ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 197
Скачиваний: 11
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар №11 сабақ
Бөлім | Менің отбасым және достарым | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||
Күні | | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Менің кішкентай достарым | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 1.1.1.1есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану; 1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.3.1 есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау; 1.1.3.3 негізгі музыкалық ұғымдарды білу; | ||||
Сабақтың мақсаты | Музыкалық шығарманың көіл күйін, көркемдеуші құралдарды анықтайды. Әннің мазмұнын сипаттай алады, ән айту талаптарына сәйкес орындайды. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | 1-тапсырма. Зерттеу. Мұғалім «Менің кішкентай достарым» атты жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатында балаларға оқулықтағы үй жануарлары салынған суретті көрсетеді. Олар жөнінде пікір алмасу мақсатында берілген мәтінді оқиды. «Балалар! Сендерді ата-аналарың кейде еркелетіп, «қозым», «ботақаным», «қошақаным», «құлыншағым» деп түрлі сүйкімді төлдердің атауымен атайды. Жануарлар мінсе – көлік, ішсе – сусын, жесе – тамақ, кисе – киім. Қазір қолға үйретілген үй жануарлары көп: қоян, тауық, ит, мысық және тағы басқа. Сондай-ақ өздеріңе таныс көптеген дала жануарлары да бар: барыс, қасқыр, түлкі, ақбөкен, суыр, тасбақа, тышқан. Олар Қазақстанда өте көп». Мұғалім оқылымнан кейін зерттеу тапсырмасына көшеді. «Үй жануарын тауып ал» зерттеу тапсырмасы. Сурет түрінде берілген ойыннан балалар үй жануарларын табады. | Оқушылар «кішкентай достары» - жануарлар туралы мәтінді тыңдайды, пікір алмасады. Балалар оқулықтағы «Үй жануарын тауып ал» ойынынан өздеріне таныс үй жануарларын атайды. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия | |
Ортасы | (Ұ) Әнді тыңдауға да, орындауға да болады. Балалар әуеннің ырғағын қолдарымен соғып көрсетеді. Білімдерін пысықтау мақсатында оқулықта ұрып ойнайтын аспаптарды ажырату үшін баян, фортепиано, қобыз, қоңырау, домбыра, барабан аспаптарының суреті берілген. 3-тапсырма. Орындау. Талқылау. (М) Сабақта орындалатын ән – композитор Аблахат Еспаевтың «Ақ тайлақ» әні (өлеңін жазған: Ә.Дүйсенбиев). Композитор жөнінде қысқаша мәлімет беріп өтуге болады. Аблахат Смағұлұлы Еспаев (1925-1980) Қостанай қаласында дүниеге келген. Белгілі композитордың «Ортеке», «Ойлан тап», «Ұстазым менің, ұстазым» әндері – балалар музыка қорына қосқан асыл мұрасы. Мұғалім оқушылармен ән мазмұнын талқылайды. Ән мажорлы, көңілді орындалады. Мұғалім оқушының кварталық секірілімі таза орындауына назар аударуы тиіс. | Оқулықтағы суреттен қай аспап ұрып ойналатынын көрсетеді. Балалар композитор Аблахат Еспаевтың «Ақ тайлақ» әнінің (өлеңін жазған: Ә.Дүйсенбиев) шумағы мен қайырмасын үйренеді. | | «Музыка» оқулығы «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия | |
Соңы | (М.О) Балалар ән мазмұнын мұғаліммен бірге талдап, өз орындауларына баға беруге тырысады. - Қай әуеннің тұсы дұрыс айтылмады? - «Жылқышының әні» мен «Ақ тайлақ» әннің ырғақтарының қайсысы әнге, қайсысы марш ырғағына жақын? (М.О) Бағалау: -Қай әнді жақсы сипаттай алдым? - «Ақ тайлақ» әнін орындауда қандай қиындықтар болды? Рефлексия. «Бағдаршам» Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады. | | «Бағдаршам» әдісі туралы |
Қысқамерзімді жоспар №12 сабақ
