Файл: Босану патологиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 22.11.2023

Просмотров: 172

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

БОСАНУ ПАТОЛОГИЯСЫ

  1. Босану күштерінің патологиялық ағымы

Босану күштерінің патологиялық ағымына мыналар жатады:

-Патологиялық прелиминарлық кезеңі

- Босану күштерінің әлсіздігі (біріншілік, екіншілік)

- Өте күшті босану қызметі

-Босану күштерінің дискоординациясы

1.Патологиялық прелиминарлы кезең (ППК)ретсіз толғақ пен жатыр мойнының босануға дайын болмауымен суреттеледі.

Толғақ тәрізді ауырсыну жүкті әйелді 2 -3 күн бойы күндіз де, түнде де ұйқысы мен жалпы жағдайын бұзып мазалайды.

Сыртқы акушерлік тексеру кезінде ұрық басы күші жамбас кіреберісінде қозғалмалы, қынаптық тексеруде - жатыр мойны әлі ұзын және тығыз, оның ішкі және сыртқы жұтқыншағы жабық болуы мүмкін.

Оны жүргізу тактикасы : жүктілік мерзіміне, ұрық жағдайына, жатыр мойнының жетілуіне байланысты.

Егер ППК мерзімінен асқан жүктілікпен, пісіп жетілмеген жатыр мойнымен, ұрық гипоксиясымен қатар келсе -онда кесар тілігі жасалады.

Егер жатыр мойны пісіп жетілсе, ұрық жағдайы өзгермесе, онда амниотомия мен босануды қоздыру жүргізіледі.

Босану күштерінің әлсіздігі

Босану күштерінің біріншілік әлсіздігі - басынан - ақ толғақты әлсіз және нәтижесіз болып, жатыр мойнының ашылуы мен ұрық жылжуының баяулауы. Бұл патология ұрықтың жедел гипоксиясының себебі болып табылады.

Анықталуы: токография, кадография, қынаптық тексеруде, толғақты бақылағанда 10 мин ішінде екі толғаққа дейін болуы.

Емі: екі сатыдан тұрады: бірінші саты -себебін жою, екінші сатысы -утеротониктерді қолдану (окситоцин, оның әсерін күшейтуші протогландиндер енгізу).

Босану күштерінің екіншілік әлсіздігі - алдында қалыпты болған босану қызметінің әлсіреуі, көбіне біріншілік әлсіздіктің жалғасы болады. Ұзақ және ауырсынумен жүретін толғақ әйелді шаршатады. Кейде ана жамбасы мен ұрық өлшемдерінің сәйкессіздігінде дамиды.

Емі: ұрық жағдайы қалыпты болса, эпидуральды анестезия, содан соң көктамырға окситоцинді енгізеді. Босанудың екінші кезеңінде акушерлік қысқыш, немесе ваккум экстрактор қолданады.

ІІ.Өте күшті босану қызметі - тез босануда байқалады. Босану кенеттен басталып, толғақ бірінің артынаң бірі жүреді, арасындағы үзілістер тым қысқа болып, 1-3 сағаттың ішінде жатыр мойны ашылып, ұрық туылады. Тез босануда мынадай асқынулар болады: ұрықтың
жедел гипоксиясы, ұрық басының жарақаты, босану жолдарының жыртылыстары, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз ажырауы т.б.

Емі: босану күштерін әлсірету мақсатында эпидуральды анестезия немесе токолитиктердің біреуін, магний сульфатын көк тамырға, промедолды қолданады.

Анамнезде өте тез босану бар әйелді алдын ала госпитализациялайды.

ІІІ. Босану күштерінің дискоординациясы - қалыпты жағдайда жатыр бұлшық еті толғақ кезінде ретімен жиырылады: алдымен толғақ жатырдың оң немесе сол жақ бұрышынан басталып, жатыр түбіне, денесіне тарап, ең соңында төменгі сегментке жетеді: жатырдың жиырылуының бұндай реттігінің бұзылуын, яғни толғақ кез келген тұсынан басталып таралуын - ретсіз толғақ яғни дискоординация деп атайды.

