ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 103
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сондай негізгі себептердің бірі:
1.Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір тәрбиешілер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» т.б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2.Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.
3.Балалардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында тәрбиеші мен бала арасында дау-жанжал болып жатады. Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы: -әр жастағы балалардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
- тәрбиеші өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
-қарым-қатынаста педагогикаға жатсөздер айтпау;
-бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
-қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
-сұхбаттасуда жеке баланың пікірін сыйлау;
-қиын, қыңыр, қырсық балалармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу;
-қарым-қатынаста тәрбиешінің – балаға, оқушының мұғалімге сенуі;
-сезімдік, әскерлік қарым-қатынаста болу.
Мысалы, тәрбиеші және орыс тілі мұғалімі ретінде 0-А класс ұжымына психологиялық тұрғыдан талдау жасайтын болсақ, сыныптың бастауыш кластағы білім фундаменті берік қалыптасқан.Б алалардың сабаққа деген ынтасы жақсы, кез келген сабаққа қызығушылықпен қатысады. Балалар кез келген жағдайда, кез келген ортада өзгелермен тез тіл табыса біледі.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, тәрбиеші қарым-қатынастың үш функциясын орындайды.
1. Тәрбиеші қарым-қатынаста баланы жеке тұлға ретінде дамытады. 2.Баланы қоғам мүшесі ретінде тәрбиелейді. 3.Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін баланың санасына ұқтырады.Адамның өмірі адаммен, бірінсіз-бірінің күні жоқ. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жақсы болса, көрер күндері қызықты болады. Жас кезінде бұзақы болған Б.Франклин уақыт оза келе адамдармен қарым-қатынас жасауда зор табыстарға қол жеткізіп, нәтижесінде Франциядағы американ елшісі болып тағайындалған екен. Мұның сырын ол былай түсіндіріпті: «Мен еш адам туралы жаман әңгіме айтпаймын, керісінше жақсы әңгімелерін ылғи айтып жүремін». Адамдар арасындағы қарым-қатынас, шын мәнінде, өте нәзік дүние. Өйткені қылт етсе сынып кетуі мүмкін көпір болады. Әркімнің қабағына қарау да оңайға соқпайды. Жоғарыда айтылғанды ескеріп, оқып-үйренгенде, яғни әр тәрбиеші психологиялық тұрғыдан білімді болғанда, жетістікке жетері анық. Қалай дегенмен де қарым-қатынастың жетістікке жеткізер жолдары болады.
Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету. Тәрбиеші мен балалардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы баланың бір қалыпты жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы, тәрбиешіге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Тәрбиеші баламен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Тәрбиеші кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған баланың көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Тәрбиеші тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.