Бөлім | Менің отбасым және достарым | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||
Күні | | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Көңілді оқиға | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.3.1 есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау; 1.1.3.2 әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ-қайырма; 1.1.3.3 негізгі музыкалық ұғымдарды білу; | ||||
Сабақтың мақсаты | Өлеңдегі және музыкадағы ырғақтылықты сезінуге үйретеді. Музыкалық ырғақтарды ұжыммен, топпен бірге соғуда белсенділігін көрсетеді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | 1-тапсырма. Талқылау. Орындау. Мұғалім оқулықтағы «Көңілді оқиғаның» мазмұндық желісін қара сөз түрінде оқиды. «Асан ағасымен ауылдағы ата-әжесіне қыдырып барды. Атасының үйінде мысықпен, ауладағы ит және қоразбен достасып үлгереді. Күнде таңертең мысық, ит, қораз Асанның тамақ беруін күтеді. Бір күні Асан қатты шаршап, ұйықтап қалады. Таңертең қарны ашқан қораз Асанды «қо-қо-қо-қоқ» деп шақырады. Асан оған ояна қоймайды, ит те «аф-аф» деп үреді. Оларды көрген мысық Асанның қасына келіп, «мияу» деп оятады. Мұғалім оқушыларға талқылаған оқиғаны өлеңге айналдыруға ұсыныс жасап, оқулықтағы «Ырғақты ойын» өлеңінің мәтінін оқиды. Ырғақты ойын Асан ұйықтап жатты, Оның ұйқысы қатты. Таңертеңнен достары Оны оятып жатты. Қораз тұрды қоқылдап, Қоқ-қоқ-қоқ. Иті үрді абалап, Аф-аф-аф. Тұрмаған соң қасына, Мысық келді мияулап, Мияу-мияу. -Өлеңді оқыған кезде қолыңды тізеңе ақырын соғып отыр. -Оқиға желісін өлеңге аударғанда ырғақ пайда болғанын байқадың ба? Ырғақ өлеңде де, музыкада да болады. | Оқушылар «Көңілді оқиғаның» мазмұндық желісімен танысады. | | «Музыка» оқулығы | |
Ортасы | 2-тапсырма. Орындау. Бұл тапсырмада мұғалім «Ырғақты ойын» өлеңін әуенге қосып, оқушылар назарын музыкадағы ырғақтылыққа аударады. Ойындағы әуен мен өлең жолдарын меңгергеннен кейін, топтық жұмыс ұйымдастырылады. Төрт топқа бөлініңдер. Қораздың, иттің дауысын салатындар топтар қол соғылымын үнемі 1-ге, 2-ге соғып отырады: -Бірінші топ- «Ырғақты ойын» өлең жолдарын әуенге қосып орындайды. -Екінші топ-ойын әуеннің ырғағын қолдарымен немесе ұрмалы аспаппен соғады, қораздың дауысын салады. -Үшінші топ-ойын әуеннің ырғағын қолдарымен немесе ұрмалы аспаппен соғады, иттің дауысын салады. -Төртінші топ-ойын әуеннің ырғағын қолдарымен немесе ұрмалы аспаппен соғады, мысықтың «мияу» деген дыбысын ғана салады, 1, 2, 3-ке соғып орындайды. Әннің басындағы ырғақ біркелкі 2\4 өлшемінде соғылады. Оқиға кейіпкері мысықтың мияулауын оқушылар 3\4 өлшемінде соғып көрсетеді. Орындауды сюжетті оқиға түрінде көрсетуге болады. | «Көңілді оқиғаның» тақпақтың желісін мұғаліммен бірге оқиды. Қолын тізесіне қойып, тақпақтың ырғағына қарай қолын соғып отырады. Оқушылар «Ырғақты ойын» өлеңінің әуеніне қосып үйренеді. Төрт топқа бөлінеді. «Ырғақты ойын» өлеңіндегі талаптарды орындап, ортақ импровизацияға қатысады. Екі топқа бөлінеді. -1топ өзіне ұнаған ертегі немесе оқиғалардан көрініс қояды. -2 топ «Сәлем, достым!» әнін мәнерлеп орындайды. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматиясы | |
Соңы | Сабақ соңында оқушылар өз жұмыстарын таныстырып, топтар өздерін бағалайды. Бағалау: -«Ырғақты ойындағы» қандай кейіпкердің әуенін жақсы орындадым? Рефлексия. «Бағдаршам» Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады. | | «Бағдаршам» әдісі туралы. |
Қысқамерзімді жоспар №13 сабақ
Бөлім | Бізді қоршаған әлем | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||
