Файл: Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы Білім беру йымы кмК 14 ббекжайбалабашасы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 22.11.2023
Просмотров: 115
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Балалардың жасы 2-3 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 5-апта 27.03-31.03.2023 жыл
Күн тәртібінің үлгісі | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
Балаларды қабылдау | Таңертең балалармен амандасып, топқа кіргізу. | Балаларды топта жақсы қабылдап, амандасу. | Балаларды жақсы көңіл -күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. | Балаларды жақсы көңіл –күймен қабылдап, бүгінгі көңіл-күйлерін сұрау. Балаларға тақпақты қайталату арқылы қимылдар жасау. |
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен бала денсаулығы, баланың үйдегі күн тәртібі, жетістіктері туралы әңгімелесу, баланы дамыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша (жыл мезгіліне байланысты балаларды киіндіру) кеңес беру. | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа іс-әрекеттер) | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Табиғат бұрышындағы өсімдіктердің топырағы құрғақ екендігін іс-тәжірибеде, қопсытқышпен соққылау арқылы көрсету; топырақты қопсытқаннан кейін, тамырларға судың тез жететіні туралы түсіндіру, іс-тәжірибеде көрсету. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Ойын бұрыштарында тұрған ойыншықтарды өз еркімен алып, өзге баламен бөлісіп, өзара алмасуға ынталандыру; ойын әрекеттерін жасауды қадағалау; ойнап болғаннан кейін ойыншықты өз орнына жинай білу әдетін бекіту, мақтау. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Үстел ойындары сөресінің шаңын сүртуге ынталандыру, ойыншықтармен тазалықта ойнау туралы түсіндіру; ойыннан кейін ойыншықтарды сөреге тізімдеп қоюға, ұсақ бөлшектерді өз қораптарына сала білуге дағдыландыру; әрекеттердің барысын қадағалау, мақтау. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Жуыну бөлмесінде жуыну әдебін игерту: қолдарын өздігінен сабындауды, су ағымы астына қойып, уқалауын қадағалау; өз орамалын тауып, сүртіп, орнына іле білуге дағдыландыру; қолының тазағылын байқауға ынталандыру, мақтау. | "Еңбекке баулу" Мақсат-міндеттер. Балаларға табиғат бұрышындағы өсімдіктерді суару не үшін қажет екенін айтқызу; балалардың сүқұйғышты ұстап, өздігінен суаруларын қадағалау; өсімдіктердің гүлдегенін байқату. |
Таңертенгі жаттығу | Картотека № 2 «Көңілді құстар» Б.қ. тік тұру, аяқ алшақ; 1-4 қолды екі жанға созып, жоғары – төмен көтеріп түсіру; 5-6 б.қ; Б.қ. «Мысық жоқпа?» 1-4 басты оңға, солға бұру; 5-6 б.қ; Б.қ. 1-4 отырып саусақпен тізе үстінен тықылдату; (3рет) 5-6 б.қ. Шашырап жүгіру; | ||||
Таңғы ас | Таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау. Жегеніміз нан болсын! Айтарымыз ән болсын! Тамақ берген апайға, Айтарымыз оң болсын! Әумин! Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту және орамалды орнына ілу, Көркем сөз «Бата» Дастарқаныңа береке берсін! Бастарыңа мереке берсін! Астарыңа адалдық берсін! Бастарыңа амандық берсін! Әумин Жуынатын бөлмедегі тәртіп пен тазалық. | ||||
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, ас ішу құралдарын дұрыс ұстау, тамақтану мәдениетін қалыптастыру,тамақ ішкенде сөйлемеу, тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту) | |||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелерге келісу және т.б. «Топ-топ» Топ-топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады) (көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,қимыл қозғалыс дағдысы) | Балалар әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, Көркем сөз: Аппақ, аппақ ақшақар Бірін ұстап алайын... Ұстадым! Жоқ, ақша қар, Қайдан іздеп табайын? (Жақан Смаков) Қимылды ойын: «Аяз» Міндеттер: Тез жүгіруге жаттықтыру. (көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,дене шынықтыру) | «Бала, бала, балапан» Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. Бала, бала, балапан Қане, қайсы, алақан. Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат. (көркем әдебиет,музыка,дене тәрбиесі) | «Сағат» Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір. Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ. Сағаттың суретін саусақпен салу. (көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту,дене тәрбиесі) | «Жаттығулар жасайық» Тез қозғалып осылай Жаттығулар жасайық. Жақсылықты үйреніп, Жамандықтан қашайық. (көркем әдебиет,музыка,дене тәрбиесі) |
Мектепке дейінгі ұйымның кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру Негізгі қимылдар: Жүгіру. Бірқалыпты, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру; бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 секунд бойына тоқтамай жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу. | | Дене шынықтыру Еңбектеу, өрмелеу. Шектеулі жазықтың, көлбеу тақтайдың бойымен, доғаның, гимнастикалық скамейканың астынан, әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 см, ауданы 50 х 50 см модульге өрмелеу. | Музыка Міндеті: Музыкалық-ырғақты қимылдарды кезекпен алақанмен шапалақтау,аяқпен топылдату арқылы қарапайым би қимылдарын ұқыпты орындауға үйрету,жаттықтыру. Ән: «Бөбектер» Қимылды ырғақты ойын: «Менен кейін қайтала» Музыка жетекшісі бубинді әртүрлі темппен сылдырлата отырып қарапайым қимылдар көрсетеді. | Дене шынықтыру Сауықтыру-шынықтыру шаралары Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету. |
2-ші таңғы ас | 2-ші таңғы ас алдында гигиеналық шараларды орындау Тамақтану кезінде алаңдамауға шақыру, ойыншықтарды реттеу, кезекшілікті орындау, гигиеналық шараларды орындау, бір біріне ойыншық жинауға көмектесу, үстелде дұрыс отыруын қадағалау. | ||||
Серуенге дайындық | Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). | ||||
Серуен | Картотека №21 Ауладағы құстарды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды аулаға ұшып келген құстарды бақылауға, қимылдарын жасауға дағдыландыру; құстардың тіршілігі жөніндегі ұғымдарын жетілдіру. - Балалар-ау, балалар! Шақырады кең дала. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып. Қос білекті сыбанып, Жүгірейік қуанып. Ө. Тұрманжанов Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхананы тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Балапандар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды ойын барысында айтылатын сөздердің мәніне, ырғағына сай қимылдауға үйрету, белгі бойынша белгілі жерге жиналу дағдыларын жетілдіру. – Балалар, сендер "балапан" боласыңдар. Балапандар тауық қорада отырады. – Балапандарым, шығыңдар аулаға! Өзіне қарай ойын алаңына шақыру. – Балапандар аулада аяқтарын жоғары көтеріп жүреді. Қалай жүреді? Көрсетіңдерші. Қанаттарын қағып, жүгіреді. Қанаттарын қалай қағады? Көрсетіңдерші? Бидайды жерден былай шоқиды: "тоқ-тоқ-тоқ". Қанаттарын қағып, алдыға жүгіреді. Жарайсыңдар! Қимылдарды қосылып, көрсетіп жүру. – Балапандар! Әне, үлкен құс ұшып келеді! Жүгіріңдер қораға! Шақырулар айтылып жатқанда дауысты ақырындату керек, сонда балалар бір-біріне соғылмай, өз орындарын тауып отырады. "Шеңберден шықпа" жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұрып, шеңбердің бойымен қимылдауға баулу; кеңістікті бағдарлауға, мұқияттылыққа, достыққа тәрбиелеу. | Картотека №22 Көктемгі ауа райын бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларға көктем мезгілі жөнінде жалпы ұғымдарды беру, күннің жылынып, құстардың келуіне назар аудару; қардың еріп жатқанына, адамдардың жеңіл киінгенін байқату; ойлау қабілеттерін, зейінді, жағымды эмоцияларды дамыту. - Балалар, қараңдаршы! - Айналада қар еріп жатыр, күн жылыды. - Адамдар жылы киімдерін тастады. - Күніміз бізге күлімдеп тұр, шуақтарымен ойнап. Көктем, көктем, Құстар көкке. Ұшты жан-жаққа Қонды бұтаққа. Д. Ахметова Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхананы тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. "Құмалақтар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балалардың бір топтасқан жерден сигнал бойынша жан-жаққа шашырап бағыттай білу дағдыларын жетілдіру. - Табақшада жатты құмалақтар, Барлығы бірдей, доп-домалақтар. Марғау құмалақтарды шашты, Құмалақтар жан-жаққа домалаңдап қашты. "Әткеншек" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды шеңберге тұрып, тақпақ сөздеріне сай қимылдай білу қабілетін қалыптастыру. Бір жоғары, бір төмен, Күні бойы тербелем. Әткеншек-ау, әткеншек, Айнала бер бізбенен. | Картотека №23 Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды ағаштардың бұтақтарына қарап, желдің қалай соғатынын байқауға үйрету; байқағыштыққа, зеректікке тәрбиелеу. Желдің соққанын байқайық, Желектерге бір қарайық: Жел бұталарды шайқайды, Жапырақтармен ойнайды. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды ағаштан түсіп қалған ұсақ, құрғақ бұтақтарды жинауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге баулу; шымырлыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жалаушалармен ойын. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды көркем сөзді тыңдап, ырғаққа сай жалаушалармен қимылдауға үйрету, соңғы "жалауша" сөздерін сигнал ретінде қабылдап, қосылып айтып, қолдарды көтеріп, жоғарыда бұлғауға ынталандыру. Педагог балаларға жалаушаларды үлестіреді. - Балалар, жалаушаларды жоғары көтеріп көрейікші. - Тамаша! - Жалаушалар желбірейді, себебі жел соғады. - Желдің жалаушаларды қалай желбірететінін тағы бір көрсетіңдерші. - Жарайсыңдар! - Қазір жалаушалармен ойнайық. "Жалауша". Не деген тамаша! Қолымда таяқша, Көк жібектей мата, Желбіреген жалауша! Д. Ахметова Жаттығу бірнеше рет орындатылады. Педагог балалардың бір-бірінен алшақ тұрғанын қадағалау керек. "Аюдың орманында" қимылды жаттығу. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балалардың бір-біріне қақтығысып қалмай, аяқтарды кең қалыпта ұстап, жүгіре білу қабілетін қалыптастыру. | Картотека №24 Күнді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды күннің аспанда орналасуын және жарқырағанын байқап, қолдарын жоғары созып, жағымды эмоцияларға бөлінуге ынталандыру; күн туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Педагог балаларға күннің жерге жарықты шашқаны, жылу бергені туралы айтып болғаннан кейін, балалармен бірге тақпақ айтып, қимылдарды қосылып жасауға шақырады. Алтын күнге ұқсайық, Қолдарды, кел созайық. Қолдарымыз шуақтар, Жайылады жан-жаққа. Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды учаскедегі орындықтарды қылшақтар арқылы тазалауға шақыру. (еңбек дағдылары) Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Ей! Бауырсақ, Бауырсақ!" ойыны. Мақсат-міндеттер. Балаларды сапта марш басу қимылдарына жаттықтыру, педагог көрсеткен қимылдарды жасап, сөздерді қайталап жүруге қызықтыру. - Балалар, біздің дөп-дөңгелек күнге не ұқсайды? - Бауырсақ ұқсайды. - Әжеміз пісірген Бауырсаққа ән айтып берейікші. - Ей, Бауырсақ! (сұқ саусақпен бұлғау, адымдау) Ей, Бауырсақ! Міне, алысқа жолақ. Жалғыз болып, қалдың ба? Тоқтамай жүр, адымда! Бір-екі! (адымдау) Бір-екі! Боласың бізбен епті. Сенгіш болып, қалдың ба? Тоқтамай жүр, адымда! "Көлшіктен өт" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды бір орнынан ұзындыққа екі аяқпен алға секіре білу қабілетін қалыптастыру; тепе-теңдік, ептілік, көзбен мөлшерлеу сезімдерін дамыту. | Картотека №25 Ауладағы құстарды бақылау (қимылдары). (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер. Балаларды аулада, учаскедегі ағаштарға ұшып-қонған құстарды байқауға, олардың қимылдарын көрсетуге ынталандыру. "Құстар, құстар, келіңдер". Құстар, құстар, келіңдер, Жемді шоқып, теріңдер. Жемді шоқып, тойсаңдар, Әнді салып беріңдер. Д. Ахметова Еңбекке баулу тапсырмалары: балаларды сұхбатхананы тазалауға шақыру. Мақсат-міндеттер: балаларды ересектің үлгісіне еріп, қарапайым еңбек әрекеттерін жасауға машықтандыру; топтастырымен бірге әрекет етуге, тазалыққа баулу; жағымды эмоцияларды дамыту. "Ұядағы торғайлар" қимылды ойыны. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер. Балаларды жан-жақтағы бағытта, бір-бірін итермей және "Торғайлар, ұяға!" белгісі бойынша белгілі жерге жүгіруге баулу, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Педагог балалар ("құстар") үшін белгілі орындарды,"ұя" деп белгілейді. "Торғайлар, ұша қойыңдар!" сөздерінен кейін балаларға еркін жүгіріп, қолдарымен бұлғап, құстардың ұшқанына еліктеу қимылдарын көрсетеді, жағымды сөздерді айтып, балаларды қолдайды, біраздан соң балаларға алаңға шоқайып отыруды ұсынады: – Торғай, торғай , Шиық-шиық, Лық-лық. Дорбаны ашамыз, Тәтті жем шашамыз. Ұшып келші, Шоқып терші. Д. Ахметова - Ой-ой, торғайлар, мысық келе жатыр! Ұяларыңа тезірек ұшып, қоныңдар! Ойын екі рет қайталанады. Дауысты қатты шығармай, балаларға пәрмен (команда) беруге болады, бір-біріне соғылып қалмауларын қадағалау керек. "Допты қағып ал" қимылды жаттығуы. (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: балаларды допты екі қолмен ұстауға жаттықтыру; тепе-теңдікті сақтауға, ептілікке баулу. |
