ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 107
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа үсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.
Сонымен қатар, жеке адамаралық қарым-қатынас: императивті, манипулятивті және диалог болып бөлінеді. Императивті қарым-қатынас – авторитарлы, директивті (өктем) түрде қарым-қатынасқа түсушіге жасалынатын әсер. Бұл жағдайда қарым-қатынас партнері — әсер етілетін объект, «пассивті» обхект болып есептелінеді.
Көптеген іс-әрекетте , мәселен, әскери өмірде, кейбір шытырман, қиы-қыстау жағдайларда осындай қарым-қатынас қажет.Мұндай қарым-қатынастың орынсыз , этикаға сыймайтын кездері де болады. өте жақыфн адамдар арасында, тәрбиелік, педагогикалық, т.б. қарым-қатынастарда.
Манипуляция –қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.
Диалог – тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау, қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-кұлкының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады.
Топтағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған бірнеше әдістер мен әдістемелер қолданылды. Баланың топтан оқшаулану мәселесіне арналған әдебиеттерге теориялық талдау әдістері, социометриялық әдістеме (мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған вариант), топтағы сыныптастарына баға беру әдістемесі, адамдардың бір-біріне тартымдылық деңгейін зеттеу әдістемелері, хронометрлі бақылау әдістемелері, анкета, бала мінезінің ерекшелігін анықтайтын ата–аналарға арналған сауалнамалар, балалар мен ата–аналардың темпераментін анықтайтын сауалнамалар, жанұядағы және ата-ана мен бала арасынлдағы қарым–қатынас шкаласы, бала мінезіндегі кешеуленуді білдіретін регистрация парағы (сәбидің анасы толтырады) қолданылды. Әрбір жас кезеңіндегі балалардың өзара қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты, жас даму дағдарыс барысындағы балалардың қарым-қатынасқа түсудегі қиыншылықтары мен өзіндік мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты қарым-қатынас жасауға қиналатын балалармен жұмыс жүргізу ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, психолог қызметінде тиімді қолдану жолдары көрсетілді.
Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бұл қосалқы пән. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы.
1.2 Сәбилік кезеңдегі балалардың психологиялық қарым-қатынастың ерекшелігі
Балабақша өміріндегі тәрбиеші– басты тұлға. Балабақша тәрбиешісі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Тәрбиеші белгілі бір топта балалардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы, әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Балалардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру қажет. Ол үшін, оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке тәрбиелеу керек.
Баланың жеке басын танып-білуде, оның оқу-әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі баланың оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т.б.) тәрбиешінің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Мысалы, төмендегіше қарастыратын болсақ: 1.Тәрбиеші-басшы. Оның «беделі» - билік. Оқушылардан ол тіл алуды, бой ұсынуды талап етеді. Ол үнемі өзінің күшіне сенетін жендетке (рақымсыз, қатыгез адам) ұқсайды. Ол үнемі балаларды кіналап, қорқынышта ұстайды. Ол – балалардың жасырын кемшіліктерін және құпия қорқыныштарын білетін «тәжірибелі» тәрбиеші. Ол өзінің осы «білімін», өзінің беделін қолдауда шебер пайдаланады. Ол принцип ұстанғыш. Ол тәрбиеші кез келген сұраққа жауап беру керек және кез келген жағдайда бір ғана дұрыс көзқарас болу керек деп санайды. Нәтижесі: тәрбиешінің мұндай мәнез-құлық түрінің нәтижесі, балалардың реніші, қақтығыс (конфликт), қарым-қатынас жасауда шыншылдықтың жоқтығына әкеліп соғады.
2. Тәрбиеші – компьютер. Оның «беделі» - белгілі бір аймақтағы негізделген білімді меңгерген. Ол балалардан білім, жаңалық, дәлел талап етеді. Ол түсі суық, белгілі жағдайды айтатын роботқа ұқсайды. Ол көбінесе сөйлегенде былай сөйлеп бастайды: «Бәрімізге белгілі...», «Мынандай ой бар...», «Барлығы біледі...». Ол өте суық, қатал, жабық адам. Нәтижесі: баланың өз өзіне сенімділігінің түсуі, сабақта жағымсыз көңіл-күйдің жоқ болуы (әсіресе, пәнді меңгеруде қиындық көретін балалар). Соңында балалардың оқу мотивациясы төмендеп, тіпті, пәнді жек көрушілік пайда болады.
3. тәрбиеші -қиналушы. Оның «беделі» - қақтығысқа түспеушілік. Ол оқушылардан тіл алуды, тыңдауды талап етеді. Ол көбінесе болмашы нәрсе үшін үлкен құрбандықтарға барады. Ол өзіне қатысты жұмыс болмаса да қақтығысқа түспеу үшін үнемі басқаның жұмысын орындайды. Бәрінен бұрын ол қақтығыстан қорқады. Ол үнемі өзін кінәлі сезінеді. баланың мәселесі оның көңіл-күйін түсіреді. Егер балада бір мәселе болса, тәрбиеші бірінші өзін кінәлайды. Нәтижесі: Оның бағыты оқушы үшін зиян. Кейбір оқушыларды ол тәрбиешілерді бағындыруға итермелейді.
4. Тәрбиеші – таныс (дос). Оның «беделі» - әйгілілік. Балалардын ол жақсы қарым-қатынасты талап етеді. Ол мейірімді жолдас, әрқашан барлығын кешіре алады (мүмкін болатын салдарына қарамастан). Мұндай тәрбиеші ешқандай проблемасыз жүреді. Балалардың проблемасына немқұрайды қарайды. Нәтижесі: Балада жауапкершілік сезімнің жоқтығы.
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп дейінгі жастағы балаларымен жұмыс істейтін тәрбиешілер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол тәрбиешінің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі тәрбиешінің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы балалармен қарым-қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы балалармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оның себептері:
-өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
-баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
- тәрбиешінің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
тәрбиеші сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
-оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ тәрбиешілерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта көрсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше кейбір тәрбиешілердің әр жастағы балалармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және баламен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
-балаларға салқындық танытуы;
-балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
-балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
-бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «тәрбиеші -оқушы», «Оқушы-мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерт-телінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Балалармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар.