Файл: Кіріспе Зерттеу жмысыны зектілігі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 102

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өздерінің бұрынғы армандарына ой жүгіртіп саралай келе, олар өз баласының ойдан жасаған бейнесі мен өмірдегі болмысының арасындағы сәйкессіздіктен қанағаттанбаушылық сезінетінін түсінеді. Шынайы «көрініс» қиялмен алмастырылады. Шынайы бала мен айналасындағы шынайы адамдар туралы түсінік көзқарастың, мақсаттың әсерінен бұрмаланады, Герда мен Гай туралы аңыздағы айнаның сынығы Кайдың көзі мен жүрегіне түсіп кетіп, оның өмір туралы, жақсылық пен жамандық туралы көзқарасын бұрмалағаны сияқты, көңілдің «қисық айнасы» жұмыс істей бастайды. Осыған сәйкес, өзіне және өзгелерге деген талап күшейеді, сәйкессіздік пайда болады.

Осы кезде бала өзін қалай сезінеді? Нені уайымдайды? Кез келген бала өзінің «жақсы» бейнесіне қолдау көрсеткенін қалайды. Бұл қолдау жақсы көретін ересектер тарапынан, көбінесе ата-анасы жағынан болуы керек. Бірақ жақсы көретін бұл ересек адамның өз баласынан көңілі қалғандықтан, қажет қолдауды көрсетуге қабілетсіз болады, көбінесе тек өзінің наразылығын ғана көрсетеді. Дәл осы жағдай қарым-қатынастың ушығуына әкеп соғады. Өкінішке орай, ақыл-ойының әлі толық жетілмеуіне байланысты бала өзінің қолдау мен махаббатқа зәру екенін сөзбен айтып жеткізе алмайды, сондықтан ол ересектермен клиникалық психологияда «белгілер» деп аталатын түрлі аурушаңдықтың көріністері бар түсініксіз «тілмен» сөйлеседі. Бұл белгілер тілінің түсініксіздігі сонда, ол физиологиялық тегі жағынан ауру сияқты болып көрінеді, сондықтан да ата-аналар оны ушыққан қарым-қатынастан туындаған ішкі сезім қиналысының белгісі ретінде қабылдамайды. Мысалы, асқазан жарасы, гастрит, демікпе, суық тию сияқты психосоматикалық аурулар немесе тұтығу, энурез, сезім тұрақсыздығы, есінен тану, ұстама сияқты невротикалық бұзылыстар түрінде болуы мүмкін. Сондықтан, ата-аналар, абай болыңыздар! Кез келген тұмау суық тигеннің белгісі емес, баланың «жылап таусылмаған» көз жасының куәсі болуы мүмкін!

Сонымен, біз сөз етіп отырған бұл белгілер отбасы қарым-қатынасындағы психоэмоционалдық ширығудан туындайды. Өйткені, өзінің «жақсы» бейнесін сақтап қалу үшін жақсы көретін ересектер тарапынан қолдау таппағандықтан, баланың психикасына «қорғану тетіктерін» күшейтуге тура келеді. Басқаша айтқанда, бала ішкі түйсігімен ата-анасы оның қандай болғанын қалайтынын сезінеді де, соған икемделеді. Соның салдарынан өзінің ішкі талабы мен тілегіне қарамастан баланың «Мені» жалған жолмен дамиды.Басқаша айтқанда, бала өзінің нағыз, шынайы тілегін жете түсінбейді, сондықтан ол оны басқара алмайды. Мысалы, бала ашулануға және өзінің ызасын көрсетуге қорқуы мүмкін де, өзін қорғау үшін ашу-ызасын көрсететін сәттерде мұндай бала оған қабілетсіз болады. Қайта керісінше, жәбірсіз жағдайларда өзі де күтпегендей, ызақорлық пен агрессияға баруы мүмкін. Мұндайдан шошыған бала, бұл сезімдерді өз пайдасына асыруға үйренудің орнына, сондай сезімдерді басып тастауға тырысады.


Сонымен, біздің алдымызда өзінің баласына қанағаттанбаған ата-ана мен әзірге өзін және болып жатқан жағдайларды күңгірт түсінетін бала тұр. Кейін бала өскенде өзінің ата-анасымен қарым-қатынасын «Менің ата-анамның үнемі бірдеңеге көңілі толмайтын, меніңше, олар мені жек көретін», «олардың менде ешқандай жұмысы жоқ болатын», немесе «олар мені өте жақсы көретін, бірақ менен ештеңе шықпады, мен үнемі бәрін бүлдіретінмін» деген сияқты сөздермен суреттейді.