Жанұя, мектеп, көше – бұл әр баланың қарым-қатынас сферасының ең басты негіздері, бұл сфералардың кейбір модификациясына қарамастан, баланың қатынасу ортасы және өмірлік тәжірибесі аз, қажеттілігі кішігірім, еркіндік оянуы мағынасыз, соған байланысты оның ішкі әлемі тіршіліктің салмақты қамымен, әлеуметтік жаупкершілікпен былғанбаған, қоршаған орта жабық немесе басқа кейіпте фантазия секілді қалыптасқан. Баланың ақылына барлығы қызық болып көрінеді. Өйткені өмірден алынған әсерлер түрлі болып келеді. Бұрынғы кездегідей қазір де балалар мейірімге, жанашырлыққа бейім: өр көкіректік, қызғаныш, ең күшті тұлға болуға ұмтылу секілді қасиеттер бар. Олар келеңсіз жағдайларды тез ұмытса, табыстарын ұзақ уақыт есте сақтайды.Олар пәктігімен, өзінділігімен, тез өкпелегіштігімен ерекшеленеді. Бірақ бала есейген сайын өз сезімдерін көрсетуге ұялады. Осыдан көрініп қалатын дөрекілік, жоғары және терең сезімдерін ашық елемеу, өз-өзін қандай бағамен болса да көрсеткісі келу пайда болады.Тәрбиешіге әсіресе өз тәрбиеленушілерінің кейбіреулерінің жанұясындағы, достарымен, немесе оқудағы келеңсіз жағдайы болған кездері қиын тиеді. Бұның барлығы өз оқушылармен қатынасу кезінде жоғары педагогикалық мәдениетті, шыдамдылықты, әдептілікті ең бастысы тәрбиеленушімен болып жатқан жағдайды түсіне білуді талап етеді. Тәрбиеші мен баланың қарым-қатынасы өзара байланысты, келісілген әр түрлі формада, түрде және жағдайда іске асатын байланыстың тізбегін ұсынады. Бұл тізбекте ерекше рольді тәрбиеші өткізетін сабақ атқарады. Кез-келген пән тәрбиелеу ісіне белгілі бір негізде әсер етеді. Ол рухани байланысу, өз ойларымен алмасу, салмақты түрде әңгімелесу. Дегенмен, сабақтың мазмұны есте қалу, тәрбиеші мен баланың ашық қатынасуы үшін сабақ үйретудің сапалы жұмысын әрқашан қадағалау қажет. Сабақ оқытудың мәселесі – бұл психологиялық қтынасудың мәселесі және «бұны психологиялық қарым-қатынастың негізіне көңіл аудармай шешу мүмкін емес»- деп белгілі психолог А.Н.Леоньтев айтқан.
«Әрбір мектептегі сабақ қарым-қатынас түрі ретінде ақпаратпен алмасу, осымен қатар немесе осымен бірге бір бұрышында басқаша ұйғарылуы, кез-келген сабақ – іскер қарым-қатынасты тәртіпті, өнерді, ынтаны,өз беттілікті қалыптастыруға бейне бере алады. Тәрбиелеу элементі ғылымды үйретуде, мұғалімнің өз ғылымына деген махаббатында және оны балаға бере алуында»- деп Л.Н.Толстой тура көрсетіп айтқан. «баланы ғылыммен тәрбиелегің келсе,- деді ол - өз ғылымыңды сүй, сонда ғана тәрбиелей аласың, ал оны өзің сүймесең, онда қанша күш алсаң да ғылым тәрбиеге ықпал жасай алмайды.»
Бала тұлғасына ықыласпен көңіл қою – бұл сынып ұжымының расында оның ешкімге ұқсамайтындығын, мінезінің ерекшелігін, еркін ойын, қылығының айрықша екенін мойындау. Тәрбиеші әр баламен ерекше санасуы қажет.
Бала мен тәрбиешінің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Жеке қатынасудың мұғалімге қоятын талабы көп, ол тәрбие міндеттерін іске асыру кезінде түрлі формаларды пайдалана алуы қажет. Бұл кезде тәрбиешінің алдында ең басты психологиялық міндет тұрады: ол балаларды тани білу, талабын ашу,бағалы қасиеттерін табу, оған кедергі болып жүрген жағдайлардан алып шығу т.б. әрбір оқушының өз темпераменті, қабілеті мен мінезі болады. Бұның бәрімен санасу қажет. Сондықтан әрбір балалармен әр түрлі қатынасып көңіл қойып, жұмыс істеу керек. Бұл үшін өзінің нақты мамандандырылған, жекешеленген қарым-қатынас стилінің болғаны дұрыс. әрбір оқушымен ізгілікті түрде қатынасудың ең қажет психологиялық талабы – ол құнттылық, ықылас қою, өтімділік және асықпаушылық.
