ВУЗ: Казахская Национальная Академия Искусств им. Т. Жургенова
Категория: Учебное пособие
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2019
Просмотров: 16983
Скачиваний: 34
Қазақ шежіресіндегі Тайыр, Бұрындық сияқты хандардың тарихы мұның шындығына дәлел. Сондықтан Тоқтамыс хан мен Едіге бидің тартысы да сайып келгенде “ханнан билік кетіп, биге медет жету” мен “хан қашып, бидің қууымен” тиянақталады. Мұнан егер де хан мен би екі бөлініп таразының екі басына түсе қалса, ел ниеті қашан да бидің жағына ауып отыратындығы көрінеді…” [4.49,53б] ХVІІІ ғасырда билер институты Қазақ хандығының ішкі жағдайын тұрақтандырып отырушы басты факторге айналды.
Билер қызметінің маңыздылығына байланысты елдің жоғарғы билеушісі Ханның өзі олармен бірлесе әрекет етті. Жоғарыда айтылған ойды сабақтар болсақ: «Қазақтың билік құру дәстүрі Әз-Жәнібек ханның тұсында өркен жайып, Әз-Тәуке ханның кезінде биік шыңға көтерілсе керек. Атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Үш жүздің басын біріктіріп, Түркістан шаһарында хандық, билік ордасын құрған Тәуке ханның кезінде билер кеңесі құрылып, ол жыл сайын Түркістан, Сайрам шаһарлары маңындағы Битөбе, Мәртөбеде өтіп отырды. Осындай билер кеңесінде Тәуке ханның ордасындағы қазақтың әдет – ғұрып заңдарының жиынтығы “ Жеті жарғы” қабылданады.
“ Күлтөбенің басында күнде жиын” деп аталып кеткен сол жиынға Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Қоқым би, Қара Шырын би, Сасық би сияқты т.б ірі,беделді билер қатысқан. [5.3,5б] Төле бидің ойшылдығын, зеректігін, ел арасындағы беделін құлай ұнатқан Тәуке хан онымен үнемі сырласып, кеңесіп отыруды әдетке айналдырады. Оны өз хандығының негізгі тірегі деп білген, Төле бидің: « Күш атасы – халықта, қарсы келген хан да, биде оңалмас»,- деген өсиетін басшылыққа алады.[6.223,263б]
Төле би Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекұлымен, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бәйбекұлымен бірге Қазақ ханы Әз-Тәуке ханның басты кеңесшісі болды. Тәукенің Түркістан қаласын Қазақ хандығының орталығы (астанасы) етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бір тұтас Қазақ хандығын нығайтуды, жоңғар-ойрат шапқыншылықтарына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ, қырғыз және өзбек халықтарының жаугершілік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатынасады. Төле бидің басшылық, шешендік дарыны Қазақ хандығына қарсы жоңғар хандығы жойқын қолмен шабуылға шығып, қазақ халқын қырғынға, қалғанын «ақтабан шұбырынды, алакөл сұламаға» ұшыратқан кезде айқын көрінді.[6.1] Осындай қиын кезеңде Төле би басшыға тән қасиетін танытып, Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық жолында күрес жүргізді.
Ол сонымен бірге Ресей мен ұлы жүз қазақтары арасындағы қарым – қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді. Төле би 1749 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы И. Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілік жіберіп, Ұлы жүз қазақтарының Ресей империясының қол астына кіріп, Ресей патшалығына қарауға әзір екендігін білдірді. Ал губернатор И. Неплюев болса, өзінің 1749 жылғы 26 қыркүйекте Төле биге жолдаған хатында оның Ресейге қосылу ниетін мақұлдап, екі елдің арасындағы сауда – саттық байланыстарын дамытуға күш салуын өтінген. Жазба деректер мен қатар халық ауыз әдебиетінде Төле би туралы көптеген тарихи аңыздар сақталып қалған. Халық арасында Төле би айтты деген мақал- мәтелдер, нақыл сөздер кең таралды. Шымкентте, Түркістанда және Ташкентте билік басында болған Төле би сәулетті ғимараттар салуға да белсене атсалысты.Төле би есімі күллі қазақ тарихына қатысты ірі оқиғалармен байланысты.[7.137б]
Тарихымыздың қандай даму кезеңін қарайтын болсақ, билердің қазақ қоғамында жасаған еңбектері әлуметтік, саяси және рухани жағынан көрінетінін байқаймыз. Билер ең алдымен халық қамы мен мүддесі үшін күресті. Тәуелсіздік алған кезеңде билер институты жайында зерттеу жұмыстары жақсы жолға қойылды. Қазақ билеріне қатысты Қазақтың ата заңдары кітабында С.П Вареникова былай деп жазады: «Феномен казахского суда биев интересен особенностью, которая до настоящего времени не являлась предметом научных иследований. При ознакомлении с историческими, в частности, приведенными в книге «Древний мир права казахов», можно убедиться, что при рассмотрении судебных споров биями нередко применялись не только нормы обычного права, но и знания не общеизвестные, полученные в результате накопленного житейского и профессионального опыта, природной наблюдательности, способности к аналитическому мышлению. Подобного рода необщеизвестные знания значительно позже трансформировались в процессуальном законодательстве» [8.135б]
Дауларды шешуде құқықтық-әдеттік заңды білудің аздық ететінін, өмірлік және кәсіби тәжірибенің, адамдарды бақылау, сараптама жасау қабілетінің аса маңызды факторларға жататындығын анықтаған. Бұрынғы қазақ жұртының би шешендері даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан. Атқарғанда да ол билердің кесім, бітімі көпшіліктің көзінше жария болып отырған. Ешқандай құпия, алдын ала ымыраласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін. “Ал халайық, бұған не дейсіндер, ризамысыңдар?” деп көпшілікке салып мақұлдасар еді. Осы күнгі айтып жүрген жариялылық, демократиялық, адамгершілік пен гуманистік дегеніңнің өзі осы емес пе? [5.1]
Әділдігімен, турашылдығымен жұрт көңілінен шығып отырған билер ең алдымен ел бірлігі мен татулығын ойлады. Билер институты қазақ жерінің берекесі, отан сүйгіштік, ерлік және ар-ұждан сияқты маңызды қасиеттеріді жоғалтпауға және адами құндылықтарды сақтауға үйретіп отырды. Сондықтан да халық өзінің от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік айтатын шешен билерін ханнан бетер қадірлеп, сыйлап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жадында сақтап келген. “ Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би”, “Төле би былай депті”, “Қаз дауысты Қазыбек би айтыпты”, “Әйтеке би айтқан сөз екен” деп ауыздарынан тастамайды.
