Файл: Воп для вступительных экзаменов в интернатуру 5 курс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.11.2023

Просмотров: 596

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ВОП для вступительных экзаменов в интернатуру 5 курсТЕРАПИЯ1. Бронх қабырғаларының іріңді-қабынулы деструкциясы нәтижесінде бронхтардың қайтымсыз патологиялық кеңеюі қалай аталады?1.Пневмония2.+Бронхэктаз ауруы 3.Өкпе эмфиземасы4.Созылмалы бронхит5. Муковисцидоз 2. Миокард инфарктісінің диагностикасындағы ең спецификалық маркерға не    жатады?1.аспартатаминотрансфераза2.аланинаминотрансфераза3.+тропонин Т, І4.креатинфосфокиназа5.лактатдегидрогеназа 3. Миокард инфарктісімен науқаста жүрек тұсындағы ауырсыну синдромының күшеюі, тахикардия, артериалық қысымның кенет төмендеуі, тамыр соғысының жіп тәрізді әлсіреуі, тері жамылғысының бозаруы, суық тер байқалған. Науқаста қандай асқыну пайда болды?1.өкпе сусіңділенуі2.+кардиогенді шок3.жүрек аневризмасы4.Дресслер синдромы5.қайталамалы миокард инфарктісі 4. Науқаста тамақ қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін пилородуоденальды аймақта күшті ауырсыну пайда болып, ол  арқаға таралған және ауырсынудың  жоғары  шегінде жеңілдік әкелмейтін құсық байқалған. Қандай жағдай туралы ойлауға болады?1.аутоиммундық гастрит2.асқазан кардиалды бөлімінің жарасы3.асқазан денесінің ойық жарасы4.+постбульбарлы ойық жара5.эзофагит 5. Науқастың жағдайы нашарлап, есенгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды? 1.бромсульфалиенді сынама2.белокты және оның туындыларын анықтау3.альфа-фетопротеин құрамын анықтау4.+қан сарысуындағы аммиакты анықтау5.АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау 6. 18 жастағы науқаста бетінің ісінуі, бас ауруы, белдің сыздап ауырсынуы, зәр  бөлінуінің азаюына шағымданып келді. 3 күннен бері өзін аурумын деп санайды. 2 апта бұрын баспамен ауырған. Объективті қарағанда: тері қабаттары бозарған, беттің ісінуі, аяғының ісінуі байқалады, дене қызуы - 37,70с. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. Пульсі минутына - 84 рет. АҚ 165/100 мм сын. бағанасында. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы екі жағында да оң мәнді. Қандай ауру туралы ойлауға болады?1.жедел пиелонефрит2.бүйрек тас ауруы3.бүйрек туберкулезі4.бүйрек амилоидозы5.+жедел гломерулонефрит 
7. Науқас 18 жаста, бала кезінен қанағыштықпен ауырады: мұрыннан қан кетулер, гематомалар байқалған. Бір жыл бұрын тізе және тобық буындарында қан кетулер болған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?1.ДВС-синдромының созылмалы формасы2.+гемофилия3.геморрагиялық васкулит4.тромбоцитопатия5.идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура 8. Науқастың анамнезінде жедел ревматизмдік қызбаны басынан өткерген. Қан анализінде солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРБ оң мәнділігі, сиал қышқылы, фибриноген, αжәне глобулиндердің дәрежесінің жоғарылауы, церулоплазмина>0,25 г/л, серомукоид >0,16 г/л, антистрептокиназа>1:300, антистрептолизин>1:250 байқалған. Эхокардиографияда: митральды қақпақшаның стенозы мен айқын регургитациясы анықталған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?1.диффузды миокардит2.+жүректің созылмалы ревматикалық ауруы 3.гипертрофиялық кардиомиопатия 4.инфекциялы эндокардит 5.экссудативті перикардит  9. Бета-адреноблокатордың негізгі әсеріне не жатады?1.ЖЖЖ артыру2.қозғышты жоғарлату3.оң инотропты әсер 4.+өткізгіштікті тежеу5.жүректің электрофизиологиясына әсер ету 10. Науқаста жүрек маңында күйдіріп ауырсыну, жалпы әлсіздік, суық тер пайда болды. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның артқы–төменгі қабырғасының миокард инфарктісі анықталды, бұл өзгеріс қай тіркемеде байқалады?1.V1-V2 2.І, AVL3.V3-V44+III, AVF5.I, AVL, V5-V6   11. ЭКГ-да QRS комплесінің біркелкі деформациясы тіркелінген. ЖЖЖ минутына 180 рет. Науқаста жүрек ырғағының қандай бұзылысы болуы мүмкін?1.қарыншалық экстрасистолия 2.пароксизмальды суправентикулярлы тахикардия3.синустық тахикардия 4.+пароксизмальды қарыншалық тахикардия5.пароксзмальды қарыншалар фибрилляциясы  12. Науқаста биохимиялық қан анализінде келесі өзгерістер бар: жалпы билирубин -26 ммоль/л, конъюгирленген билирубин 5,2 ммоль/л, бос 20,8 ммоль/л, АЛТ 560 ммоль/л, сілтілі фосфотаза 1,4 ммоль/л. Қандай синдром жайлы ойлауға болады? 1.+цитолитикалық синдром2.астеновегетативті синдром3.сарғаю холестаз4.портальды гипертензия5.гиперспленизм синдромы 13. 51 жастағы әйелді оң жақ қабырға астында ұзаққа созылған ауырсыну  мазалайды. Қарағанда сарғаю анықталмаған. Кера, Ортнер симптомдары оң мәнді, дене қызуы субфебрильді, гемограммада ЭТЖ-30 мм/сағ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады? 