Күні | | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Ауа райы | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.3.1 есту қабілетіне сүйене отырып музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтау; 1.1.3.2 әннің құрылымын ажырату: шумақ, шумақ-қайырма; 1.1.3.3 негізгі музыкалық ұғымдарды білу; | ||||
Сабақтың мақсаты | Ауа райының құбылыстарына сипаттама беруді, жел, күркіреген күннің, жаңбырдың дыбыстарын ажырата алуды үйренеді. Әнді аспаптармен сүйемелдей алады, орындайды. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | 1-тапсырма. Музыка тыңдау. Талқылау. (М) Оқулықты ашқызбай, сабақ тақырыбының неге байланысты екенін анықтау мақсатында ауа райының аудиожазбасын тыңдатады. Оқушылар естіген дыбыстарға сәйкес қимыл-қозғалыстар көрсетеді және неліктен олай көрсеткендігін түсіндірулері керек. Мұндағы мақсат – ауа райының өзгерісін көрсету. Ауа райы құбылыстарына жауын-шашын, жел, тұман, бұлт жатады. Сыныпқа қойылатын бағыттаушы сұрақтар: «Қандай дыбыс естіп отырасыңдар?», «Оларды естігенде, нені елестетесіңдер?» Табиғат пен ауа райының алуан түрлі болатыны, түрлі көңіл күйді, дыбыс қарқындылығын, түрлі ырғақты беретіні туралы түсінік қалыптастырады. (М,Ұ,ОТ) Мұғалім Б.Аманжоловтың «Жаңбыр» пьесасын тыңдатады. Үш бөлімді формада жазылған шығармада әуеннің негізгі интонациялары қайталанып берілген. Шығарма табиғатының көктем кезінде жауатын жаңбырлы сәтін суреттейді. Балаларға шығарманы тыңдар алдында оқулықта көрсетілген суреттерге назар аударамыз. Суретте жыл мезгілдерінің бірнеше көрінісі көрсетілген. Осыған байланысты төмендегідей тапсырмалар беріледі: -Саған қандай ауа райы ұнайды? -Суреттерде табиғат пен ауа райының қандай құбылыстары бейнеленген? -Тыңдаған музыкаң суреттердің қайсысына жақын? | Оқушылар ауа райына байланысты аудио, бейнетаспадан естіген дыбыстарын қимыл- қозғалыс, дауыстық имитация арқылы көрсетеді. Ауа райы құбылыстарын талқылайды. Б.Аманжоловтың «Жаңбыр» пьесасын тыңдайды. Тыңдаған әсерлерімен бөліседі. | | Фоно – хрестоматия Дыбыстар: Ауа райы (звуки, погода) | |
Ортасы | 2-тапсырма. Орындау. (М, О) Ауа райына байланысты келесі үйренетін әннің бірі – «Жаңбыр» әні. Әнді орындауда ешқандай қиындық туындамайды. Оқушы әннің бірінші жолын нотамен орындайды, ля нотасымен танысады. | «Жаңбыр» әнін үйренеді. Әнді үйренгеннен кейін бірінші жолын оқулықта көрсетілген нотамен орындайды. Ля нотасының нота сызығындағы жазылымымен танысады | | «Музыка» оқулығы | |
Соңы | (МК,Т,ОТ) Мұғалім шығармашылық жұмысқа байланысты тапсырманы жалғастырады. Келесі тапсырма: «Жаңбыр» әнінің бірінші жолын оқулықтағы «Жаңбыр, жаумай, тоқтай тұр» көрсетілген үлгісіне сәйкес сүйемелдеу.Мұнда алғашқы сүйемел соғылымын барабан, одан асатаяқ жалғастырады, соңғы соғылымға үшбұрыш қосылып, бәрі бірге аяқтайды. (М.О) Бағалау: -«Жаңбыр» әнін орындауда қандай тапқырлық көрсете алдым? -Әнді сүйемелдеуде қандай қиындықтар кездеседі? Рефлексия. «Бағдаршам»: Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Оқушылар шығармашылық жұмысты жалғастырады. Оқулықтағы үлгіге сәйкес «Жаңбыр» әнінің бірінші жолын ұрмалы аспаптармен сүйемелдейді. Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады. | | «Музыка» оқулығы «Бағдаршам» әдісі туралы |
Қысқамерзімді жоспар №14 сабақ
Бөлім | Бізді қоршаған әлем | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||
