ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 203
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тексерілді: Пұсырманова.Г
Бөлім: | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Асқарбек.Н |
Күні: | 22.12.2022 ж |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қаржылық әлеует |
Сабақтың мақсаты | Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. |
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну |
1 ... 4 5 6 7 8 9 10 11 ... 21
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Ой шақыру Суретке қарап не айтамыз Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы 35 мин | Мәтінмен жұмыс Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады. Оқушылар міндетті: - сақтандыру компаниясының кірістері мен шығыстарының жіктелуін зерттеу - сақтандыру компаниясының қаржысының құрылымына әсер ететін факторларды білу - сақтандыру ұйымдарының салық салу ерекшеліктерімен танысу емлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады. ЕҚБ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы 5 мин | Сабақты қорытындылау Қаржының құрылымы мен мазмұны түрлі елдерде түрліше. Экономикасы бір орталықтан басқарылатын елдерде мемлекеттік қаржы, мемлекетгік бюджет пен бюджетг тыс қорлардың құралуы айқындаушы орын алады. Кері байланыс Жалғастырыңыз: Маған ... қызықты болды Бұл ... қиындық туғызды Осы ... мені ойландырды Үйге тапсырма | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
Тексерілді: Пұсырманова:Г
Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Асқарбек.Н |
Күні: | 29.12.2022ж |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Қандай да бір қауіп туындаған жағдайда нені білу маңызды? |
Сабақтың мақсаты | Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. |
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу: өзіне қажетті білім алу кезінде білімнің қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Ой шақыру Қауіпсіздік дегеніміз не? Неден, қалай қорғанамыз? Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы 35 мин | Өндірістік және табиғи ортада төтенше сипаттағы жағымсыз факторларды қалыптастыру процестерін талдау, – мекендеу ортасындағы жоғары техногендік қауіп аймағын анықтау, – алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың салдарын болжау және жою. еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны экологиялық қорғау бойынша; Білім беру бағдарламасының міндеті мамандарды даярлау болып табылады : қабілетті:
Қолайсыз жағдайларды жою және алдын алу үшін шешім қабылдау:
Қауіпсіздік ережелерін тізбектеу; Қауіпсіздік шараларының түрлерін ажырату; ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар |
Сабақ тың соңы 5 мин | Сабақты қорытындылау Ақпараттық қауіпсіздік — мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі. Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлемдер». Мұғалім оқушылардың жауаптарын жалпылап, қорытындылайды. Үйге тапсырма Қандай да бір қауіп туындаған жағдайда нені білу маңызды? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
Тексерілді: Пұсырманова.Г
Бөлім: | Тіршілік қауіпсіздігі |
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | Асқарбек.Н |
Күні: | 12.01.2023 ж |
Сынып: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын? |
Сабақтың мақсаты | Төтенше жағдайлар орын алғанда басқаларға көмектесу шаралары туралы білім алады. |
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғыну |
1 ... 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 21
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Қызығушылықты ояту су тасқыны болды делік? Ситуациядан шығу жолдары - - - Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру | Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер |
Сабақтың ортасы 35 мин | Мәтінмен жұмыс Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік аса маңызды. Әсіресе, адам көп жиналатын ғимараттардағы тәртіп бірінші кезекте сақталуы тиіс. Себебі, төтенше оқиға туындай қалғанда адамдардың өздерін сабырлы ұстап, ережеге сәйкес әрекет етуі көп адамның өмірін сақтап қалуда сеп болады. Осыған орай көпшілік орындардағы төтенше жағдай кезінде әрекет етудің жолдарын ұсынсақ. 1. Сулы шүберек. Ғимарат ішінде өрт шыға қалса, алдымен оның түтіні қауіпті. Себебі, опат болғандардың көбісі улы түтіннен көз жұмады дейді құтқарушылар. Сондықтан, оқушылар мен студенттерге, ересектерге жанып жатқан жерден шығудың жолымен қатар «Сулы шүберек» қағидасын үйрету керек. Өрт кезінде мүмкіндігінше су тауып, шүберекті дымқылдау керек. Орамал, шарф, футболка немесе жейденің жеңі, көйлектің етегін жыртып алып, сулау керек. Дымқыл мата түтіннің ішіндегі улы қоспаларды тұтып қалып, құтқарушылар келгенше жан сақтай тұруға мүмкіндік береді. 2. Шығатын есіктерді есте сақтау. Балаларға да, өзіңізге де кез келген жерге барғанда алдымен сыртқа шығатын есік-терезелерді есте сақтауды үйретіңіз. Ғимараттан қосымша шығу есіктерін іздемейтініміз жасырын емес. Ал бұл – абыр-сабыр кезінде өте маңызды. Сондықтан, барған жеріңізде сыртқа шығатын есіктерді байқап, есте сақтауды әдетке айналдыру керек. Өзіңіз таппасаңыз, сол орынның қызметкерлерінен сұрап алған жөн. 3. Топтың арасынан жол іздеу. Бұл тұста 3 ережені есте сақтау керек. – Көпшілікке қарсы жүрмеу. Әрқашан адамдар жаппай қозғалып бара жатқан бағытпен жүруіміз керек. Артта жақындарыңыз қалса да көпшілікке қарсы жүруге болмайды – таптап кетуі мүмкін. Туыстарыңыз да осы ережені есте сақтаса, сыртқа шыққан соң кездесуге болады. – Бұрыштар, тіреулер мен бағандар секілді кез келген кедергілерді айналып өту керек. Ол үшін алдымызда не бар екенін мүмкіндігінше алыстау бағамдау керек. Екі қолымызды алдымызға айқастырып, екі алақанмен екі иықты ұстап, шынтақты алға бағыттап жүру керек. Сонда құлап қалған жағдайда да тыныстауға мүмкіндік болады. ЕБҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы |
Сабақ тың соңы 5 мин | Сабақты қорытындылау Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік аса маңызды. Әсіресе, адам көп жиналатын ғимараттардағы тәртіп бірінші кезекте сақталуы тиіс. Кері байланыс
Үйге тапсырма Төтенше жағдайларда өзіме және басқаларға қалай көмектесе аламын? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |