Файл: Жалпы физика курсы бойынша есептер жинаы растыран Мырзабекова Г. Б. Шымкент 2019ж. азастан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 211
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
R- сыртқы кедергі ; r-ішкі кедергі
12.Джоуль-Ленц заңы
-Джоул –Ленц заңының диффер.түрі
жылулық тығыздық Тізбектен тұрақты ток жүргенде атқаратын жұмыс
13. Токтың жылулық қуатының тығыздығы
14.Электролиз үшін Фарадей заңы
n- валенттілік
M-заттың мольдік массасы
F-Фарадей тұрақтысы
e-электрон заряды
k-заттың электрохимиялық эквиваленті
Есептер:
-
Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек? -
Өткізгіштің көлденең кимасы арқылы әр минут сайын 42 Кл-ға тең электр мөлшері өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер. -
Электр қыздырғыштың спиралі арқылы өтетін ток күші 6А.Спиральдің көлденең қимасы арқылы 4с ішінде өтетін электрондардың саны неге тең. -
Электр тізбегіне қосылған резистордың кедергісі 20 Ом.Резистордағы кернеу 50В. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1мин ішінде өтетін зарядтың шамасы қандай? -
Отыз бірдей шам параллель жалғанып, кернеуі 220В ток көзіне қосылған.Бір шамның кедергісі 1200 Ом. Осы тізбектегі ток күші неге тең? -
Әрқайсысының кедергісі 300 Ом төрт кедергі алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанған.Осы кезде олардың жалпы кедергісі қалай өзгереді? -
Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытка созылады? -
Металл өткізгіштегі ток күші 0,8 мкА болғанда, 1 с ішінде оның қимасы арқылы өтетін электрондар санын есептеңдер. -
Алюминий және мыс сымдарының массалары мен көлденең қималарының аудандары бірдей. Осы сымдардың кедергілері үлкен? ρ А= 0,028Ом*мм2/м; ρМ = 0,017Ом*мм2/м. -
Қолда біртекті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе артық. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі көп және неше есе? -
Кедергісі 6 Ом реостат жасауға пайдаланылған көлденең қимасының ауданы 2 мм2 темір сымның массасын анықтаңдар. ρТ = 0,1Ом*мм2/м. -
Ұзындығы 2 км, кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай? ρМ=0,017 Ом*мм2/м. -
Мыс сымнан жасалған катушканың кедергісі R = 10,8 Ом мыс сымның салмағы Р = 34 Н. Катушкаға неше метр сым оралған және ол сымның d диаметрі қандай? ρМ = 0,017Ом*мм2/м. -
Ұзындығы 4 м, ауданы 0,4 мм2 болат сымның кедергісі
( )
-
Көлденең қимасының ауданы өткізгіштен 24 Кл заряд 16с ішінде өтеді. Ток күші неге тең? -
Тізбек бөлігі параллель жалғанған 9 және 6 Ом резистордан және тізбектей жалғанған 12 ом резистордан тұрады.Тізбек ұшына берілген кернеу 24В. Кедергісі 9 Ом резистордағы ток күші неге тең? -
Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны? -
Электрқыздырғыштың кедергілері бірдей қыздырғыш элементінің екі секциясы бар. Егер осы секцияларды тізбектей жалғаса оларда 300 Вт қуат бөлінеді.Егер осы секцияларды параллель жалғап және кернеуді 2 есе азайтса, онда оларда бөлінетін қуат неге тең? -
Суретте көрсетілген схема бойынша амперметрлердің көрсетуін анықтаңдар. -
, , .