Клиникасы: толғақ өте ауыр, әйел қатты мазасызданады, толғақ аралық үзіліс тым қысқа. Осыған қарамастан жатыр мойнының ашылуы мардымсыз. Асқынулары-ұрық гипоксиясы, іштей өлуі, қан кету, т.б.

Емі: толғақты басып, оны реттеу үшін спазмолитиктер (но - шпа, баралгин), жансыздандыру ( промедол) препараттарын әрбір 34 сағат сайын қолданады.Ингаляциялық анестетиктер нәтиже бермесе - кесар тілігі.

2. Ауруханадан тыс босануда (үйде, жолда) көмек көрсету.

Ауруханадан тыс босану әдетте мезгіліне жеткен жүктілікте немесе мезгілінен бұрын босануда болады.

Әдетте ауруханадан тыс босану қарқынды тез немесе күніне бұрын босануда болады.

Өте тез қарқынды босану басынан бастап, босану қарқыныды жүріп, су кетіп, нәресте мен нәресте жолдасы шығады.

Медициналық көмек:

1.Әйелдің жалпы жағдайы мен босану күштерін анықтап, бағалау.

2. Егер әйелді тасымалдау мүмкіндік болмаса, босануды қабылдайтын құрал жиынтығын дайындық.

3. Босанудың І - кезеңін шыдамдылықпен күту.

4. Босану толғағын санап, бағалау, ұрықтың жүрек соғысын тыңдап бағалау және төмен қараған мүшенің жылжуын анықтау.

5. Жатыр түбінің биіктігін анықтау.

6.Қағанақ суы кетісімен оның мөлшерін, түсін анықтау.

7.Жатыр мойны 10 см ашылғанда босанудың І- кезеңі аяқталады.

8. С.Ж.М иодопирон ерітіндісімен өңдеп, анусты стерильді салфеткамен жабу.

9.Әйелдің төсегін таза жаймамен ауыстыру, босанушы әйелдің жамбасын көтеріп төсекке көлденең жатқызу.

10.Стерильді қолғап киіп, нәресте басының көрінуін, сосын жарып шығуын бақылау.



11.Нәресте басының төбесімен шүйде ойығы көрінгенде әйелге күшенбеуін сұрау, нәресте басының тууылуына көмектесу.

12.Нәресте басы анасының бір санына бұрылып, алдыңғы иық қасаға астынан шығады.

13.Нәресте басын екі алақанмен ұстап, әйелге күшенуін сұрау.

14.Басты жоғары көтеріп, артқы иықтың шығуына көмектесу.

15.Нәрестенің қажет болса, ауыз - мұрнын сору сорғышпен

16.Кіндікке екі зажим қыстырады, біреуі кіндіктен 10 см, екіншісі одан 2 см жоғары, арасын иодпен өңдеп, стер. қайшымен қию.

17.Бала жолдасы түскенде оны тексереді.

18.Әйелді нәрестемен бірге перзентханаға жеткізу.

19.Нәресте жамбасымен немесе көлденең келгенде ауруханадан тыс босануды жүргізу

мүмкін емес, сондықтан әйелде тез перзентханаға жеткізуі керек.

3. Нәресте иығының дистоциясы

Нәресте иығының дистоциясы деп - босану кезінде нәрестенің иық белдеуінің туылуының қиындауы. Бұл кезде алдыңғы иық қасағаға, немесе артқы иық сегізкөз негізіне тіреулі.

Себептері: ірі ұрық, анасының семіздігі, қант диабеті, мерзімнен асқан жүктілік, жамбас аномалиясы т.б.

Емі:

•Босануды екі көмекшімен жүргізеді

•Эпизиотомия жасау (жұмсак тканьдерінің қысымын азайту үшін)

•Әйел сандары іште жату үшін жамбас, сан буындарын қатты бүгу керек (көмекші арқылы)  Мол'Робертс - 40%-90% нәтиже береді.

•Нәресте басын төмен қарай екі қолдың алақанымен тартып, алдыңғы иықтың шығуына көмектесу

•Көмекшілерден басты төмен қарай тарту кезінде қасаға үстінен нәресте иығын басуды сұрау.

Егер иық туылмаса:

•Қолға стерильді қолғап киіп, қынапқа енгізу •Алдыңғы иықты артынан басу керек, нәресте төсіне қарай иық белдеуін 45° қисық өлшемге сәйкестеріп ( Рубин тәсілі)

•Қажет болса артқы иықты да басу керек, нәресте төсіне бағыттап.

