Файл: Жалпы физика курсы бойынша есептер жинаы растыран Мырзабекова Г. Б. Шымкент 2019ж. азастан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 209
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі
«Қазақстан» медициналық колледжі
Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы
Құрастырған: Мырзабекова Г.Б.
Шымкент 2019ж.
«Қазақстан» медициналық колледжінің әдістемелік кеңес отырысының
№___ «_____» _____ 2019ж. шешімімен бекітілген
Әдістемелік кеңес төрайымы: _____________ Алейдарова А.К .
«Жалпы білім беру пәндері» бірлестігінің мәжілісінде талқыланып, әдістемелік кеңеске ұсынылды.
Хаттама №___ «_____» _____ 2019ж.
Бөлім меңгерушісі: ________
Құрастырған: _____________ Мырзабекова Г.Б.
Ұсынып отырған «Жалпы физика курсы бойынша есептер жинағы» жалпы білім беретін арнайы оқу орындарына арналған, оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып дайындалған. Теориялық білімді терең де тиянақты алу үшін, практикалық есептер шығару, оларды өмірмен байланыстыру, ең негізгісі мен маңызын ажырата білу. Осы ұсынып отырған оқу-әдістемелік құрал оқушылардың (студенттердің) әрбір тақырып, тарау соңында физикалық шамалардың анықтамасын, заңдарды, негізгі формулаларды есте сақтауына және есептерді ойдағыдай шығаруға машықтанады, сонымен қатар қорытынды тұжырым жасауына көмектеседі. Оқушылардың (білім алушылардың) үнемі ойлау қабілетінің дамуына, ізденімпаздыққа және де физика заңдарына сүйене отырып өздігінен қорытындылай білуге үйренеді.
Әдістемелік құрал мектеп оқушылары мен арнайы орта оқу орындарының білім алушылары үшін тиімді.
Мазмұны
-
Молекулалық физика………………………………………………………. -
Термодинамика………………………………………………………………. -
Электростатика…………………………………………………………… -
Тұрақты ток…………………………………………………………………. -
Магнетизм……………………………………………………………………. -
Механикалық тербелістер мен толқындар…………. -
Серіппелі маятник…………………………………………………….. -
Электромагниттік толқындар мен тербелістер.. -
Оптика……………………………………………………………………… -
Толқындық оптика…………………………………………………. -
Салыстырмалы теория элементтері…………………. -
Атомдық физика……………………………………………………
МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА
1.Молярлық масса.Зат мөлшері
2.Ауаның ылғалдылығы
3.Көлемдік ұлғаю
4.Беттік керілу
5. Капилярлық құбылыстар
беттік керілу күші
- Лаплас теңдеуі
P=pgh;
6. Қатты дененің сызықтық ұлғаюы
7.Идеал газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы
универсал газ тұрақтысы, к
8. Идеал газ күйінің теңдеуі
Идеал газ күйінің теңд
молекулалардың жалпы саны
9.Идеал газ үшін Молекула-кинеткалық теорияның негізгі теңдеуі.
10.Температура
Судың қату температурасы T=273K
Судың қайнау температурасы T=373K
11. Газ молекуласының кинетикалық энергиясы мен температурасының арасындағы байланыс
12.Газ қысымы
13.Менделеев-Клайперон теңдеуі
-
Изотермиялық процесс.Бойль-Марриот заңы.
