Файл: Фоб012062 . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті медицина факультеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 301

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ф-ОБ-012/062

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯ» КАФЕДРАСЫ

«Жалпы хирургия»

пәні бойынша сабаққа арналған әдістемелік өңдеу құрылымы

Пән коды: B53.129

Мамандық: 5В130100 – «Жалпы медицина»

Академиялық кредит/ академиялық сағат: 5/150

Тәжірибелік сабақ: 1,5/ 45

Білімгердің өзіндік жұмысы: 1,5/ 45

Білімгердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы: 1,5/ 45

Білімді бағалау-0,5/ 15

Курсы: III

Оқу семестрі: V-VI

Емтихан: V-VI

Түркістан, 2020 жыл
Кафедра мәжілісінде талқыланды, хаттама №___, “___” _____2020 ж.
Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. Н.К.Тулежанов

1. Тақырып: Антисептика. Антисептиканың анықтамасы, түрлері. Операциялық бөлімінде және таңу бөлмеде қолданатын антисептиктермен танысу. Оларды қолдану тәсілдері. Асептика. Хирургиялық бөлімі, оның кұрылымы. Операциялық таңғыш бөлімі.

2. Мақсаты: Асептика-хирургиялық инфекцияның алдын алу әдісі ретіндегі және қазіргі заманғы жағдайда асептиканың маңызын; Инфекция көздерін; Эндо және экзогенді инфекцияларды (ауа-тамшылы, жанаспалы, имплантациялық) талқылау, үйрету.
3. Оқыту мақсаты: Оқытудың инновациялық әдістері бойынша «жалпы хирургия» пәнінін ситуациялық есептерді талдауды, клиникалық сценарий арқылы видео роликтермен көрсету әдісі. Мақсаты: Хирургиялық дағдыларды, соның ішінде шұғыл көмек көрсету жағдайларда, білімгердің дағдыларды рет - ретімен дұрыс және уақытылы істеуге үйрету.

3.1.Студент білу тиіс:

  • Ауа-тамшылы инфекцияның алдын алуы. Хирургиялық бөлімшесінің ұйымдастырылуы, оның құрылымы, негізгі бөлмелер және олардың құрылымы. Палаталар, ем бөлмесі (процедуралық), таңу бөлмесі, олардың жабдықтары.

  • Операциялық блок, оның құрылымы және жабдықталуы: операция жасайтын бөлме, операция жасайтын бөлмеге дейінгі бөлме, стерилизациялық, құрал-жабдықтың, аспапты қондырғылар бөлмесі, анестезиологиялық қызметтің бөлмесі, эндоскопиялық бөлімшесі және т.б. операция жасайтын және таңғыш байлайтын бөлмелерді тазарту түрлері. Ламинарлы бағыттағы ауасы бар операция жасайтын бөлме, ламинарлы бағыттағы аусы бар бокс-изолятор.

  • Қызметкерлер мен келушілердің (студенттер, дәрігерлер) операция жүріп жатқанда ұстанатын тәртібі. Емханадағы хирургиялық кабинеттің құрылымы мен жабдықталуы.

  • Жанаспа инфекцияның алдын алуы. Хирургиялық аспаптар, олардың құрылымдық ерекшеліктері, стерилизацияға дейінгі дайындық және стерилизациясы, оларды күтіп ұстау. Таңу материалы, оның негізгі қасиеттері мен оларға қойылатын талаптар.

  • Таңу материалы мен операциялық жаймаларды дайындау мен стерилизациясы.

  • Автоклав, оның құрылымы мен жұмыс тәртібі. Стерилдікті бақылау.

  • Хирургиялық дренаждардың стерилизациясы. Операциялық алаңды (аумақты) дайындау. Операцияға хирургтың қолдарын дайындаудың қазіргі әдістері.

  • Имплантациялық инфекцияның алдын алуы. Тігіс материалдарды (жібек, кетгут, капрон және т.б.) стерилизация жасауының қазіргі әдістері. Пластикалық хирургия мен травматологияда қолданатын аллопластикалық және гомопластикалық материалдардың стерилизациясы. Заманауи жағдайында қолданатын стерилизацияның жаңа түрлері: ультрадыбысты, газды стерилизация. Адамның иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) және т.б. вирусты инфекциялардың алдын алуы. Эндоскопиядағы стерилизация.

  • Эндо-видео хирургиялық операцияға арналған лапароскопиялық аспаптардың стерилизацияға дейінгі дайындығы және стерилизациясы.



3.2. Студент істей алуға тиіс:

  • Таңғыш материальдарды түріне байланысты жасап, стерилизацияға дайындай білу;

  • Таңғыш материальдарды топтастырып, бикстерге сала білуі;

  • Дренаж және катетрлерді стерилизация дайындау білу;

  • Қолданыста болған хирургиялық аспаптарды біріншілік залалсыздандырудан өткізе білу;

  • Автоклавтан шыққан материалдардың, аспаптардың және т.б. құралдардың залалсызданғанына баға бере білу;

  • Қолданылған қолғаптарды жоя білу;

  • Науқастың операция жасалатын аймағын дайындай білу (душқа түсіру, түгін тазалау және т.б. с.с.);

  • Қолды операцияға дайындай білу;

  • Стерильді халатты хирургке және өз-өзіне кигізе білу;

  • Байлап-таңу және егу бөлмелеріне тазалау жұмыстарын жүргізе білу.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Асептика дегеніміз не? Асептика туралы түсінік;

  • Асептиканың дамуына үлесін қосқан ғалымдар;

  • Асептика түрлері, қолдану әдістері;

  • Ұйымдастыру асептикасының маңызы;

  • Экзогенді және эндогенді инфекция ошақ көздері;

  • Заманауи жағдайда қолданылатын стерилизацияның жаңа түрлері;

  • Эндоскопиядағы және эндо-видео хирургиядағы стерилизация;

  • Тігіс материалдарының қазіргі кездегі стерилизациясы;

  • Автоклав құрылымы, жұмыс істеу принципі;

  • Қолды операцияға дайындаудың жаңа тәсілдері.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

  • Хирургиялық стационардың құрылымымен операциялық блокпен және орталық залалсыздандыру бөлімшесімен танысу;

  • Оқытушымен бірге тақырыпқа дискурссия түрінде талдау жасау;

  • Механикалық және физикалық асептиканың жүзеге асырылуын студенттерді кіші топтарға бөліп, іс-жүзінде көрсету;

  • Асептикалық мақсатта қолданылатын антисептикалық ертінділерді көрсетіп, оларды қолдану тәсілдерін үйрету;

  • Тақырып бойынша тест сұрақтары мен ситуациялық (ахуалдық) есептерді шешу.

  • Оқытудың инновациялық әдістері бойынша алынатын нәтижесі: Болшақ дәрігер шұғыл көмек көрсету кезінде хирургиялық дағдыларды жоғары деңгейде көрсетіп, логикалық ойлану қабілетін арттырып, дағдыларды дұрыс жасай алуына мүмкіндік береді.



6. Әдебиеттер

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілдерінде:

  1. 1. М.Ө.Мукамов, В.К.Гостищев Жалпы хирургия. ОТАР-медиа, 2014ж., 520 б

  2. Касенов Т.С., Дурманов К.Д. Жалпы хирургия . - Алматы, 2013 ж..

  3. Дурманов К.Д-, Жалпы хирургия. - Алматы 2012ж.

  4. Медициналық сайттар: meduniver.com; surgery com. net және тағы басқа.

  5. М. А. Қалдыбаев Жалпы хирургия Алматы, Эверо – 2015 ж. 200б


6. Ө. М. Мәдікенова Жалпы хирургия Алматы: Эверо, 2012ж., 456 б

7. Бақылау:

7.1.Тест сұрақтары:

1. Автоклавта 1,5 атм. қысымда стерильдеу үшін қанша уақыт керек?

А) 20мин.

В) 35мин.

С) 45мин.

D) 1сағ.

Е) 1сағ.15мин.
2. Тігіс жіптерінің қай қасиеті қажетсіз?

А) беріктігі, езілмейтіндігі

В) серпімділігінің жоғары болуы

С) залалсыздандыруға жеңілділігі

D) тіндерге тез еніп, қабындырмауы

Е) сақтауға қолайлылығы

3. Төмендегі қол жуу әдістерінің қайсысы толық залалсыздандыруға жеткізеді?

А) Альфелд әдісі

В) Фюрбрингер әдісі

С) Бруно әдісі

D) ешқайсысы да емес

Е) Заблудовский әдісі

4. Қол жуудың Альфелд, Бруно, Фюрбрингер, Спасокукоцкий - Кочергин әдістерінде қандай ортақ антисептик қолданылады?