1.+созылмалы холецистит, өршу сатысы 2.созылмалы панкреатит, өршу сатысы3.асқазан ойық жарасы, өршу сатысы4.созылмалы гепатит, өршу сатысы5.бауыр циррозы, декомпенсация сатысы 14. Науқасты қараған кезде бет ұшында қызару байқалады, пальпацияда жүрек ұшында «мысық пырылы» сезіледі. Аускультацияда: жүрек ұшында диастолалық шу, шапалақты І тон, митральды қақпақшаның ашылу тоны, ырғағының бұзылуы, ЖЖЖ минутына 110 рет, пульс дефициті, өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар анықталды. Кеуде клеткасының рентгенографиясында: жүрек мықынының тегістелуі, кіші радиус доғасынан өңештің ығысуы. ЭКГ-да сол жақ жүрекшенің және оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Науқаста қандай қақпақша ақауы бар?  1.+митралды стеноз2.митралды жеткіліксіздік3.аорталды стеноз4.аорталды жеткіліксіздік5.трикуспидальды жеткіліксіздік  15. Жедел трансмуральды миокард инфарктісімен науқаста 20 күннен кейін тыныс алумен байланысты төс артында интенсивті ауырсыну, дене қызуының жоғарлауы, кенет әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Жүрек тондары әлсіреген, жүректің абсолютті шекарасында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Жедел миокард инфарктісінің осы асқынуында қандай препараты қолданған жөн? 1.кең спектрлі антибиотиктер2.+стероидты емес қабынуға қарсы препараттар3.кальций антагонистері4.АФАТ (АПФ) ингибиторлары5.антикоагулянттар    16. 32 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, оң жақ бел аймағында сыздап аурсынуға, зәр шығаруының жиілеп ауырсынуына шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде – жиі циститпен ауырған. Объективті қарағанда: дене қызуы 380С, аускультацияда- тыныс алуы везикулярлы, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖЖ  минутына 92 рет, АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Іші жұмсақ,  оң жақ шап  аймағында және  оң жақ қабырға доғасының деңгейінде іштің тік бұлшықеттінің сыртқы жиегінде ауырсыну байқалған. Пастернацкий симптом оң мәнді.Қандай ауру туралы ойлауға болады?   1.бүйрек туберкілезі2.гломерулонефрит3.+пиелонефрит4.бүйрек амилоидозы5.бүйрек тас ауруы 17. Трансмуральді миокард  инфарктінің ЭКГ-белгісі қайсысы?1.+терең, кеңейген QS тісшесі2.теріс, коронарлы Т тісшесі3.SТ сегментінің изосызықтан төмен орналасуы 4.SТ сегментінің изосызықтан жоғары орналасуы 5.Р-Q интервалының ұзаруы 18. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруын диагностикалауда «маңызды» тексеру тәсілі қайсысы?
1.өңешті рентгендік зерттеу 2.рН-метрия3.+өңеш эндоскопиясы4.гистологиялық зерттеу5.өңеш кілегейінің биопсиясы 19. Рентгенограммада өкпе мөлдірлігінің жоғарылауы, қабырғааралық кеңістіктің кеңеюі, диафрагма күмбезінің тығыздалуы қандай аурудың көрінісі? 1.спонтанды пневмоторокстың2.өкпеден қан кетудің3.кавернозды өкпе туберкулезінің4.ауруханадан тыс пневмонияның5.+өкпе эмфиземасының 20. Созылмалы қайталамалы панкреатитпен ауыратын, ішімдік  қабылдайтын, 53 жастағы ер адамда, ауырсынусыз сарғаю байқалған. Ретроградты панкреатохолангиографияда жалпы өт өзегінің тарылуы анықталған. Сарғаюдың пайда болуы немен байланысты? 1.+жалпы өт өзегінің перидуктальді фиброзымен2.ұйқы безінің ісігімен3.жалпы өт жолының ісігі4.ұйқы безінің жалған кистасымен жалпы өт жолының басылуы 5.холелитаз салдарынан жалпы өт жолдарының стриктурасы   21. Науқас М. жедел миокард инфарктісімен кардиология бөліміндеемделу барысында жүрек ұшында  І тон әлсіреуі,  систолалық шу анықталған. Осы жағдайға қарап ЭХОКС-да қандай өзгерістер көруге болады:1.+митральді қақпақша регургитациясы2.митральді қақпақша жармақтарының тығыздалуы3.митральді қақпақша вегетациясы4.қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі5.перикард жапырақшаларының тығыздалуы  22. 56 жастағы әйелде жалпы қарағанда саусақаралық буындар ісінген, қозғалысы ауырсынумен шектелген. Қан анализінде: гипохромды анемия, ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, диспротениемия, фибриноген жоғарылауы, серомукоид, гаптоглобин, сиал қышқылының жоғарылауы анықталған. Иммунологиялық зерттеуде: ревматоидты фактор анықталған, Ваалер-Роз реакциясы 1:32 титрінде оң мәнді, латекс-тест-1:20. Буын рентгенограммасында: буын маңы эпифизарлы остеопорозы, буын саңылауларының тарылуы, жиектік эрозия байқалады. Қандай ауру туралы ойлауға болады? 1.ревматизмдік артрит2.+ревматоидты полиартрит3.деформациялық остеоартроз4.Бехтеров ауруы5.подагралық артрит 23. Науқас 37 жаста,  дәрігерге ентігуге, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге шағымданып келді. Жағдайының 5 күн бұрын  нашарлауын  айтады. 5 жыл бойы ауырады. Көктеммен -күз айларында аурудың өршуі байқалған. Шырышты-іріңді қақырық  аурудың өршуі кезінде бірнеше ай бойы және өте көп мөлшерде бөлінеді. Темекіні 20 жылдан бері күніне 1 қорап шегеді. Объективті қарағанда: дене қызуы 37,5
0С. Өкпеде  айқын перкуторлық  дыбыс естіледі. Аускультацияда: везикулярлы тыныс әлсіреген. ТАЖ минутына 22 рет. Жүрек тоны анық, ырғақты, ЖЖЖ  минутына 72 рет, АҚ 120/80мм.сн.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады? 1.пневмония2.өкпе рагы3.+созылмалы обструктивті бронхит4.бронхиальді демікпе5.өкпе туберкулезі 24. Науқас 38 жаста, бірнеше жылдар бойы тері мен ауыз қуысының шырышты қабатында петихиальді қан құйылулар, мұрыннан қан кетулер мазалайды. Идиопатиялық тромбоцитопения диагнозы қойылған. Преднизолонмен терапия курсы қандағы тромбоцитті 80-90х109/л дейін көтереді. Бірақ геморрагиялық синдром сақталған. Емдеудің қандай жолы дұрыс емес:   1.спленэктомия жасау2.мұрыннан қан кеткенде жергілікті гемостатикалық губка қолдану3.преднизолонмен емді жалғастыру4.+донор тромбоцитін құю5.цитостатиктер 25. Неспецификалық жаралы колит диагнозын анықтайтын зерттеулердің ішіндегі маңыздысы? 1.Физикалық зерттеу2.Нәжісті жасырын қанға тексеру. 3.Ирригоскопия4.Нәжісті микробиологиялық зерттеу5.+Рекороманоскопия  26. Идиопатиялық тромбоцитопенияның патогенезі немен байланысты? 1.Тромбоцит түзілуінің жеткіліксіздігімен2.Тромбоциттердің жұмсалынуының жоғарлауымен3.+Тромбоциттердің антиденемен бұзылуымен4.тромбоцитопоэтин түзілуінің механикалық бұзылысымен 5.Көкбауыр ұлғаюының салдарынан пайда болатын тромбоциттердің механикалық бұзылысымен  27. Бауыр циррозымен ауыратын науқаста гиперспленизм синдромы анықталды. Лабораторлық зерттеу кезінде осы синдромға тән қандай өзгерісті байқауға болады?1.АЛТ, АСТ, ЩТ белсенділігінің өзгерісі2.+Лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия3.Билирубинемия4.гипопротеинемия5.Гипергаммаглобулинемия  28. Ұзақ уақыт темекі шегетін науқаста объектвиті қарау кезінде қабырғааралық кеңістіктің кеңеюі, қабырғалардың горизантальді бағытта орналасуы кеуде клеткасының көлденең өлшемі бойлама өлшеміне жақындаған. Перкуссияда –қорапты дыбыс. Аускультацияда – везикулярлы тыныс әлсіреген. Бұл өзгеріс немен байланысты?1.бронхоэктазбен2.өкпе абсцесімен3.кавернамен4.бронхолиттермен5.+өкпе эмфиземасымен 29. 35 жастағы науқас, стоционарда идиопатиялық пурпуралы тромбоцитопениямен емделуде. Денесінде аздаған петехиальді-дақты қан құйылулар байқалады, етеккірінің көлемі көбейген, басқа өзгерістері жоқ. Тромбоциттер 18,0х10