-
Егер тізбектегі ток күші 5 А болса, онда өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 2 с ішінде қанша кулон заряд өтеді? -
Шамды ЭҚК-і 1,5 В ток көзіне қосқанда, тізбектегі ток күші 0,6А. 1 мин ішінде бөгде күштердің атқаратын жұмысы. -
Кедергілері R,=5 Ом, R2=10 Ом екі резистор өзара параллель қосылған. Осы резисторлар арқылы өтетін ток күштерінің қатынасы І1/І2 неге тең? -
Шамға қосылған амперметрдің көрсетуі 0,1 А. Желіге тағыда бір сондай шам тізбегі косылса, амперметрдің көрсетуі қандай болады? -
Кедергісі 80 Ом қыздырғыш элементтегі токкүші 0,6А. Осы элементтегі 1 минутта бөлінетін жылу мөлшері неге тең? -
Тоқ күші 0,4А болатын өткізгіштің кедергісін 20 Ом деп алып, оның ұштарындағы кернеуді анықтандар? -
.«Крона» батареясының ЭҚК-і 9 В. Ток күші 0,4А болса, бөгде күштердің 1 минуттағы жұмысы... -
Кедергісі R1=120 Ом резистордан өтетін ток қүші 6А болса, кедергісі R2= 80 Ом резистордан өтетін ток күші? -
Реостат қосылған тізбектегі тоқ күші 3,2 А. Реостаттың қысқыштарының арасындағы кернеу 14,4 В. Реостаттың тоқ жүріп тұрған бөлігінің кедергісі Егер тізбектегі ток қүші 2А болса, кедергісі 15 Ом спираль сым 10 минутта қандай жылу мөлшерін бөліп шығарды. -
Кедергілері 1 Ом, 2 Ом, 3 Ом және 4 Ом тізбектей қосылған төрт өткізгіштің жалпы кедергісі неге тең. -
Ішкі кедергісі 0,09 Ом амперметрдің өлшеу шегін 10 есе арттыру үшін қандай шунт және оны қалай жалғау керек? -
Кедергілері Ом, 30 Ом, 20 Ом үш резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Қай резистор арқылы көп ток жүреді? -
Кедергілері =1Ом, Ом, 3 Ом үш резистор электр тізбегіне алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанады.Осы жағдайлардың қайсысында және қай резисторда көп жылу бөлінеді? -
Әрқайсысының кедергісі 300 Ом төрт кедергі алдымен тізбектей, сосын параллель жалғанған.Осы кезде олардың жалпы кедергісі қалай өзгереді? -
Үш түсті көк, қызыл, жасыл, шамдар өзара жалғанған. Егер қызыл шамды сөндірсем бәрі сөнеді. Ал егер көкті сөндірсем қызыл мен жасыл жанады. Сызба құрастырындар. Ал егер көкті қоссам, жасылды сөндірсем не болады? -
Электр шамының спираліндегі тоқ күші 0,7А, шамның кедергісі 310 Ом болса, шамдағы кернеу қандай? -
Электролиз кезінде тізбектеп жалғанған екі ваннаның біріншісінде 39 г цинк, ал екіншісінде 22,4 г темір бөлінеді. Цинк екі валентті болса, темірдің валенттігі қандай? -
Металл заттарды мырышпен қаптау үшін электролиттік ваннаға массасы 0,01 кг мырыш электроды батырылған. Электрод толық шығындалу үшін ванна арқылы қандай заряд өту керек? Мырыштың электрохимиялық эквиваленті 3,4•10-7 кг/Кл. -
Ток 1,6 А болғанда 10 мин ішінде электролиттік ваннаның катодына 0,316 г мыс бөлінеді. Мыстың электрохимиялық эквивалентін анықтаңдар. -
Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті неге тең? -
Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді? Ниқельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03*10-7кг/Кл. -
Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өтқен токтың күші қандай? Қорғасынның элеқтрохимиялық эквиваленті 1,074* 10-6 кг/Кл.. -
Электролит арқылы 2 А ток күші етқенде, 10 минут ішінде катодта 244 мг никель жиналды. Никельдің электро-химиялық эқвиваленті қандай? -
Катодтан 5 А ток өткенде 50 мин ішінде массасы кандай қүміс белінеді? Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118*10-6кг/Кл. -
Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? Мыстың электрохимиялық эқвиваленті 3.94*10-7кг/Kл. -
Электролиз кезінде оң иондар 10с ішінде катодқа қарай +10 Кл заряд, ал теріс иондар осы уақыт ішінде шамасы осындай, бірақ теріс зарядтарды тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең? -
Анод пен катод арасындағы потенциалдар айырмасы 500 және 5000 В болғандағы электрондардың электрондық зеңбіректен шығар кездегі жылдамдықтарын табыңдар. -
Егер кремний диодтан өтетiн күш I=5,5 мА, ал кернеу U=0,7 В тең болса, оның керi бағыттағы тұрақты токқа кедергiсiн табыңдар. -
Вакуумдік диодтағы электродтардың арақашықтығы .Катод пен анод арасындағы кернеу U.Электронның заряды және оның массасы e және m. Электронның анод пен катод арасындағы қашықтықты жүріп өту уақытынеге тең? -
Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді? -
Ток күші 1А болғанда 50 мин ішінде электролиттік хромдау кезінде шардың массасы қаншаға артты? Хромның электрохимиялық эквиваленті 0,18 ·10 кг/Кл. -
Электролиз кезінде оң иондар 10с ішінде катодқа қарай +10 Кл заряд, ал теріс иондар осы уақыт ішінде шамасы осындай, бірақ теріс зарядтарды тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең? -
Вакуумдік диод арқылы 0,1А ток жүреді. Электрондық лампа арқылы 10с ішінде қанша электрондар өтеді? -
Мыстың электрохимиялық эквиваленті 3·10 кг/Кл.Егер ваннадағы ток күші 5000 А болса, бір сағат ішінде катодта шөгетін мыстың массасы қандай? -
Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? Мыстың электрохимиялық эқвиваленті Электролит арқылы 4А ток өткенде 5 мин ішінде катодта 360мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эквиваленті неге тең?