Серуеннен оралу | Балалардың реттілікпен шешінуі. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Торғай мен мысық» Міндеттер: Балалардың қимыл – қозғалыстарын арттырып, ептілікке баулу. Бір -біріне шешінуге көмектесу. Киімдерін жинау. Сөрелерін ретке келтіру. Бір -біріне шешінуге көмектесу. Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қояндар мен қасқыр» Міндеттер: Балалардың қимыл-қоззғалыстарын арттырып, ептілікке баулу. | ||||
Түскі ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті) Ас алдында айтылатын тақпақ: Ас дегенде отырып, Тәрбиешіні тыңдаймыз. Тамақ ішіп болған соң, Орнымызды жинаймыз. Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою) Гигиеналық шаралар (қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу. Ас қайыру. Асың, асың, асыңа, Береке берсін басыңа! Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) | ||||
Күндізгі ұйқы | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Жеті лақ» ертегісін мәнерлеп оқу | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Ана мен бала» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Қуыр-қуыр-қуырмаш» Музыка | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Үй жануарлары» аудиожазба тыңдату | Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы жағдай жасау «Бала, бала, балақан» Музыка |
Біртіндеп ұйқыдан ояту,сауықтыру шаралары | Түскі ұйқыдан кейінгі сауықтыру шаралары (дене жаттығулары), ауа, су емшаралары, жалпақ табандылықты болдырмау үшін түйіршікті және жұмсақ жолақшалармен жүру (дене белсенділігі). | ||||
Бесін ас | Гигеналық шараларды орындау (мәдени-гигиеналық дағдылар). Балалардың назарын тағамға аудару, мәдениетті тамақтануға баулу (сөйлеуді дамыту). | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу М. Жұмабаевтың "Бесік жыры" өлеңі". Мақсат-міндеттер. Балаларды М. Жұмабаевтың "Бесік жыры" өлеңімен таныстыра отырып, шығарма мазмұнын мұқият тыңдауға үйрету; "Бесік жыры" өлеңінің тәрбиелік маңызын түсіндіру; шығарма желісін бақылап, көркем сөздер мен қимылдарды белгілі ырғақпен жатқа және ересек адамның соңынан қайталап айтуға жаттықтыру. | Құрастырудан ойын-жаттығу "Диван". Мақсат-міндеттер. Балаларды екі кірпіштен диван жасауға үйрету; текшелерді жатқан кірпіштің екі жағына қосуға дағдыландыру; педагогтің тәсілдерін түсініп, орындау қабілетін дамыту; өз іс-әрекетін қолайлы белгілі сөздер мен фразалар арқылы сүйемелдеуге дағдыландыру. Балалардың құрылыс материалдарының қасиеттерін қабылдау және кеңістікте бағдарлау мүмкіндіктерін арттыру; қолдың ұсақ моторикасын, зейіні мен ақыл-ойын дамыту. | Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Асатаяқ". Мақсат-міндеттер. Балаларды асатаяқ құрылымын бақылауға және педагогтың сұрақтарына жауап беруге үйрету; асатаяқтың маңызы туралы түсінік бере отырып, оның аспап ретіндегі ерекшеліктеріне баса көңіл аударуға баулу. | Музыкадан ойын-жаттығу "Өнерлі баламыз". Мақсат-міндеттер. Балаларды домбырада орындалған күйлерді тыңдауға ынталандыру; музыкалық-ырғақтық қимылдарды топпен еркін жасауға дағдыландыру; ұлттық аспап домбыраны құрметтеу сезімдеріне тәрбиелеу. | "Дастархан" сюжетті-рөлді ойыны. Мақсат-міндеттер: балалардың ойын жоспарын жүзеге асыру біліктіліктерін дамыту; дастархан алдында әдептілік ережелерін ұстануға бейімдеу; коммуникативтік қабілеттерді дамыту. Балалардың белгілі бір рөл үшін керек құрал-жабдықтарды өз бетінше таңдау, ойын көрінісіне жетіспей тұрған заттармен, ойыншықтармен толықтыру талпыныстарын ынталандыру. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) "Досына көмектес" қимыл-қозғалыс аз ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды белгі бойынша біресе билеп жүріп, біресе "көмек қолын" беріп, жұпты құруға машықтандыру; кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту; достыққа тәрбиелеу. (дене шынықтыру) |