15. Изобаралық процесс.Гей-Люссак заңы
16. Изохоралық процесс.Шарль заңы
Есептер
-
100 ºC ретінде қандай температура алынған? -
О2 оттегінің бір молекуласының массасын тап. -
N2 азоттың молекулалық массасын анықта. -
Судың салыстырмалы молекулалық массасы 18 м.а.б.екендігі белгілі, оны килограммен көрсет. -
Табиғатта әртүрлі атомдар мен молекулалар саны қанша? -
Ж: Табиғатта химиялық элементтер саны 107, ал молекулалар саны шексіз. -
Қалыпты жағдайда 1 кг SO2 күкіртті газда қанша молекула бар? -
Қалыпты жағдайда көлемі 60м3 бөлмеде қанша ауа молекулалары бар?Ауаның мольдік массасы М = 29 . 10-3 кг/моль, ауаның тығыздығы ρ0= 1,29 кг/ м3 -
Қалыпты жағдайда ауаның бір молекуласының бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орташа кинетикалық энергиясын тап. -
Қалыпты жағдайда азот молекуласының қысымы Р0 = 10 5 Па, тығыздығы ρ0 = 1,25 кг/м3 тең. Орташа квадраттық жылдамдығын тап. -
Қысымы 10 5 Па және ρ0 = 5,85 кг/м3 ксенонның квадраттық жылдамдығын анықта. -
Массасы 5 кг инертті газда 14, 92. 1025 молекула бар. Бұл қандай газ? -
СО2 көмірқышқыл газының бір молекуласының массасы NH3 аммиактың бір молекуласының массасынан неше есе көп? -
Баллонда 20 моль газ бар. Баллонда газдың қанша молекуласы бар? -
Массасы 5 кг О2 оттегіде қанша молекула бар? -
Қалыпты жағдайда массасы 0,6 кг сутегінің бір молекуласының массасын тап? -
Температурасы 40С ал будың тығыздығы 0,0064 кг/м3, судың тығыздығы 1000 кг/м3 болса, онда су буының молекула аралық көлемі судың молекула аралық көлемінен неше есе үлкен? -
Егер жабық ыдыстағы газды 140 К – ге қыздырған кезде оның қысымы 1,5 есе артса, ол қандай температурада болған? -
Ауаның қалыпты жағдайдағы тығыздығы 1,29 кг/м3. Ауаның мольдік массасын табу керек. -
Қалыпты жағдайда аргонның молекулалары 6,35. 10-8 м еркін қозғала отырып, секундына 6 . 109 с-1 рет соқтығысты. Аргонның молекулаларының орташа жылдамдығын есепте. -
Идеал газ молекулаларының қалыпты қысым және 230С температура кезіндегі концентрациясын табу керек. -
Ыдыстан ондағы газдың жартысын шығарып жібереді. Ыдыста қалған газдың қысымын 3 есе арттыру үшін оның абсолют температурасын қалай өзгерту керек? -
Оттегі молекуласының жылдамдығы 400 м/с, секундына 8 . 10 9 с-1 рет соқтығысады. Оттегі молекуласының диаметрі 3 . 10 -10 м. Оттегі молекуласының концентрациясын есепте. -
5 . 10 23 молекуланың барлығы бір бағытта 800 м/с жылдамдықпен қозғалды. Бір молекуланың массасы 4 . 10 – 26 кг тең. Қозғалыс мөлшері қандай болғаны? -
Қалыпты жағдайда ауаның бір молекуласының бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орташа кинетикалық энергиясын тап. Мольдік жылусыйымдылығы Сm = 12,46 Дж/моль.К тең.10 моль болатын, тұрақты көлемде температурасы 50К көтерілген бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есепте. -
Қалыпты жағдайда азот молекуласының қысымы Р0 = 10 5 Па, тығыздығы ρ0 = 1,25 кг/м3 тең. Орташа квадраттық жылдамдығын тап. -
Мольдік жылу сыйымдылығы Сm = 12,46 Дж/моль.К тең. 5 моль болатын, тұрақты көлемде температурасы 50К көтерілген бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есепте. -
Цельсий шкаласы бойынша қалыпты қысымда мұздың еруі мен судың қайнауын жазыңыздар. -
Қалыпты жағдайдағы сутегі молекуласының тығыздығы 0,09 кг/м3. Орташа квадраттық жылдамдығын есепте. -
Қалыпты жағдайдағы сутегі молекуласының тығыздығы 0,09 кг/м3. Орташа квадраттық жылдамдығын есепте. Қысымы 10 5 Па және ρ0 = 5,85 кг/м3 ксенонның квадраттық жылдамдығын анықта. -
Көлемі 2м3 идеал газдың барлық молекулалары қандай қысымда ішкі энергисы 450 кДж құрау керек? -
Молекуланың кинетикалық энергиясы 7,87 . 10 -21 Дж тең. Идеал газдың температурасын анықта. -
Көлемі 0,02м3, массасы 0,03 кг, 2,1 . 10 5 Па қысыммен тұрған NH3 аммиактың температурасы қандай болғаны? -
Баллондағы көлемі 6 . 10 -2 м3, 7 0 С температура мен 1,2 . 10 5 Па қысымдағы NО3 азот тотығының массасын есепте. -