МАГНЕТИЗМ
1.Магнит индукциясы
2.Магнит ағыны
3.Токтардың әсерлесуі
ортаның магнит өтімділігі ваккум үшін
-магнит тұрақтысы
4. Ортаның магнит өтімділігі
Ампер күші
6.Лоренц күші
Егер = болса зарядталатын дене раиусы шеңбер бойымен қозғалады.
Зарядталған бөлшектің жылдамдығы
7.
8.Электромагниттік индукция (ЭҚК)
9. Магнит өрісінің энергиясы
Есептер:
-
Магнит өрісіндегі ауданы 1 см2 тең рамаға әсер ететін ең жоғары айналдырушы момент 2 мкН•м-ге тең. Рамадағы ток күші 0,5 А-ге тең. Магнит өрісінің индукциясын табыңдар. -
Көлденең қимасының ауданы 60 см2 –ге тең контурдың ішіндегі магнит ағыны 0,3 мВб-ге тең. Контур ішіндегі өріс индукциясын табу керек. -
Магнит индукция векторына перпендикуляр орналасқан контурды 2 Вб магнит ағыны кесіп өтеді. Контур ауданы 4 м2 болса, магнит өрісінің индукциясы неге тең болады? -
Магнит индукция векторына перпендикуляр орналасқан контурды 4 Вб магнит ағыны кесіп өтеді. Контур ауданы 2 м2 болса, магнит өрісінің индукциясы неге тең? -
Өрістің магнит индукциясы В=1, 5 Тл, өткізгіштің жұмыстық ұзындығы L=0, 4 м және одан өтетін ток I=50 А.Токтың туғызатын магнит өрісі өткізгішке қандай күшпен әсер ететінін есептеп шығарыңдар. -
Егер өткізгіштің актив бөлігінің ұзындығы 0,1 м болса, ток күші 50 А болғанда өткізгішке индукциясы 10 мТл магнит өрісі әсер ететін күш неге тең (Өрістің индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр). -
Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 30 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5м, бойымен 3А ток өтіп жатқан түзу өткізгішке 9Н күш әсер етеді. Магнит өрісінің индукциясы неге тең. -
Ұзындығы 40 см, бойындағы ток күші 2А, магнит өрісі индукция сызықтарына 30ғ бұрышпен орналасқан өткізгішке 0,4 Н күш әрекет етеді. Магнит өрісінің индукциясы неге тең. -
Сымының орам ұзындығы 0,2м, электрқозғалтқыш якорінің орналасқан жеріндегі магнит индукциясы 0,25Тл. 20А ток күші өткенде, орамға әсер ететін күш қандай? -
Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы неге тең? -
0,4 мТл және 1,2 мТл магниттелуші өрістің индукциясы В0 болғанда болаттың магниттік өтімділігі қандай болар еді? -
2. Егер соленойдтағы шойын өзекшені өлшемі сондай болат өзекшемен алмастырса, магнит ағыны неше есе қзгерер еді? Магниттелуші өрістің индукциясы В0 =2,2 мТл. -
Магнит полюстерінің арасына салмақсыз екі жіпке ұзындығы l=0.2м және массасы m=10г түзу өткізгіш ілінген . Біртекті өрістің магнит индукциясы өткізгішке перпендикуляр және горизонталь бағытталған: В=49мТл. Өткізгішке l=2А ток жіберсе, ілінген жіптер вертикалльдан қандай бұрышқа ауытқиды? -
Индукциясы 0,2 Тл тең магнит өрісіндегі 10 Мм/с жылдамдықпен индукция сызықтарына перпендикуляр қозғалып келе жатқан протонға қандай күш әсер етеді? -
Индукциясы 0,1 Тл магнит өрісінің бойынан 20мА ток өтіп жатқан, ұзындығы 10 см, магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан өзгерішке әсер күш -
Индукциясы 0,1 Тл магнит өрісінің бойынан 20 мА ток өтіп жатқан, ұзындығы 30 см, магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан өткізгішке әсер ету күші -
Тогы бар өткізгіштің 0,5 м бөлігіне магнит өрісі тарапынан әсер ететін ең үлкен күш 0,10 Н, ал ток күші 2 А болса, магнит индукция векторының модулі неге тең? -
Ұзындығы 0,5 м түзу өткізгіш магнит индукция сызықтарына 30 бұрыш жасай орналасқанда 9 Н күш әсер етіп, өтетін ток күшінің шамасы 3 А болса, біртекті магнит өрісінің индукциясы неге тең? -
Горизонталь рельстер бір-бірінен l = 0,3 м қашықтықта орналасқан. Олардың үстінде рельстерге перпендикуляр таяқ жатыр. Егер ол арқылы I0 = 50 A ток жіберілген болса, онда таяқ қозғалу үшін магнит өрісінің индукциясы қандай болу керек? Шыбықтың рельске үйкелу коэффициенті k = 0,2. Таяқтың массасы 0,5 кг. -
