Файл: Фоб012062 . А. Ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті медицина факультеті.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 302

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  1. Алақанныњ ортасында тері кернеулігі мен ісінуі

  2. Флюктуация

  3. Пальпацияда ауырсыну

  4. Алақанның сыртқы бетінде ісіну

  5. Бүгулі саусақтар


7.2.Ситуациялық есептер

Есеп N1

62 жастағы науқаста суықтағаннан кейін мойынның артқы бетінде көлемі 4х6 см ауырсынуы бар инфилътрат пайда болады. Үстіндегі терісі гиперемияланған, тырысқан. Ортасында іріңді-некрозданған каналы бар, аз-маз ірің бөлінеді. Науқаста қандай ауру. Қандай жергілікті және жалпы ем жүргізіледі. Хирургиялық араласудың ерекшелігін көрсетіңіз?

Жауабы: Карбункул. Хирургиялық ем (міндетті түрде қандағы қантты зерттеу) және антибиотикотерапия жүргізу керек. Іріңдікті крест тәрізді кесіп, некрозды тіндерді жойып, дренаждау керек немесе іріңдікті шығару керек (анатомиялық мүмкіндіктеріне байланысты).
Есеп N2

Әйелдер кеңес үйіне сол жақ сүт безіндегі ауырсынуына, дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, қалтырауына, басының ауырсынуына шағымданып емізулі баласы бар әйел келді. Сүт безінің сыртқы жоғарғы квадрантында өткір ауырсынуы бар, шекарасы айқын емес тығыздалу анықталды. үстіндегі терісі гиперемияланған. Флюктуация жоқ. Науқаста қандай ауру. Қандай ем тағайындау қажет. Іріңдікті анықтау үшін қандай манипуляция жүргізу керек.

Жауабы: Жедел іріңді мастит, іріңдікті пункциялау керек ірің бар болса хирургиялық ем, антибиотиктер, физиотерапия, сүтті тұрақты түрде эвакуациялау жргізу керек.
Есеп N3

Сол алақанның екінші саусағын қарау кезінде көлемі үлкейгенін, іскені, дұрыс емес формада екен, қимылдың жоғалуы анықталды. Ірің бөлінетін көптеген жыланкөздер, сүйек секвестрлері, өлі еттенген сіңір бөліктері, некрозданған тері анықталды. Сол алақанның екінші саусағының рентгенограммада декструктивті өзгерістер анықталды. Науқаста қандай ауру? Қандай ем тағайындайсыз?

Жауабы: Науқаста кандактилит (саусақтың барлық тіндері зақымдалған) Оперативті ем.
Есеп № 4

Емханаға тырнақ айналасындағы валиктің ауырсынуына, гипермиясына, ісінуіне шағымданып үй шаруысындағы әйел келді. Флюктуация бар. Ауру маникюр жасағаннан кейінгі күні дамыған. Науқаста қандай ауру дамыған? Қандай ем тағайындайсыз?

Жауабы: Паронихия? Оперативті ем.

Құрастырған: м.ғ.к., доцент м.а Н.К.Тулежанов
Құрастырған оқытушы: Г.А.Турсынбаева