Қазақ қоғамымен біте кайнасып келе жатқан билер институты өз ерекшелігімен біздің тарихымызда аса маңызды орын алады. Шын мәнінде, біздің өткен тарихымыздағы үлкен мақтанышымыз. Тарихымыздағы билердің маңыздылығы жайлы іргелі зерттеу жұмыстарын жүргізген ҚР ҰҒА академигі С.З. Зиманов бірнеше құнды ғылыми кітаптар жазған. Оның пікірлері өзінің құндылығымен ерекшеленеді. «Қазақ билері тек әділ сотты ғана жүргізді. Бидің қазақ жұртындағы көтерер жүгі ауыр еді. Би тарихи-құқықтық жағынан терең білімді болумен қатар қолданылып жүрген Дала құқығы жүйесін жетік меңгеруі тиіс еді».
Ал С.Өтениязов билерге қатысты мынадай пікір айтады: «Сонау атам заманнан бері қазақ қоғамындағы әрбір би – суырылып шыққан талант, ол тек қара сөздің ғана шебері емес, сондай-ақ, өлең сөздің және көсем сөздің (публицистика) шебері болған.Олар сондай – ақ, көреген дана, ақылгөй данышпан, қара қылды қақ жаратын әділ және өткір адамдар болған. Би деген атының өзі халық арасында аса құрметті болды.»[9.1]
Еліміздің дәстүрі мен қоғамдық өмірінде біте қайнасып келген билер институты өз ерекшелігімен маңызды орын алады. Билер елдің дәстүрлі ұстанымдары мен халық тәрбиесіне үлкен назар аударып, ұлттық дүниетанымды негіздеуге атсалысты. Қазақ халқына тән билер институтының ерекшелігі, оның қоғам омірінің саяси, әлеметтік және рухани салаларына ғасырлар бойы сіңірген еңбектерінде. Осындай ел қажеттіліктерін сабақтастырып, ұштастыра білген билер институтына орасан зор үлесін қосқан , өз заманының ұлыларының бірі – Төле би болды. Оның азаматтық қайсарлығы, сөз тияр өнері,ел үшін жасаған әділ билігі тарихта жазулы. Ол ұрпақтарының пір тұтар тұлғасы, көреген, әділ шешені ретінде ел есінде сақталып қала береді.
14. Кеңес өкіметінің 20-30 жылдардағы мәдениет пен ғылым саласындағы саясаты
Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат төбеліндей аз болатын.
1921 жыл «Казграмчека» қрылды. «Мәдени жорық», «Қызыл мүйістер», «Жұмысшы факультеттері» ұйымдастырылды.
1918 жыл «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қабылданды. 1920-1921 жылдары 2,5 мың
«Сауатсыздықты жою қоғамдарында»
70 мыңнан астам азаматтар сауатын ашты.
1925 жылы республикада 2,7 мың мектеп болды.
1919-1931 жылдар «Сауатсыздықты жою туралы Декрет»,
Ж Жалпыға міндетті 7 жылдық білім енгізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды.
1940 жылы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды.
Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды.
Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев.
Географиядан Әлихан Бөкейханов.
Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.
1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді.
1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» және «Тіл құралы» оқулықтары басылып шықты. «География», «Қазақстан тарихы», «Педагогика», «Дидактика», «Алгебра» оқу- лықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгілі өкілдері тартылды.
1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді.
1929 жылғы араб әрпінен латын әрпіне көшу білім беру жүйесі үшін қатты соққы болып тиді.
2. Кесте арқылы түсіндіру: Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.
