Файл: Фоб012062 . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті медицина факультеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 311

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Онкологиялық қадағалау. Ісіктердің ерекше түрлерінің клиникасы.»
2. Мақсаты: Онкологиялық науқастарды тексеру әдісімен таныстыру. Қатерлі және қатерсіз ісіктердің дамуы мен өрістеуінің белгілері үйрету. Онкологиялық науқастарды емдеу принциптерімен таныстыру.
3. Оқыту мақсаты: Оқытудың инновациялық әдістері бойынша «жалпы хирургия» пәнінін ситуациялық есептерді талдауды, клиникалық сценарий арқылы видео роликтермен көрсету әдісі. Мақсаты: Хирургиялық дағдыларды, соның ішінде шұғыл көмек көрсету жағдайларда, білімгердің дағдыларды рет - ретімен дұрыс және уақытылы істеуге үйрету.
3.1.Студент білу тиіс:

  • Ісіктердің негізгі даму теорияларын

  • Ісіктердің негізгі құрылымын (автономды өсу, клеткалардың полиморфизмі мен атиптігін)

  • Қатерлі және қатерсіз ісіктердің ерекшелігін (атипия және полиморфизм, метазтаздануы, өсу ерекшелігі, рецедиві, науқастың жалпы жағдайына әсер етуі)

  • ісіктердіњ жіктелуін

  • ісіктердің диагностикасын

  • ісіктердің емін.



3.2. Студент істей алуға тиіс:

  • қатерлі және қатерсіз ісіктері бар науқастарды зерттеуді

  • қатерлі және қатерсіз ісіктері бар науқастарға салыстырмалы диагностика жасауды

  • аурудың клиникалық дәрежесін анықтауды

  • Халықаралық TNM жүйесі бойынша жіктелуін


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • қатерсіз ісіктердің клиникалық және морфологиялфқ мінездемесін суреттеңіз

  • «ісікті трансформация» және автономды өсу дегеніміз не?

  • Полиморфизм және атипті клетка дегеніміз не?

  • Қатерлі ісіктің қатерсіз ісіктен морфологиялық және клиникалық ерекшелігі не?

  • Метазстаздану дегеніміз не?

  • Қатерлі және қатерсіз ісіктердің жіктелуін айтыныз

  • Рак алды ауру дегеніміз не?

  • Пак және саркома дегеніміз не?

  • Абластика және антибластика дегеніміз не?

  • Қатерлі және қатерсіз ісіктердің емдеуі қалай жүргізіледі?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

  • тері және тері асты шел май қабатының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері

  • тіндер және организмнің әртүрлі бөліктерінің гистологиялыќ ерекшеліктері

  • Оқытудың инновациялық әдістері бойынша алынатын нәтижесі: Болшақ дәрігер шұғыл көмек көрсету кезінде хирургиялық дағдыларды жоғары деңгейде көрсетіп, логикалық ойлану қабілетін арттырып, дағдыларды дұрыс жасай алуына мүмкіндік береді.



6. Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілдерінде:

  1. М.Ө.Мукамов, В.К.Гостищев Жалпы хирургия. ОТАР-медиа, 2014ж., 520

  2. Касенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хирургия . - Алматы, 2013 ж..

  3. Дурманов К.Д-, Жалпы хирургия. - Алматы 2012ж.

  4. Медициналық сайттар: meduniver.com; surgery com. net және тағы басқа.

  5. М. А. Қалдыбаев Жалпы хирургия Алматы, Эверо – 2015 ж. 200

6. Ө. М. Мәдікенова Жалпы хирургия Алматы: Эверо, 2012ж., 456

7. Бақылау:

7.1.Тест сұрақтары:
1. Қатерлі ісікті алу отасы кезінде антибластик ретінде не қолданылады?

А) ацетон

B) мүсәтір спирті

C) 96 градустық спирт

D) новокаин

E) сулема
2. Қатерсіз ісіктерге тән емес белгілерді атаңыз:

A) өсуінің жәйлігі

B) айналасындағы тіндерден шектеліп өсуі

C) метастаз бермейді

D) өзі толық алынғанда орнынан қайта өсіп шығуы (рецидив беруі)

E) жасушалары аналық клеткаға сәйкес болуы
3. Төмендегі әдістердің қайсысы абластикаға жатпайды?