Егер иық оған да туылмаса:

• Қолды қынапқа енгізіп, нәрестенің артқы қарын ұстап, бүккен күйінде кеудесі арқылы қозғайды. Бұл алдыңғы иықтың қасаға астынан шығуына көмектеседі.

4.Ұрықтың жамбасымен жатуы

Жамбаспен жату - тігінен орналасқан ұрықтың жамбасының кіреберіс жазықтығына қарап, басының жатыр түбінде орналасуы. Жамбаспен жатуда перинаталдық патология көп кездеседі, сондықтан соңғы кезде жамбаспен босану патологиялық болып есептелінеді.

Жамбаспен жату екіге бөлінеді: құйрықтарымен (бүгілген), аяқтарымен (жазылған).


Құйрықтарымен жату -таза (жартылай), аралас (толықтай) болып бөлінеді. Таза құйрықпен келгенде жамбас қуысына құйрықтары қарайды, аяқтары кеудесінде созылып жатады. Аралас құйрықпен келгенде жамбас қуысына құйрықтары аяқтарымен араласып келеді.

Аяқпен жату -толық (екі аяғымен), жартылай (бір аяғымен келеді, ал екіншісі кеудесінде созылып жатады) болып бөлінеді.

Акушерлік сыртқы тексерісте -жатыр түбі биік.

Леопольдтың 3 - ші тәсілінде: ұрықтың жатырған бөлігі -жұмсақ, көлемді, қозғалысы шамалы, ал жатыр түбінде -жұмыр, қатты басы анықталады. Жүрек соғысы кіндіктен жоғары естіледі.

Қынаптық тексерісте: жатыр мойны ашылын, қағанақ суы кеткеннен кейін жақсы анықталады -жамбасын, аяқтарын анықтауға болады.

Қосымша тексерулер: УЗИ, ЭКГ, ФКГ, К графия.

Ең жиі кездесетін асқыну - қағанақ суының мезгілсіз кетуі, босану күштерінің әлсіздігі. Қынапқа ұрықтың ұсақ мушелерінің түсіп кетуі, ұрық гипоксиясы мен асфиксиясы, бастың шалқайп кетуі, қолдың жоғары ығысып кетуі.

Ақынуларды болдырмас үшін - жүктіні 2 -3 апта бұрын перзентханаға жатқызады, босануда - судың ерте кетіп қалмауы үшін әйел төсек режимін сақтайды. Босануды дәрігер жүргізеді, босану күшінің әлсіздігінде толғақ күшейтетін дәрілер пайдаланады.(окситоцин, простогландиндер), ұрықтың жағдайын қадағалап тұрады (УЗИ-МАЛЫШ, КТГ), ұрық гипоксиясына қарсы емдер қолданады: Николаев үштігі (дымқыл оттегі, кордиамин, 40% - 20 мл глюкоза, 5% - 3,0 мл аскорбин қышқылын қосып, көк тамырға жіберу), сигетин, АТФ, ККБ, гидрокарбонат натрий, рибоксин, трентал, т.б.

Босануды жүргізу.

Клиникалық тар жамбасқа тексеру керек. Ұрық салмағы 2500,0 гр-нан 3999,0 гр дейін болуы тиісті.

Босану партограммамен жүргізіледі. Босану басталғасын 2 сағаттың ішінде толғақ қарқыны күшеймесе, кесар тілігі арқылы босану жеке шешіледі. Жамбаспен келуде толғақты қоздыруға болмайды. Егер белсенді күшену толғағы басталғаннан 60 мин ішінде босанбаса, кесар тілігін қолданады.