Күні | | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Су туралы ән | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.2.3 музыкалық аспаптардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу; 1.1.3.5 түрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау; 1.1.3.6 нота сауаттылығының негіздерін білу; | ||||
Сабақтың мақсаты | Судың қозғалысын сипаттайтын өлең жолдары мен суреттердің, музыкалық шығармалардың мағыналық және бейнелік сипатын ұғынады. Ля, си ноталарының бес сызыққа жазылымын ауызша көрсетеді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | 1-тапсырма.Тыңдау. (МК, Ұ) Мұғалім «Су туралы ән» тақырыбымен танысу үшін оқушыларға композитор М.Сағатовтың «Бұлақ» фортепианолық пьесасын тыңдатады. Оқулықта пьеса атауына байланысты шағын әңгіме мен сурет ұсынылған. Балалар әңгіме мәтінін оқығанда мұғалімнің көмегіне сүйенуіне болады. Мәтінде судың пайда болуына ықпал ететін күн, бұлт, желдің рөлі де айтылған. Әңгіме мәтіні: «Бірде шағын ауылда таудағы тастар құлап, кішкене бұлақтың көзін жауып тастайды. Бір тамшы су қашып құтылып, не болса да бауырларын құтқаруға бел буады. Ол Күннен, бұлттан, желден көмек сұрап, адамдарға жеткізуін өтінеді. Көмекке келген адамдар бұлақтың көзін ашып, су тамшыларының қуанышын қызыға бақылайды». «Бұлақ» пьесасы – шағын болғанымен, ерекше шығарма. Композитор жылдам екпінде орындалатын негізгі әуенді бұлақтың үдемелі қозғалысымен аса үлкен шеберлікпен үндестіре білген. | Оқушылар композитор М.Сағатовтың «Бұлақ» фортепианолық пьесасын тыңдайды. Музыкалық шығармадан алған әсерлерімен бөліседі. Халқымыздың суға байланысты тағылымдық мақалдарын талдауға қатысады. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы, Фоно - хрестоматия | |
Ортасы | 2-тапсырма. Зерттеу. (М,Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын теңіздің үш күйі бейнеленген суреттер мен өлең жолдарына аударады. Сұрақтар мен тапсырмалар: -Суреттер мен өлең жолдарына назар аудар. -Суретте теңіздің қандай күйі бейнеленген деп ойлайсың? -Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпына сәйкес келетін динамикалық белгілерді ата (крещендо, диминуэндо). Мұғалім ертегі құрастыруына да болады. 3-тапсырма. Орындау. (М, Ұ) Сабақта жаңа ән үйренеді: «Сылдыр бұлақ» (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов) Ән тез жатталады, шумақты, қайырмалы көңілді әуенімен ерекшеленеді. Мұғалім оқушылардың назарын әннің өлең жолдарына, ән дикциясына, әуен тазалығына аударуы керек. | Теңіз қалпын, толқынды, буырқанған (тасқынды) зерттеп, бақылайды. Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпына сәйкес келетін динамикалық белгілерді көрсетеді. Оқушылар «Сылдыр бұлақ» (Өлеңін жазған: А.Рахметов, әнін жазғандар: Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов) әнінің бірінші шумағы мен қайырмасын үйренеді. | | «Музыка» оқулығы | |
Соңы | Сабақ соңында ән қайырмасының бірінші жолы алдымен сөзі және әуенімен, онан кейін нотамен айтылады. Мұғалім ля, си ноталарының жазылымын пысықтайды. (М.О) Бағалау: -Теңіздегі толқынның үш күйдегі қалпының қайсысын дұрыс көрсеттім? -«Сылдыр бұлақ» әнін қалай орындадым? -Ля, си ноталарының жазылуы туралы не білдім? Рефлексия. «Бағдаршам»: Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Ән қайырмасының бірінші жолын әуен сөзімен, нотамен орындайды. Си нотасының жазылымымен танысады. Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады. | | «Бағдаршам» әдісі туралы |
Қысқамерзімді жоспар №15 сабақ
Бөлім | Бізді қоршаған әлем | ||||