A) ісікті алғанда жарақаттамай, ұқыпты алу керек

B) ісікті толығымен сау тіндер шегінде алу қажет

C) ота үстінде дәкелерді алмастырып отыру қажет

D) ота үстінде 96 градусты спиртті қолдану

E) регионда үлкейген бездерді алып тастау
4. Ісікті сәулемен емдеу қажеттілігін атаңыз:

A) ісік жасушалары сәулеге сезімсіз болғанда

B) ісік жасушалары сәулеге өте сезімді болғанда

C) сәулемен ем кезінде ісік сызды жараға айналса

D) науқас ақ қан ауруына шалдықса

E) ісік екінші кезеңдік мөлшерінде
5. Гастроскоп арқылы қатерлі асқазан ісігінің қандай белгілерін анықтауға болмайды?

A) ісіктің орнын

B) ісіктің түрін, түсін

C) ісіктің аумағын, формасын

D) ісіктің өсу кезеңін

E) биопсия алуға
6. Асқазан-ішек жолындағы полипозды анықтауға келмейтін әдісті табыңыз А)лапароскопия

B) гастроскопия

C) эзофагоскопия

D) колонскопия

E) ректоскопия
7. Төмендегілердің қайсысы қатерсіз ісікке жатады?

а) фиброма

б) липома

в) саркома

г) аденома

д) аденокарцинома

A) вгд B) бгд C) абд D) абг E) авг
8. Қатерлі ісіктерге тән белгілерді атап, көрсетіңіз:

а) тез өсіп, тез дамиды

б) жасушалары үздіксіз бөлініп, атипиялық түрде болады

в) метастаз бермейді

г) автономды өсу тән

д) айналасындағы ағзаларды ығыстырып, қысып өседі

A) абв B) авд C) бвг D) вгд E) абг
9. Рак - қатерлі ісік неден пайда болады?

A) жетілмеген дәнекер тіннен

B) лимфа бездерінен



C) қан тамырларынан

D) эпителийлі тіннен

E) сүйектен
10. Қатерлі ісіктердің клинико-анатомиялық сипаттамасына тән емес:

A) тез өсуі

B) инфильтративті өсуі

C) жалпы зат алмасуына әсер етуі, ауруды жүдетуі

D) метастаз бермеуі

E) тәбетінің төмендеуі

11. Қатерлі ісіктерде рентген сәулесі қалай қоданылмайды?

А) өз бетімен бөлек ем ретінде

B) қосымша ем ретінде отадан кейін

C) қосымша ем ретінде ота алдында

D) химиотерапиямен қосымша

E) диагностика үшін
12. Ота кезінде - ісік асқазанды толық жайлаған, регионарлы лимфа бездеріне шапқан. Бұл ісіктің қандай кезеңі?

A) қатерлі ісіктің I кезеңі

B) II кезеңі

C) III кезеңі

D) ІҮ кезеңі

E) ІІІ-Ү кезеңі
13. Қатерсіз ісіктің клинико-анатомиялық белгілерін көрсетіңіз:

а) баяу өсу

б) ісік алынғаннан кейін рецидив беруі

в) жалпы организмге әсер етпеуі

г) капсуланың ішінде өсуі

д) метастаз беруі

А) авд В) абд C) бгд D) авг E) бвг
14. Қатерсіз ісікке ота жасау қажеттілігін көрсетіңіз:

а) жасының кәрілігі

б) ісік үнемі киіммен қажалса

в) тез өссе

г) пайда болғанына ұзақ мерзім болса

д) ісік өсіп ағзаны қысса

A) абв B) бгд C) бвд D) бвг E) вгд
15. Нағыз ісіктерді көрсетіңіз:

а) липома

б) фиброма

в) гематома

г) тератома

д) серома

A) абг B) абв C) вгд D) бвг E) бгд
16. Онкологияда гормонотерапия қай жағдайларда қолданылады. Дұрыстарын көрсетіңіз:

а) гормонмен байланысты органдардың қатерлі ісігі (омырау бездері, простата т.б.)

б) белгісіз ісіктерде

в) рентген, химиотерапиямен бірге

г) рак ауруының рецидивіне қарсы, өсуін тежеу үшін

д) асқазан аденокарциномасы

А) абв В) авг C) бвг D) бвд E) вгд
17. Электрохирургиялық оталардың пайдалы жақтарын көрсетіңіз:

а) ота үстінде қан аз кетуі

б) рак жасушаларының жараға таралмауы

в) отадан кейінгі жарада ауырсынудың азаюы

г) отаның абластикалық қасиеттерін арттыру

д) некрозды азайту

A) бвг B) бгд C) абг D) абв E) авд
18. Қатерлі ісікті сәулемен емдеу кезінде болатын асқынуларды көрсетіңіз:

а) әлсіздік

б) жүрек айну, құсу

в) лейкопения

г) жекеленген ағзаларда метастаздың болуы

д) қан қысымының артуы

А) абг В) агд C) абв D) вгд Е) бвг
19. Рак ісігі қандай тіннен өседі?

