Файл: 1. Кктамыр ішілік иньекция жасау алдында байлам салу дрыстыыны белгілері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 478

Скачиваний: 8

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

97.20жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:

  1. +Науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылалуларына 3%сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

  2. Науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауларына 3%сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

  3. Науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ерітінлісіне малынған тампон қою

  4. Науқасты отырғызу, басын шалқайту және мұрын саңылаулаларына 3%сутегі асқын тотығы на малынған тампон қою

  5. Науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға шалқайту, кеңсірігне салқын қою

98.33жастағы науқас. Б. Оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозынтқойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады.

  1. Глаукоманың жедел ұстамасы

  2. +Онкологиялық ауру

  3. Орбита флегмонасы

  4. Теріскен

  5. Аллергиялық коньюктивит

99.Ер адам 18жаста. Шағымдары: мұрыннан су ағу. Мұрынның бітелуі және түшкіру. Бұл шағымдар былтыр мамыр—маусым айларында мазалағаны анықталды және анамнезінде ерте балалық шақта тағамдық аллергия—тауық ақуызына бөртпе болғаны анықталды. Жағдайы қанағаттанарлық, температура 36,2С. Тері және шырышты қабаттары әдеттегі түсті және ылғалды, бөртпе жоқ. Аңқасы таза. Сіздің болжамыңыз:

  1. Аллергиялық альвеолит

  2. +Аллергиялық ринит

  3. Катарльді ангина

  4. Локализоланған есек жем

  5. Жоғары жақ синуситі

100.Химиялық зерттеу жүргізіп жатқан кезде, мұғалім қауіпсіздік техникасын бұзған. Соның салдарынан көздің шырышты қабатына бром тиген. Шұғыл көмекті көрсетіңіз:

  1. Бірден асептикалық таңба салу

  2. +Сумен жақсылап шаю және ауырсынуды басу

  3. Көзді жұмып, оған мұз қою

  4. Тетрациклин жақпа майын қою

  5. Альбуцид тамызу

101. Шұғыл маникальді ұстаманы тию және аффективті ұстаманың алдын алуда қолданылатын препарат

A. ноотроптар

B. нормотимиктер+

C. нейролептиктер

D. транквилизаторлар

E. седативті препараттар