Файл: Startup тсінігі. Startupты іске алай осады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 270

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары







Осы уақытқа дейін инновация- ларды қаржыландырудың тек екі тәсілі болды:

    1. компаниялар өздері жүргі- зетін зерттеулер мен әзірле- мелерге (R&D research and development) қаражат инвести- циялайды;

    2. R&D инвестицияларын компаниялардың өздері емес, вен- чурлік (тәуекелдік) инвесторлар салды. Олар компания- лардың венчурлік жобаларына өздерінің венчурлік капи- талын салып, осы компаниялардың капиталындағы үлеске ие болды. Алайда соңғы жылдары шағын инновациялық бизнес өкілдері оларды қаржыландыру үшін жаңа объект – Сrowdfunding-ке назар аудара бастады.

«Crowdfunding» (халықтық қаржыландыру, ағылш. сrowdfunding, сrowd – топ, funding – қаржыландыру) – Интернет ар- қылы қатысушылардың көп санынан аздаған ақша қаражатын жинау жолымен жобаны қаржыландыру практикасы.

Теориялық және практикалық тұрғыдан Сrowdfunding түр- лерін бөліп қарастыру өте маңызды. Crowdfunding-ті жіктеуге мүмкіндік беретін бірнеше өлшем бар. Олардың біріншісі іс- ке асыруға ақшалай қаражат тартылатын жоба түрі. Мәселен, әлемдегі ең танымал Сrowdfunding платформаларының бірі – Kickstarter өзін «креативті жобалар» үшін платформа ретінде көрсетеді.

IndieGoGo әлемге әйгілі Crowdfunding-тік платформа кез келген идеялар мен жобаларға арналған платформа ретінде әре- кет етеді.
Стивен Брэдфорд Crowdfunding-тің бес базалық моделiн атап көрсетті (3-сызба):


қайырымдылық







ақысыз сыйақы







алдын ала тапсырыс







қарыздық капиталды тарту







акционерлік капиталды тарту











  1. сызба.Crowdfunding-тіңбесбазалықмоделi

Алғашқы үш модель «патронаждық Сrowdfunding» шарт- ты атауымен біріктірілуі мүмкін, өйткені инвесторлар немесе оларды ақша ресурстарының орнына «бэккерлер» (демеушілер, донорлар) деп те атайды не болмашы жеңілдіктер/артықшы- лықтар алады. Қайырымдылық моделі шеңберінде қайырым- дылық альтруизм негізінде және алушы үшін ешқандай мін- деттемелерсіз жасалған ерікті актілер болып табылады.

Классикалық мысал емдеуге немесе қайырымдылық ұйымды қолдауға қаражат жинау. Бұл модель таза күйінде жиі кездеспейді. Сыйақысыз демеу шағын қайырымдылық үшін барлық жобаларда қарастырылған.

Көрсетілген модельдердіңтөртіншіжәнебесіншімәні ин- вестициялық Сrowdfunding немесе Crowdinvesting болып табы- лады. Бұл – танымалдығы аз, бірақ Сrowdfunding-тік жобалар- ға бэккерлердің қатысуының әлемдік экономика үшін өте перс- пективалы және сыни тұрғыдан маңызды моделі. Оның негізгі сипаттамасы және басқа объектілерден ерекшелігі қаржылық сыйақының болуы.

Қазақстанда Crowdfunding 2014 жылы пайда болды. Он- даған іске асырылған жобалар бар. Ең ірі отандық платформа starttime.kz бір жыл ішінде салымшылардан 215 қайырымды- лық, әлеуметтік және коммерциялық жобалардың пайдасына 31,7 млн теңге жинады.


Starttime.kz – қызықты әрі пайдалы идеялардың авторлары- на ұжымдық қолдау арқылы жобаны іске асыруға қаражат табуға көмектесетін сервис. Мысалы, театр режиссері, жарнама саласын- дағы креативті директор Виктор Немченконың Lexicon City жобасы Алматыда қалалық өмір сүру барысында қазақ, ағылшын

және орыс тілдерін үйрену үшін геймификация элементтері бар жаһандық инфрақұрылым құруға бағытталған. Автор онлайн және оффлайн ойнауға болатын «сөздікті қала» құруды ұсынады. Әртүрлі қоғам- дық орындарда (көшелерде, кеңселерде, дүкендерде, дәмханаларда, ЖОО-да, саябақтарда және т.б.) көрнекті жерлерде есте сақтау үшін үш тілдегі жапсырмалар орналастырылады. Сол жерде смартфон мен lexicon.city мобильді қосымшасының көмегімен сканерлеген QR-кодтар орналастырылады, пайдаланушы сөздің дыбысын естуге, сөздің дұрыс жазылуын үйренуге бейімделеді, қарапайым сөйлемдер құруға және өткен материалды жеңіл, ойын түрінде бекіте алады.

