Файл: Тапсырма Дрісті таырыптары бойынша тест сратарын растыр.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.11.2023
Просмотров: 86
Скачиваний: 1
1. Газ бен оны тану әдісі арасындағы сәйкестікті орнатыңыз.
ГАЗДЫ ТАНУ ӘДІСІ
A) сутегі 1) калий перманганат ерітіндісінің түссізденуі
Б) оттегі 2) лакмус қағазы көкке айналады
B) аммиак 3) жанып тұрған сәуле жыпылықтайды
Г) көмірқышқыл газы 4) жанған кезде тән дыбыс
Д) этилен 5) жанып тұрған сәуле сөнеді
B2. Газ бен оны қолдану әдісі арасындағы сәйкестікті орнатыңыз. Жауап Алфавит бойынша әріптерге сәйкес келетін сандар тізбегі түрінде беріледі.
A) сутегі
Б) оттегі
B) аммиак
Г) көмірқышқыл газы
Д) этилен
Қолдану
1) тыңайтқыштар өндірісі;
2) көкөніс қоймаларында жемістердің пісуін жеделдету үшін органикалық қосылыстар, еріткіштер өндіру;
3)көпіршікті сусындар дайындау, өрттерді сөндіру, "құрғақ мұз" өндірісі;
4) заттарды синтездеу, металдарды кесу және дәнекерлеу, ғарыш кемелерінің қозғалтқыштарына арналған отын;
5) тыныс алу және жану.
2 тапсырма
"Химия" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
«Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
Жаратылыстану-математикалық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат;
11-сыныпта – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;
11-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері арқылы ұйымдастырылған.
«Химия» оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық және
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптар бойынша бұрыңғы және
жаңартылған бағдарламадағы зертханалық жұмыстардың салыстырмалы
кестесі
. «Химия» оқу пәнінің жаратылыстану-математикалық және
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныптар бойынша бұрыңғы және
жаңартылған бағдарламадағы зертханалық жұмыстардың салыстырмалы
кестесі
| Мұғалімнің аты-жөні | | | ||
| Сыныбы | 11 | 1 сабақ | Күні: | |
| Сабақтың тақырыбы: | Кіріспе. Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы | |||
| Сілтеме | Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Химия» оқулығы , Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл. | |||
| Жалпы мақсаты | Органикалық заттардың құрамы, құрылысы, «органикалық зат» жайлы ұғым қалыптасады.Органикалық қосылыстардағы көміртек атомның өзара жалғасуынан түзілетін алуан түрлі қосылыстардың табиғатын түсінеді. | |||
| Күтілетін нәтиже | Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы деп аталу себебін түсінеді, органикалық заттардың ерекшеліктерін айқындайды. | |||
| Негізгі идеялар | Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы | |||
| Құрал-жабдықтар: | Интерактивті тақта, интерактивтік тақта арқылы Power Point, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, су, күкірт қышқылы, қант, бор, өсімдік майы, парафин, полиэтилен бұйымдары, каучук, қағаз,балауыз,т.б. | |||
| Сабақтың түрі | Жаңа білімді игеру сабағы. | |||
| Әдіс-тәсілдер | Диалогтік оқыту, талдау, жинақтау, топтық жұмыс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар. | |||
| Сабақ бойынша мұғалім жазбалары | Мұғалім іс-әрекеті І.Ұйымдастыру кезеңі Сергіту сәті. Оқушыларды 2 топқа бөліп отырғызу. Тақтада берілген сөздерді алып, екі топқа: бейорганикалық және органикалық заттар деп бөлініндер. Мына берілген заттар: Карбонаттар, көмір қышқылы, қағаз, спирт, көмір, сода, парафин, қант, тұз, мақта. ІІ Топтарға сұрақ қою: 1)Органикалық және бейорганикалық қосылыстардың ерекшелігі неде? 2) Органикалық және бейорганикалық заттардың арасына айқын шек қоюға бола ма? 3) Органикалық химия нені зерттейді? 4) Неге бүгінгі біздің тақырыбымыз «Органикалық химия- көміртек қосылыстарының химиясы» деп аталады? 5)Құрамында көміртегі бар қандай қосылыстарды білесіндер? 6) Тапсырма: Мына берілген заттар: метан, мыс сульфаты, пропан, хлорсутек, бутан, камфора, сутегі, бор, қант, парафин, нафталин, скипидар, су, күкірт қышқылы қатарынан органикалық затарды теріп жазындар. 7) Осы органикалық заттардың физикалық қасиеттері туралы қандай жорамал пікір айтасындар? 8) Химиялық реакция көмегімен органикалық затты бейорганикалық заттан қалай ажыратуға болады? 9) Органикалық заттардың құрамы және кейбір қасиеттеріне қандай қорытынды жасауға болады? ІІІ кезең Негізгі кезең Оқулықпен жұмыс:
ІҮ кезең Қорытынды
Үйге тапсырма: §13,2 Бағалау Топтық бағалау Рефлексия | Оқушы іс-әрекеті Оқушылар 2 топқа бөлінеді : бейорганикалық және органикалық заттар Оқушылар камфараның ұшқыштығын, қант ерітіндісінің электр тоғын өткізбейтіндігі, пропан, этил спирті жанғыш заттар, қантты қыздырғанда көмірленетінін айтады. Постерде қорғау. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасай отырып осы сұрақтардың жауабын табады, топта талдайды.Ең көп дәйектеме айтқан топ мүшелері бағаланады. | ||