Файл: Негізгі орта білім беру дегейіні 59сыныптарына арналан аза тілі мен дебиеті пнінен жаартылан мазмндаы лгілік оу бадарламасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 94
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
2) айтылым: мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану, мәтін мазмұнын дамыту, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту, шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау, коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру, кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау.
3) оқылым: кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау, мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.
4) жазылым: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
-
Тілдік бағдар:
1) сөз таптары: мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, топтау сан есімдерін, одағай түрлерін орынды қолдану, етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, мақсат және себеп-салдар үстеулерді орынды қолдану, септеулік шылаулардың қызметін білу.
2) сөйлем: жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
-
«Қазақ тілі» пәнінің 8-сыныптағы білім мазмұны -
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау, оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну, орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау, тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау, деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру.
2) айтылым: тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту, идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісін салыстыру және талдау, тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру, кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру.
3) оқылым: перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау, публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау, прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру, мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолданып, мәтінге өзгеріс енгізу, тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстырып, баға беру.
4) жазылым: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, пікір, интервью жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну, жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу,тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер), сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
-
Тілдік бағдар:
1) сөз таптары: болжалдық және бөлшектік сан есімдерді орынды қолдану, еліктеу сөздерді орынды қолдану, етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, күшейткіш үстеулерді орынды қолдану, демеулік шылаулардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарында орынды қолдану.
2) сөйлем: жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
-
«Қазақ тілі» пәнінің 9-сыныптағы білім мазмұны -
Сөйлеу әрекеттерінің түрлері бойынша:
1) тыңдалым: тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау, әлеуметтік - қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру, мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау, көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру.
2) айтылым: мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау, коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу, сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу, шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау, тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу, кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау.
3) оқылым: мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау, ғылыми стильде (аннотация, пікір, тезис, мақала, баяндама, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау, мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру, мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру.
4) жазылым: мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала, аннотация, шолу, нұсқаулық жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, өз ойын дәлелдеп жазу, жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу, түрлі стильдегі мәтіндер құрауда мәліметтерді жинақтап, дереккөздеріне сілтеме көрсетіп жазу, тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама атауларды дұрыс жазу, сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
-
Тілдік бағдар:
1) сөз таптары: өздік, өзгелік, ортақ және ырықсыз етістің қызметін білу, мекен және мезгіл үстеулерді орынды қолдану, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтыққатынасты білдірретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
2) сөйлем: жазба жұмыстарында (шартты, қарсылықты, мезгіл, себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі
-
Бағдарламада «оқу мақсаттары» сан мен әріптен тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, әріппен берілген белгі сөйлеу әрекетінің дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдік бағдар), әріппен қоса берілетін сандар бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 5.Т1 кодында «5» - сынып, «Т» - тыңдалым дағдысы, «1» - оқу мақсатының реттік саны.
1) 1-бөлім: «Тыңдалым»:
Дағдылар | Оқу мақсаттары | ||||
5-сынып | 6-сынып | 7-сынып | 8-сынып | 9-сынып | |
Т1. Болжау | 5.Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау | 6.Т1. Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау | 7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау | 8.Т1 Мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау. | 9.Т1. Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау |
Т2. Назарын шоғырландырып тыңдау | 5.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау | 6.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау | 7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау | 8.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау | 9.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың шынайылығы мен нақтылығын анықтау |
Т3. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну | 5.Т3. Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну | 6.Т3. Тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну | 7.Т3. Әлеуметтік - мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну | 8.Т3. Оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну | 9.Т3. Әлеуметтік - қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну |
Т4. Көркем шығармаларды тыңдау | 5.Т4. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну | 6.Т4. Әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық шығармалардың мазмұнын талдай отырып кейіпкерлерге сипаттама жасау | 7.Т4. Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау | 8.Т4. Орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау | 9.Т4. Орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру |
Т5. Негізгі ойды анықтау | 5.Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау | 6.Т5. Тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау | 7.Т5. Тірек сөздер, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау | 8.Т5. Тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау | 9.Т5. Мәтіннің мақсатты аудиториясын, автордың негізгі ойы мен көзқарасын анықтау |
Т6. Тыңдалым материалдары бойынша жауап беру | 5.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру | 6.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру | 7.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру | 8.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру | 9.Т6. Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіру |
2) 2-бөлім «Айтылым»:
Дағдылар | Оқу мақсаттары | ||||
5-сынып | 6-сынып | 7-сынып | 8-сынып | 9-сынып | |
А1. Сөздік қорының алуандылы-ғы | 5.А1. Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу | 6.А1. Тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу | 7.А1. Мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдана отырып, мәтін мазмұнын дамыту | 8.А1. Тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау | 9.А1. Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау |
А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті | 5.А2. Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану | 6.А2. Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу | 7.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу | 8.А2. Түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып, көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу | 9.А2. Коммуникативтік жағдаяттарға байланысты сөйлеу этикеті формаларын дұрыс таңдай білу |
А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау | 5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту | 6.А3. Ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту | 7.А3. Ауызша мәтіндер құрауда екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту | 8.А3. Ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту | 9.А3. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу |
А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау | 5.А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау | 6.А4. Шағын көлемді мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау | 7.А4. Шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау | 8.А4. Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау | 9.А4. Шығарманың идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалау |
А5. Сенімді және еркін жауап беру | 5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу | 6.А5. Коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру. | 7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру | 8.А5. Пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру | 9.А5. Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу |
А6.Визуалды материалдар арқылы тілді дамыту | 5.А6. Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау | 6.А6. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру | 7.А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау | 8.А6. Кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру | 9.А6. Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау |
3) 3-бөлім «Оқылым»:
Дағдылар | Оқу мақсаттары | ||||
5-сынып | 6-сынып | 7-сынып | 8-сынып | 9-сынып | |
О1. Мәтіндегі ақпаратты анықтау | 5.О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау | 6.О1. Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру | 7.О1. Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, қолдана білу | 8.О1. Перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау | 9.О1. Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау |
О2. Стильдік ерекшеліктерді анықтау | 5.О2. Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау | 6.О2. Ресми стильдегі мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтау (күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян, түйіндеме) | 7.О2. Ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін анықтап, талдау жасау | 8.О2. Публицистикалық стильдің (мақала, интервью, қысқа очерк, жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау | 9.О2. Ғылыми стильде (аннотация, пікір, тезис, мақала, баяндама, презентация) жазылған еңбектердің тілдік және жанрлық ерекшелігін анықтап, талдау жасау |
О3. Көркем шығармаларды оқу | 5.О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау | 6.О3. Орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау | 7.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау | 8.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру | 9.О3. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы автордың ойы мен көтерілген мәселені анықтап, оқырманға әсерін бағалау |
О4. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау | 5.О4. Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру | 6.О4. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру | 7.О4. Мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып, талдау жасау | 8.О4. Мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау | 9.О4. Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау |
О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу | 5.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу | 6.О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді мәтін мазмұнымен салыстыру, қарама-қайшы ақпараттарды анықтау | 7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну | 8.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау | 9.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру |
О6. Өзіндік көзқарасын білдіру және бағалау | 5.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру | 6.О6. Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру | 7.О6. Тақырып бойынша деректер қолдана отырып мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу | 8.О6. Тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру. | 9.О6. Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыра отырып сыни тұрғыда баға беру. |