Файл: 2017 жылы 20 ыркйегінде Первомай орта мектебі мм 8 А сыныбында атааналар жиналысы болып тті атысты 2 атыспады 5.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 88
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№1 хаттама2017 жылы 20 қыркүйегінде «Первомай орта мектебі» ММ8 «А» сыныбындаата-аналар жиналысы болып өттіҚатысты: 2Қатыспады -5Күн тәртібінде
№ 3 хаттама2018 жылы 14 наурызда «Первомай орта мектебі» ММ8 «А» сыныбындаата-аналар жиналысы болып өттіҚатысты: 6Қатыспады -1Күн тәртібінде
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін», деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.Ата-аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады. Сондықтан да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын жиналыс, тренингтердің маңызы орасан зор. «Кім шапшаң?» ойыныӨз балаларымызды қаншалықты білетіндігімізді байқау үшін «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.Ата-аналар дөңгелене тұрады, мұғалім сұрақ қойып допты береді ,ата-ана жылдам жауап беріп келесі ата-анаға береді. Сұрақтар:-Балаңыздың туған күні қашан?-Балаңыздың кураторының аты-жөні кім?-Балаңыздың парталас көршісі кім?-Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?-Балаңыздың сүйікті асы?-Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?-Балаңыздың аяқ киім өлшемі қандай?-Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?-Балаңыздың досы кім?-Балаңыздың сүйікті фильмі қандай?-Балаңыздың хоббиі?-Балаңыздың арманы?Ой жинақтау: 3 топқа тақырып беріледі. Ата аналар берілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады. 1 топ. «Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар» 2 топ. « Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері» 3 топ. «Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?»Ситуациялық сұрақтар:Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып,сұрақтарға жауап береді. 1. Балаңыз сабақтан қашып, үйге ерте келді, не істейсіз? 2. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? 3. Балаңыз соңғы үлдегі ұялы телефон алып бер деп сұрады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз? 4. Балаңыз белгілі бір пәнді ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз? 5. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
Сұрақ-жауап: «Мадақтар мен жазалау» Мақсаты: Ата-ананың балаға көңіл бөлуін байқау. Барысы: Қағазды екіге бөліп,бір жағына баланы мақтау кезінде қолданатын сөздерін,екінші жағына сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.Қай бөлікте сөздер көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасыАта-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі: -Бұл жұмыста сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.-Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.-Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.-Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді. Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл ата-ана – қарым-қатынасқа ашық адам.Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді. Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді. Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз. Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз. Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді. Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны. Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
-
Отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері (баяндама)
-
Ата-аналар комитетін сайлау.
-
Әр түрлі мәселелер.
-
Баяндама қанағатты деп табылды.
-
Ата-аналар комитетінің төрайымы етіп Халибекова Рахила Пардабаевна сайланды.
-
Оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс нығайтамын.
-
«Отбасы – адам баласының алтын діңгегі» (баяндама)
-
ІІ тоқсан қорытындысы, балалар оқу үлгерімі туралы.
-
Балалар тәрбиесі туралы
-
Баяндама қанағатты деп табылды.
-
Келесі тоқсанда білім сапасын көбейтуге тырысатын болды.
-
Оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс нығайтуға тырысамын.
№ 3 хаттама2018 жылы 14 наурызда «Первомай орта мектебі» ММ8 «А» сыныбындаата-аналар жиналысы болып өттіҚатысты: 6Қатыспады -1Күн тәртібінде
-
«Балаға тәрбие беруде әкесінің орны» (баяндама)
-
ІІІ тоқсан қорытындысы, балалар оқу үлгерімі туралы.
-
Балалар тәрбиесі, үлгерімі туралы
-
Баяндама қанағатты деп табылды.
-
Келесі тоқсанда білім сапасын көбейтуге тырысатын болды.
-
Оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс нығайтамын.
-
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» (баяндама)
-
ІV тоқсан қорытындысы, балалар оқу үлгерімі туралы.
-
Балалар тәрбиесі, үлгерімі, жазғы демалыс туралы
-
Баяндама қанағатты деп табылды.
-
Келесі жылы оқушылар жаңа оқу жылына деген дайындығын нығайту, жазғы демалыста көлге, өзенге шомылуға бармайтыны туралы айтылды.