Lexicon City пайдасына қаражат жинау жалғасуда, осындай ауқымды және пайдалы жобаны іске асыруға 9 млн теңге қажет. Өкінішке орай, қазіргі уақытта осы құралды шағын иннова- циялық бизнесті қаржыландыру тәжірибесіне толық ауқымды енгізу бұл қатынастардың осы түрін мақсатты реттейтін норма- тивтік-құқықтық актілердің тұтас кешенінің болмауына бай-


ланысты іске асырылған жоқ.

      1. Crowdfunding дегеніміз не?

      2. Crowdfunding-тің қандай түрлері бар?


      3. Қазақстанда қандай танымал Сrowdfunding-тің плат- формалары бар?

  1. Қазақстанда Crowdfunding қай жылы пайда болды?

  2. Starttime.kz платформасының қызметі не және қандай маңызды іс-әрекеттерді орындайды?





Стивен Брэдфорд атап көрсеткен Crowdfunding бес база- лық моделіне сипаттама беріңдер.


Қайырым- дылық

Ақысыз сыйақы

Алдын ала тапсырыс

Қарыздық капиталды тарту

Акционерлік капиталды тарту




















А тапсырмасы. Компьютердің көмегімен starttime.kz

платформасымен танысып, жұмыс жасап көріңдер.
В тапсырмасы. Indiegogo.comресми сайтында IndieGoGo платформасымен жұмыс істеңдер.

С тапсырмасы. Берілген платформалар арасындағы айырмашылықтар қандай? Оларды сипаттаңдар.

    1. Бүгінгі сабақта алған жаңа білімдеріңді күнделікті өмірде қандай жағдайларда қолдануға болады? Мысал келтіріңдер.

    2. Қазақ тарихында болған Атымтай Жомарттың ісіне бү- гінгі күн тұрғысынан қандай баға бересіңдер?





  1. Берілген тақырыптың мазмұны бойынша оңай және қиын сұрақтар құрастырыңдар.




Оңай сұрақтар

Қиын сұрақтар










  1. Әлемдегі кең танымал платформаларды дәптерге сипат- тап жазыңдар.




Жобаны алға жылжыту



Насихаттаудегенімізне?

Насихаттау – клиенттерді, кон- трагенттерді, серіктестер мен қыз- меткерлерді белгілі бір коммуни- кативті ынталандыру арқылы сату нәтижелілігін арттыруға бағыттал- ған іс-әрекет. Ол мына мақсаттарға бағытталған: тұтынушылық сұра- нысты арттыру және компанияға оң көзқарастың қалыптасуы.

Насихаттау мынадай маңызды функцияларды жүзеге асы- рады:

  • тауарды насихаттау;

  • кәсіпорынның тартымды бейнесін құру: бедел, жаңа- шылдық, төмен баға;

  • өнім туралы ақпаратты, соңғы тұтынушыға жеткізу;

  • тауардың (қызметтің) өзектілігін сақтау;

  • тауарды өткізу тізбегіндегі барлық қатысушыларды ынта- ландыру;

  • өнімді әдеттегі қабылдау трансформациясы;

  • компанияның адалдығы туралы мәліметтерді тарату;

  • қымбат тауарларды насихаттау.

Барлық осы функциялардың жиынтығын кешен деп атау- ға болады. Сауда заттарын насихаттау бойынша кешен – бұл кәсіпкердің өнімі туралы мәліметтерді соңғы тұтынушыларға жеткізуге кепілдік беретін маркетингтік құралдар мен тәсіл- дердің жалпылануы. Мұндай әрекеттер жиынтығы тауарды на- сихаттаудың әртүрлі әдістерінен құралады.
Насихаттау әдістері (methods of promotion) – маркетинг- тік мақсатқа жетуге арналған маркетинг тәсілдері мен құрал- дары.

Алайда көптеген әдістердің ішінде маркетингте нақты сипатталған және үнемі тәжірибе жинақталатын коммуни- кация әдістері бар, олардың көмегімен маркетингтік наси-