Балалармен жеке жұмыс | "Құстарға жем". Мақсат-міндеттер. Ермексаздан шамасы бірдей ұсақ кесектерді үзу, жемдерді илеу амалдарын игерту. (мүсіндеу) | "Қандай аңға не бересің?" дамытушы ойыны. Мақсат-міндеттер. Балалардың аңдар ойыншықтарын атауға, олардың әрқайсысына қандай затты (коректі) беретінін айтуға ынталандыру, дағдыландарыру; әлеуметтік қатынастар негіздерін салу, тілін, эмоциялық құбылыстарды дамыту. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу) | "Күндер". Мақсат-міндеттер. Ермексаздан кесектерді үзіп жұлу, шарларды илеу, бағандарды есу, ұштарын қосу амалдарын игерту. (мүсіндеу) | «Кім шапшаң?» Міндеттер: Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру. Інжу, Ахметжан | Қимылды ойын: «Ордағы қасқыр» Міндеттер: секіруге, затты лақтыруға жаттықтыру. Әлібек |
Серуенге дайындық | Серуенге қызығушылықты арттыру. Балалардың реттілікпен киінуі, серуенге шығу, топтық ережелерді қайталау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) тақырыбына жеке әңгімелер өткізу | ||||
Серуен | Картотека №21 (қорытындылау) | Картотека №22 (қорытындылау) | Картотека №23 (қорытындылау) | Картотека №24 (қорытындылау) | Картотека №25 (қорытындылау) |
Серуеннен оралу | Балалардың киімін ретімен шешу, дербес және ойын әрекеті. | ||||
Кешкі ас | Гигиеналық дағдылар "Қолдарымызды тап-таза ғып жуайық" ойын жаттығуы. Мақсат-міндеттер: жуу алгоритмін бекіту. Тамақ ішу мәдениетімен таныстыру. Қасықты, шанышқыны дұрыс қолдануға үйрету. Тамақтанғанда, шай-су ішкенде сөйлемеу. Тамақ ішкеннен кейін қолды және бетті жуғызу. Көркем сөз. Сабынымды аламын, Алақанға саламын. Көпіртемін жақсылап, Қолды жуам мұқият. Білек, бетті, мойынды, Жуамын да, сүртемін. Тап - таза, көңілді боп, Мен үнемі жүремін. Тусипжанова-Шагирова А. Жеке заттарды қолдану (қол орамал, майлық, орамал, тарақ, түбек) киіміндегі олқылықты байқау және оны өз бетінше, ересектердің көмегімен ретке келтіру, белгілі бір ретпен киіну және шешіну, әртүрлі ілгектерді қолдана білу, ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұқыпты бүктеп қою. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Балалардың дербес іс-әрекеті | Музыкалық аспаптармен ойындар. Ән айтуға деген қызығушылықтарын ояту, жекелеген сөздер мен буындарды айту. Қарапайым би қимылдарын орындау: денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу. (музыка, шығармашылық дағды) | Үстел-үсті ойындар, саусақ моторикасын дамытатын ойындар ойнату. Мақсат-міндеттер. Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау. (сенсорика) | Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. Мақсат-міндеттер. Балалардың назарын кітапты қарап отырған балаға аудару. Балалармен бірге балалар әдебиетінің шығармаларына арналған иллюстрацияларды қарау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет) | Саусақ жаттығуы. Мақсат-міндеттер. Баланың тілін, қолдың моторикасын, есте сақтау қабілетін дамыту; жағымды эмоцияларға бөлене білу қабілетін қалыптастыру. "Сен қайда бардың? (орыс халқының тақпағы) - Бармақтай балғын! Сен қайда бардың? - Мына бауырыммен Орманға бардым, Мына бауырыммен Іштім де кеспе, Мына бауырыммен Дөп-ботқа жескем, Мына бауырыммен Ән салдым кеште. Х. Ерғалиев, М. Әлімбаев (сөйлеуді дамыту) | "Жүргізушілер" сюжетті-рөлдік ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды жүргізуші мамандығымен таныстыра отырып, ойын барысында нәтижелі қарым-қатынас орнатуға машықтандыру. Сюжеттегі екі кейіпкердің (жүргізуші - жолаушы) өзара әрекеттесу біліктіліктерін қалыптастыру. Балалардың белгілі бір рөлге қажет құрал-жабдықтарды өз бетінше таңдау әрекеттерін ынталандыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) |
Балалардың үйіне қайтуы | Балалардың жетістіктері туралы әңгімелесу, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша сұрақтарына жауап беру, кеңес беру. |