күйреуiне дейiн сол түсiнiксiз күйiнде қалды. Олай дейтініміз, 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін билікке ұмтылған большевиктер, әу-бастан қара халықты алдап-арбау, еріксіз күштеу әдістері арқылы жұмысшы мен шаруа одағына негізделген қоғам құру мақсатын көздегені айқын.

Қазан революциясының қазаққа түсініксіз болуын, Ахмет Байтұрсынов «қазақ қоғамында капитализмнің, соған сәйкес таптық жіктелудің жоқтығымен» [1, 239 б], ал Міржақып Дулатов «қазақ - қырғызды капиталист, буржуй, жұмыскер деп бөлуге болмайды. Бізде Еуропа халықтарындай зауыт, фабрика жоқ, бізде миллионер, жатып-ішep жоқ. Біздің халық ақ сүйек, қара сүйек, бай, жұмыскер, жерлі, жерсіздерге бөлінген емес. Қалың қазақ - қырғыздың  тіpшілігі,  шаруасы - мал  бағу. Қазақ жері бұрыннан да жеке адамның eншіcіне бөлінген еместігімен» түсіндіреді [2, 12 б].


Келесі айтпағымыз, саясат пен шығармашылықты қатар алып жүрген қазақ зиялыларының мұраларындағы ашаршылық тақырыбы болмақ. Соның ішінде Алаш қайраткерлері Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасын, Ілияс Жансүгіровтің «Кәмпеске», «Жұт-жеті ағайынды» өлеңдерін атауға болады.  Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы туралы Тұрсынбек Кәкiшевтің мәліметтері мынадай: «1936 жылы 10 қаңтарда Минск қаласында КСРО Жазушылар одағының пленумы болды. Ойламаған жерден Сәкен мықты соққыға жығылды. Бүкiл қазақ даласын жыландай жалмаған аштық пен ауыртпалықты, ескi крайкомның қайрансыздығын қазақ әдебиетiнде жападан-жалғыз жырлаған «Қызыл ат» поэмасы Сәкендi «пәлеге» қалдырды. «...троцкизмге жақын саяси қателіктерге жол берді» деп,  Сәкендi Троцкиймен бауырластырып қойды, ... бұл сол кез үшiн қайырлы сағаттан емес-тiн...» [12].

Ілияс Жансүгіровтің «Жұт –жеті ағайынды» өлеңіндегі мына бір шумақтар «Күнiне қазақ мыңдап өлiп жатыр, Тұқымы сағат сайын кемiп жатыр. Өз баласын өзi үйiтiп, сирағын жеп,   Көр азабын тiрiдей көрiп жатыр» - жан түршігерлік жолдар адамның сүйегін қайыстырады [13]. Қалай десек те, көркем әдебиеттегі тарихтың ащы шындығы, осылай.

«Қайран елім – қазағым, қалың жұртым» деп, Абай айтпақшы талай жұттан, талай соғыстан аман қалған қазақ, 1920-30 жылдардағы кеңестік тоталитаризм жүйесіндегі ашаршылық нәубетін көтере алмай қалды... Оның экономикалық және демографиялық зардаптары бүгінге дейін жойылған жоқ. «Нәубет» жылдарының ащы сабақтарын ұмытпай, ашаршылық құрбандарына тағзым ету – әр қазақтың борышы. Тіпті, жылына бір рет еске алу күнінде бір минут үнсіздік жариялау  «тақиямызға таршылық етпес» еді.

Әрине, елімізде бүгінге дейін атқарылған жұмыстар аз болған жоқ. Тәуелсіздік жариялау қарсаңында құрылған арнайы комиссияның (11.11.1991.) қорытындысы бойынша тұңғыш рет ашаршылық туралы материалдар мен құжаттар жинағы және үкіметтік ресми құжаттар жарыққа шықты [14].

Тәуелсіздік жылдары Манаш Қозыбаев, Кеңес Нұрпейісов бастаған қазақ тарихшылары: Мәлік-Хайдар  Асылбеков, Жұлдыз Әбiлғожин, Қайдар Алдажұманов, Мәмбет Қойгелдиев, Талас Омарбеков, Бүркітбай Аяған, Хангелді Әбжанов, Көшім Есмағамбетов, Тілеу Көлбаев, Мақаш Тәтімов, Тұрсын Жұртбай, Бейбіт Қойшыбаев және т.б. ғалымдар осы тақырыпқа әр қырына үңілді. Олар отандық және шетелдік мұрағаттардың құпия қорларын қопарып, ұжымдастыру науқаны және оның зардаптары, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін тарихын кешенді зерттеуге жол ашты. Сондай-ақ, бүгінгі ұрпақтың ұлттық және тарихи санасын қалыптастыруға орасан зор еңбек сіңірді, төл тарихымыздың ақ – қарасын ашып берді.Тарихшылар қауымы Ұлттық тарих мәселелерiн зерттеудiң ауқымын кеңейтiп, тәуелсiздiк жылдары «Тарих тағылымы не дейдi?», «Қазақ қалай аштыққа ұшырады?», «Қасiреттi жылдар хаттары», «Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства», «20-30 жылдардағы Қазақстан қасiретi», «Сталинизм и репрессия в Казахстане 1920-1940-х годов және  т.б. көптеген iргелi монографиялық еңбектердi жарыққа шығарды. Кәсіби тарихшылар алдағы күндері өздерінің мектебімен бірге сапалы тың туындыларды дүние әкеледі деген сенімдеміз.




68. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық реформалары

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —  1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда­рын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.