Файл: Кіріспе Зерттеу жмысыны зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 104

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы жолдауындағы» , мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі ел қамы. XXI ғасырда өмір сүріп еңбек ететін жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап уақыт талабынан өткен бай қазынасын отбасы тәрбиесінде қолдану – кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз.

Отбасындағы бала тәрбиесі жөнінде XVII-XVIII ғасырларда өмір сүрген батыстың, орыстың педагог ғалымдары жақсы ой-пікірлер айтқан болатын. Я.А.Коменский «Ағайынды чехтарды» тәрбиелеудегі халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйене отырып, баланы жастайынан жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берсе, ал Швейцарияның кемеңгер педагогы И.Г.Песталоцци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойының қалыптасуы, дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. И.Г.Песталоцци: «Бала тәрбиесі, оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүниені түсінуі отбасында басталып, мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды.

Француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеуді отбасында еңбекке үйретуден бастау керек деп қараса, әйгілі орыс педагогы К.Д.Ушинский бала тәрбиесіне тоқтала келе, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінін негізгі ортасы – отбасы. Бала отбасында қарапайым білім, іскерлік, дағдыларды меңгеріп, ата-анасынан тәртіп, мінез-құлық ережелерін үйренеді деп көрсетті.

Сонымен бірге, қазақ халқында отбасы тәрбиесіне, ұрпағының жан-жақты болып өсуіне айрықша мен берілген. Баланы қайратты, қайырымды, ақылды, өнерлі, әділ адам етіп тәрбиелеу - әр уақытта қазақ отбасындағы басты мәселенің бірі болған.

Қазақ отбасындағы ата–ана мен баланың кісілік қарым - қатынасы, эмоцияналды сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған.

Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптасыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзенті үшін өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт бәсендеп кеткен сияқты. Отандық ғалым Қ.Жарықбаев өзінің «Ұлттық психологияны оқыту – ұлтшылдық емес» - атты мақаласында Қазақстандағы тастанды балалардың 90% қазақ балалары екенін айтады (2000)[2]. Осылардың бірден-бір себебін қазіргі шаңырақ көтерген жастардың бала тәрбиесіне толық даяр еместігі немесе ата–ананың тәрбиедегі «қараңғылығы» салдарымен түсіндіруге болатын шығар.


Өмірге келген нәрестеге ананың адал махаббаты мен кіршіксіз көңілі таза ауадай қажет. Себебі, сәби өмірге мүлде дәрменсіз күйде келеді. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің кесіліп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін қарбаласы басталады.

Соңғы жылдары адамның жан дүниесiмен сырласып, оның мінез-құлқын, тәртібін зерттеуде психолог-педагог мамандар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар салып отыр. Осы бағыттағы құнды зерттеудiң негiзiн, әсiресе мектепке дейiнгi кезеңде М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова сынды ғалымдар салды. Олар психологияда мектеп жасына дейiнгi баланың ересектермен қарым-қатынасын зерттеуде жаңа жол ашты. М.И.Лисина зерттеулерiндегi негiзгi әдiстердiң бiрi - отбасында тәрбиеленушi және түрлi типтегi балалар мекемелерiндегi отбасынан тыс тәрбиеленiп жатқан балаларды салыстыра отырып зерттеу. Балалар үйiнде тәрбиеленушiлер өмiр сүруге қажеттi барлық қажеттiлiктермен (қалыпты тамақтану, киiм, ойыншық, дәрiгерлiк бақылау, бiлiм т.б.) қамтамасыз етiлгенiмен, дара бағыттағы үлкендердiң эмоционалды-жағымды қарым-қатынасының тапшылығы олардың жан-жақты дамуын баяулатады. М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова еңбектерi көрсеткендей, мұндай қарым-қатынастың “қосылуы” баланың дамуының түрлi аспектiлерiне: олардың танымдық белсендiлiктерiне, тiлiнің дамуына, заттық әрекет игеруiне игi әсерiн тигiзедi.

Қарым-қатынасқа қажеттілік жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерінің ішінде жетекші іс-әрекеттік қасиетке ие. Көптеген ғалымдардың пікірінше (А.В.Запорожец, А.А.Леонтьев, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова), қарым-қатынасқа қажеттілік, адамның басқа ниеттерімен қауышпайтын, ерекше, өзіндік іс-әрекеті болып табылады. Зерттеушілердің бақылауларынан, қарым-қатынасқа қажеттілік, баланың өмір сүру барысында, нақты қарым-қатынас үстінде қалыптасатын іс-әрекеті екенін көреміз.