Босанудың 2 - ші кезеңінде акушерлік жәрдемді Цовьянов әдісінше көрсетеді, мақсаты - ұрықтың мүшеаралық қатынасын сақтау, сол кезде ұрықтың иық белдеуі 42 -см-ге тең келеді, бұл ұрыұтың басының иілген күйінде кедергісіз тууына мүмкіндік береді. (кіші қиғаш өлшемі - 9,5 см)

Таза құйрықпен келгендегі көмек - құйрықтар туғаннан кейін 2 қолмен ұстап тұрады: бас бармақ - санда, 4 саусақтар - 8 көз тұсында, кеуде туған сайын қолдар біртіндеп жыныс саңылауына қарай ығыса береді. Кеуде алдыңғы жауырынның төменгі бұрышына дейін туғаннан ұрықтың іштен бұрылыс жасауына мүмкіндік береді, иық белдеуін шыға берістің тік өлшеміне келтіріп, кеудені төменге иіп үстіңгі иықты симфиздің астына келтіреді, сол кезде үстіңгі қол босайды, кеудені жоғары көтеріп астыңғы қолды босатады, сол кезде ұрықтың аяқтары да босайды.Бас кедергісіз туады, ол үшін көмекші қасаға үстінен басады, сол кезде бас иіліп, орнығады, тіркелгеннен кейін кеудені жоғары көтереді, осы кезде аралықтан иегі, беті, маңдайы, төбесі босайды. Егер басы кідіріп, Морисо - Левре әдісін пайдаланады.


Аяқтарымен келгенде - жатыр мойыны толық ашылуы үшін аяқтары қынап көлемінен шықпау керек, ол үшін - таза жаялыкпен СЖМ жауып, алақанмен аяқтар мезгілсіз түсіп кетпес үшін ұстап тұрады.

Жатыр мойнының толық ашылғанын білдіретін белгілер: екі аралықтың сыртқа қатты керілуі, тік ішек аузының ашылуы, күшену толғағының күшеюі. Жыныс саңлауы ашылын, ұстап тұрған қолға қарамай, аяқтардың шыға бастауы, осы кезде қарсы әрекетті тоқтатып, ұрықты жамбаспен келгендегідей қылып босандырады. Босануды неонатолог дәрігердің қатысуымен жүргізеді.

Босанғаннан кейінгі кезең қалыпты өтеді. сонда да босанғаннан кейінгі септикалық аурулар жиі кездеседі, себебі: босану жолдарының жарақаттары жиі болады, қағанақ суының ерте кетуі.

Морисо - Левре әдісі - қынапқа енетін қолдың білегіне нәрестені ерте отырғызғандай орналастырады, осы қолдың сұқ не ортаңғы саусағын ұрықтың аузына енгізіп, иегіне қарай биомеханизміне сәйкес, алдымен басты төмен тартып, сосын жоғары көтереді, сол кезде екі аралықтан иегі. беті, маңдайы, қалған бөліктері босайды.

Қолдың классикалық жәрдемі - мақсаты қол мен басты босату.

Құйрықтартар туғаннан кейін, оны қолмен демеп ұстап тұрады, басбармақтарымен сегізгөзден, қалған саусактарымен сан тұсынан. Осылайша кеудесі босағанша демейді. Кіндікке дейін туғаннан кейін кіндікті тексереді, тартылып тұрса, ақырын тартып босатады, болмаса, екі қысқыш арасында қияды. Жауырынның төменгі бұрышына дейін туғасын босану кідіріп жатырса, аяқтарын сирақтарынан ұстап, анасының қарсы шабына қарай жоғары көтереді, сол кезде екі аралықтан ұрықтың артқы қолы өздігінен 2 - 3 саусақтарын ұрықтың жауырын тұсынан қынапқа енгізіп, иығы мен қары арқылы шынтағына келіп, қолын ақырын төмен жылжытады, сол кезде ұрықтың қолы «бетін жуған» қимылмен кеудеге түседі.Алдыңғы қолын босату үшін кеудесін екі қолмен ұстап, арқасын симфиздің астынан 180 градусқа бұрып, алдыңғы қолды да артқы қолға келтіреді. Кеудесінен ұстағанда басбармақтар омыртқа бойында, қалған саусақтар кеудеде, алғашқы босатқан қолды бірге ұстайды. Бұрып болғасын аяқтарын жоғары анасының келесі шабына қарай көтеріп тұрады да, ұрықтың қолына сәйкес қолымен жоғарыда көрсетілген әрекеттей келесі қолын босатады.

Кесар тілігіне жоспарлы көрсетулер: ірі ұрық ( 4000,0 г және >), клиникалық тар жамбас, ұрықтың аяқпен келуі, кіндіктің төмен жатуы.