Айналы гальванометрдің рамкасының ауданы 1,5 см2, ал жіңішке сымы 300 орамнан тұрады. Рамка жіпке ілінген, жіп 1 рад бұрышқа иірілгенде рамкада 0,98 Нм серпімділік күш моменті пайда болады. Рамка индукциясы 0,1 Тл магнит өрісінде орналасқан, оның векторы рамканың айналыс осіне радиал бағытталған. Бөлігі бір миллиметр болатын гальванометрдің шкаласы айнадан 1 м қашықтықта орналасқан. Гальванометрдің рамкасындағы ток күші қандай болғанда, шкаладағы көрсеткіш 1 бөлікке ығысады? -
Ұзындығы l = 0,2 м және массасы m = 5 г түзу өткізгіш екі салмақсыз жіпке ілінген және біртекті магнит өрісінде вектордың сызықтарына перпендикуляр орналасқан. Магнит өрісінің индукциясы B = 49 мТл. Егер жіп оған F = 39,2 мН күш түсірген кезде үзілетін болса, өткізгіш бойымен қандай минимал ток жіберу керек? -
Заряды 3,2 · 10-19 Кл болатын зарядталған бөлшектер индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде (циклотронда) үдетіледі. Үдеткіш кернеу 6 МГц. Осы бөлшектердің радиусы 2 м шеңбер бойымен қозғалғандағы кинетикалық энергиясын табыңдар. -
Индукциясы 0,02 Тл-ға тең бiртектi магнит өрiсiнде қабырғасының ұзындығы 4 см болатын квадрат рама орналастырылған. Рама жазықтығы мен индукция векторының арасындағы бұрыш 30°. Осы контурды тесiп өтетiн магнит ағынын анықтаңыз. -
Магнит полюстерінің арасына қойылған радиусы R = 4 см орамға M = 6,5 · 10-7 Нм максимал айналдырғыш момент әрекет етеді (t = 2 c). Өткізгіш орамының көлденең қимасы арқылы N = 1019 электрон өтеді. Орам орналастырылған магнит өрісінің индукциясын анықтаңдар. Электрон зарядының модулі 1,6 · 10-19 Кл. -
Гальванометрдің жіңішке сымның N = 220 орамынан тұратын квадрат рамкасы серпімді жіпке ілінген. Рамканың қабырғасының ұзындығы , оның жазықтығының нормалі магнит өрісінің B = 5 · 10-3 Тл индукция векторының күш сызықтарына перпендикуляр. Рамка арқылы I = 2 · 10-6 А ток жібергенде, рамка φ = 300 бұрышқа бұрылады. Жіптің k иірілу тұрақтысын табыңдар. -
Жылдамдықтары біртекті магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр бағытталған екі протонның кинетикалық энергиялары К1 және К2. Протондардың қозғалыс траекторияларының радиустарының қатынасын табыңдар. -
Индукциясы біртекті магнит өрісінде массасы m, заряды q бөлшек жылдамдықпен қозғалады, әрі вектор мен жылдамдықтың арасындағы бұрыш – α. Бойымен бөлшек қозғалатын шиыршықтың (спиральдің) радиусын және қадамын табыңдар. -
Электрон индукциясы 2 мТл болатын магнит өрісінде қадамы 5 см, радиусы 2 см болатын бұранда сызықтары бойымен қозғалады. Электронның жылдамдығын анықтаңдар. -
Заряды 3,2 · 10-19 Кл болатын зарядталған бөлшектер индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде (циклотронда) үдетіледі. Үдеткіш кернеу 6 МГц. Осы бөлшектердің радиусы 2 м шеңбер бойымен қозғалғандағы кинетикалық энергиясын табыңдар. -
Электрон индукциясы 0,01 Тл болатын біртекті магнит өрісінде қозғалады. Қандай да бір уақыт мезетінде оның 1 Мм/с жылдамдығы магнит өрісінің бағытымен 300 бұрыш жасайды. Электрон қозғалатын бұрандалы сызықтың радиусы мен қадамын табыңдар. -
Электрон вакуумдегі индукциясы 0,1 Тл біртекті магнит өрісінде 3 Мм/с жылдамдықпен қозғалады. Электрон жылдамдығының бағыты мен индукция сызықтарының арасындағы бұрыш 900 болса, онда электронға әрекет ететін күш қандай? -
Магнит индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалған электрон 10 Мм/с жылдамдықпен магнит өрісіне енеді. Электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызады. Магнит өрісі индукциясын табыңдар.