Оттегінің 320К температурадағы орташа квадраттық жылдамдығы 500м/с тең. Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесін пайдаланбай оттегі молекуласының массасын есепте. -
Температурасы 270 С, тығыздығы 6,24 кг/м3 баллондағы ауа қандай қысыммен орналасқан? -
Идеал газды изохоралық қыздыру кезінде 320К температурада оның қысымы 1,4. 10 5 Па- дан 2,1. 10 5 Па-ға дейін артты. Газдың температурасы қалай өзгерді? -
Температурасы 520 С баллондағы газдың қысымы 2. 10 5 Па тең. Егер 2,1 . 10 5 Па тең болса, онда температурасы қандай болғаны? -
Көлемі 0,02м3, массасы 0,03 кг, 2,1 . 10 5 Па қысыммен тұрған NH3 аммиактың температурасы қандай болғаны? -
Баллондағы көлемі 6 . 10 -2 м3, 7 0 С температура мен 1,2 . 10 5 Па қысымдағы NО3 азот тотығының массасын есепте. -
Температурасы 270 С, тығыздығы 6,24 кг/м3 баллондағы ауа қандай қысыммен орналасқан? -
Қысымы 4 . 10 5 Па оттегінің температурасы 320К тығыздығын анықта. -
Сынапты шамның баллоныныда сыйымдылығы 3 . 10 -5 м3, температурасы 300К. Онда 1018 молекула бар. Сынап буының қысымын анықта. -
7,48 . 10 5 Па қысымда температурасы 300К, көлемі 0,5 м3 ыдыста қанша молекула орналасқан? -
Температурасы 273К мен 8 . 10 5 Па қысымда 1 килограмм оттегі қандай көлем алады? Оттегінің мольдік массасы М = 32 . 10 -3 кг/моль тең. -
Идеал газды изохоралық қыздыру кезінде 320К температурада оның қысымы 1,4. 10 5 Па- дан -
2,1. 10 5 Па-ға дейін артты. Газдың температурасы қалай өзгерді? -
Температурасы 520 С баллондағы газдың қысымы 2. 10 5 Па тең. Егер 2,1 . 10 5 Па тең болса, онда температурасы қандай болғаны? -
Ыдыстың қабырғасына 7270 С температурада газ 2. 10 5 Па қысым түсіре отырып, 8 л көлемді алады. Ал -230 С температурада 160 л көлемді алса, онда қысымы қандай болғаны? -
Ыдыстың қабырғасына 7270 С температурада газ 2. 10 5 Па қысым түсіре отырып, 8 л көлемді алады. Ал -230 С температурада 160 л көлемді алса, онда қысымы қандай болғаны? -
480К температурада идеал газдың изохоралық суынуы кезінде қысымы 1,5 есеге азайды. Газдың соңғы температурасы қандай болды? -
Массасы 6 кг газдың 2. 10 5 Па қысымдағы көлемі 8 м3 және температурасы -230 С тең. Массасы 5 кг газдың температурасы 300К болғандағы қысымы 4. 10 5 Па болуы үшін қандай көлемді алады? -
Изохоралық қыздыру кезінде температурасы 580К көтеріліп, ал қысымы екі есе артқандағы газдың бастапқы температурасын анықта. -
300К температурада 2,8 . 10 5 Па қысым тудырады, газдың көлемі 0,8 м3 тең. 1,6 . 10 5 Па қысымда оның көлемі 1,4 м3 болса, онда сол массадағы газдың температурасын қанша кельвинге арттыруға болады? -
Температурасы 300 К, қысымы 3 .10 4 Па қаныққан су буын сұйықтан бөліп алып, тұрақты көлемде 350 К дейін қыздырды. Осы температурадағы будың қысымын анықта. -
Зат қатты күйден сұйық күйден аттап бірден газ күйіне өте ала ма? -
Қаныққан су буының 1306 Па қысымда температурасы 284 К тең. Бу молекулаларының концентрациясын анықта. -
Қысымы 19,92 кПа, температурасы 600С тең болғандағы қаныққан су буының тығыздығын тап. -
20 0 С температурадағы су буының тығыздығы 17,3 кг/м3 болса қысымын анықта. -
Температурасы 300 К, қысымы 3 .10 4 Па қаныққан су буын сұйықтан бөліп алып, тұрақты көлемде 350 К дейін қыздырды. Осы температурадағы будың қысымын анықта. -
Қаныққан су буының 1306 Па қысымда температурасы 284 К тең. Бу молекулаларының концентрациясын анықта. -
1 с ішінде сұйықтан буға 3.10 6 молекула, ал будан сұйыққа 5.10 7 молекула өтсе, онда сұйықтың еркін бетінде қандай бу бар? -
300К температурада қанықпаған бу су буының қысымы 1,5 кПа. Молекулалардың концентрациясын анықта. -
Қанықпаған су буының температурасы 300 К, қысымы 1600 Па тең. Берілген температурадағы қаныққан су буының қысымы 2000 Па болады. Әр м 3 сайын қаныққан бу болуы үшін қанша судың молекуласы буға айналуы керек? -
Сынапты шамның баллоныныда сыйымдылығы 3 . 10 -5 м3, температурасы 300К. Онда 1018 молекула бар. Сынап буының қысымын анықта. -
Температурасы 25ºС, 3л суы бар кастрюль ішіне 100 ºC температурадағы 2л су құяды. Кастрюльдегі судың температурасы қандай болады? -