А) йодтың спирттегі ертіндісі

В) сулеманың судағы ертіндісі

С) мүсәтірдің спирттегі ерітіндісі

D) этил спирті

Е) С-4 ертіндісі

5. Бір реттік қолданысқа арналған инфузиондық жүйені залалсыздандыруға төмендегі әдістердің қайсысы қолданылады?

А) құрғақ ыстықпен стерильдеу

В) қайнату әдісімен

С) автоклавта

D) гамма сәулесін қолдану арқылы (ионды сәулемен)

Е) формальдегид буында ұстау

6. Сулеманың төмендегі әдістерінің қайсысы маңыздырақ?

А) резеңке қолғапты бүлдірмейді

В) жарық әсерінен бұзылмайды

С) сақталуының қолайлылығы

D) бактерицидтік әсерінің жоғарылығы

Е) түссіз, иіссіз, дәмсіз болуы.

7. Төмендегі антисептиктердің қайсысы тотықтырғыш?

А) гидроперит

В) карбол қышқылы

С) хлорамин

D) сулема

Е) фурациллин

8. Антибиотик әсерінен болатын асқынуға жатпайтын белгіні көрсетіңіз?

А) тері бөртпелерінің пайда болуы

В) көздің экзофтальмі

С)кандидоз

D) тері қышымасының пайда болуы

Е) қан қысымының өзгеруі

9. Кетгутты Губарев әдісімен стерильдегенде қанша уақыт кетеді?

А) 12-24сағ.

В) 48-72сағ.

С) 4-6 тәулік

D) 10-20 тәулік

Е) 25-30 тәулік

10. Ота жасайтын жерді тазарту әдісін атаңыз.

А) Кохер әдісі

В) Цеге-Мантейфель әдісі

С) Листер әдісі

D) Гроссих әдісі

Е) Бруно әдісі
11. Мазасыз, мас адамның басындағы жарақат төбе тұсында. Жарасын қай әдіспен таңған дұрысырақ?

А) қайтымды әдіспен басты таңу

В) Гиппократ әдісін қолдану

С) баулы «чепец» әдісімен

D) жартылай басты таңу әдісімен

Е) «масақ» тәрізді әдіспен

12. Саусақты таңу үшін дәкені орауды қай жерден бастаған жөн?


А) саусақ ұшынан

В) алақан тұсынан

С) білек ұшынан

D) қатарыңдағы саусақтан

Е) саусақ негізінен

13. Ота жасайтын жерді қандай әдіспен жуып тазалайды?

А) Фюрбрингер

В) Пирогов

С) Гроссих

D) Кохер

Е) Спасокукоцкий

14. Стерильденген тігін жіптердің зарарсыздығын анықтау үшін лабораториялық зерттеуге неше күнде бір рет жіберу керек?

А) 3 күнде бір рет

В) 5 күнде бір рет

С) 10 күнде бір рет

D) 15 күнде бір рет

Е) 20 күнде бір рет

15. Гроссих-Филончиков тәсілінде ота аймағын немен сүртеді?

А) танин ертіндісімен

В) 1 % йод ертіндісімен

С) 5-10% йодтың спирттегі ертіндісімен

D) спиртпен бірнеше рет қайталап сүрту

Е) бриллиант ертіндісімен

16. Қол жуудың қай тәсілінде споралы микробтар жойылады?

А) гибитанмен

В) асепсолмен

С) первомурмен

D) Спасокукоцкий-Кочергин тәсілімен

Е)спиртпен

17. Тамшы инфекциясының профилактикасына не жатпайды?

А) персоналды санациядан өткізу

В) маска кию

С) ақырын сөйлеу

D) желдету (бөлмені)

Е) терді сүрту

18. Шприц-инелерді зарарсыздандыру тәсілдерінің қай түрі нәтижелі?

А) автоклав

В) қайнату

С) ыстық ауамен зарарсыздандыру

D) спиртпен стерильдеу

Е) антисептиктерде ұстау

19. Пеницилиннің резервті антибиотигі қайсы?

А)бициллин

В) тетрациклин

С) эритромицин

D) стрептомицин

Е)канамицин

20. Қол жууға неше проценттік мүсәтір спирті пайдаланылады?

А) 0,1%-тік

В) 0,5%-тік

С) 1%-тік

D) 5%-тік

Е) 3%-тік

21. Фюрбрингер тәсілінде қолды сабынды жылы сумен неше минут жуады?

А) 3 мин

В) 5 мин

С) 10 мин

D) 15 мин

Е) 20 мин

22. Шприцтерді стерильдеу тәсілі?

А) сулема ертіндісінде

В) 96%-тік спиртте

С) Люголь ертіндісінде

D) автоклавта, стерилизаторда

Е) фурациллин ертіндісінде

23. Иек жараларына қандай таңу тәсілін қолданған дұрыс?

А) Дезо тәсілі

В) 8-тәрізді таңу

С) спиральді таңу

D) маска тәрізді таңу

Е) Вельпо әдісі

24. Гипстің қай түрін Пирогов қолданды?

А) қою гипспен аяқты майлау

В) гипс ұнтағы себілген матамен орау

С) сұйық гипс сіңірген матамен таңу

D) гипс сіңген бинтпен таңу

Е) қатырылған гипстік қалыпты.

25. Сулаған гипсті қалай сығу қажет?

А) қатты бұрап сығу

В) ақырын екі шетінен қысу

С) жай суын сорғыту

D) толық суын сорғыту

Е) арнаулы аппаратпен
7.2. Ситуациялық есептер:


1. Хирургиялық бөлімінің қабылдауына сол санында кең көлемде жарақаты бар және күшті қан кетіп жатқан науқасты алып келді. Тез арада қан кетуді тоқтату керек. Хирург қолын қай тәсілмен өңдеу керек?

Жауабы: шұғыл тәсілмен (экстренно) (первомур, хлоргексидин-биглюконат және т.б.)

2.Іріңді жарасы бар науқастың жарасын тақыпбайлау кезінде хирург операциялық аймақты орталықтан периферияға қарай ионданатпен 2 рет өңделеді. Операциялық жара дұрыс өңделді ме?

Жауабы: дұрыс емес. Іріңді жараларды перифериядан орталыққа қарай өңдейді.

3. Операция бөлмесіне ректальді жыланкөз диагнозымен 5 жасар баланы алып келді. Хирург операциялық аймақты 5 % йод ерітіндісімен 2 рет өңдеп, операциялық аймақты стерильді жаймамен қоршап қайтадан операциялық аймақты йод ерітінділермен өңдеп операция жасауға кірісті. Хирург дұрыс істеді ма?

Жауабы: жоқ. Йод ерітіндісімен операциялық аймақты өңдеуге Денсаулық сақтау министрлігінің 1978ж. шыққан № 720 бұйрығы бойынша тыйым салынады. Балалар үшін Баккал әдісі қолданылады.

4. 1-ші қуысы органдарына операция жасау алдында хирург қолын екі ыдыстағы 0,5 % мүсәтір спирті ерітіндісінің әр қайсысында 3 минут жуды, сосын стерильді сүлгімен құрғатты және 96 % спиртпен 5 мин бойы сүртті.

Қолды өңдеу әдісі бойынша жүргізілгенін атаңыз?

Хирургтың қолын операцияға дайындаудың одан әрі қарай әрекеті қандай?

Қолдың стерильділігіне қалай бақылау жүргізуге болады?

Жауабы: қолды өңдеу Спасокукоцкий-Кочергин әдісі бойынша жүргізілді. Өңдеуді тырнақ астын міндетті түрде йоданат ерітіндісін сүртумен және стерильді қолғап киюмен аяқталады. Қолдың стирильдігіне бақылауды қолды өңдегеннен кейін қолдан дақылдандыру үшін егу затын алумен жүргізіледі.

1.Тақырып: «Жалпы жансыздандыру. Наркоз, анықтамасы, жіктелуі. Наркозға көрсетілген және кері жағдайлар. Ингаляциялық наркоздың асқынулары жэне олардың алдын алуы. Жасанды демалудың әдістері жэне басқа реанимациялық әдістері.

2. Мақсаты: Жалпы жансыздандыру алдында жергілікті анестезияның жағымсыздығынан және ерекшелігіне түсінік беру. Оның қолданылуы мен қарсы көрсеткіштерін айыра білуді үйрету. Жалпы анестезияның техникасына көңіл бөлу.
3. Оқыту мақсаты: Оқытудың инновациялық әдістері бойынша «жалпы хирургия» пәнінін ситуациялық есептерді талдауды, клиникалық сценарий арқылы видео роликтермен көрсету әдісі. Мақсаты: Хирургиялық дағдыларды, соның ішінде шұғыл көмек көрсету жағдайларда, білімгердің дағдыларды рет - ретімен дұрыс және уақытылы істеуге үйрету.