1919-1920 жж. Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды
1921 ж Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды
1928 ж Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты
1935 жылы оған Абай есімі берілді
(қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)
1929 ж Алматы мал-дәрігерлік институты
1930 ж Қазақ ауыл шаруашылық институты
1931 ж Алматы медициналық институты
1934 ж С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті
(қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті),
1938 ж ҚазМУ жанынан аспирантура ашылды.
1940 ж Қазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды.
3. Кесте арқылы түсіндіру: Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.
Жылдары Маңызды оқиғалар Нәтижесі
1918 ж Ташкентте Түркістан Шығыс институты Қолданбалы ғылымдар дамыды
1919 ж 1919 жылы Қазақ әскери комиссариаты штабының жанынан тарихи-статистикалық бөлім құрылды. Бөлім тарих, этнография және
жаратылыстану - география секцияларынан тұрды,
кейіннен археология секциясы да ашылды.
1919- 1920 ж Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы құрылды
Қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов, Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.
1932 ж К КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды Республикада 12 ғылыми-зерттеу институты, 15 тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды.
1938 ж Ғылыми-зерттеу а институттары (ҒЗИ) ашылған КСРО ҒАның Қазақ филиалына айналды.
Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді. Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған
4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.
20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды.
Семей әуесқой театр.
Орынбордағы қазақ институты.
Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.
Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Оның шығармашылығы 20-жылдардңің соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі.
Ә. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған.
Соғысқа дейінгі кезеңде Ә. Ысмайылов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды.
Кеңестік әдебиеттің қалыптасуы
Республикада алғашқылардың бірі болып ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан Түркістан өлкесіндегі «Талап» қоғамы. Басқарманың құрылтайшысы және жетекшілері жазушы М.Әуезов, этнограф Ә.Диваев, профессорлар Х.Досмұхамедов, А.Шмидт, Н. Архангельский, М. Тынышпаев, М. Есболов, И. Тоқтыбаев, Қ. Тыныстановтар болды. Қоғам Жарғысының жобасын Түркістан ағарту ісі жөніндегі халық комиссариаты мемлекеттік ғалымдар кеңесі бекітті. 1923 жылы 4 желтоқсандағы «Талап» қоғамының мақсаты мен қызмет шеңбері төмендегідей болды:
-
қазақ әдеби тілінің, терминологиясы мен орфографиясы, т.б. мәселелерін қарастыру; І
-
ұлттық өнерді зерттеу;
-
қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу;
-
қазақ мектептерінде оқыту мәселелерін қарастыру;
-
қазақ ғылыми қызметкерлері мен қазақ өнері қайраткерлеріне көмек көрсету.
Қоғам құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М Міржақып Дулатұлы, Қ.Кемеңгеров, т.б. енді.
Осы кезеңде жаңа кеңестік әдебиет қалыптаса бастайды. Оның Қазақстандағы өкілдері С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Ізтөлин жөнө т.б. болды. Олардың шығармашылығы айқын социалистік реализм және пролетарлық интернационализм ұстанымына негізделді.
125 жылғы 18 мамырда Қазақстанда Пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ ассоциациясы (ҚазАПП) құрылды. ҚазАПП жаңа социалистік әдебиет жасау ісін қолға алды.
Мәдениеттегі кез келген құбылыс таптық, пролетарлық күрес тұрғысынан бағаланды. Халық шығармашылығының көптеген түрлері, мысалы, «Едіге», «Қобыланды батыр» реакцияшыл, ұлтшылдық көзқарастағы шығарма деп жарияланды. А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы қуғынға ұшырады. Абай шығармалары талқылауға түсті.
Басқа жанрлардың арасында бірінші орынға саяси лирика шығарылды. Кеңестік жарқын шындықты жабырқау өткен өмірмен салыстыру тәсілі кең қолданысқа енді. ҚазАПП қызметінде қазақтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті дәстүрлерін жоққа шығару көзқарасы барған сайын белең ала бастады.
Қазақ көркем әдебиетіндегі осы екі ағым арасында 1922—1923 жылдары, содан соң 1926-1928 жылдары қызу пікірталас болып өтті. 20-жылдардың ортасы мен соңында қазақ әдебиетіне Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Ғ.Орманов секілді талантты жастар келіп, кеңес адамдарының — ауыл және қала еңбеккерлерінің бейнесін жасады. Қазақ кеңес ақын-жазушыларының шығармашылығында В.И.Ленин бейнесі жеке тақырыпқа айналды.
1934 жылы 12—18 маусым күндері Қазақстан жазушыларының I съезі өтіп, онда идеялық тәрбие жүргізудегі қуатты құрал кеңестік әдебиет болуы керек екендігі баса айтылды.
Қазақ кеңес әдебиеті фольклор дәстүріне сүйенді. Мәселен, Жамбыл Жабаев (1846—1945 жылдары) шығармаларында ел өмірінің айтулы оқиғалары көрініс тапты. Жаңа өмір мен кеңес адамдарын ақын Нұрпейіс Байғанин (1860—1945 жылдары) өзінің эпостық жырларына арқау етті. Иса Байзақов (1900—1946 жылдары) шығармашылығы нағыз халықтық мәнге ие болды.