1.Период ; N- ауқыт ішіндегі тербелістердің жалпы саны
2. Жиілік
3.Циклдік жиілік
4.Гармониялық тербелістер.Тербелістің фазасы.
СЕРІППЕЛІ МАЯТНИК
1.Серіппелі маятниктің жиілігі
2.Серіппелі маятниктің периоды
3.Математикалық маятник
Жиілігі
4.Физикалық маятник
Жиілігі
5.Гармониялық тербелістердің энергиясы
7.Толқын ұзындығы λ
8.Толқын жиілігі
Есептер:
-
Серіппеде тербеліп тұрған жук 8с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар. -
Масаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600 Гц, ал араның қанат қағу тербеліс 5мс. 1мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады? -
с ішінде маятник 8 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды неге тең? -
с ішінде 8 тербеліс жасайтын маятниктің тербеліс жиілігі неге тең? -
Материалдық нүктенің тербелісі х= 2 + 3sin( 4πt + ) теңдеуімен берілген. Нүктенің ең шекті екі орындарының ара қашықтығын табыңыз. -
Массасы 100 г, қатаңдығы k=100 Н\м серіппеге жүк еркін тербелісінің жиілігі қандай? -
Шектің өшпейтін тербеліс жасайтын нүктесінің амплитудасы 1мм, жиілігі 1кГц. Нүкте 0,2 с ішінде қандай жол жүреді? -
Қатаңдығы 0,4 кН\м серіппеге бекітілген массасы 640 г жүк, тепе теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін оны тепе теңдік күйден қандай ара қашықтыққа ауытқыту қажет? -
Қатаңдығы 0,5 кН\м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с тең болса, оның массасы қанша? -
Қатаңдығы 0,5 кН\м серіппеде 16 с ішінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар? -
Қатаңдығы 250 Н/м сер3ппеде 16с с шінде 20 тербеліс жасайтын жүктің массасын табыңдар. -
Жібінің ұзындығы l-ге тең, математикалық маятниктің периоды мен жиілігін табңдар. Жіп ұзындығы мынадай шамаларға болғанда шығарыңдар 1) 0,41; 2) 1; 3) 0,734; 4) 2,13; 5) 98 м. -
Тербеліс периоды 4 с математикалық маятниктің жиілігі? -
Ұзындығы 90 м математикалық маятниктің тербеліс периоды (g=10 м\с2) -
Қатаңдығы 200 Н/м серіппеге 20 Н күш әсер еткенде, оның диформациясының шамасы. -
Н күштің әсерінен 0,02 м – ге ұзарған серіппенің қатаңдығы неге тең? -
Ұзындығы 5 см серіппеге массасы 0,1 кг жүк ілінгеннен кейін оның ұзындығы 10 см болды. Серіппенің қатаңдығын есептеңіз: g=10 м/с2 -
Ұзындығы 80 см маятник 1 мин ішінде 34 тербеліс жасаса, оқушы еркін түсу үдеуінің қандай мәнін шығарып алады? -
Көл суының бетінде толқын 6 м/с жылдамдықпен тарайды. Егер толқынның ұзындығы 3 м болса, онда су бетіндегі қалқыма тербелісінің периоды мен жиілігі қандай болады? -
Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқында 20тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің ара қашақтығы 1,2 м екендігін байқаймыз. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай? -
Ер адамның ең төмен дауысы үшін ауадағы дыбыс толқынының ұзындығы 4,3 м-ге ал әйел адамның ең жоғары дауысы үшін 25 см-ге жетеді. Осы дауыстардың тербеліс жиілігін табыңдар. -
Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралағында. Ауадағы дыбыс толқындары ұзындықтарының диапазондарын табыңдар. -
Жиілігі 510Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығын табыңдар. -
Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер. -
Тік жоғары лақтырылған оқ пен оның дыбысы 680 м биіктікке бір мезгілде жетеді. Дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, оқтың бастапқы жылдамдығын табыңыз. Ауаның кедергісі ескерілмейді (g=10 м/с2)