Түңілген ата-аналар жағдайында, балалар да түңіледі. «Үміт үздіргіш» дәл өзі деп сезінген бала бұл сезімнен есейгенде де айыға алмайды.

Баламен ата-ана арасында түсінбеушілік туындаған жағдайда, біз әдетте, өзіміздің ескі педагогикалық сеніміміз бойынша, баланы түзету үшін оған әсер ету керек деп ойлаймыз. Тәрбие - ол әсер ету. Кейбір прогрессивті адамдардың айтуы бойынша, яғни қайтадан басқа адам болып өзгеру үшін өзіңе көп күш жұмсау қажет, яғни өзін-өзі жетілдіру керек. Бірақ, осы да басқасы да көп адамдар үшін мүмкін емес.

Мен өзі еркіммен өзгере алмаймын. Өзіңді-өзің тәрбиелеу тәрбиеден де қиынырақ. Тәрбиелеумен миллиондаған адамдар айналысады, ал өзің-өзі тәрбиелеумен саусақпен санарлық адамдар ғана айналысады және өзін-өзі тәрбиелеу ұраны, тәжірибе көрсеткендей ұран болып қала береді. Мен балаға да ықпал ете алмаймын, өйткені мен де оған күш те, қабілет те, уақыт та жоқ. Ең бастысы бұл маған да, балаға да ештеңе әкелмейді, барлығы тек қана өкініш әкеледі.

Баланы - өзгерту қажет емес. Өзіңді де өзгерту керек емес. Біздің күшіміз өзімізге емес, балаға ғана бағытталуы керек, бастысы – баланың қарым-қатынасына жұмсалуы керек. Адам әртүрлі әсерлер мен алаяқтықтардан өзгермейді, адам қарым-қатынас жасаған кезде пайда болған өзіндік рухани әрекеттерден өзгереді. Антуан де Сент-Экзюпери бойынша, адам ол қарым-қатынас түйіні. Ертеректе, Антон Семенов Макаренко былай депті, кеңес педогогикасы - ол қарым-қатынас педагогикасы

Тәрбие құралының түпнұсқасы - өзімізде, яғни өзіміздің жүрегімізде. Ол қызмет етеді, ол тәрбиелейді, тәулігіне жиырма төрт сағат қайталайды. Анасы жұмыста, ал ұлы мектепте немесе аулада болса да анасының ұлына деген әсері тұрақты болады.

Кәсіпкер мұғалімге балаға қандай дауыспен «бері кел» деп шақыру керектігін, ырғақ реңдерін көрсетуге, баламен қарым-қатынас ету техникасын үйретуге болады. Бірақ ешқандай кітапта осы мыңдаған ырғақтың реңдері туралы, көз қарастың мыңдаған түрлері туралы жаза алмайсын, ешқандай тәсілмен балаға мейірімді көзбен қарау керектігін үйрете алмайсын. Осындай тәрбие жұмысынан тұратын барлық ұсақ-түйектер балаға деген қарым-қатынасымыз өзгерген кезде өздігімен табылып отырады.



Балаға деген қарым-қатынастың маңыздылығын түсіну үшін, неліктен бір отбасында тәрбиеленген балалар әртүрлі болып өседі, деген сұрақты талқылап көрейік.

Өйткені ата-аналар, өздері байқамай , әрбір балаға әртүрлі қарайды. Тумасынан болған айырмашылық қарым-қатынас айырмашылығына әкеледі. Ата-аналардың өздері де балаға жиырма үш жасында жиырма жасындағыдай қарамайды, сол себептен екінші балаға бірінші баладан өзгеше қарайды. «Соғыс және бейбітшілік» кітабында былай делінген: ата-аналар «Әрқашанда тұңғыш балаларын ақылды көреді».

Маған жетімдер үйі туралы айтып берді. Кешқұрым; кішкентай балалар төсектерінде жатыр. Біреуінің көңілі түскен, екіншісі ойыншықпен ойнап отыр, үшіншісі тәрбиешіні көрген кезде оған қолын созды. Тәрбиеші қолын созған баланы көтеріп алды. Тәрбиеші баланы қолында көтере жүріп басқалармен сөйлесіп жүрді. Баланы өзіне қарай жақындатып қояды. Барлық бала туғаннан бастап бірдей жағдайда бір адамдардан тәрбие алды, бірақ бұл бала кішкене ерекшелеу. Оны тәрбиешілер қолдарына алып көтеретін болды, ол да қолын созуды үйренді, тәрбиешілерде оны жиі көтере бстады. Екі-үш жыл өткен соң бұл бала туғаннан ақкөңіл және қабілетті болып көрінеді де, ал басқалары жабырқаңқы және қараңғы балалар сияқты көрінеді.