Баламен табысты жұмыс істеудің кепілдігі – үздіксіз шыншыл, өзара сынмен талдау арқылы тәрбиеленушілермен өзара байланысу. Әңгіме, кездесу, сөйлесуде әрқашан ұтымды жағын тауып, баланың ішкі жан дүниесімен күресе білетін нақты көмекшілерді іздеп таба білу қажет. Балалармен жұмыс істегенде ең бастысы – жақсы ұжым тудыра отырып тәрбиешіге барлық тәрбиелеу ісіне көмек жасау. Маңызды тәрбиелеудің құралы – мектеп жұмысына біріккен сынып ұжымы. Барлық сыныптың жақсы жұмысының арқасында әрбір оқушыға әсер ете алу әдістері оңай табылады.Ерекше көңіл аударарлық сфера болып, оқушының ата-анасымен мұғалімнің қарым- қатынасы саналады. Мектептің алдына қойған міндеттер келер көмекті күшейтуді, жас өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне деген жауапкершілікті көтеруді үздіксіз талап етеді. Бала тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты.Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарам-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ. Тәрбиешінің бала ата-анасымен қатынасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Ата-ананың өз баласына деген сүйіспеншілігінен мұғалімнің қылығы мен талабын шектен тыс субъективті деп кездеседі. Ата-анаға өз баласының кейбір қылығы іс-әрекеті тәрбиеге сай келмесе, ол мұғалімге деген көңіл толмаушылыққа әкеліп соғады, ал оған мұғалімнің немқұрайдылылығы қосыласа, оның нәтижесі мектепке деген кері көзқарасты тудыруы мүмкін.
Көптеген тәрбиешілер өз балаларының ата-анасымен тығыз байланысып, кездесуді ұйымдастыруға онша белсенбейді, жылдан жылға ата-аналар жиналысы белгілі бір сценарий бойынша орындалса, онда нақты ақпарат жоқ, нақты педагогикалық қатынас болмайды. Ал көптеген ата-анаға педагогикалық қарым-қатынас өте қажет, оларға өз балалары туралы ақылдасу, жиналған көп сұрақтарды қою, баласының мінез-құлқын білу керек. Оларға көмек беру орнына кейбір мұғалім оны қалай жасау керек екенін өзі де білмейді. Кейде мұғалім ата-ананың жоғарғы жұмыс орнына, жасына , даңқына қарап жасқанады. Ата-анамен (кез-келген категориядағы) қатынасуда мұғалімнің қиналуы оның зиялы әңгіме жүргізе алмауында байланысты. Анықтап қарасақ педагогқа балаға баға қою мен мінезі туралы әңгімеден басқа тақырып жоқ секілді. «Мектеп тақырыбынан» басқа әңгімеден, жан-жақты сөйлесуден мұғалімнің алар ақпараты байланысқа көп әсер береді. Ашық талқыланған ата-ананың өз балаларына қатынасы емес тақырыпта әңгімелесуі, мұғалімнің олар туралы көз-қарасын жөндеуге, кейбір жағымсыз ақпараттарды қай кезде және қалай жеткізудің жөн екенін табуға көп көмек береді.
Тәрбиеші ата-анамен үй жағдайында қатынасу тиімдірек. Көптеген тәрбиешілер бала қиын, әлсіз, кінәлі болса ғана пәтерлеріне барады.Бұл дұрыс емес. Барлық жақсы немесе жаман оқитын оқушылардың үйлеріне барып тұруы қажет. Ата-ананың «мектепте ол не істеп қойды?» деген сұрағына жауап беріп, алдын ала баратындығы туралы ескертіп қою керек.Кейбір педагогтар ата-анамен әңгімелесу кезінде өзінің барлық шағымын бірден алдына тартуға тырысады. Бұлай жасауға болмайды. Бұдан ата-ананың (баласына ғана емес, өзіңізге де) ашуланғанынан басқа нәтиже ала алмайсыз. Сіздің ең алғаш жүргізген әңгімеңіз бала туралы бақылағаныңыз, ойыңыз, алған әсеріңіз туралы болуы қажет. Баланың жағымды және жағымсыз қиындықтары бірден талқыланбасын, әлі ешқандай акцентті жасауға асықпаңыз. Абайлап бастаңыз. Ата-ананың тәрбие, талап қалаған жағдайы туралы бағасын, көз-қарасын анықтап алыңыз. Ең алғаш үйіне бару кезінде ата-ананың баласы туралы оның жан-жақты мінезінің ерекшелігі, қылығы, ортасы, күн тәртібі, үлкендер мен өзара қатынасуы туралы ақпаратты көп алуға тырысыңыз. Бұдан әдептілік, сұрақ қою, ақыл сұрау, өтініш айту- ата-анаға, оның психологиясына өте жақсы әсер етеді. Олар өз балалары мен жетекшінің нәтижелі жұмыс істеитіндігін түсінеді және бұл мұғалімге көмектескісі келеді. Содан сіз туралы ойланғыш, әдепті деп түсінген ата-ана өзі де, баласын да сізді ойлауға, сізбен теңбе-тең қатынасуға шақыртатындығына сенімді болуыңызға болады.