Педагогтің аты- жөні | Мамырова Аширкул | ||||
Күні | | ||||
Сынып: 1 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақтың тақырыбы | Музыкадағы табиғат суреті | ||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
1.1.2.1 ән айтуда оның сипатына және әндету ережелеріне сәйкес орындау; 1.1.2.3 музыкалық аспапатардың көмегімен шығармаларды сүйемелдеу; 1.1.3.4 музыкалық жанрларды білу; 1.1.3.5 түрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау; | ||||
Сабақтың мақсаты | Музыкалық шығармалар мен көркемсурет арасындағы бейнелік байланысты талқылауда өз пікірін білдіреді. Музыкалық шығарманың даму динамикасына назар адарады. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың кезеңі\уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Басы | 1-тапсырма. Тыңдау. (М.Ұ.ОТ) Мұғалім ұлы күйші-композитор Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдатады. Оқулықта музыкадан алған әсерін сипаттау үшін көмекші материалретінде екі сурет берілген. Бірінші суретте қазақтың жазық сары даласында шапқан аттар бейнеленсе, екіншісінде қыс мезгілінде коньки теуіп жүрген балалар бейнесі берілген. Мұғалім суреттерді баланы ойландыру мақсатында негізделген тәсіл ретінде қарастырады. Сұрақтар да оған ықпал етеді: -Тыңдаған музыкалық шығармадан алған әсеріңе жақын суретті таңда. -Неліктен оны таңдағаныңды сыныптастарыңмен талқыла. Бала таңдаған суретін көрсетсе де жеткілікті. | Оқушылар Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді. | | «Музыка» оқулығы. Нота хрестоматиясы, Фоно – хрестоматиясы, «Сарыарқа» күйі, Құрманғазы оркестрі | |
Ортасы | (М.Ұ.ОТ) Оқушылар тыңдайтын келесі туынды – белгілі норвег композиторы Э.Григтің «Пер Гюнт» сюитасынан «Таң» камералық симфониялық музыкалық шығармасы. Мұғалім күйші-композитор Құрманғазы мен композитор Э.Григтің шығармашылығы жөнінде қысқаша ақпарат береді. Екі шығарманы оркестрдің орындауында және бейнебаянын көрген өте тиімді. «Таң» музыкалық шығармасын тыңдауда музыкалық шығарма дамуын динамикалық таңбалар арқылы көрсету де қамтылған. Тапсырмалар: -Көзіңді жұмып, таңғы уақытты еестет. -Музыкадағы атқан таңды суреттейтін дыбыс күшін динамикалық таңбалар арқылы көрсет. 2-тапсырма. Зерттеу. (М.Ұ.ОТ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы домбыра мен флейта аспаптарына аударады. -«Сарыарқа» мен «Таң» музыкалық шығармаларында көп қолданылған музыкалық аспаптарды ата. Оқушыларға тыңдауға байланысты алынған бейнебаянды қайта көрсетуге болады. | Композитор Э.Григтың «Таң» музыкалық шығармасын тыңдайды. Шығарма дамуын динамикалық таңбалар арқылы көрсетеді. Музыкалық шығармалардағы аспап түрлерін суретке қарап ажыратады. | | Э.Григ «Таң» Бейнежазба Э.Григ «Таң» Симфониялық оркестр | |
Соңы | 3-тапсырма. Орындау. (М.О) Мұғалім өткен сабақта үйренген «Сылдыр бұлақ» әнінің екінші шумағымен жұмыс жасайды. Оқушылардың әннің көрнекілік және техникалық белгілеріне назар аударып, вокалдық орындаушылық дағдыларымен жұмыс жасауға толықтай мүмкіндіктері бар. Мұғалім ая, си ноталарының жазылымын пысықтайды. (М.О) Бағалау - «Сарыарқа» мен «Таң» музыкалық шығармаларында қолданынған аспаптардың қайсысын дұрыс көрсете алдым? Рефлексия. «Бағдаршам»: Қызыл- бүгінгі сабақты түсінбедім. Сары-сабақтың кейбір жерлерін түсіндім. Жасыл-сабақта барлығын түсіндім. | Оқушылар «Сылдыр бұлақ» әнінің екінші шумағын орындайды. Қойылған сұрақтарға өз ойларын айта алады. | | «Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы «Бағдаршам» әдісі туралы |