Файл: Жалпы физика курсы бойынша есептер жинаы растыран Мырзабекова Г. Б. Шымкент 2019ж. азастан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 210
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАР МЕН ТЕРБЕЛІСТЕР
1.Томсон формуласы(Контурдағы еркін тербелістердің периоды)
T-сыйымдылығы С-конденсатор және индуктивтігі L катушкадан тұратын тербелмелі контурдың электромагниттік тербелістердің периоды.
Айнымалы токтың ЭҚК,кернеуі және ток күшінің лездік мәндері
ток күшінің лездік мәні.Ток күшінің амплитудасы мәні был анықт.
3.Айнымалы токтың қуаты
P=
4.Тербелістердің фазалар айырымы
үшін фазалар айырымы мың.тең
5.L Индуктивті катушканың кедергісі
10.Өткізгіштен бөлінетін жылу мөлшері
11.Электр тізбегіндегі резонанстың жиілігі
12.Резонанс кезіндегі ток күшінің, кернеудің амплитудасы
13.Трансформация коэффиценті
Есептер:
-
Әсерлік мәні U=220B айнымалы кернеу көзіне индуктивтігі L=0,2 Гн катушка мен R=20 Ом активті кедергі тізбектей жалғанған. Айнымалы токтың жиілігі ν=50 Гц болса, оның қуаты қандай? -
Айнымалы ток тізбегі индуктивтігі L=0,5 Гн, активті кедергісі R=1 кОм катушка мен сыйымдылығы C=1 мкФ конденсатордан тұрады. Кернеудің амплитудасы Um=110B, тербеліс жиілігі ν=50 Гц болса, тізбекте қандай қуат бөлінеді? -
Тербелмелі контурдағы , гармоникалық электромагниттік тербеліс кезінде, конденсатордың электр өрісінің энергиясының максимал мәні 50 Дж, ал катушканың магнит өрісінің энергиясының максимал мәні 50 Дж болды. Контурдың электромагниттік өрісінің толық энергиясы қандай? -
Айнымалы ток тізбегінің бөлігіндегі кернеудің әсерлік мәні 220В. Осы бөліктегі кернеу тербелісінің амплитудасы неге тең? -
Кернеудің максимал мәні 250В болса, әсерлік мәні неге тең? -
Электр энергиясын қашықтыққа диаметрі d=5мм алюминий сымдармен жеткізгенде қанша қуат шығыны болады? Желідегі кернеу U=35кВ, есептелінген қуат Р=1.5 МВт . -
2. Көлденең қимасының ауданы 15мм2 мыс сымдармен 200 МВт қуатты қандай қашықтыққа беріге болады? Желідегі кернеу 350 кВ, шығын 10% -дан аспауы керек. -
3. Трансформатор кернеуді 220 – дан 660 В-қа дейін арттырады, оның бірінші реттік орамасы 840 орамнан тұрады. Трансформация коэффициенті қандай? Екінші реттік орамада қанша орам бар? Қай орамдағы өткізгіштің қимасы артық? -
4. Трансформатор кернеуді 250 – дан 700 В-қа дейін арттырады, оның бірінші реттік орамасы 840 орамнан тұрады. Екінші реттік орамада қанша орам бар? Қай орамдағы өткізгіштің қимасы артық? -
5. Трансформатор төмендеуі 120 В болғанда 20 А ток береді. Алғашқы кернеуі 22000 В-қа тең. Онда бірінші жүктеменің ПӘК 90 % болса, трансформатордың бастапқы ток күші мен кіріс-шығыс қуаты неге тең? -
Тербелмелі контур конденсаторындағы кернеу 20 В артқан кезде ток күшінің амплитудасы 2 есе артты. Бастапқы кернеуді табыңдар. -
Толқын ұзындығы 300 м радиотолқындар шығаратын ашық тербелмелі контурдың тербеліс периоды неге тең? -
Тербелмелі контурдың жиілігі 1000 Гц. Т ербеліс периоды неге тең? -
Тербелмелі контурдың сыйымдылығы да, жиілігі де 3 есе артты. Контурдың индуктивтілігі қалай өзгереді. -
Тербелмелі контурдың тізбегіне сыйымдылығы 2 пФ конденсатор жалғанған. Конденсатордың астарларындағы зарядтың амплитудалық мәні 6 нКл. Конденсатордан период сайын бөлінетін жылу мөлшері қанша болады?
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ОПТИКА
1.Жарықтың шағылу ережесі
Жарықтың түскен бұрышы мен шағылған бұрышы өзара тең.
2.Жарықтың сыну ережесі
3.Жарық ағыны
4.Жарық күші
5.Жарықталыну
6.Жарқырау
7.Жарықтылық
8.Сынудың салыстырмалы көрсеткіші
9.Толық ішкі шағылу
11.Жұқа линзаның формуласы
F-линзаның фокус аралығы,
f-линза мен кескін аралығы
d-линза мен дененің аралығы
13. Линзаның оптикалық күші
D= Жинағыш линзаның оптикалық күші оң
Шашыратқыш линзаның оптикалық күші теріс.
14.Линзаның сызықтық үйкейтілуі
15. Екі жазық айнаның кескіндер саны
16. Лупа
17.Микроскоп
обьектив пен окулярдың фокус аралығы
-окулярлық артқы фокусынан обьективтің алдыңғы фокусына дейінгі арақашықтық.
