Файл: Батыс азастан облысы Орал алалы білім беру блімі 9 сыныпа арналан тжб тапсырмалары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 410

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Физика» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

ІI нұсқа

  1. Тұйық жүйенің ішіндегі денелердің өзара әрекеттесулері барысында әр дененің импульстері мен тұтас жүйенің импульсі қалай өзгеретіні дұрыс көрсетілген?[1]




    Әр дененің импульстері

    Тұтас жүйе импульсі

    А)

    Сақталады

    Сақталады

    В)

    Сақталады

    Сақталмайды

    С)

    Сақталмайды

    Сақталады

    D)

    Сақталмайды

    Сақталмайды

  2. Қай графикте импульс пен жылдамдықтың байланысы дұрыс көрсетілген?[1]


А В С D
3.Төменде толқындарға мысалдар көрсетілген.

  1. серіппелі маятник

  2. математикалық маятник

  3. дыбыс толқындары

  4. су бетіндегі толқындар

Көлденең толқындарды көрсетіңіз:

А) тек 1

B) 1,2 және 4

C) 2 және 4

D) 2 және 3

[1]

4. 3 с ішінде маятник 6 тербеліс жасайды. Маятниктің тербеліс периодын анықтаңыз.

[1]

А) 6 с В) 0,5 с С) 2 с D) 3 c

5. Тербеліс периоды
А) Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыс .
В) Дене қозғалысы толық қайталанатын қозғалыс
С) Дене қозғалысы толық қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы  
D) Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыстың аралығы

[1]
6. Егер Айда ұзындығы 1 м маятниктің тербелістерінің периоды 4,9 с болса, ондағы еркін түсу үдеуін анықтаңыз.

[2]

7. Төменде келтірілген электромагниттік толқындар шкаласындағы бос орындарды толықтырыңыз.

[1]


Радиотолқындар

Микротолқындар

инфрақызылтолқындар

Көрінетін жарық толқындары

Ултракүлгін толқындар




γ- сәулелері


8. Этил спиртіндегі толқынның жиілігі 20 кГц, ал жылдамдығы 1177 м/с болса, оның толқын ұзындығын анықтаңыз.

[2]

9 . Хоккейші тыныштықта тұрған шайбаны соғу үшін жүгіріп келе жатырғаны суретте бейнеленген.

Тыныштықта тұрған шайбаның массасы 160 г. Ал қозғалыстағы хоккейшінің массасы 64 кг және оның қозғалыс жылдамдығы 72 км/сағ.

(а) қозғалып келе жатырған хоккейшінің импульсін анықтаңыз; [2]

(b) қозғалмай тұрған шайбаны хоккейші ілестіре алып әрі қарай қозғалады. Хоккейші мен шайба қандай жылдамдықпен қозғалады ;

[2]

(с) қозғалыстан кейінгі импульсінің өзгерісін анықтаңыз;

[2]

(d) соқтығысу кезінде уақыты 0,1 с болса, хоккейші шайбаға қандай күшпен соқтығысады. [2]

10. Екі шар бір-біріне қарама-қарсы бағытта келе жатыр. Бірінші шардың массасы 5 кг, жылдамдығы 2 м/с, ал екінші шардың массасы 10 кг, жылдамдығы 5 м/с болды. Соққыны серпімсіз деп есептесек.

(а) соқтығысқаннан кейінгі шарлардың жылдамдығын және бағытын анықтаңыз . [2]

(b) шарлардың соқтығысқанға дейінгі кинетикалық энергиясының өзгерісін және соқтығысқаннан кейінгі энергия өзгерісін салыстырыңыз.

[2]

(с) алған нәтижеңізге қорытынды жасаңыз.

[2]

11. Суретте математикалық маятниктің тербеліп тұрғаны бейнеленген.



1 2 3

Потенциалдық және кинетикалық энергиялары минимум болатын нүктелерді анықтаңыз. [1]

12. Төменде нүктенің гормоникалық тербеліс графигі көрсетілген.

(а) тербелістің амплитудасын анықтаңыз; [1]

(b) тербелістің периодын анықтаңыз; [1]

(с) циклдік жиілігін анықтаңыз; [2]

(d)берілген графикті пайдаланып, x(t) теңдеуін жазыңыз.

[1]
IIІ нұсқа

  1. Тұйық жүйенің күйлерінде Жердің кинетикалық және потенциалдық энергиялары қалай өзгеретіні дұрыс көрсетілген?

[1]




Кинетикалық энергия

Потенциалдық энергия

А)

Сақталады

Сақталады

В)

Сақталады

Сақталмайды

С)

Сақталмайды

Сақталады

D)

Сақталмайды

Сақталмайды


  1. Қай графикте потенциалдық энергия мен биіктіктің байланысы дұрыс көрсетілген.[1]


A B C D

  1. Төменде тербелістерге мысалдар көрсетілген.

  1. Бесіктің тербелісі

  2. Әткеншектің тербелісі

  3. Тербелмелі контурда пайда болған тербеліс

  4. Теректің жапырағының тербелісі

Механикалық тербелісті көрсетіңіз:

А) тек 1

B) 1,2 және 4

C) 2 және 4

D) 2 және 3

[1]

4. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 5с ішінде 2 тербеліс жасайды. Тербелістің жиілігін анықтаңыз.

[1]

А) 0,4 Гц В) 2,5 Гц С) 0,04 Гц D) 0,25Гц

5. Электромагниттік тербелістер
А) Заряд пен  кернеудің периодты өзгерісі
В) зарядтың, ток күшінің, кернеудің периодты өзгерісі
С)  ток күші мен кернеудің периодты өзгерісі
D) зарядтың, ток, күшінің  кернеудің өзгерісі

[1]
6. Серіппеге ілінген жүктің периоды 2 с болды. Егер серіппенің қатаңдығы 4,9 Н/м болса, онда жүктің массасын анықтаңыздар.

[2]

7. Төменде келтірілген электромагниттік толқындар шкаласындағы бос орындарды толықтырыңыз.

[1]

Радиотолқындар

Микротолқындар

инфрақызылтолқындар




Ултракүлгін толқындар

Рентген сәулелері

γ- сәулелері

8. Периоды 0,005 с дыбыс толқынының ауадағы толқын ұзындығын анықтаңыз. (ауадағы дыбыс жылдамдығы 340 м/с)

[2]

9. Массасы 50г оқ 450 м/с жылдамдықпен ұшып келеді, ол мұздың үстінде тыныштықта тұрған 5 кг білеушеге қарай қозғалады.

(а) қозғалып келе жатырған оқтың импульсін анықтаңыз;

[2]

(b) қозғалмай тұрған білеушеге келіп соқтығысып, әрі қарай бірге қозғалады. Білеуше мен оқ қандай жылдамдықпен қозғалады ;

[2]

(с) қозғалыстан кейінгі импульсінің өзгерісін анықтаңыз;

[2]

(d) соқтығысу кезінде уақыты 0,001с болса, хоккейші шайбаға қандай күшпен соқтығысады.


[2]

10. Екі арбаша бір-біріне қарама-қарсы бағытта келе жатыр. Бірінші арбашаның массасы 100 г, жылдамдығы 0,5 м/с, ал екінші арбашаның массасы 200 г, жылдамдығы 0,6м/с болды. Соққыны серпімсіз деп есептесек.

(а) соқтығысқаннан кейінгі арбашалардың жылдамдығын және бағытын анықтаңыз.

[2]

(b) арбашалардың соқтығысқанға дейінгі кинетикалық энергиясының өзгерісін және соқтығысқаннан кейінгі энергия өзгерісін салыстырыңыз.

[2]

(с) алған нәтижеңізге қорытынды жасаңыз.

[2]

11. Суретте әткеншекте қыз баланың тербеліп тұрғаны бейнеленген.



Потенциалдық және кинетикалық энергиялары минимум болатын нүктелерді анықтаңыз. [1]

12. Төменде нүктенің гормоникалық тербеліс графигі көрсетілген.

( а) тербелістің амплитудасын анықтаңыз; [1]

(b) тербелістің периодын анықтаңыз; [1]

(с) циклдік жиілігін анықтаңыз; [2]

(d)берілген графикті пайдаланып, x(t) теңдеуін жазыңыз.

[1]


ІҮ нұсқа

  1. Егер қарастырылып отырған тұйық жүйеде үйкеліс күштері жұмыс істейтін болса, онда механикалық энергия қалай өзгереді?

[1]




Механикалық энергия

Механикалық энергия

А)

Артады

Максимал мәнге жетеді

В)

Азаяды

Нөлге теңеледі

С)

Азаяды

Сосын артады

D)

Нөлге тең

Жойылады



2.Қай графикте потенциалдық энергия мен ығысудың байланысы дұрыс көрсетілген? [1]


А В С D
3.Төменде толқындарға мысалдар көрсетілген.


  1. Бесіктің тербелісі

  2. Әткеншектің тербелісі

  3. Теректің жапырағының тербелісі

  4. Тербелмелі контурда пайда болған тербеліс

Электромагниттік тербелісті көрсетіңіз:

А) тек 4

B) тек 1

C) 2 және 3

D) 2 және 4

[1]

4. Егер тербеліс периоды 0,5с болса, маятник 20 тербелісті қанша уақытта жасайды?

А) 100 с В) 10 с С) 0,025 с D) 40 c

[1]

5. Тербеліс амплитудасы  
А) Дененің тепе тең күйі  
В) Дененің тербеліс күйінен ауытқуы  
С)  Дененің тепе теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні  
D) Дененің тепе теңдік күйінен ығысуы

[1]

6. Қатандығы 160 Н/м серіппеге ілінген жүк 1,2 с периодымен тербеледі. Жүктің массасы анықтаңыздар. [2]

7. Төменде келтірілген электромагниттік толқындар шкаласындағы бос орындарды толықтырыңыз.

[1]


Радиотолқындар

Микротолқындар

инфрақызылтолқындар

Көрінетін жарық толқындары




Рентген сәулелері

γ- сәулелері