ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 173
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5.Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуы
Жатыр ішілік ұрықтың көлденең орналасуы - ұрык өсі мен жатыр өсінің өзара тік бұрыш жасап орналасуы.
Жатыр ішілік ұрықтың қиғаш орналасуы -ұрық өсі мен жатыр өсінің сүйір бұрыш жасап орналасуы.
Ұрықтың көлденең және қиғаш оряяласуы патология болып есептеледі, себебі әйел өздігінен босана алмайды. Ұрықтың көлденең және киғаш орналасуын кеш анықтау ана мен ұрық денсаулығына, өміріне қауіп тудырады.
Анықталуы: Сыртқы акушерлік тексеруде жатыр түбі көлденең созылған, әрі төмен тұрады, ұрық басы немесе жамбасы кіндік тұсындаа оң немесе сол жағында естіледі. Қынаптық тексеру жатыр мойны 2-3 см ашылғанда жүргізіп, ұрықтың иығын, қолын, жауырынын, қабырғаларын анықтайды.
Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуындағы оған тән асқыну қағанақ суының мезгілсіз кетуі, себебі алдыңғы мен артқы қағанақ суының арасында шекара жоқтығы.
Қағанақ суының ерте кетуінен өте қауіпті асқыну - ұрықтың асқынған көлденең орналасуы туындайды. Бұл кезде ұрықтың иығы кіші жамбас қуысына тіреледі де, қолы төмен түсіп кетеді, ұрық қозғалысы толығымен шектелген. Бұндай жағдайда ұрықты тігінен айналдыру мүмкін емес. Ұрықтық асқынған көлденең орналасуында, толғақтың күшеюінен жатыр жыртылысы болуы мүмкін, Босанушы әйелге шұғыл кесар тілігін жасау керек болады.
Жатыр ішілік ұрықтың көлделен және қиғаш орналасуына себептер: су егіздік, көпұрықты жүктілік, алдыңғы құрсақ қабырғасының тым созылғыштығынан - ұрық көп қозғалғыш жағдайлары. Одан басқа плацента төмен орналасуында, тар жамбас, жатыр дамуының аномалиясы.
Ұрықтың көлденең және қиғаш орналасуында әйелді босану алдында 2-3 апта бұрын перзентханаға жатқызып, жоспарлы операция - кесар тілігіне дайындайды.
6.Акушерлік операциялар
Акушерлік операциялар жүктілік, босану және ерте босанудан кейінгі кезеңде жасалуы мүмкін. Акушерлік операциялар жоспарлы да жедел болуы мүмкін. Барлық босандырушы операциялардың ішінде кесар тілігі ең жиі (95%) жасалады. Акушерлік операциялар үшін бірқатар шарттар орындалу тиіс. Әрбір операция алдында сыртқа қараудан басқа, кейде УДЗ, сондай - ақ қынаптық зерттеу жүргізу қажет. Ол босану жолдарының, негізінен жатыр мойнынын, қағанақ көпіршігінің жағдайын, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Барлық акушерлік операциялар алдында қасағадағы түктерді алады, қуық пен тік ішекті босатып, сыртқы жыныс мүшелері мен тік ішек аузы аймағын, санның ішкі жағы мен іштің төменгі бөлігін антисептиктермен өңдейді. Операциялардың барлығы жансыздандырылуы тиіс. Операция алдында әйелге мәні мен қажеттілігі түсіндіріледі.
КЕСАР ТІЛІГІ. Босандыру операциялар ішінде ең жиі қолданатын түріне жатады. Кесар тілігі - жүкті жатырды тіліп, ұрық ден бала жолдасын шығаратын хирургиялық операция. Кесар тілігі ұзақ уақыт бойы ана өмірі мен денсаулығына өте үлкен қауіп төндіріп келді, өйткені жиі қан кетумен, инфекциялық асқынулармен қосарланатын және ана өлімінің себебі болатын.