18.Бақылаушы труба.Телескоп
Есептер:
-
Сыну бұрышы түсу бұрышынан екі есе кіші болуы үшін жарық сәулесі шынының бетіне қандай бұрышпен түсуі керек? Шынының сыну көрсеткіші 1,5. -
Тереңдігі Н=2м болатын көлдің бетінде радиусы r=3м дөңгелек ағаш жүзіп жүр. Ол шашыраңқы жарықпен жарықтанған. Көлдің түбіндегі ағаштың көлеңкесі мен ала көлеңкесінің радиустарын табыңдар? -
Затқа жарық 450 пен түсіп, 300 пен сынған болса, заттың сыну көрсеткіші неге тең? -
Жарық глицериннен суға түседі. Түсу бұрышы 300 болса сыну бұрышы неге тең? -
Егер жарық айнаға 300 бұрышпен түссе айна мен шағылған жарық арасындағы бұрыш неге тең? -
Сүңгуір судың астында 40 см батып тұр. Ол төбедегі лампаның 2,4м қашықтықта тұрғанын байқады. Лампаның судың бетіне дейінгі рас қашықтығы неге тең? -
Жарық ауадан этил спиртіне түседі. Егер сынған сәуле мен түскен сәуленің арасындағы бұрыш 1200 болса сыну бұрышы неге тең? -
Жарықтың кейбір сұйықтағы жылдамдығы 240 000 км/с. Осы сұйыққа жарық ауадан 250 бұрышпен түседі. Жарықтың сыну бұрышын анықтаңыз. -
Нәрсе жинағыш линзаның оптикалық бас осінде одан 20см қашықтықта орналасқан.Егер нәрсенің шын кескіні линзадан 4Ғ ( Ғ-фокус аралығы) қашықтықта пайда болса, онда Ғ шамасы қандай? -
Жинағыш линзаның фокус аралығы 0,2м . Кескіннің өлшемі өзіне тең болу үшін нәрсені линзаға дейін қандай қашықтыққа қою керек?
ТОЛҚЫНДЫҚ ОПТИКА
1.Ортадағы жарық толқынының ұзындығы
2.Жарық толқынның оптикалық жолының ұзындығы
3.Екі толқынның оптикалық жол айырымы
4.Когеренттік толқындардың бірін-бірі әлсірету және күшейту шарттары
5.Толқындардың толқын жиілігі,толқын ұзындығы,таралу жылдамдығы,периоды.
6.Интерференциялық максимумдардың шарты
7.Интерференциялық минимумдардың шарты
8.Интерференциялық жолақтардың ені
9.Дифракциялық торға нормаль бойымен түсетін жарықтың дифракция кезіндегі жарықталынуының бас максимумдарының шарты
10.Көршілес екі дифракциялық жолақтардың ара қашықтығы
-көршілес екі дифракциялық жолақтардың ара қаш.
- саңылау мен эран ара қаш.
-саңылаудың ара қаш.
САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.Ұзындықтың релятивтік қысқаруы
-жарық жылдамдығы, -стерженьнің көлденең қимасы
.Уақыттың релятивистік қысқаруы
4.Массаның жылдамдыққа тәуелділігі
5.Бөлшек импульсінің жылдамдыққа тәуелділігі
Бөлшектің тыныштық энергиясы
7.Бөлшектің толық энергиясы немесе Энштейн формуласы
.Масса мен энергияның арасындағы байланыс
Есептер:
-
Дифракциялық торды ақ жарықпен жарықтандырғанда, экранда пайда болатын спектрдің орталық бөлігінде әрдайым ақ жолақ байқалатыны неліктен? -
Мектепте 1 мм-інде 50 және 100 штрихы бар дифракциялық торы бар. Басқа шарттары бірдей болғанда, олардың қайсысы экранда бұдан гөрі ендірек спектр болады? -
Лебедев тәжірибе құралындағы қара шеңбер ауданы 2,2 см2. Осы шеңберге түсіретін қысым күшін анықтаңыз. (жарық 1 м2 ауданға 4*10-6 Н күшпен әсер етеді) -
Спектрдің көрінетін бөлігіндегі шеткі қызыл сәулелерге тербелістің қандай жиіліктері сәйкес келеді? -
2. 1 м кесіндіге жиілігі 600 ТГц монохроматтық сәуле шығарудың қанша толқын ұзындығы салынады? -
3. Периоды 3 мкм дифракциялық торға толқын ұзындығы 650 нм монохромат жарық түседі. Дифракциялық максимумның ең үлкен рет саны қандай болады? -
4. Дифракциялық тордағы толқын ұзындығы 510 нм төртінші реттік сызықпен дәл келетін үшінші реттік сызықтың толқын ұзындығын табыңдар? -
5. Дифракциялық тордың 1 мм ұзындығында 100 штрих бар. Дифракциялық тордың периоды қандай? -
Біріне бірі қарама-қарсы =0,6с жылдамдықпен ұшып келе жатқан екі бөлшектің ара қашықтығы l =10 м. Қаншауақыттан кейін бөлшектер соқтығысады? -
Жердегі бақылаушымен салыстырғанда екі екі бөлшек бір бірінен 0,8с жылдамдықпен алыстайды. Бөлшектердің салыстырмалы жылдамдығы қандай? -
Кернеулігі 10 кВ/м өрістегі электронның үдеуі: (электрон үшін m=9,1*10-31 кг, e=1,6*10-19 Кл) -
Алюминий пластинаны сәулелендіру кезінде фотоэффект ең аз 1,03 Гц жиілікте басталады. Электрондардың алюминиден шығу жұмысын табыңдар (эВ есебімен). -
Мыс үшін фотоэффектінің ұзын толқынды (қызыл) шекарасы 282 нм. Электрондардың мыстан шығу жұмысын табыңдар (эВ есебімен). -
Жиілігі 1ПГц жарықпен сәулелендіргенде барий оксидінен жұлып шығарылған электрондардың ең көп кинетикалық энергиясы қандай болады? -
Рентген түтікшесі 50 кВ кернеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал толқын ұзындығы: -
Жиілігі 50 Гц жарық фотонының энергиясы неге тең?