Ерте балалық шақ пен мектепке дейінгі кезеңде қарым-қатынас (А.В.Запорожец, М.И.Лисина, Қ.Т.Шериазданова тұжырымдамаларына сәйкес) өзіндік-сапалы формаларымен ерекшеленеді. Баланың ересектермен қарым-қатынасын осы іс-әрекеттің бірнеше формаларының ауысуы ретінде қарастыруға болады. Қарым-қатынастың алғашқы формасы-жағдайға байланысты жеке тұлғалық (ЖБЖТ), келесі – жағдайға байланысты-іскерлік (ЖБІ), үшіншісі – жағдайдан тыс-танымдық (ЖТТ), ең соңғысы – жағдайдан тыс жеке тұлғалық (ЖТЖТ). Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты, мектепке дейінгі кезеңдегі ең негізгісі жағдайдан тыс-жеке тұлғалық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас – баланың психикалық дамуының негiзгi факторы, әрi шарты.



Кеңестік психология мен педагогика қарым-қатынасқа бiрнеше анықтама бередi. Бiреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсiнсе, келесi бiреулер, қарым-қатынасты – адамзат дамуының құрамдас бiр бөлiгi деп қарастырады.

«Қарым-қатынас – қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты – жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы – тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын – сөйлеуде, әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді...». Қарым-қатынас тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып табылады.

Адамды қалыптастыратын қоршаған орта, қоғам екендігі белгілі шындық. А.А.Бодалевтің айтуынша, мәселе басқада: ол қай уақытты, қалай және қандай жақтарымен жеке тұлға дамуына әсер етеді, сонымен қатар, адамның кез келген дене және рухани сипаттамаларымен ғана емес, жеке тұлғаның қоғамның жоғарғы идеалдарына сәйкестілерімен қалыптасуына әсер ететін жақтарының қалай өзгеретінін анықтауда. А.В.Запорожецтің басшылығымен жүргізілген көптеген зерттеулердің (З.М.Истомина, Д.Б.Эльконин т.б) нәтижелерін тұжырымдай келіп А.Н.Леонтьев мектепке дейінгі кезең – жеке тұлға қалыптасуының алғашқы сатысы, мінез-құлықтың жеке тұлғалық механизімдерінің кезеңі – деп атап көрсетеді. Оның айтуынша бұл кезеңде мотивтердің бір-біріне өзара бағынушылық жүйесі қалыптасады. Баланың жеке тұлғасының қалыптасуында қарым-қытынастың үш түрін бөліп қарастыруға болады: өзіне деген қатынасы, басқаларға деген және заттық әлемге деген қарым-қатынасы [3].

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселесiн В.С.Мухина мен Л.А.Венгер де ғылыми тұрғыдан зерттедi. Олар отбасында отбасында дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдiсi нәтижесiнде мектеп жасына дейiнгi бала өздiгiнен дербес түрлi әрекеттер (киiм кию, жуыну, тамақтану т.б.) орындағандарымен, ата-ана тарапынан көрсетiлген эмоционалды қарым-қатынасты әлi де болса аса қажет етедi деп тұжырымдайды .

В.С.Мухинаның айтуынша адамдар арасындағы қарым-қатынастар барысында балада әр түрлі тәртіп формалары қалыптасады. Бұл жерде бала үшін ең бастысы – ата-ана тарапынан ұйымдастырылған жағымды қатынас. Ата-ана сенімі мен махаббаты балада оптимизм, жақсы, үлгілі болуға деген тілекті қалыптастырады. Бала әр уақытта өзіне жасалған эмоционалды қолдауды қажет етеді [4].

Л.А.Венгер өз пайымдауын айтады. Баланың жан-жақты дамуына отбасының әсерін көрсете келіп, ол жердегі тәрбиелік ықпалдардың дұрыс ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау, ұжымда өз орнын дұрыс сезінбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде біраз қиындықтар тудырады деп қорытындыласа, ресейлік ғалым Б. Лихачев отбасы баланың жеке басына екі жақты: бірішіден,отбасының материалды жағдайынсипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни, отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктері мен әлеуметтік құндылықтары арқылы; екіншіден
, әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет арқылы әсер етедi. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқараспен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеологиялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес болуына байланысты жүзеге асырылады деп көрсетедi.

Баланы дұрыс, толыққанды азамат етіп тәрбиелеу үшін ынтымақтастық қарым-қатынастың керек екені белгілі. Осы қарым-қатынас түрін дамыту жолдарына баса көңіл бөлген жөн. Біздің бұл көзқарасымыз халықтық тәрбиенің басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысын қарастырған С.Қалиевтің тұжырымдамасымен қабысып жатыр.

Халық педагогикасында тәрбие ісі баланың жас ерекшелігін ескере жүргізуді талап ете отырып: "Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала"- делінген. Осылайша, баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп санаудың өзі ғылыми педагогиканың ынтымақтастық заңдылықтарымен байланысады.

Батыстық ғалым А.Фромм: «отбасындағы баланың психологиялық тепе-теңдігі оның ата-анасымен болған жақын да эмоционалды қатынасына байланысты» - деп көрсетсе, бала бойындағы невроздың болу себептерін зерттеген ресейлік ғалым А. И. Захаров соңғы жылдары экономикалық өзгерістер барысында тірлік етіп жүрген іскер, шешімге келгіш ата-аналар балаға деген эмоционалды, жағымды қатынасқа немқұрайлы қарайтындарын айтады.

Отбасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселесі чех ғалымдарының да назарын өзіне аударта білді. Осы орайда И. Лангмейер мен З. Матейчек баланың психикалық даму мәселелерін зерттей келе, баланы айнала қоршаған әлеуметтік құбылыстар, тәрбиедегі олқылықтар, отбасындағы үлкендердің селқос қатынасы – балада ұзаққа созылатын оқшаулану (депривация) құбылысын тудырып, психика дамуын тежейді деп көрсетеді.

Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелерін Л.А.Венгер баланың ойын әрекетімен байланыстыра қарайды. Ойын барысында жүргізілген қарым-қатынас бұл кезде әлеуметтік қатынастар мектебі болып табылады. Себебі, ойын әрекетінде қарым-қатынас жасау арқылы бала өзгенің көңіл күйіне ортақтасып, мінез көнгіштігін түсіне бастайды.

Ал, А.В.Запорожец, Я.З.Неверовичтер тек отбасы жағдайында, жағымды қатынастар негізінде ғана мектеп жасына дейінгі бала тәртібінде айналасындағы үлкендер, кұрбыларына деген көнгіштік, аяушылық, өзгелердің әрекетіне баға беру сияқты эмоционалды тәжірибе қалыптасады деп көрсетеді. Ғалымдардың ойынша, отбасындағы жағымды қарым-қатынас балада жауапкершілік, ынтымақтастық, бірлік сияқты сапаларға негіз болса, керісінше жағдайдағы қарым-қатынас (ұрыс-керіс, қақтығысушылық) баланың көңіл-күйіне, еңбекке қабілеттілігіне үлкен зиян келтіреді [4].


Айналада, болып жатқан құбылыстар балаларды сөзсіз қызықтырады. Қазіргі заман психологиясы балалық шақты – баланың өзіндік сана сезімі, «өзінің» және «өзге» этностарға деген рефлексивті қатынастарының жедел жүретін кезі екенін көрсетеді. Осы айтылған өзіндік сана-сезім балада ең алдымен отбасы деген әлеуметтік-этникалық ортада қалыптаса бастайды. Отбасындағы әлеуметтік нормаларды меңгеру барысында балада өзін-өзі қабылдауы және «мен» деген түсінігі пайда бала бастайды. Ал, осы индивидтің өз халқының мәдениетіне ену үрдісін американдық мәдениантрополог М.Херсковиц – инкультурация деп бейнелейтiнiн көрсетiп кеттiк. Оның ойынша, инкультурация үрдісі барысында индивидте өз мәдениетіне тән тәртіп, дүниеге деген көзқарас пайда болып, қарым-қатынаста дағды – іскерліктерді меңгеруімен байланысты басталып, бүкіл онтогенез бойы жүреді. Бұл үрдіс балада арнайы білім, тәрбие беретін мекемелерiнде ғана емес, белгілі ортадағы ересек ұрпақтың басшылығымен жүзеге асады. Ал К.Ж.Қожахметова оны этникаландыру деп айтады. И.Ә.Әбеуова «Әлеуметтік психология» оқулығында «әлеуметтену» ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы» деген ұрдістермен түсіндіреді [5]. Әлеуметтену жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретіндегі өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерін игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік үрдістің жиынтығы. Әлеуметтену үрдісі тәрбиемен етене байланысты. Себебі, индивид осы аталған үрдіс барысында айналасындағылардың тәрбиелік ықпалына түседі. Ал, тәрбие бұл – адамгершілік нормаларды меңгерту және тәртіп пен мінез-құлық тәжірибесін, өзіндік көзқарасын қалыптастыруда екі жақты әсер ететін үрдіс.

Әлеуметтену, тәрбие үрдістерінің мазмұны, бұл екеуі де қарым-қатынас барысында ғана іске асырылатын күрделі құбылыстар ретінде танылады.
2.2 Отбасындағы баланың қарым-қатынас мәселесі
Кейде өмірде болашақ ата-ана бала тумай жатып, оның қандай болатыны, қалай өсетіні, немен шұғылданатыны туралы жоспар құрып қояды... Біраз уақыт өткен соң ата-анасы оның ӨЗГЕШЕ екенін түсінеді!? О, Алла!? Көңілдері қалады, күйінеді, ренжиді. Осының барлығы баланың, өзінің, атасы мен апасының, жұбайының, мұғалімдерінің ... және басқаларының басына төгіледі. Жағымсыз сезімдер шығу жолын іздейді... бұрынғы көзқарас қатырма қағаздан жасалған үй сияқты қирай бастайды... Көбінесе осындай жағдайдағы ата-аналар бізге – психологтарға келеді.