ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 195
Скачиваний: 11
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Пәні: музыка Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.
Бөлім | Менің мектебім | ||||||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||||||
Күні | 08.10.2021ж. | ||||||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақтың тақырыбы | Мектептегі достарым | ||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.2.3 музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу; 1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу; 1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу; 1.3.1.1 өз шығармашылық жұмысын көрсете білу. | ||||||||
Сабақтың мақсаты | «Достарым бар» әнін ұжыммен бірге айтады, шығармашылық және дидактикалық ойындарға қатысқанда белсенділігін көрсете алады. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||
Басы | (МК.Ұ.ОТ) (М.О) Мұғалім сабақты ойыннан бастайды. Тақтаға достық туралы тақпақ ілінеді. Шарты 1.Оқушылар мұғалімнің көмегімен тақпақтағы бос орындарға тиісті сөздерді қоюы тиіс. Мұғалім кестенің сол жағындағы тақпақтың әр жолын оқып, кестенің оң жағындағы сөздермен жалғастырады. Соның ішінен оқушылар дұрыс сөздерді тауып, мұғалім оларды тақтаға жазып қояды.
Тақпақтың түпнұсқасы: Күнде бірге жүреміз, Бірге ойнап-күлеміз. Көмектесіп жүреміз. | Кестемен жұмыс жасау: тақпақ құрастыру | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия Қазақша тақпақ: Дос, достық | |||||
Ортасы | (МК.Ұ.ОТ) 1-тапсырма. Тыңдау. Ән үйрену. Достарым бар (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазған:А.Алмағамбетов) (М) Әнді «ән үйрету» әдістемесі негізінде үйренеді. (М.О) Әнді хор түрінде орындаудың негізгі талабы: оқушылар әннің әуенін таза, сөздерін анық, әндетіп, айқайламай, мәнер, бір-бірін тыңдап айту қажет. 1. Мақтанышым – мектебім, Саған бақыт – жеткенім. Бір сыныпта оқитын Достарым бар көп менің. Қайырмасы: Асқар, Диас, Тұмар-ай, Дидар, Әділ, Құралай. Білім алып, ән салатын Достарым бар мынадай. (МК.Ұ.ОТ) 2-тапсырма Шығармашылық. (О) «Сиқырлы есімдер» (ойын) Суреттегі сызықтарға қарап, сәйкес келетін балалардың есімдерін тауып алу: Ай-жан, Ке-не-са-ры, Ай-дар-бек. Ырғаққа салып айтып беру. Ұрмалы аспаппен сүйемелдеу. | Әнді үйрену барысында әуенін таза, сөздерін анық айтады. «Сиқырлы есімдер» ойынның шарты бойынша ойнайды. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия Достарым бар (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазған:А.Алмағамбетов) | |||||
Соңы | (МК.Ұ.ОТ) (М.О) Бағалау: -«Біз мектепке барамыз» әнін қалай орындадым? -Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды? -«Сиқырлы есімдер» ойынында қай тапсырма маған түсініксіз болды? Рефлексия. «Бағдаршам»: Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Қойылған сұрақтарға жауап береді. | | «Бағаршам» әдісі |
Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.
Бөлім | Менің мектебім | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул Кузеновна. | ||||
Күні | 15.10.2021ж. | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Мектеп үйірмесі | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.1.3.1 есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау 1.2.1.1 музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу | ||||
Сабақтың мақсаты | Халық әні, би, күй туралы жалпы түсінік алады, жұмбақ әнді ұжаммен бірге айтады, биші қыз билегенде аққудың бейнесін қандай қимылдар арқылы сала алғандығын түсіндіреді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | (МК.Ұ.ОТ) 1-тапсырма.Тыңдау. Талдау. (М) Бұл тақырып оқушылар мектеп қабырғасында тек сабақтағы оқу үдерісімен шектелмей, сабақтан тыс кезеңде бос уақытта өз еркімен үйірме жұмыстарына қатысып, өздерінің қабілеттерін дамытуға және шығармашыл, дарынды балаларды анықтап, қолдау жолдарын көрсетуге бағытталған. Өнер саласын алатын болсақ, мектептерде кең тараған эстатикалық бағыттағы үйірмелер мыналар: музыкалық (хор, эольклор ансамблі, вокал), хареографиялық (би), музыкалық аспаптар (домбыра, халық аспаптары) және театр үйірмелері. | Мектептің музыкалық үйірмелері туралы түсінік алады. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия | |
Ортасы | (МК.Ұ.ОТ) 2-тапсырма. Әнді үйрену. Билейік (өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазған: С.Еркімбеков) (М) Әнді «ән үйрету» әдістемесі негізінде үйретеді. (М.О) Оқушылар әнді хормен орындаған кезде негізгі талаптарды сақтау қажет: әннің әуенін таза, сөздерін анық, әндетіп, айқайламай, мәнерлеп, бір-бірін тыңдап айту. 1.Биді жақсы көреміз, Бірге билеп береміз. Жалын атып, жайнап, Бірге күліп-ойнап, Біздер өсіп келеміз. Қайырмасы: Бақытты баламыз, Би билей аламыз. Өнерлі біз боламыз. 2. Әсем әнде құлағым, Мың бұралып тұрамын. Үйренеміз демде, Қара да тұр мен де Биші болып шығамын. Тапсырмалар: -Әнді мұғалімнің талабы бойынша үйрену. -Әннің ырғағына қарай әдемі би қимылдарын жасап көрсету. -Әннің ырғағын шапалақпен ақырын сүйемелдеу. -Әннің (жоғары, орташа, төмен) ырғағын қолмен көрсету. | «Билейік» жаңа әнін мұғалімнің берген талаптары бойынша үйренеді және берген тапсырманы орындайды. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия Билейік (өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазған: С.Еркімбеков) | |
Соңы | Бағалау: -«Билейік» әнін қалай орындадым? -Әнді орындағанда қандай қиындықтар болды? -Сабақта маған не ұнады? Рефлексия. «Бағдаршам»: Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Қойылған сұрақтарға өз ойларын айтады. | | «Бағдаршам» әдісі туралы |
Қысқамерзімді жоспар №8 сабақ
Бөлім | Менің мектебім | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||
Күні | | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Қызықты тапсырмалар | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау: 1.1.1.3 музыкалық жанрларды білу; 1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу; 1.3.1.1 өз шығармашылық жұмысын көрсете білу. | ||||
Сабақтың мақсаты | Нота ұзақтығы туралы жалпы түсінік алады және түсіндіреді, «Жаңбыр» қысқа қайырымды ұжыммен бірге айтады, ән, би, марш жанрлары туралытүсінік алады, музыка орындалғанда ырғақтарын қимыл арқылы көрсетеді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | (МК.Ұ:ОТ) М. Кіріспе сөз. Бірінші тоқсанның соңғы сабағында оқушылар «Менің мектебім» тақырыбымен танысуды «Музыка» пәнімен жалғастырады. Оқу бағдарламасының базалық мазмұнына сүйене отырып, бірінші тоқсанның соңғы сабағын, алдындағы сабақтарда өткен музыкалық сауаттылыққа байланысты материалдарды қамтып, екінші тоқсанға дайындық жасауды бағыттадық. Оқушылар сабақта нота ұзақтығы мен ырғақты дұрыс меңгеру үшін біз ойын және шығармашылық әдіс-тәсілдерді пайдалануды және балалардың өмір тәжірибесіне сүйенуді ұйғардық. 1-тапсырма. Зерттеу. (М) «Ноталар ұзақтығы» тақырыбын өтер алдында, нота туралы жалпы түсінік берген жөн. Нота-мкзыкалық дыбыстардың жазылу белгісі. Бүтін нота. Оның ортасы боялмаған, ұзақтығы көлемді. Ұзақтығы «бір-ге, екі-ге, үш-ке, төрт-ке» деп саналады. Жартылық ноталар. Ортасы боялмаған, таяқшасы бар. Бұл ноталардың ұзақтығы бүтін нотаға қарағанда екі есе қысқа. Төрттік ноталар. Ортасы боялған, таяқшасы бар. Жартылық нотаның ұзақтығынан екі есе қысқа. Сегіздік ноталар. Ортасы боялған, жалаулы таяқшасы бар. | Нота және ноталар ұзақтығы туралы мұғалімнің түсінін тыңдайды. Оқулықтағы кестені зерттеп, ноталардың ұзақтығын санауды үйренеді. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия Маша туралы ертегі Музыка теориясы. 5-ші сабақ. Нота ұзақтықтары. | |