Қазіргі уақытта да қауіпсіз емес, бірақ операция техникасының жетілуі, синтетикалық тігіс материалдарын қолдану, адекватты жансыздандыру және кең спектрлі антибиотиктерді қолданудың арқасында ана өлімі мен аурушаңдығы айтарлықтай төмендеді. Кесар тілігін негізінен тар жамбаста, плацентаның төмен орналасуында, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілсіз бөлінуінде, ұрық гипоксиясында, ауыр гестоз түрлерінде, экстрагенитальды патологияда, босану күштерінің ауытқуында, т.б. Жансыздандыру жалпы және жергілікті болуы мүмкін.
Кесар тілігі үшін шарт - тірі және өмірге қабілетті ұрықтың болуы.
Қазіргі уақытта кесар тілігінің ең тиімді әдісі - жатырды төменгі сегментінде көлденең тілікпен тілу болып табылады. Сирек болса ортаңғы сызық бойымен тігінен жасауға болады. Ұрық шыққасын жатыр жныру үшін көк тамырға немесе жатыр бұлшық етіне окситоцин 5 ед. егеді. Жатырға екі қатарлы бөлек тігіс салады. Тігіс материалдарынан викрил, дексон, полиамид, хапроаг, 1.7. қолданылады. Қазіргші уақытта кетгут заманауи хирургиялық қажеттілігін қанағаттандырмайды.
Акушерлік қысқыштар - босанудың екінші кезеңінде босануды жедел түрде аяқтау қажет болғанда, тірі күні жеткен немесе күні жетуге жақын ұрықты басынан шығаруға арналған операция, сирек те болса (2%) қолданылуда. Оның себебі кесар тілігіне деген көрсеткіштер төмендеуде. Қысқыштар тармақтар деп аталатын екі жарты бөліктен тұрады. Әрбір тармақта қасығы, құлпы, тұтқасы болады. Әдетте ауыр гестоз, эилепсия, миопия өте жоғары сатысы, босану әлсіздігінде, ұрық гипоксиясы, жүрек -қантамыр, тыныс алу жүйелерінің ауруында т.б. қолданылады.
Вакуум - экстракция - ананың күшену күші жеткіліксіз болғанда, тірі нәрестені ваккум - экстрактор құралы арқылы шығарып алу акушерлік операциясы.
Қажеттілігі: 1 күшену толғағы әлсіздігі, 2 нәресте гипоксиясы.
Ваккум --экстрактор үш бөліктен тұрады:
1. Ваккум аспап - бұл арқылы кері қысым лудырады.
2. Әртүрлі мөлшердегі тостағандар (п 5-7)
3. І және ІІ құралды жалғастыратын резинка түтікше.
4. Операция алдында қынаптық тексеру арқылы нәресте басы жамбастың қай жазықтығында орналасқанын анықтайды. Әйелге наркоз берілмейді, операция кезінде өзі күшенеді.
Нәресте жамбаспен жатканда қолданатын акушерия әдістемелері.
Нәресте жамбаспен жатқанда босанудың екінші кезеңіңде қолмен жәрдем беру операциясының маңызы зор. Нәрестенің қолғын босатуды - классикалық қолмен жәрдем беру әдісін, ал басын босатуды Морисо Левре әдісін қолмен жәрдем беру операциясы деп атайды.
ҰРЫҚТЫ БҰЗУШЫ ОПЕРАЦИЯЛАР.
Бұл операциялар құрсақ ішілік шетінеген ұрықтың туылуын қамтамасыз ету үшін, ұрықтың немесе оның бір бөлігінің өлшемін жасанды кішірейтуге арналған.
Ұрықты бұзушы операция түрлері:
1. Краниотомия - ұрық басын кішірейту үшін кесу
2. Декапитация - басты денесінен белу
3. Эвицерация >ішкі мүшелерді алу
4. Спондилотомия - омыртқаны кесу.
Бұл операциялар өте жарақатты, сондықтан шама келгенше оларды болдыртпаған жөн. Бұл операциялардан кейін міндетті түрде, жатырдың мүмкін жыртылуын тексеру үшін, жатырды қолмен мұқият тексеру керек. Операция міндетті түрде жансыздандырумен өтеді.