Әрине, тәрбиеші ата-анамен әңгімесінде оған ақыл, ұсыныстар беруіне тура келеді. Бұны ешқашанда үзілді-кесілді формада жасамаңыз. Ақылды мысал ретінде келтіріп беріңіз. Бұл үшін басқа ата-ананың тәрбиесінде бар жағымды тәжірибені қолдануға болады. Осымен қатар нақты жағдай, нақты тұлға болғандықтан, ата-анаға да ойлану, күдіктену өрісін қалдыру қажет. Егер ата-ана сізбен келіспесе, қарсы шықса оларға оқушы туралы шағым айтуға, ашулануға, шыдамсыздық көрсетуге, шектен шығуға болмайды. Осындай әңгімелесуде байқаусызда шығып кеткен, жетік ойланылмаған сөздермен біреуді өкпелетуге, тіл тигізге, әділдікті бұзуға өзіңізді жібермеңіз, ол кезде байқап өз сөзіңізді жан-жақты жөнмен айтуға тырысыныз. Әйтпесе сіз өзіңіздің тәрбие беру жұмысыңыздағы сенімді серігіңізден, ата-ана мен өз оқушыларыңыздың жақсы көз-қарасынан мәңгі болмаса да, ұзақ уақытқа айырыласыз. Сіз ата-анамен олардың баласы жөнінде сөйлесуге келгеніңізді есте сақтаңыз, сіздің міндетіңіз – тәрбиелеу күштеріңізді біріктіруге бағыттталған тығыз байланыс жасау. Осыдан ата-ана педагог емес екенін есте сақтай отырып оларға мектеп пен жанұяның талабын біріктіру ойын тастайтын әңгімеге бұрып, ата-анаға педагогпен бірігіп мінез-құлық бағытын жасауға көмектесу қажет. Әрине кейбір ата-ана өз баласына кері қылық көрсетіп, тән және ой денсаулығына қарсы тәрбиелейтін, жауапкершіліктен қашатын жағдайлар да кездеседі. Бұл ерекше жағдай. Сенім мен ақылдасу әдістерінің күші жоқ жерде, нақты іс-әрекетті қолданып, көмекке заң күшін, көпшілік көз-қарасын, халық пен мемлекет ұйымдарының белсенділерін шақыру қажет.
Тәрбиеші мен ата-ананың өзара іскерлік қатынасы тез арада өздігінен келе қоймайды. Олар тәрбиешінің саналы, мақсатты бағытталған, творчествалық жұмысы – оның нәтижесінде келеді. Ата-анамен байланысты тек қана мамандық міндетім деп емес, қызықты, білімді көп тоқыған әңгімелесушім деген ойменен жасаған дұрыс. Ата-анамен жан-жақты байланысу формасы – ол мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші. Ата-анамен тәрбиешінің қатысуында араласқым келсе араласам, болмаса араласпаймын деген таңдау-ереже бойынша жоқ. Баланың жеткілікті жақсы жақтары үшін, оның рухани көңіл күйі үшін мұғалімге бұл таңдау бір мағыналы болып келеді, бұл жерде адамдық қарым-қатынастың өнерінен айналып өту мүмкін емес.
2 Балалардың үлкендермен қарым-қатынасы
2.1 Сәбилік кезеңдегі қарым-қатынас