Файл: 2017 жылы 20 ыркйегінде Первомай орта мектебі мм 8 А сыныбында атааналар жиналысы болып тті атысты 2 атыспады 5.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Мен балалық шағымда армандадым.........» жаттығуы:
Бір біріне допты лақтыру арқылы балалық шағындағы армандарымен бөліседі. «Өтінемін» ойыны. Мақсаты: Ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-біріне көңіл бөлу, бір-бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.
-Құрметті ата-аналар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
-Рахмет, өтінемін т.б
-Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
-секіріңіздер
-оң аяқтарыңызды көтеріңіздер
-өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңыздар
-өтінемін, бір-біріңді құшақтаңыздар.
- оң қолдарыңызмен сол құлақтарыңызды уқалаңыздар
Қорытынды Жаттығу: «Тілек шамы». Мақсаты: тренинг туралы пікірлерді ортаға салу Құрметті ата - аналар! Біз сіздермен жанұядағы ата - ана мен бала арасындағы қарым - қатынасын түрлі жақтарын тануға, жан - жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшақ ұя - жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір - бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір - бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын. Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.