Ортасы | (МК.Ұ.ОТ) 1-тапсырма. Зерттеу (жалғасы) (М) Ноталар ұзақтығына байланысты бірнеше музыкалық үзіндіні ойнап береді. Алдымен оқушыларға бір әуен негізінде ұзақтықты санау тәртібін көрсетеді. (МК.Ұ.ОТ) 2-тапсырма. Талдау. Орындау. (М.О) «Жаңбыр» қысқа қайырымын үйрету. Мақсаты-оқушылардың ырғақ туралы түсінігін тәжірибе негізінде бекіту. «Жаңбыр, жаңбыр, жау-жау Көк биеңді сау-сау», - Деген қысқа қайырымды оқушыларға айтқызады. (М.О) Мына талаптар бойынша үйрету: -Мұғалім қолына қарап, қысқа қайырымды сыныппен бірге әндетіп айту; -Қысқа қайырымды қайталап айтқанда, шапалақпен немесе ұрмалы аспаппен сүйемелдеу және орындап беру. | Тыңдаған үзінділердің ырғағын дауыстап санап, қолмен шапалақтайды, дұрыс тапқан ноталардың ұзақтығын айтып береді. Қысқа қайырымды мұғалім берген талаптар бойынша үйренеді және ырғақ туралы түсінік алады. | | «Музыка» оқулығы, нота хрестомаиясы, Фоно – хрестоматиясы Жаңбыр қысқа қайырым | |
Соңы | Бағалау: -«Жаңбыр» қысқа қайырымын қалай орындадым? -Ноталар ұзақтығы туралы қандай түсінік алдым? - Ырғақ туралы нені түсінбедім? Рефлексия. «Бағдаршам» Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Қойылған сұрақтарға өз ойын айтады. | | Бағдаршам әдісі туралы |
Қысқамерзімді жоспар №9 сабақ
Менің отбасым және достарым | Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б. | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||
Күні | 29.10.2021ж. | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Отбасылық ертегі | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.3.1 есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау; 1.1.3.3 негізгі музыкалық ұғымдарды білу; | ||||
Сабақтың мақсаты | Ертегі кейіпкерлерінің дауыстарын салу арқылы дыбыс биіктіктерін ажыратуды үйренеді. До, ми, соль дыбыстарының нота сызықтарындағы жазылымымен танысады. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | (М.Ұ.ОТ) 1-тапсырма. Талқылау. Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы мәтін мен суретке аударып, отбасы туралы әңгімеге тартады. Отбасылық ертегі ретінде «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі мен осы ертегінің желісі негізінде жазылған «Жыл басы кім болады?» музыкалық ертегісінен көріністер ұсынады (Өлеңін жазған: Р.Наурызбаева, әнін жазған: Ш.Құлманова). Мұғалім оқулықтағы мәтінді оқып, халық ертегісінің қысқаша мазмұнын еске түсіреді. Ертегі кейіпкерлерінің жыл басына таласып көркемдеп оқып береді. 2-тапсырма. Тыңдау. Орындау. Мұғалім «Жыл басы кім болады?» ертегісінің кейіпкері «Түйенің әнін» фонохрестоматиядан тыңдатады немесе өзі орындап береді. Түйенің әні Түйе, Түйе, Түйемін, Жануармын киелі. Кім таласар бойыма? Жыл басына иемін. Ертегі кейіпкерлері қойдың уәжі оқылым түрінде таныстырылады. | Балалар сыныптастарымен бірге отбасы туралы пікірлесіп, ойларымен қысқаша бөліседі. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі желісі негізінде жазылған «Жыл басы кім болады?» музыкалық ертегі кейіпкерлерімен танысады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен ертегі кейіпкерлері – түйе, қой, қошақанның уәждерін талқылайды. Түйе әнін тыңдап, музыкалық сипаттама береді. Қошақанның әнін орындайды. | | «Жыл басына таласқан хайуанаттар» «Музыка» оқулығы, нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия | |
Ортасы | (М,Т) 3-тапсырма. Зерттеу. Мұғалім қолданған ең тиімді «Ойын имитация» әдісі зерттеу жұмысында көрініс табады. Мұғалім оқушыларды үш топқа бөледі. Әр топқа үш кейіпкерді сипаттау тапсырылады. Мысалы, кейіпкерлер қозғалысы, оларға беретін сипаттамалар: түйе маңғаз, қой жуас, қошақан кішкене және т.б. -Балалар, кәнеки: «Түйені жуан (төменгі) қатаңдау дауыспен: - Мен түйемін: «Бө-бө». Қойды орташа дауыспен: - Мен қоймын: «Бә-бә». Қошақанды жіңішкелеу, бәсеңдеу дауыспен: - Мен қошақанмын: «Б-ә-ә, Б-ә-ә» орындап көрейік. Ойынды имитациялау арқылы оқушылар регистр жөнінде түсінік алады. Байқайсың ба, сен салған кейіпкерлердің дауысы түрлі биіктікте айтылып жатыр. Музыкада осындай жоғары, орташа, төмен дыбыс биіктігін «регистр» деп атайды. | «Ойын имитация» әдісі. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ ертегідегі үш кейіпкердің қозғалысы мен дауысын салады. Оқушылар до, ми, сол ноталарын кезектестіріп, кейіпкерлердің дауыстарын салады, түрлі дыбыс биіктіктерін сезінеді. Регистр ұғымымен танысады. | | «Музыка» оқулығы | |
Соңы | Белсенділік танытқан оқушыларға сабақта кезекпен үш үнділікті айтқызу қызығушылық тудырады. (М.О) Бағалау: -Қай ертегі кейіпкерінің дауысын дұрыс орындап көрсеттім? -До, ми, соль ноталарын анықтауда қандай қиындықтар болды? Рефлексия. «Бағдаршам»: Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Оқушылар до, ми, соль ноталарының жазылымын бақылайды. Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады. | | «Бағдаршам» әдісі туралы |
Қысқамерзімді жоспар №10 сабақ
Бөлім | Менің отбасым және достарым | ||||||||||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||||||||||
Күні | | ||||||||||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Менің достарым | ||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.3.1 есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау; 1.1.3.3 негізгі музыкалық ұғымдарды білу; | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Музыкалық шығармаларды тыңдау және орындау барысында динамикалық белгілерді сезінуге үйренеді. Соль кілті мен ре, фа дыбыстарының нота сызықтарындағы жазылымымен танысады. | ||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||
Басы | (М.Ұ. ОТ) 1-тапсырма. Орындау. Сабақта «Сәлем, досым менің!» (өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Н.Мирманов) атты жаңа ән үйретіледі. Мұғалім ән жолдарының мазмұнына тоқталады. -«Сәлем, досым менің!» әнін тыңдағанда қандай әсерге бөлендің? -Сыныптастарыңмен бірге дос туралы ойларыңды ортаға сал. -«Достар» әнінің мазмұнына назар аудар, орында. Мұғалім әнді үйреткенде ладтық өзгерістерге ерекше мән беруі керек. Қайталамалы секвенциялы әуен шумақта минорлы, ал қайырмада мажорлы тональдылықта жазылған. | Оқушылар әнді үйрену барысында өзінің досы туралы ойын білдіреді, пікір алысады. Балалар әнге байланысты көңіл күйін оқулықтағы смайликтер арқылы білдіреді. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматия | |||||||||
Ортасы | (М.Ұ.ОТ) Мұғалім әнді үйретіп, орындатқаннан кейін динамикалық белгілер жөнінде түсінік береді және әнді осы көркемдеуші құралдар арқылы орындауға шақырады. Мұғалім оқушылар музыкалық шығарманың орындалу ерекшелігін сезінгеннен кейін, әннің бастапқы төрт жолын динамикалық белгілерге сәйкес орындауды ұсынады.
Мұғалім келесі кезеңде әнді динамикалық белгілер көрсетілген карточкалар арқылы орындатуына болады. Көрсетілген үлгі оқушыларға вокалдық орындау барысында көркемдік және техникалық бірлік ұстанымын айшықты көрсетуге мүмкіндік береді. Сабақта басымдық орындаушылық әрекетке негізделгендіктен, мұғалім әуен тазалығына жете назар аударуы керек. 2-тапсырма. Шығармашылық. Мұғалім оқушыларды «Сәлем, досым менің!» ән-ойынына қатысып, достарына музыкалық сәлем жолдауға шақырады. Үйретілген әуен до, ре, ми, фа, соль аралығындағы дыбыс қатарын қамтиды. Сұрақ-жауап түріндегі қысқа әуен түрленімін мұғалім өзі таңдауына да болады. | Оқушылар «Сәлем, досым менің!» әнін үйренеді. Қайта орындау барысында әннің бірінші шумағын оқулықтағы берілген динамикалық белгілерге қарап орындайды. Оқушылар екі топқа бөлініп, «Сәлем, досым менің!» ән-ойынына қатысады. Қысқаша әуенді сөзімен орындайды. Орындағаннан кейін, әуеннің ноталық жазбасына назар аударады. | | «Музыка» оқулығы Фа, ре ноталарының жазылымын анықтайды, скрипка кілті ұғымымен танысады. | |||||||||
Соңы | 3-тапсырма. Суырыпсалма. «Сәлемдесу» суырыпсалма ойынында оқушылар мектептегі ұстаздарымен терциялық (до-ми) мелодиялық биіктікте берілген ноталарға қарап әуендетіп амандасады. Мұғалімнің өзі де түрлі әуен ұсынуына болады. Бағалау: -«Сәлем, досым менің!» әнін қалай орындадым? -Фа, ре ноталарын анықтауда қиындықтар болды? Рефлексия. «Бағдаршам»: Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Оқушылар «Сәлемдесу» суырыпсалма ойынына қатысады. Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады. | | «Музыка» оқулығы «Бағдаршам» әдісі туралы |