Қарым-қатынас күшейткіш сияқты. Кішкене өзгешелеу бала, оған деген қарым - қатынас өзгешелеу болған кезде ол бала басқаша дами бастайды. Ата-аналардың барлығы балаларға бірдей қараймын деп ойлайды, олар біреуін мақтап екіншісін одан да күштірек мақтап кеткендерін байқамайды.

Кеңес психологы Алексей Николаевич Леонтьев туғаннан аяғын сылтып басатын ұл туралы мысал келтіреді, Ғалым "Оның тұлғасы қалай қалыптасады?" - деп сұрақ қойып, оның жағдайын айтып жеткізу мүмкін емес дейді. Ақсақтық өз-өзінен тұйықтыққа, көңілсіздікке және басқа да психологиялық қажеттіліктерді тудыруы мүмкін емес.

Шынында да, барлық адамдар ақсақ деп ойласақ - онда ақсақтықтың ұл бала үшін ешқандай мәні болмас еді. Көз алдымызға елестететін болсақ, егер аяғы ақсақтардан ғана патшаны таңдап алатын болса-онда ұл бала патшаға лайықты мінез болып өседі. Егер де барлық аяғы ақсақтарды қуатын болсақ, онда балада басқа мінез пайда болады.. Мінез ақсақтыққа байланысты емес, керісінше ол балаға қалай қарайтындығына байланысты. Адам - өмірге, жұмысқа, адамдарға деген қосымша қарым-қатынас қабілеттілігі; егер мен адамды адам үшін өсіргім келсе, мен балаға адам сияқты қарауға міндеттімін және тапсырманы жүзеге асыратын ешқандай әдістер жоқ деп есептеймін.


Тренинг «Жақсылық тілесең жақсылыққа жолығасың». Төмендегі ойындарды психология ғылымының докторы Е.Смирнованың және психология ғылымының кандидаты В.Холмогоромованың еңбектерінен, яғни ойындар жүйесінен өз тәрбиеленушілеріме ыңғайлап алдым.

  • Баланың тілдік қарым-қатынасы ең аз мөлшерде қолданылады (қарым-қатынас құралы -шартты белгілер, мәнерлі қимыл-қозғалыс,мимика)

  • Күшпен, еріксіз қатыстырмау;қарсылық реакциясын болдырмау.

  • Бағаламау (кез-келген баға бала жетістігі мен кемшілігін көрсетеді)



Қорытынды
Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез-құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажеттілігін қанағатандырады. «Өзін-өзі тану» және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты


Қарым-қатынас және іс-әрекет. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен қажет болғандыктан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Сонымен іс-әрекет қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Қарым-қатынас үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекеттен ажырамас қарым-қатынастан индивид адамзат қалыптастырған тәжірибені игереді.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Психология.- Алматы, 1995.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология.- Алматы, “Қазақ университеті”, 1992.
3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология.- Алматы, “Білім” 1996.
4. Әбдірахманов А.,Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша- қазақша сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.
5. Елеусізова С. Қарым- қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.
6. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
7. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
8. Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының тарихы.- Алматы, 1996.
9. Мұқанов М. Ақыл- ой өрісі.- Алматы, 1980.
10. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.

11. Қазақ ұлттық энциклопедиясы

12. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927

13.Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931

14. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988

15. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993

16. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958

17. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972

18. Ысмайылов Е., Ақындар, А., 1956

19. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981

20. Уәлиханов Ш., шығ. жинағы, 5 т. А., 1984

21. Фольклор шындығы, А., 1990;

22. Марғұлан Ә., Ежелгі жыр, аңыздар, А., 1985

23. Бердібаев Р., Қазақ эпосы, А., 1982

24. Хрестоматия по возрастной психологии // Под. ред. Д.И. Фледштейна. М. 1994

25. Хрестоматия по детской психологии // Под. ред. Г.В. Бурменской. М., 1996

26. Волков В.С., Волкова Н.В. Балалар психоолгиясынана жаттығулар жинағы // Аударма: Бусурманова С.Т., Бердібаева С.Қ. Алматы, 1993.

27. Практикум по возрастной и педагогической психологии // Под. ред. А.И. Щербакова М. 1989

28. Ньюкомб Н. Развитие личности ребенка – 8-е междунар. Изд. – Спб: Питер 2002. – 640 . (Серия «Мастера психологии»).

29. Кулагина И.Ю. Колюцкий В.Н. Возрастная психология М., 2002.

Оден Е.Е. Возражденные роды. М., 1997.

30. Кон. И.С. Психолгия ранней юности. М., 1989

31. Выготский Л.С. Развитие высших психических функций М., 1960

32. Эриксон Э. Детство и общество. СПб.: ИТД «Летний сад», 2000