А) бұлшық еттен

В) эпителийден

C) эндотелийден

D) дәнекер тіннен

E) сүйектен
20. Қатерлі ісік белгілерін көрсетіңіз:

а) тез өседі


б) лимфа түйіндері мен ағзаларға метастаздануы

в) жайылудың шекаралары айқын

г) отадан кейінгі рецидив

д) қасындағы тінді ығыстырып өседі

A) авд В) бгд С) абг Б) абд Е) вгд
21. Дәнекер тіннен пайда болатын ісікті атаңыз:

А) липома

B) фиброма

C) остеома

D) хондрома

Е) аденома
22. Ісікті сәулемен емдеу қажеттілігін атаңыз:

A) ісік жасушалары сәулеге сезімсіз болғанда

B) ісік жасушалары сәулеге өте сезімді болғанда

C) сәулемен ем кезінде ісік сызды жараға айналса

D) науқас ақ қан ауруына шалдықса

E) қатерлі ісік бірінші кезеңде толық алынса
23. Қатерсіз ісікті оталық жолмен алып тастаудың абсолюттік қажеттілігін көрсетіңіз:

а) жанындағы ағзаның жаншылуы (қысылуы)

б) беткей орналасқан ісіктің көп уақыт киіммен қажалуы

в) ісіктің көп уақыт болуы

г) қатерлі түрге ауысуы

д) науқастың жасының кәрілігі

А) абг B) агд C) вгд D) бвд E) бгд
24. Абластика деген түсінікке кіретіндерді көрсетіңіз:

а) оталық жараны спиртпен жуу

б) дәке мен құралдарды жиі ауыстыру

в) ота кезінде ісікті жарақаттамау

г) ісікті cay тіндерге жақын кесіп алу керек

д) ісікті алған жерге антибиотик жіберу

А) агд В) бгд C) бвг D) авг E) вгд
25. Лапароскопия арқылы қатерлі ісікке байланысты не істеуге болмайды?

A) мөлшермен ісіктің көлемін анықтауға

B) ісіктің орнын анықтауға

C) пункциялық биопсия алуға

D) ісікті алып тастауға

E) ісікті суретке түсіруге
1. Тақырып: Трансплантология. Даму ақаулары. Отаға дейінгі кезең. Хирургиялық науқасты отаға дейін зерттеу. Ағзалар мен жүйелерді отаға дайындау. Жедел отага дайындау. Науқасты ота кезінде бакылау және оның күйін тексеру әдістері. Отадан кейінгі кезең. Отадан кейінгі кезеңде науқастарды күтудің ерекшеліктері. Таңғышты, температураны, жүрек, өкпе, асқорыту мен зәр шығару ағзалардын қызметгерін бақылау. Ағзалар мен жүйелердің отадан кейін болатын қатерлі асқынулары және оның алдын алуы. Жүрек – өкпе реанимациясы.

2. Мақсаты: Хирургиялық операцияға дайындауды үйрету. Операцияға науқастарды дайындауды үйрету. Хирургиялық операциядан кейінгі науқастарға қарау ерекшеліктері. Пластикалық хирургия туралы жалпы түсінктеме беру.
3. Оқыту мақсаты: Оқытудың инновациялық әдістері бойынша «жалпы хирургия» пәнінін ситуациялық есептерді талдауды, клиникалық сценарий арқылы видео роликтермен көрсету әдісі.
Мақсаты: Хирургиялық дағдыларды, соның ішінде шұғыл көмек көрсету жағдайларда, білімгердің дағдыларды рет - ретімен дұрыс және уақытылы істеуге үйрету.

3.1.Студент білу тиіс:

  • операцияға дейінгі кезеңді

  • операцияға дейінгі кезеңдегі науқастың жалпы принциптерін

  • организмде өтетін көмірсу, белок, су-электролит алмасу өзгерістерінің түрлерін

  • қан немесе несеп анализ қорытындыларын бағалауды

  • органдар жүйесі тарапында олардың профилактикасы мен тәсілдерін.

  • операциядан кейінгі кезеңнің түрлерін

  • операциядан кейінгі кезеңдегі науқастың жалпы принциптерін

  • организмде өтетін көмірсу, белок, су-электролит алмасу өзгерістерінің түрлерін

  • қан немесе несеп анализ қорытындыларын бағалауды

  • органдар жүйесі тарапында олардың профилактикасы мен тәсілдерін.

  • әртүрлі ақаулардың этиологиясын

  • әртүрлі ақаулардың диагностикасын

  • әртүрлі ақаулардың емін

  • қалыпқа келтіру хирургиясын қолданудағы әртүрлі тәсілдері мен түрлерін

  • тіндік сәйкессіздіктің себептері және оның жолдарын