Адам өзін жақсы сезіну үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы белгілі мөлшерден аспау қажет. Ылғалдылықтың өзгеруі жылу алмасудың бұзылуына әкеліп соқтырады. Бұл неге байланысты? -
Бөлмедегi ауаның температурасы 20oС, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%. Терезе сыртындағы ауаның температурасы қандай болғанда, терезе әйнектерi терлей бастайды? -
Температурасы 20oС болғанда қанықтырушы будың қысымы рн = 17,5 мм сынап бағаны (таблица бойынша). Қысым р = рн·φ, немесе р = 17,5·0,6 = 10,5 мм сынап бағаны. р қысымы кеңiстiктi қанықтырушы будың қысымына сәйкес болған кездегi ауаның температурасында бу конденсациясы басталады. Таблицадан қысымның мына мәнiне р = 10,5 мм сынап бағаны бойынша, 12oС -температура сәйкес екендiгiн табамыз. -
10 0С температурадағы 5 т суды 500 С - қа дейін жылыту үшін оған 100 0С температурадағы қанша бу жіберу керек? -
100 0С температурадағы 100 кг буды 0 0С температурадағы массасы 1 т су арқылы жібергенде су қандай температураға дейін жылиды? -
Мұздың температурасы 0ºC.Мұзға қойылған алюминий куб толығымен мұзға батып кету үшін, алюминий кубты алдын-ала қандай температураға дейін қыздыру қажет? -
Ауаның кедергісін ескермегенде, төмен құлап келе жатқан су тамшысы жерге соғылған кезде 1ºC-қа қызу үшін қандай биіктіктен құлау керек? -
Су бетіне шырпы тастап, шырпының бір жағын ала суға сабын тигізіңдер. Байқалатын құбылысты түсіндіріңдер. Шырпының ұзындығы 4см болса, оны қозғалысқа келтіретін күшті табыңдар. -
Егер тамызғыш тесігінің диаметрі 1,2 мм болса, үзілу мзетінде тамызғыштан аққан су тамшысының массасы қандай? -
Судың беттік коэфициентін анықтау үшін, шығу тесігінің диаметрі d-ға тең тамызғыш пайдаланады. n тамшының массасы m-ге тең болады. Судың беттік керілу коэфициентін анықтаңдар. -
Өлшемдері бірдей кішкентай су тамшыларын радиусы 4мм болатын үлкен бір тамшыға айналдырғанда, 1,4 ∙ 10-2 Дж энергия бөлінеді. Кішкене тамшының радиусын табыңдар ? -
Сылықты майлы бояуды жағудан бұрын не себепті ала олифамен майлап алады? -
Диаметрі 0,5 мм капилляр түтік арқылы көтерілген судың массасын табыңдар. -
Ара қашықтығы 0,2 мм, параллель орналасқан пластиналар аралығымен су қандай биіктікке көтеріледі? -
Радиустары бірдей капиллярлардың қайсысында су жоғары көтеріледі – тау етегінде ме, әлде төбесінде ме? -
Радиустары бірдей капиллярдағы керосин мен судың көтерілу биіктігін салыстырыңдар. -
Капилляр түтікшеде спирт 1,2 см көтерілді. Түтікшенің радиусын анықтаңдар. -
Радиусы 0,5 мм капилляр түтік арқылы сұйық 11 мм көтеріледі. Егер осы сұйықтың беттік керілу коэфициенті 22 мН/м болса, оның тығыздығы қандай болатынын табыңдар. -
Диаметрі әр түрлі екі қатынас капилляр түтігіне су толтырылған. Суды қыздырған кезде түтіктегі су деңгейлері қалай өзгереді. тамшы тамызылса, судың беттік керілу коэфициенті қалай және неше есе өзгереді. -
Қатаңдығы 200 Н/м серіппеге 20 Н күш әсер еткенде, оның деформациясының шамасы неге тең. -
Қатаңдығы 103 Н/м серіппе 4 см-ге ұзарылған. Серіппенің серпімді деформациясының потенциалдық энергиясы қандай? -
4 Н күштің әсерінен 0,02 м – ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең?
ТЕРМОДИНАМИКА НЕГІЗДЕРІ
1.Молекула массасы және өлшемі
Молекулалардың орташа диаметрі
1 молекуланың кеңістікке алатын орны орташа көлемі
Молекулалардың орташа массасы
2.Жылу мөлшері
3.Балу және кристалдану
4.Булану және конденсация
5.Жану
6. Идеал газдың ішкі энергиясы
7.Адиабата теңдеуі адиабата көрсеткіші
тұрақты қысым және көлем кезіндегі жылу сыйымдылықтары
8.Идеал газдың жылу сыйымдылығы
9. Термодинамиканың бірінші бастамасы
10. Идеал газдың ішкі энергиясы
11.Изотермиялық процесстегі идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі
Кез келген мөлшердегі идеал газ берілсе,оның ішкі энергиясы
12.Изохоралық процесстегі идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі
13.Изобаралық процесстегі идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі